Тұлғаның әлеуметтенуі

Әлеуметтену кезеңін анықтаудың түрлі тұрғылары бар. Әлеуметтік тұрғыда әлеуметтену үш сатыдаболады деп бөледі. Олар еңбекке дейінгі,еңбектегі,еңбектен кейінгі. Әлеуметтену кезеңінде психоаналитикалық көзқарастарды ескерген жөн. Олар: әлеуметтенуді алғашқы, маргинальді, тұрақты, статусын жоғалтумен байланысты әлеуметтенулер.(зейнетке шыққаннан кейінгі жағдай). Әлеуметтенудің алғашқы кезеңі – баланың әлеуметтенуі З.Фрейд пікірінше, бұл кезең мыналардан, тұрады:1) оральдық (туғаннан 2 жасқа дейін) бала әлемі тез айналасына ғана шоғырланады;2) анальдық (2 жастан 3 жасқа дейін) бала гигиена дағдыларына үйретіледі. З.Фрейд пікірінше, бұл кезең адамның барынша кейінгі дамуын анықтайды; 3)фаллигиялық (4 жастан 5 жасқа дейін). Алғаш рет қарсы жыныстық топтағы ата-аналарға симпатиясы пайда болады. З.Фрейд осы сезімге байланысты дау-дамайды, ұл балалардағыны эдиптік комплекс, қыздардағы электрлік деп аталады. Бұл кезеңді жақсы өткізгендер өздерін ата-аналарына ұқсатады. З.Фрейдтің пікірінше, негізгі тұлғалық сипаттар осы кезеңде қалыптасады. Сондай-ақ, тұлғаның әлеуметтену процесіндегі бейсаналық рольін абсолюттендірмеу керек. Алғашқы әлеуметтену кезеңінде әлеуметтік рольдер мен ойындық іс-әрекеттерді тану мен меңгеру, күтуге жүйесіне байланысты туу мен беку, оны қанағаттандыру, оған ата-ана тарапынан болатын талап,онымен айналысу сипаттары шешуші мәнге ие.Маргинальды(аралық немесе псевдотұрақты) әлеуметтену– жеткіншектің әлеуметтенуі. Жеткіншек жаста жыныстық жетілу болатыны мен оның ересек адам болғанға дейін жалғасатыны белгілі. Бұл кезең тұлғаның өзіндік беку, топтық ұқсастықпен, балалықтан жеткіншектікке ауысужасымен байланысты.Тұрақты әлеуметтену – белгілі бір жетістікке жету мен әлеуметтік және тұлғааралық рөлдер кең спектрін орындау үйлесімінде.Статусын жоғалтуға байланысты әеуметтену – адамның зейнетақы демалысымен байланысты және ол кезеңдегі жағдады ауыр сезінуі мен дезадаптациялануымен түсіндіріледі. Ең жақын адамдардың өмірден кетуі, өмірінің мәнін, организмінің қартаю процесінің кері айналмайтынын, жалғыздық пен қажетсіздікті сезіну ауыр күйзеліске әкеледі. Мұндай жағдайды немере, шөберелеріне сүйіспеншілікпен ауыстыруы оларға күш береді және әлі де қажеттілігін, өмірдің қайталануын сезінуге мүмкіндік бередіӘлеуметтенуді әдеттегі жеке процесс деп қарастырады. Әлеуметтенудің әдеттегілігі- әлеуметтік жағдайлармен және тап, нәсіл, этникалық, мәдени айырмашылықтармен байланыстыӘлеуметтенудің әдеттегі процесс болуы әдеттегі әлеуметтік немесе жас ерекшелік топөкілдеріне ұқсас өтілуі дегенді білдіреді. Жұмыс істемейтін және жұмысында елеулі жетістігі бар адамдардың әлеуметтенуінде айырмашылықтар бар. Қаңғыбас, биш, созылмалы ауру, мүгедек адам туралы да осыны айтуға болады. Эмиграттық өзге тіл, мәдениетіне адаптациялануы, аз ұлтты немесе ұлыстық өкілдері туралы да әлеуметтенуі жайында осыны айтуға болады Әлеуметтену жеке процесс ретінде болуы сол тұлғаның өзіне тән ерекшеліктеріне орай туындайды (қабілеті, коммункабельдік, конформдық деңгейі, сыртқы келбеті, бара-бар жеке деңгейі),яғни өз қабілетін дамытуға талпынысы, өзінің өмірлік жолын бірегей деп жете түсінуі. Адам әлеуметтенуін осы процестің сыртқы және ішкі белгілеріне қарай сырттай демонстрациялауына болады.Тұлғаның әлеуметтену белгілеріне: әлеуметтік бірдейлік (топтық, жалпыадамзаттық), мақсат, стереотиптер, жалпы әлемдік құндылықтар мазмұнының қалыптасуы, өмір сүру образы, тұлғаның адаптациялануы, оның нормалы әдеттегі мінездеріТұлғаның әлеуметтенуінің ең негізгі белгілеріне: тәуелсіздігі, сенімділігі, дербестігі, белсенділігі, комплекссіздігі, азаттық деңгейі жатады Тұлға әлеуметтенуінің негізгі мақсатына: А.Маулоуша «қажеттілігін өзін жүзеге асыруын» қанағаттандыруы мен сол мақсатты дұрыс жүзеге асырудағы қабілеттің дамуы жатады. Олай болмаған жағдайда әлеуметтену процесі гуманистік мәнінен айырылып, психологиялық күштеу инструментіне айналады, мұндай жағдай тұлғаның өсуіне емес, өшуіне, «Меннің» жойылуына алып келеді.Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік-психологиялық факторларын екі үлкен топқа бөлуге болады:1)Әлеуметтік - әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени аспектісінің бейнеленуі мен сол мәселенің тарихи, мәдени, этникалық ерекшелігінің қамтылуы.2)Жеке тұлғалық – тұлғаның өмірлік жолын белгілейтін кезеңі.Отандық психология объективті көрсеткіштерді индивидтің әлеуметтік статусының өзгеруі, жаңа әлеуметтік рольдерді меңгеруімен бірге, субъективті, соның ішінде ұқсастықты да ескереді. Ұқсастық (идентичность) – бұл басқа индивидтен бірегей дербес, жеке, жүзеге асуын сезінуі немесе басқа топтан топтық құндылықты пайдаланып, өзгешеленуі, бірегей топтың бөлшегі ретінде өзін сезінуіӨмірлік цикл - бұл әлеуметтік «Мен» сапалы кезеңінің қалыптасуы ретінде қарастырылатын адамның биограсындағы маңызды негізгі кезеңдері: мектепке дейінгі кезең, мектепте оқуы, студенттік өмірі, үйленуі, отандық борышты атқаруы, мамандық таңдауы, еңбекке орналасуы, зейнетке шығуы.Өмір сүрудің әрбір кезеңі өзара толықтырып тұратын екі процесс: деәлеуметтену(десоциализация) мен реәлеуметтену(ресоциализация) қоса жүреді.Деәлеуметтену(десоциализация) – бұл ескі құндылық, норма, роль мен мінез тәртібінен арылу процесіРеәлеуметтену(ресоциализация) – бұл жаңа құндылық, норма, рольдер мен ескінің орнына мінездің жаңа ережелерін үйрену процесі.Аәлеуметтену(асоциализация)– бұл қоғамға қарсы әлеуметтік норма, құндылыққа қарсы негативті роль, мақсат, мінез стереотиптерін меңгеруі, оны қоғамдық байланысында түрін өзгертіп, қоғамның тұрақтылығын бұзуда пайдалануымен түсіндіріледі. Әлеуметтенуден қалушылық - әлеуметтенудің әр кезеңіне қоғам белгілеген мінез образы нормаларын өз кезінде меңгермей, тұлғаның кешігіп позитивті меңгеруі. Сонымен,әлеуметтену дегеніміз – бұл индивидтің әлеуметтік құндылықтар жүйесін иеленуі (интернализациялануы) мен әлеуметтік институттардың мақсатты ықпал ету жағдайында мінездің әлеуметтік адаптациялануы,тұлғаның түрлі өмірлік жағдайларда стихиялы ықпал ету жағдайы.

2.Ұлттық психологиялық құбылыстардың қалыптасу факторларыНақты этностық бірлік өкілдерінің ұлттық психологиясы – көптеген факторлардың әсерінен ұзақ және арнайы дамудың нәтижесі. Саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың әсерінен ұлттық психика мінездемесінің ерекшеліктері қалыптасады, себебі бұл ерекшеліктер қоғамдық және өндірістік қатынастарға тәуелді. Бұлардың ерекше көріністері әр мемлекеттегі этностық бірлік өкілдері санасының дамуына ерекше белгі қалдырады. Этностық бірліктің тарихи дамуы – көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, ұлттық психиканың көрінісі мен қызметі, оның ерекшеліктерінің туындауы сыртқы және ішкі атрибуттармен анықталады, оның өкілдерінің психикасының ерекшеліктері, өмір сапасының тасымалдануы заңды. Этностық бірліктің жасы – адамдардың ұлттық психикасының ұзақ қалыптасу куәгері, оның даму келешегінің болашағы немесе деградациясы. Неғұрлым ол жас және көп болса, соғұрлым басты ерекшеліктерінің көріністері тұрақты немесе кертартпа. ұлтаралық қатынастардың сипаты және ондағы тарихи дәстүрлер ұлттық санаға және өзіндік санаға, басқа ұлтқа қатынасындағы сезім көріністерінің динамикасына әсер етеді. Этностық бірліктің мәдени дамуы (оның мәдениетінің тұтастығы) - адамдардың ұлттық психикасының негізгі сапалық мінездемесі олардың қоршаған әлемді арнайы эстетикалық, моральдық және адамгершілік тұрғыда қабылдауы басқа әлеуметтік өкіл топтарының қатысуына әсер етеді. Этностық бірліктің тілі мен жазуы оның өкілдерінің ойлау ерекшеліктерін және дүниетанымының кеңдігін, түрлілігін, өз өмірінің ерекшеліктеріне көзқарасын анықтайды.

Наши рекомендации