Ны өткізу түрі – тренинг. Әдістемелік ұсыныс: Монитордың негізгі параметрлеріне келесілер жатады: көлем

Әдістемелік ұсыныс: Монитордың негізгі параметрлеріне келесілер жатады: көлем, кадрдың жаңару деңгейі мен рұқсат етілген деңгейі.

Монитордың рұқсат етілген көрсету деңгейі көрсетілген көріністің көлеміне байланысты және ол терезе бетіндегі көлденеңнен (горизонталь), тігінен (вертикаль) орналасқан нүктелер арқылы көрсетіледі. Мысалы, егер монитордың рұқсат етілген көрсету деңгейі 640х480 болса, оның мағынасы келесідей: экран тікбұрышында 640х480=307200 нүкте арқылы көрініс көрсетіледі, оның бір жағы көлденеңнен 640 нүкте болса, екінші жағы тігінен 480 нүкте болады. Бұл жағдай неге көрсетудің рұқсат ету деңгейі жоғары болған сайын көріністің мазмұндылығы (әрбір бөлшегі) арта түсетіндігін түсіндіреді. Монитордың нақты рұқсат етілген көрсету деңгейін пайдалану әртүрлі факторларға байланысты, олардың ішінде монитордың өзінің мүмкіндіктері, бейне картаның мүмкіндіктері мен көріністің түстерін шектейтін мүмкін болатын бейне жадының көлемі болуы мүмкін.

LCD және CRT мониторлардың негізгі салыстырмалы сипаттамалары 1 – кестеде берілген.

Параметрлер LCD монитор CRT монитор
Рұқсат етілген көрсету деңгейі Белгілі бір рұқсат етілген көрсету деңгейін пикселдің бекітілген өлшемімен, тиімді қолдану Рұқсат етілген әр түрлі көрсету деңгейлерін қолдайды.
Регенерация жиілігі Тиімді жиілік 60 Гц (жылтылдау мүлде жоқ) 75Гц жиіліктен жоғары болса, анық көрінетін жылтылдау орын алмайды.
Түстің көріну дәлдігі True Color режимі қолданылады, керекті түс температурасы таңдалады. True Color режимі қолданылады, керекті түс температурасы таңдалады.
Бейнені қалыптастыру Көрініс пиксельдер арқылы қалыптасады. Пиксельдің саны LCD монитордың көрсету деңгейіне тәуелді. Пиксельдің қадамы пиксельдің өлшеміне байланысты болады. Көріністің сапасы нүктелердің қадамына немесе пиксель қалыптасатын бір түстің сызығына байланысты.
Көрсету бұрышы Стандартты көрсету бұрышы 120 градус Көрсету бұрышы 120 градустан асып түседі
Энергия тұтыну мен сәулелену деңгейі Іс жүзінде электромагниттік сәулелену жоқ. LCD монитордың энергия тұтыну деңгейі CRT мониторларға қарағанда төмен. Электромагниттік сәулелену орын алады, оның шамасы нақты мониторға байланысты

Лекция №15-16. ЭЕМ-мен басты қарым-қатынас. ЭЕМ-мен жұмыс істеу режимі

Шектеулі пайдаланушылар үшін есептеу жүйелерімен қарым-қатынас жасаудың мынадай тәсілдері мен құралдарын құруға тура келеді. Бұл құралдар мен тәсілдер бағдарламаның маманы болмай тұрып ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Пакеттер режимі. Бұл режимнің қызметі пакет бойынша есептің алғашқы берілгендерін даярлау және оларды ақпаратты өңдеу орталығына беру. Есептің берілгендері ЭЕМ-ге енгізіледі және олар есептің қойылуына байланысты пайдаланушының қатысынсыз автоматты түрде орындалады және мұнда ЭЕМ-нің жұмысы бір бағдарламалы және көп бағдарламалы режимде жүруі мүмкін. Пакеттік режимді ЭЕМ-ді қолдану максималды тиімділігіне қол жеткізуге болады. Бұл режим есептеу техникасы құралдарының қызмет көрсету барысында да рационалды жүктелуін қамтамасыз етеді. Есептеуіш машинасын кеңінен қолданылуы ЭЕМ-ң максималды жүктелу маңыздылығын төмендетті және пайдаланушының жұмыс тиімді жағдайларды алғашқы қатарға, оның ішінде ең маңыздысы мамандандырылмаған пайдаланушы жұмысы. Бұл есепті шешу ЭЕМ-де жұмыс істеудің диалогтық режимінің дамуына ықпал етті.

Есептеуіш машинасымен қарым-қатынас жасаудың диалогтық режимі диалогтық жүйенің болуына тікелей байланысты, бұл жүйе арқылы пайдаланушы ЭЕМ-мен тікелей байланыса алады. Есепті өңдеу барысында пайдаланушы үздіксіз және жылдам бағдарламаның жұмыс істеуін қадағалай алады және шешім шығаруға әсерін тигізе алады.

Диалогтық жүйенің мүмкіндіктері және онымен жұмыс істеудің ыңғайлылығы жүйенің көмегімен орындалатын әртүрлі бағдарламаның санына және пайдалану тиімділігіне тәуелді.

Диалогты режимдегі машинамен қарым – қатынас ұйымдастыру табиғи тілге жақын адам мен сұхбаттасу жылдамдығына жақын, ал кейбір жағдайда пайдаланылушы біліктілігі мен тәжірибесіне тәуелді тілде жүргізілуі қажет. Операциялық күрделілік дегеніміз – қойылған есепті шешу барысында пайдаланушының орындайтын әрекеттердің күрделілігі.

Жаңадан бастаушы пайдаланушылар үшін операцияның күрделілігі өте төменгі жағдайда болатын қолданушыға тиімді жүйе болса жеткілікті.

Диалогтың және пакеттік режимдерді салыстыру олардың ешқайсысына да басым үстемдік бермейді, алайда диалогтық режимде жұмыс істеуі тиімді.

Пакеттік режим ең алдымен ЭЕМ-нің орталық құрылғыларының жүктемелерін жоғарылатуға бағытталған. Диалогтық режимде қолданбалы бағдарламаның саны аз, алайда бұл режимдегі машиналық уақыт шығынының қосындысы, пакеттік режимге қарағанда 4 – 6 есе артық.

Диалогтық режим пакеттік режимге қарағанда жаңадан үйреніп жүрген пайдаланушы үшін жақсы құрылған. Осыған сәйкес диалогтық режимді меңгеру пакеті режимге қарағанда жеңіл. Диалогтық режим орташа қабілетті үйренушілердің белсенділігін және ынтасын арттырады. Ал бұл қасиет есептеуіш техникасын кеңінен ендіруде ерекше маңызды.

Қарастырылған режимдердің барлық жақсы сапалары қазіргі заманның есептеуіш жүйелерінде біріктірілген, яғни диалогты режимде жұмыс істейтін пайдаланушылармен бірге есептеуіш машинасында бір немесе бірнеше пакеттік есептер орындалады.

ЭЕМ- мен мәлімет алмасу ережелері

Қарастырылып жатқан диалогты жүйелер негізінен мамандандырылған емес пайдаланушылар қажетіне бағытталған. Бұл шарттарда ең маңыздысы жүйемен ұсынылатын мүмкіндіктерді мейлінше тиімді пайдалана алу.

ЭЕМ-мен мәлімет алмасу барысында оң нәтижеге қол жеткізу үшін таза мамандандырылған қабілеттен басқа пайдаланушының жеке қабілеттері де маңызды. Көп жағдайларда табысқа қол жеткізуге көмектесетіндер: табандылық, интравертивтілік (өзіндік идеяларға бағытталу, ішкі жан дүниеге деген көзқарас), пайдаланушының ішкі басқарушылығы, анықталмағандыққа жоғарғы төзімділік (әдетте машинамен жұмыстың алғашқы этабында), жұмысты аяқтау стадиясында дәлме-дәл бола білу, қарапайымдылық, стресті бастан өткізе білу.

Диалог дегеніміз – ойлау процесі жылдамдығымен өлшенетін, тәуелсіз, кез келген уақытта ақпарат беруші мен реципиенттің (ақпарат алушы) орындары ауыса салатын, нақты мақсатқа қол жеткізу үшін екі субъектінің арасындағы хабарлама алмасу.

Диалог қатысушы саны 2-ге тең болса жұп, ал қатысушы саны көп болса, көпшілік диалог болуы мүмкін.

Машиналық диалогтың технология негізінде ақпаратты өңдеу хабарламаны беру мен қабылдау арқылы есепті шешу кезінде ЭЕМ мен адамның өзара іс-әрекетінде жатыр. “Адам – ЭЕМ” типті диалогта пайдаланушының мақсаты есепті шешу процесінде нәтижелі берілгендерді алу. ЭЕМ-ді пайдаланғандағы мақсат – пайдаланушыға операцияларын орындағанда көмек көрсету.

Диалог кезіндегі түсіністік хабарлама дайындалатын тілдік белгілер мен кодтар бар жүйеде болғанда болады. Бір-бірін тиімді түсінуге жалпы білім мен қабілет болу керек, әрине диалог режимінде.

Егер диалогқа қатысушылар ролдері қатаң берілсе, онда мұндай диалог “қатты” деп аталады, мысалы, екі адамның қайсысына ынталылық жатады дегенді көрсететін “сұрақ-жауап” жұмысының режимі.

Баламалы қатаң құрылым пайдаланушыға мәзір түрінде ұсынатын көптеген диалог нұсқаларын тапсырады. Мұндай диалог иілгіш деп аталады.

Мәлімет алмасуға қатысушыларға ақпарат пен өз бетінше алмасуына рұқсат беретін диалог бос деп аталады.

Диалогты жүргізудің негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетейік:

1 Мәлімет алмасуға кірісетіндерде нақты мақсаты бар және алдын-ала диалог анықталуы мүмкін. Мәлімет алмасу процесінде әдетте мақсаттар, қаралған мәселе бойынша диалогқа қатысушылар пікірі анықталады, әр түрлі көзқарастар туындайды. Ережеге сай, қаралған мәселе бойынша өзгерістер азаяды және диалог өзгерту жолымен оған қатынастар да түрленеді.

2 Диалогқа қатысушылар бір-біріне үйренеді. Диалог процесінде немесе оның жекелеген этаптарында сұхбаттасушының әр бірі белгілі бір әңгімелесу ролін анықтайды: біреуі сұраса, екіншісі жауап береді; бірі белсенді түрде өзінің көзқарасына екіншісін бағындырғысы келсе, екіншісі өзінің пікірін сақтап қалады және т.б.

3 Әңгімелесу ролінде нақтылау жүреді, әрбір диалогқа қатысушы мәлімет алмасу тақырыбына байланысты нақты міндеттерді орындайды. Диалогты жүргізу процесінде әңгімелесу ролінде бірнеше рет қайтадан анықталуы мүмкін. Олар белгілі бір тәртіпке және лингвистикалық ережелерге бағынады, яғни олар белгілі дәрежеде жекелеген фрагмент нәтижелеріне әсер етеді немесе бүтін диалогқа нақты түрді қабылдайды.

4 Қабылданған диалог түрлері және әңгімелесу ролдерін анықтау диалог нәтижелеріне әкеледі. Диалог нәтижесінің белгілі болжамы қатысушыларды белсендіреді де потенциалды түрде оң нәтижеге апаратын мәлімет алмауға кірістіреді және керісінше, қолайсыз жағдайларға әкелетін әрекеттерден қашуды талап етеді. Мәлімет алмасуға кірісуге және диалогты жүргізуге кететін әрекеттер оның қатысушыларына деген нәтижелердің анықталған дәрежелерінің пропорционалді маңыздылығы болып табылады.

5 Диалогқа қатысушылар өздерінің күштерін азайтады және олар нақты оң нәтижелі мәлімет алмасуды қалайды. Кейде осындай оң нәтижесінің өзі қызбалыққа байланысты диалогқа қатысушының бірінің мәлімет алмасудан бас тартуына алып келеді.

6 Диалог сценарийіне қатысты ішкі логикадан басқа, мәлімет алмасудың табысты өтуі диалогқа қатысушылардың көңіл-күйіне де байланысты болады. Сондықтан алғашқы кезде өзіңе деген жақсы қарым-қатынасқа ие болуың керек және мәлімет алмасудағы қарастырылған тақырыпқа диалогқа қатысушы екінші адамды қызықтыра алу керек. Әңгімелесушіге деген сіздің көзқарасыңызда оң болуы өте маңызды. Диалогқа қатысушылардың әрбірі айрықша мәнге ие: сұхбаттасушыларға деген әңгімелесу ролдерінің бағасы. Сондықтан оң әсерлі тонда жүргізілген диалог сұхбаттасушы қызығушылығына жақын болуы мүмкін және оның ролінің жоғарғы объективті бағасы үлкен ықтималдылықпен талап етілген нәтижеге қол жеткізеді.

7 Адамдар әсерлі және тым сезімталдылықтарымен өздерінің ролдерінің

бағаланбағандығын қабылдайды, мәнділігіне қарай мәлімет алмасу түрі

мазмұнымен олар үшін маңызды. Диалогқа қатысушылар тәртібі

сұхбаттасушының ұстамдылығы мен сыртқы жан дүниесіне тікелей

байланысты.

1-5 пунктер адам-машина жүйесіндегі диалогтағы сияқты да адамдар арасындағы қатынасқа да қатысты. 6-пункт есептеуіш машинасына диалогты жүйені өңдеушілер өзінің әсерлерін жеткізе алған дәрежедегі «ЭЕМ адам» жүйесіндегі диалогқа қасиетті. Бұл кездегі ЭЕМ-нен диалогты енгізу адамдар арасындағы диалогқа қарағанда күрделі қатаң ережелермен және шектеулермен регламенттелінеді.

Диалогты жүйелердің эксплуатациондық сипаттамалары келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

· Жүйеге пайдаланушының жеңіл адаптациясы;

· Есептеуіш, логикалық процедуралар мен терминалогиялардың бір түрлілігі;

· ЭЕМ-нен көмек алған кезде немесе жауап берілген әрекеттерді жүргізу қажеттілігі көрсетілген анықтамалық ақпаратпен және қажетті нұсқаулармен пайдаланушыны жабдықтау;

· Диалогтың қысқа түрлерін пайдалану;

· Операциялық жүйемен және арнайы бағдарламалармен таратылатын жүйедегі ақпараттың қорғаныс құралдар саны.

Пайдаланушы жүйемен жұмыс кезінде оны бұзатын немесе пайдаланушыға үлкен залал келтіретін қателік әрекеттерден жүйенің қорғалғанын есте сақтау керек. Егер жүйе сонда да бұзылса, онда оның дұрыс құрылмағаны және келесі нұсқаларында өңдеушілер бұл кемшілікті ескеруі керек.

Жұмыс процесінде пайдаланушыға одан не талап етілетіні, оның келесі әрекеттері қандай болуы керек екендігі туралы анықталмауы мүмкін. Көптеген диалогты жүйелерде пайдаланушы өзінің қиыншылықтарын жеңу үшін жүгіне алатын көмектесу функциялары ұйымдастырылған.

Жүйемен жұмыс кезінде көмекке машинаға жүгіну керек. Жұмыстың шығармашылық бөлігін және шешімді қабылдауды пайдаланушыға қалдырып, машина оған тек жұмыстың рутинді бөлігінде ғана көмектесетінін есте сақтау маңызды. Одан басқа, есептеуіш машинада әсерлер болмайды, сондықтан көптеген қайталанулар мен пайдаланушының «түсініспеушілігі» ереже сияқты, ЭЕМ-нен диалог жағдайына әсер етпейді. Диалогты жүйе пайдаланушының қажеттіліктерін жоғарылататын ырғақта жұмыс істей алады. Бұл жағдайда ЭЕМ-ді «қуғындамай» барлық жүйені қарай отырып, өз темпінде жұмыс істеу керек.

Жүйеде шығарылған жаңа хабарламалардың диалогтың келесі жүрістерінде әсер ететіндерін белгілей отырып, мұқият меңгеру қажет. Бірнеше сәтсіздік кезінде ЭЕМ-ге сұранысты қайта түрлендіріп, мәселеге басқа жағынан қарау керек. Сәтсіз сауда жағдайында функционалды күрделі сұранысты орындау үшін оны жақсы нәтиже беретін элементарлық әрекеттерге бөлу керек.

Машиналық диалогты құрудың логикасын түсіну бір тәртіпте және арнайы жүргізу өзара әрекеттің қолайлы нұсқасын алу арқылы, жүйенің басқа жұмыс тәртібінің ұқсас жағдайларының нәтижелеріне үлкен көрсеткішпен жету арқылы пайдаланушыға көмектеседі.

Бағдарламаны рутинді жаңа ойлардың болмауынан сеанс кезінде алынған жобалы нәтижелерді бүлдірмеу үшін нәтижесіз әрекеттерді тоқтату керек. Барлық мәселелері терезеден тысқары шешуге тырыспаңыз: тәжірибе көрсеткендей, бұл аз әсерлі. Дұрысырақ шешімді пайдаланушы әдетте үстел басында табады.

Сеанс аяғында терезеден тысқары қажет болатын жұмыс нәтижелерін талдау үшін шығарып алу қажет. Бұл мыналар болуы мүмкін: бағдарламаның соңғы нұсқасының мәтіні, тестілеу нәтижелері және т.б.

Сонымен қатар ЭЕМ-нен диалогтың барлық жүрісін, әсіресе қарсы нәтиже жағдайын талдау керек, барлық қателіктерді тауып, оларды қысқарту жолдарын ескеру керек: жүйе бойынша құжаттармен толығырақ танысу, мамандармен кеңесу, диалогты енгізудің жаңа стратегиясын өңдеу.

Наши рекомендации