ПӘнніҢ оҚу жҰмыс баҒдарламасы

(SYLLABUS)

Пәні ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ

Мамандығы: «Білім» мамандықтар тобы

оқу түрі: күндізгі

кредит саны 2

    Оқу түрі
күндізгі     күндізгі қысқартылған сырттай     сырттай қысқартылған жедететідген  
ПЖБ барлық сағаттар саны, соның ішінде:            
Дәріс -        
семинар (практикалық        
зертханалық          
СМӨЖ        
СӨЖ        
Емтихан (семестр)        

Пәннің бағдарламасын Каирова Б.К.___________________________

______________________психология кафедрасының аға оқытушы______________

(аты-жөні, лауазымы, құрастырушылардың ғылыми дәрежесі, атағы)

КР. МЖМБС 5. 04. 019 – 2011 негізінде құрастырған.

______психология_____________ кафедра отырысында қаралды және ұсынылды

Хаттама № 10 «__04___» 06 2016 ж.

Кафедра меңгерушісі Смаглий Т.И. ___________________

(аты-жөні)

Факультетінің әдістемелік бюросымен келісілген

Хаттама № 9 «__25_» _____06______2016 ж.

Төрағасы Демисенова Ш.С. _____________________________

(аты-жөні)

Жыл сайынға қайта бекіту туралы мәлімет:

Оқу жылы Жұмыс бағдарламасы туралы мәлімет қайта бекітілген күні, кафедра хаттамасының № кафедра меңгерушісінің қолы
2010-2011      
       
       
         

Пән «Өзін—өзі тану»

· Пін коды: ООТ 2205

· Кредит саны: 2

· Байланыс:

Аты жөні Уақыты және өтетін орны Байланыс телефондары
  семинар ОЖСӨЖ e-mail
Қаирова Баян Кусаиновна кесте бойынша кесте бойынша Ауд. 607,

3. Пәнге қысқаша сипаттама және пререквизиті мен постреквизиті:

Жоғарғы кәсіптік білім алу жолында жастар жаңа әлеуметтік жағдайға, әлеуметтік деңгейге (студент статусына) өтуіне байланысты көптеген қиындықтар мен қатар өмірлік мәні зор міндеттерді өз бетінше шешуге тура келеді. «Өзіндік таным» пәні осы маңызды сұрақтарға дұрыс шешім табуға, жаңа ортаға, жаңа статусқа өтуге т.б. өмірлік мәні зор міндеттерді шешуге көмектеседі. «Өзіндік таным» курсы білім беру жүйесінде жаңа тың іс-шаралар енгізу мақсатында құрылған жаңа бағдарлама. Бұл бағдарлама көптеген ғылыми жүйелер негізін байланыстыратын пән, мысалы, этика, психология, педагогика, философия, мәдениеттану, саясаттану, әдебиет.

«Өзіндік таным» пәнінің негізгі мақсаты болашақ жас ұрпаққа ата-бабамыздан келе жатқан рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде оқытып-тәрбиелеу барысында өзін өзі тірбиелейтін, бойындағы табиғи мүмкіндіктері негізінде ерікті, саналы азамат болып қалыптасу және өмірде өз орнын тапқан салауатты өмірді таңдап алып өзімен және өзгелермен үйлесімді өмір сүруге бағыт-бағдар беру.

Мақсаты:

• Студенттердің өз өмірлері, өмірдегі орны жайлы саналы ойланып, белсенді әрекет етуге үйрету;

• Өзінің адами қабілетін әрқашан дамытуға, шығармашылыққа, өзін өзі өтеп, өмірді ең қымбат құндылық ретінде бағалауға және осы өмірде өзін-өзі бақытты сезініп, оған талпындыру

Міндеттері:

• Қызығы мол күрделі өмірде рухани-адамгершілік бағытында «дұрыс» жол таба білу;
Қоғамдағы рухани құндылықтарды тани білу және солар негізінде өз мінез құлықтарын реттеу;

• Адамға берілген ең жоғарғы құндылық Ө М І Р оны түсініп, кадірдей білу;
Өз көзқарасын, пікірін қорғай білу, оны қисынды да дәлелді жеткізе білу (өзгені тыңдай білу, өзгенің пікірін сыйлау, оның жан дүниесін түсінуге тырысу, өзге адады қабылдай білу);

• әлемнің тұтастық картинасын қалыптастыру, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере отырып, өз өмірінде ұстану;

• туған табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау;

3. «Өзіндік таным» бағдарламасы 4 модульдік бөлімдерден тұрады:

1. Бақыттың кілті өз қолыңда -

атты бірінші бөлімнің мақсаты – студенттердің өзін - өзі тану мен өмір бойы өздігінен білімін жетілдірудің қажеттігін түсінуге, сезінуге көмектесу; өзінің жеке тұлғалық өсу процесінен қанағаттанғанушылық сезіну; мәңгілік адами ақиқатты танып-білуге ұмтылу. Өмірдің этикалық аспектілері мен студенттердің кәсіби әрекетін қарастыру барысында өмірлік маңызды, мәнді мәселелер мен адами өмірдің мақсаты мен мұратының рефлексиясы жүзеге асырылады.

2. Адами құндылықтар -

атты екінші бөлімде студенттер өзара қарым-қатынастың қуанышын түсініп, достықты, отбасын құрметтеп, студенттік немесе кәсіби ұжымда өзара түсіністікті, татулық пен келісімді бағалай білуге үйренеді. Бұл орайда басты назар студенттік топта тілектестік қарым-қатынасты орнату біліктілігін дамытады.

3. Өмір әдебі -

атты – үшінші бөлімде адам дүниенің, әлемнің нағыз көрністерімен таныстырылады: қуаныш, махаббат сезімдері, күйзелістері, ізгілікті қасиеттері мен мінез-құлық сипаты. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінігін тереңдете отырып, студенттер күнделікті өмірде және кәсіби әрекетінде өздерінің адамгершілік нормаларын сақтау жауапкершілігінің қаншалықты маңыздылығын түсінеді.

Наши рекомендации