Тұлғаның әлеуметтік өрлеуінің негізгі механизмдеріне схема жасаңыз.
Тұлғаның әлеуметтік типі дегеніміз — адамдардың тарихи-мәдени және әлеуметтік - экономикалық тұрғыдан алғанда тұрмыс құру, тіршілік ету жағдайларының күрделі жиынтығының жемісі. Әлеуметтануда тұлғаны әлеуметтік түрге бөлудің әр түрлі варианттары ұсынылған. Мысалы, М. Вебер түрге бөлудің негізіне әлеуметтік әрекеттің ерекшелігін, дәлірек айтқанда, оның ұт ымдық дәрежесін алса, К. Маркс формациялық және таптық ұғымға осы тегін жатқызған. Э. Фром болса орныққан мінез-құлықты тұлғаның әлеуметтік түрі, индивид пен социумнің байланыс формасы деп қарайды.
Әлеуметтік мінез-құлықтың түбегейлі қалыптасуын Э. Фром әрбір тұлғаның коғам талаптарына мейлінше тиімді бейімделуінде және қауіпсіздік пен өзін-өзі қорғаудағы сана-сезімін нығайтудың мүмкіндігінде деп бағалайды. Адамзат тарихын сараптаудың нәтижесінде Э. Фром әлеуметтік мінез-құлықтың бірнеше типтерін: рецепті (енжар), қанаушылық, дүние жинаушылық және нарықтық деп түр - түрге бөледі.
Казіргі әлеуметтану саласында тұлғаларды олардың құнды бағыт-бағдары мен қадір-қасиеттеріне байланысты бөлу кең түрде тарады. Олар: — дәстүршілер негізінен мынандай құндылықтарды: міндетті, тәртіпті, жеңге салушылықты, заңды қолдаушылықты ұстанса, ал креативтік болса: адамдардың өзін-өзі көрсету, ез бетімен жүру сияқты сапаларды басшылыққа алады. Мұндай мінез-құлықтар ешкімге ұнамайды, оны өрескел, ер мінезділікке ұқсатады;
— ал идеалистер, керісінше, дәстүрлік нормаларға,тәуелсіздікке бейім болады және басқа адамның беделін мансұқ етпейді, өзін-өзі ғана басқарады, басқаларға еліктеп алаңдамайды;
— фрустрировтік мінез-құлыққа адамның өзін өзгеден темен бағалауы, көңіл-күйінің басыңқы болуы, өзін өмір ағымынан тыс қалдым деп сезінуі жатады;
— реалисттер өзін-өзі ел алдында айрықша көрсетуді міндет санайды және халыққа деген жауапкершілік сезімін дамыта түсуге тырысады, орынды скептицизмді өзін-өзі дәріптеу мен өз-өзіне бақылау жасау арқылы жүзеге асырады;
— гедонисті материалисттер ең алдымен «осы жерде және дәл қазір» рахатқа кенелуге бағыт ұстайды және бұл «әмір ләззатының» ізіне түсуге тырысу қабілеті молшылық тілеуді қанағаттандырудың формасына айналады.Әрбір дүниеге келген адам қоғамның бір мүшесіне айналады және әлеуметтенуге тартылады, яғни тұлғаның қалыптасуы қоғамның талаптарын біртіндеп қабылдауынан, қоғамдық сана мен мінез құлықтың қалыптасуынан тұрады және ол қоғаммен өзара қатынасты реттейді. Әлеуметтену үрдісі жанұяда, мектепте, жұмыста жүзеге асады. Сонымен қатар БАҚ-та әлеуметтенудің күшті құралы болып табылады. Әлеуметтену үрдісіне адамның әлеуметтік тәжірибесін ұрпаққа жалғастыру енеді. Тұлғаның әлеуметтенуі еңбекпен, қоғамдық –саяси және адамның танымдық әрекетіне тығыз байланысты болып келеді. Бұл сатылардың әрқайсысында қарама-қайшылық туындауы мүмкін. Мысалы, “әке мен бала” мәселесі.
Алғашқы әлеуметтену үрдісі – тұлғаралық қатынастар сферасы, екінші үрдіс - әлеуметтік қатынастар сферасы болып табылады.Біріншіден, әрбір іс - әрекет түрлері мен оның әртүрінің арасындағы байланыстар жүйесінде бағдарлану. Ол әрбір жеке тұлға үшін маңызды іс -әрекет аспектілерін айқындаумен қатар, оны игеру арқылы іске асырылады, немесе мұндай бағдарлануды – іс - әрекеттің жеке тұлғалық атауы деп атауға болар еді.Екінші – қарым – қатынас сферасыда іс - әрекетпен тығыз байланысты болғандықтан, оны кеңею және тереңдету бағытында қарастырады. Қарым – қатынастың кеңеюін, адамның басқалармен контактілерінің көбеюі, әрбір жас кезеңінде осы контактілер ерекшеліктері тұрғысынан түсіну қажет. Қарым – қатынастың тереңдеуін, ең алдымен монологтық қарым – қатынастан диалогтыққа көшу, партнерге бағытталуы, оны неғұрлым дәл қабылдауымен байланысты. Эксперименттік зерттеулердің міндеттері: біріншіден, қарым –қатынас байланыстарының көбеюі қандай жағдайларда және қалай іске асырылатынын, екіншіден, жеке адам осындай процесте қандай нәтижеге жететінін анықтау.Әлеуметтенудің үшінші сферасы – жеке тұлғаның өзіндік сана – сезімінің дамуы. Бұл проблема жеке тұлғаның «Мен» - бейнесінің қалыптасуымен байланысты.
Көптеген эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, адамның «мен» бейнесі бірден қалыптаспайды. Өмір сүру барысында, әртүрлі әлеуметтік әсерлер негізінде қалыптасады.