Ілиястың «жол аузында» жинағы.
Ілиястың сатиралық сарында жазған шығармалары мен сықақ-фельетондары «Құқ» деген атпен жеке кітап болып шықса, әңгімелері мен очерктері «Жол аузында» атты жинағына енген.
Газет жанрларынан Ілияс фельетондыерекше сүйіп жазған, жиі пайдаланған. Мұны өзі де ашып айтқан, мақтаныш тұта айтқан. Бірде «Фельетонның жаңа түрін, үлгісін қазақ баспасөзіне кіргізуде біраз қызмет қылып келемін» дейді
Ілияс – қазақ журналитакасының шоқтығы биік, ірі өкілі, оған алғаш келген жыл құстарының бірі. Баспасөз қайраткерінің бұл саладағы еңбегі әлі де зерттеуді қажет етеді
«Еңбекші қазақ» газетінде сатирик жазушының әр жылдары «Қаңғырған хат», «Қуыршақ», «Хан адвокат», «Мені арқала, бақ қула», «Сонымен кетіп барам», «Қымбатты Иван Иванович», «Екпінді бүлдіргіш», «Мынау не дейді?», «Дұғай сәлем», «Пұшық мұрынға кетік ыдыс», «Жайлаубектің жауыры- аурудың ауыры», «Басқа пәле-тілден», «Жалаңаш жиылыс» сияқты көптеген фельтондары жарық көрді.
Үкімет саясатына ілеспейтін адам кемде–кем. Кезінде І.Жансүгіров те жаңа кеңес үкіметінің сөзін сөйлейді. Олай етпеске шарасы да жоқ еді. Мәселен, оның «Хан адвокат» фельетоны 1929 жылы «алашордашыларға», қазақ интелигенттеріне қарсы басталған репрессия кезінде жазылыпты. Бұл кездерде «алашордашыларға» ұлтшыл, байшыл деген көптеген кінәлар тағылғаны белгілі. «Хан адвокат» фельетонының бас кейіпкері Ырай- «алашордашыл» адам.
«Сөз Қамысбаевқа» деген фельетонында Қамысбаев дегеннің бір ауылға келіп жиналыс өткізгені, жиналысты жалғыз өзі ашып, өзі сөйлеп, жүрттың сүрау беруге мүршасын да келтірмеген өзімшіл, төрешілдігі әңгімеленеді. Автор оның келуін былай суреттейді: «Бір мезгілде буаз портфелін көтеріп өкіл Камысбаев киіп- жарып көптің ортасына келді. Жиналып түрғандар жым-жырт болды. Ортаға келі алдырып төңкертті. Бір шумақ кілтті қоңырау орнына жүмсамақ болып алдырды. Келінің екі жағынан сүйеніп, Қамысбаев үстіне шықты...»
Ең алдымен әңгіме буаз портфельде өзі мәдениеттен кенже қалған, төресіне адам үшін портфель үстау үлкен дәреже. Әрі оның ішіне сабан тысқа да буаз етіп тыңқитып алған. Сондықтан «буаз портфель» бұл жерде босқа алынбаған. Бұдан кейінгі сөйлемдегі келі, кілт алдыру бұл нағыз сынақ. Өйткені, дені дұрыс адам стол, қоңырау жоқ жерде, сол жердің ыңғайына бейімделіп, дараланбай -ақ қоюы керек қой. Ал Камысбаевтың соны қолдан жасаған жайы бар. Сонда стол орнына тапқаны келі екен. Шын күлкі ғой бұл. Мұның өзі оның төрешілдігін, әрі ерсілігін көрсететін бірден бір сурет. Әсіресе, тасқа шыққан ешкіше елден ерекше келіге шығып тұруын фельетоннан оқыған адам, «әттен құлап масқара болар ма еді» деп отырды. Одан әрі Камысбаев «сөз, баяндау үшін укрмның өкілі, уисполкомның өкілі, уком қосшы өкілі, уженотдел өкілі, уфинотдел өкілі, итак дали өкіл жолдас Қасымаевқа, яғни менің өзіме берілді» деп тізбектеуінен оқушы мынаның мансапқор, екінші жағынан алакөкек адам екенін бірден аңғарады. Әйтпесе дені сау адам біріншісінен кейінгісін тіркей бере ме еді. Мұның өзі Қамысбаевтың қоразша қоқиланған мінезін оқушыға анықтай түсіп, жұрттың еріксіз күлкісін келтіреді.
Бұдан әрі Қамысбаев біреу түсінсе де, көпшілік түсіне қоймайтын, тіпті өзі де сол айтып түрғанын шала білеті баяндамасын соға береді. Жұрттың көкейіндегі нәрседен аулақ, өмірге жанасымсыз баяндаманы сыпыртып шыққанын өзі сезбейді. Жұртқа ауызша сұрау бергізбейді. Жазба сұрақты жұрт бермейді. Сонымен ауызша сұрауға рұқсат етіп, көбейіп бара жатқан соң өзі тоқтатып, ұсыныс енгізеді. Өзі қарар оқиды, өзі оны қабылдайды.
Біріншіден, фельетон сауатты зиялы адамдарға арналып жазылған. өйткені, Камысбаевтың сөзінің қазақша дүрыс болмауының себебі неде екенін газеттің мыңдаған қалың оқушысы отызыншы жылдары біле бере ме, оның сөзінің дұрыс болмау қойыртпақталуы орысша сөзді мағынасына қарамай, тура аударып алуынан болып отыр ғой. Мысалы қаулының жалпы дұрыс еместігін былай қойғанда үшінші тармақтағы «соғысқа дейінгі тегістік бейне» деген сөз «на уровне» деген орыс сөзінің сөзбе - сөз аудармасы. Әрине фельетонист оны орынды, дүрыс алып отыр. Егер оқушымыз әбден сауатты болса бұл түсінуге жақсы-ақ. Сонда да бүл жалпы сол кездегі газет оқушысына түсініксіз қалады.
Екіншіден, қарадан оқушы Қасымбаевтың не айтқысы келгенін түсініп отыруға тиіс. Оның күлкі болып шығуының өзі де сонда. «Байлар дүниесінің, капиталмзмнің стабелизациясы уақытша тоңазып тұр» дегендегі «стабелизациянын» не екенін оқушы білмесе, онда бқл тағы күлкі туғызбайды. Ал осыған адамдар оны «әрине біледі, түсінеді. Олар үшін фельетон әбден түсінікті.
Үшіншіден, газет оқушысына осы фельетонның неге жазылып отырғанын түсіндіре кету керек болады. Әкелінген келі мен кілт, ұзын сонар баяндама, сала құлаш қаулы, қойыртпақ сөз Қасымбаевтың тирешілдігінен болып отырғанын, оның іске зияннан баска пайдасы жоғын ашып айту керек еді. Содан соң осы фельетонның аты аса дұрыс қойылмаған. «Сөз Қасымбаевқа» деген қазақша емес. Мұны «Сөз Касымбаевтікі» десе, ері кекетінді, әрі лепті келіп, оны сықақтап отырған бірден көрініп тұрар еді.
Колхоздастыру кезіндегі асыра сілтеу, шолақ, саяси шикі белсенділердің өрескел қылықтары, соңында қалың жұртты аштыққа апарған кезеңді ақын бүкпесіз ашық жырлайды.