АлҒашҚы драмалыҚ шыҒармалар 4 страница
Пьесаның осындай драматургиялық олқылықтарын өздерінің шығармашылық ізденісімен толықтыруға режиссер мен актерлердің шама-шарқы жетпеген. Бұл жөнінде Смағұл Сәдуақасов тап басып айтқан, пьесадағы әрекеттің мардымсыздығы спектакльде де толық керінген. «...Пьесадағы қозғалыс, қимыл тым аз. Кейбір жерлерінде екі кісі қимылдамастан жарты сағаттан ары сөйлесіп отырады, артиске қимыл болмаса, онын, айтқан сөздерінің дәмі өзімен өзі кетіп калады»1 деген жолдар сахналық өнердің ерекшелігін аңғарудан туған ой.
Сын мақалада: пьесаның екінші бір кемшілігі - артық кейіпкерлерде дейді. Бұл да дәлелді пікір. Шынында да Кәрім, Байсал-байлар әрекетке араласпайтын, ілеспе кейіпкерлер. Драматургиялық сюжет, архитектоникалық құрылысы жағынан да жазушының бұл алғашқы пьесасы баска дүниелері сияқты қайта өңдеуден өтпеген. «Еңлік-Кебек», «Қарагөздегі» драматургиялық мол өзгерістер, терең редакциялар мұнда жүргізілмеген. Тұңғыш койылымнан кейін «Бәйбіше-тоқалдың» қайтып сахна көрмеуі де осы жағдайға байланысты болса керек. Соған қарамастан, бүл пьесаның қойылымы қазақ театрының алғашқы кадамында үгіт-насихаттық рөл атқарған, әрі көруші қауымның кезінде қызыға қараған спектаклі болған.
Театрдың алғашқы даму кезеңінде М.Әуезовтің қаламынан туған пьесалар түгел қойылып, тұңғыш репертуардың әдеби негізін қалады.
Драмалық шығармаларға енгізілетін редакциялық өзгерістер көбінесе пьесаның сахналық дайындығы кезінде жүргізіледі. Осыған орай «Еңлік-Кебектің» 1922 жылы Орынбор қаласында жеке кітап болып шыққанын 1-нұсқа деп жүрміз. Сақталған театр құжаттарын қарағанда, бұл пьесаның 2-нүсқасы сияқты. 1-сі баспада басылмағандықтан бізге жетпеген. Бәлкім, алғашқы пьеса халық поэмасының сахналық жүйесі (инсценировка) болуы да мүмкін. Қалай дегенмен де 1922 жылғы қойылымына арнап жазылған афиша-программада (мұны автордың өзі жасаған) пьесаның екінші рет түзетіліп, өңделгенін айтады. Соған қарағанда 1922 жылы басылып шыкқан «Еңлік-Кебек» - сол жылғы мамыр айында қойылу кезінде өңделіп, түзетілген нұсқасы.
Пьесаның бұл нұсқасында Еңліктің әке-шешесі Ақан мен Қалампыр бар. Кебектің Еңлікпен тұңғыш кездесуі де осы үйде өтеді. Бүл үйге Есен де оқте-текте келіп-кетіп тұрады. Трагедияның бүтін бір актысын алып жатқан осы көріністің атқаратын кызметі бір-бірін ұнатқан екі жасты кездестіру ғана. Ал, Ақан мен Қалампырдың «әулиеге ат қойып, қорасанға қой айтьш», құдайдан тілеген ұл баланың жоқтығын қозғайтын мүңға толы шерлі сырлары, Кебектің найманның шапқыншыларын тосып алып айқасқандары туралы айтқан ұзын-сонар әңгімелері т.б. от басы, үй ішінің сөздері пьеса оқиғасын немесе оның көркемдік сапасын толықтыратын жайлар емес. Осы көрініс спектакльдегі әрекет желісін әлсіретіп, оқиға баяу да сылбыр дамыған.
Бұл көріністе Кебек рөлін ойпаған Қ.Қуанышбаев батыр емес, саят құрған аңшы есебінде, онан таң атқанша Еңлікпен махаббат сырын шерткен сыпайы, байсалды жігіт болып көрінген. Әрекеттің бәрі қимылсыз еткендіктен, бұл көріністегі Кебек пен Еңліктің сырласуы, сөз байласуы қазақтың ескі өміріндегі екі ғашықтьщ құпиялық салтына құрылған, оларда бәлендей батырлық пішін жоқ, керісінше, сызылған сыпайылық, әдептілік, мінсіз нәзік жүрек лүпілін байқатады.
Кейбір сахналарда айтылатын ән мен өлең пьесаға поэтнкалык, саз, ұлттық бояу, ерекше көркемдік берген. Кебек пен Еңліктің алғашқы кездесу сахнасының аяғы өлеңмен бітіп, келесі жаңа көріністің тағы да әнмен басталуы- шығарманың осы ерекшеліктерінің белгісі.
Сол сияқты Еңлік, Кебек, Есендер арасындағы алғашқы жүздесулер, сартылдаған найза қағысулар немесе арыстанша айбат шегіп, жұлқынып тұрған батырлық келбет сезілмеді. Керісінше, бірін-бірі жұмбақтап, өлеңмен қағысады. Бүл да пьесаның поэзиялық әсерін, махаббат желісін сипаттайды.
Кебекті Еңлік шығарып салғаннан кейін автор ремаркасында: «Есен кіріп, домбырасын тартып, күйлеп отырады. Ецлік кіреді, Есен ән салады», - дейді. Кейіпкерлер аузындағы өлең жолдары тұңғыш спектакльде қатты драмалық тартыс, трагедиялық сипаттардан гөрі, ән мен өлең арқылы берілетін ілігіс-кекесінге көп орын берілгені көрініп тұр. Мұнан кейінгі көріністерде де өлең жолдары кебейе түседі. Тіпті Еңлік пен Кебек өмірінің соңғы тынысында, Еспенбеттің ажал оғына ұшырар алдында олар бірін-бірі әнмен ұғьш, әнмен сырласады.
Мұның барлығы алғашқы нұсқаның халық поэмасымен тамырластығын көрсетсе керек. Мұнан кейін трагедия 1933, 1944 және 1956 жылдары үлкен өзгеріске түсіп, ұлттық классикалық деңгейге көтеріледі. «Еңлік-Кебектің» бұл нұсқалары салыстырыла зерттеліп, ғылымн пайымдаулар берілген. Әсіресе, Қ.Қуандықовтың, Р.Нұргалиевтің, Ә.Тәжібаевтың, А.Тоқпановтың кітаптарында, трагедия жан-жақты талданып, қарастырылған1.
«Енлік-Кебектегі» бас бостандығы мен махаббат жолындағы күрес, билеуші таптың әділетсіз әрекетіне наразылық, бір-бірін ұнатқан жастардың қайғылы тағдыры М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясында да көркем бейнеленген.
«Қарагөз» 1925 жылы жазылып, сол жылы жарияланған конкурста 1-бәйге алған шығарма. Трагедия түңғыш рет Семей труппасының. сахнасында қойылды, профессионал театрдың сахнасына 1926 жылы сәуір айында Қ.Жандарбековтың режиссурасымен шықты. Мұнда режиссер мен орындаушылар өздерінің өмірлік бай тәжірибесіне, ескі ауыл өмірін жетік білетіндіктеріне, халық мұрасымен сусындаған табиғи дарындарына сүйенеді. Сондықтан да олар сахнада тарихи дәлдікті, тұрмыс-салт дәстүрін берік сақтауға тырысты. Әсіресе, автор көзін тауып ұтымды пайдаланған ауыз әдебиетінің «Жар-жар», «Бет ашар», айтыс өлең-жырларының үлгілерін көркем де шебер орындауға күш салды. Ол спектакльге ерекше ажар, көркемдік көрік беріп, көрушіні өзіне еріксіз баурап әкетті.
Пьеса мен спектакль тақырыбын сөз еткенде, М.Әуезов трагедияның 1959 жылғы өңделген нұсқасына арнап жазған алғы сөзде: «Жалпы пьеса тақырыбы беймезгіл заманда жолсыз өмір кешіп, ерте татқан қайғы-зардың уынан қаза тапқан өнерлі жастар жайы, асыктық пен ақындық құмарлығына елтіген уыз жас жайы.
Пьсаның ендігі айқындалған идеясы бойынша: азаптан туған ақындық, қан қайғыдан туған қаза, жеке бастың күй-шерінен басталып барып, көп мұңдар, жылаулар күйіндегі азапты ұғынуға беттеген шабытты көрсетпек. Кесірлі кер заманның қайғы-қасірет қазасынан туған ызалы шабытты бейнелемек»2 - дейді.
Автордың бұл сөзі трагедияның соңғы нұсқасына арналып жазылғанымен, оның әуелгісіне де ортақ. Соңғы редакциясында пролог пен эпилог қысқартылып, жеке кейіпкерлер сөздері, «Жар-жар», «Бет ашар» ықшамдалған. Осындай өңдеу үстінде трагедияның тартысы күшейіп, монологтардың ішкі драматизмі арта түскен, тіл шеберлігі де кемеліне жеткізілген. Драмалық шығарманың көркемдік ерекшеліктері Р.Нұрғалиев пен Ә.Тәжібаевтың жоғарыда аталған еңбектерінде зерттелген. Біз сөз етіп отырған «Қарагөздің» алғашқы нұсқасының өзі драматургиялық жоғары талапқа жауап беретін көркем дәрежеде жазылған. Пьесаға жүргізілген кейбір редакциялық өңдеулерге автордың амалсыз барғанын айта кеткен жөн. Мұндағы жаңа кейіпкерлер - егінші шал мен балықшы шал трагедияның алғашқы нұсқасында жоқ. Шығармадағы «таптық тартысты» күшейту ниетімен коммунистік идеологияның күштеп енгізген бұл кейіпкерлерін асыл дүниеге жамалған жамаудай ерсі көрген театрлар қабылдамай, спектакль бірер жүргеннен кейін оны алып тастап отырған. Көне заманның салт-дәстүрін орынсыз дәріптеген «зиянды шығармалар» қатарына қосылып, трагедия біраз уақыт театр репертуарынан түсіп қалғаны мәлім. Десек те, пьесаның биік көркемдік құндылығына алғашқы актерлеріміздің шабытты өнері қосылып, спектакльде «... беймезгіл заманда жолсыз өмір кешіп, ерте татқан қайғы-зардың уынан қаза тапқан өнерлі жастар...» тағдыры нанымды суреттелген. Спектакльдің табысты болуы - режиссерлік шешімнің дұрыстығымен бірге, ең алдымен Қарагөз, Сырым және басқа сал-серілер рөлдеріндегі актерлердің шеберліктеріне тікелей байланысты.
Қарагөз бен Сырымның сахналық бейнесі нағыз көркемдік жинақтылыққа жеткен. Екеуі де - Ромео мен Джульетта, немесе ренессанс дәуірінің басқа қаһармандары сияқты феодалдық заманның қатыгез зақына, мызғымас дәстүріне қасқайып қарсы шыққан, сонан туатын қауіп-қатерді біле тұра бас бостандығы, махаббат бостандығы үшін табанды күрес жүргізген асыл жандар, Бұлар - Шекспир қаһарманындай адамгершілік, еркіндік, махаббат туын жоғары ұстаған өз заманының оза шыққан қызы мен ұлы. М.Әуезов кейіпкерлерінің осы бір ізгі қасиеттерін Қарагөз рөліндегі Зура Атабаева мен Сырымды ойнаған Қ.Жандарбеков жете түсініп, еркін меңгерген. Актриса Қарагөз бойынан инабаттылық, ізеттілікпен бірге «малмен байлап, батамен матауға» көнбейтін, жалын атқан жігерімен, асқан ақылымен, жібектей мінезімен, жан сұлулығымен өз ойына, көздеген мақсатына, асыл арманына асыққан арудың характерін тани білген. Наршаның ауылына еріксіз аттанғалы отырған Қарагөз дүниенің бәрін ұмытып, махаббат ләззатына бөленгендей. Шымылдық ашылғанда Асан сал (арт. Е.Өмірзақов) ымырт қараңғылығын дірілдетіп салған «Баянауыл басынан бұлт кетпес» әнініңмұңлы әуені аяулы арудың көңіл-күйі іспеттее. Шарықтап барып баяу аяқталатын бұл ән ғашық болған екі жастың жүрек сыры, махаббат сөзі болып қабылданады.
Қойылымның сәтті болып шығуына мол үлес қосқан - Сырым рөліндегі Қ.Жандарбеков. Бүл күрделі бейне сахнада жан-жақты көркемдік шешім тапқан. Асан салдың аузымен айтылатын «ол жалындаған ер, ақын, салтанатты сал Сырым ...» деген тамаша авторлық суреттеме бар. Талантты актер өз геройының бойындағы осы үш қасиетіне баса көңіл аударған. Спектакльге қатысқандардың бірі: «Сырым сахнаға жалт етіп шыққанда жүрттың көңілін бірден өзіне аударьш алатын лаулаған жалын сияқты, қимылы ширақ, сөйлеген сөздері ақынша төгіліп тұратын», - дейді. Ауызекі айтыла салған осы бір бағада актерлік үлкен өнерге тән шығармашылық шабыт көзі бар. Жасы 21-ге енді ғана шыққан, актерлік талантына қоса, шебер әнші, келбетті Қ.Жандарбековтың Сырым табығатыка сай келген шағы. Орындаушы ең алдымен Сырымды ақын, өмірге құштар, еркіндік ақсаған, төңірегіндегі дүние мен қүбылысты өз жүрегімен, өз сезімімен қабылдайтын ерекше жан деп түсінген. Сондықтан ол бейнелеген Сырым сүйсе қүлай сүйетін, күйінсе отша жанатын, сөйлесе ақынша толғайтын кесек тұлға болып құйылған...
XX ғасырдың басында туған қазақ драматургиясы 20-жылдарда көптеген шығармашылық қиындықтарды басынан кешіріп, профессионалдық дамудың тың белестеріне бет алды.
20-жылдар драматургиксын талдап айтқанда, ең алдымен көңіл коятын жай - ескі өмір мен алғашында жаңа үміт әкелген жаңа құрылысқа, оның адамдарына деген қызыға қараушылық. Каламдарының күші жетсін-жетпесін жаңа ой, жаңа толғаныс әкелген заманның жай-жапсарын, хал-қадарын, бағытын аңғаруға және оны замандастарына жеткізуге үмтылды.