Жылдарда жарияланған классикалық еуразияшыл ғалымдардың жинақтары.

20-30 жж. олардың бастамасымен бірқатар баспа орындары қызмет жасады. Олар жинақтар, альманах, журнал мен газеттер, сондай-ақ, бағдарламалық шығармалар жеке кітапшалар болып жарыққа шықты. Мәселен, еуразияшылдық баспаханаларынан Савицкий, Трубецкой, Алексеев, Толь, Полковников, Бромбергтердің еңбектері жарияланды. Сонымен бірге Ұлыбритания, АҚШ, Еуропаның жетекші қалаларында тұрған еуразияшылдықтың көшбасшылары хат жазысып отырған. Мұндай хаттар Мәскеу, Прага, Париж, Берлин, София және т.б. қалалардағы мұрағаттарда сақталған.

Еуразияшылдық тобының қалыптасуыН. С. Трубецкойдың «Европа и человечество» атты еңбегінің шығуымен байланысты болды. Бұл еңбектен соң еуразияшылдық үйірмесі құрылған болатын. 1921жылы София қаласында ең алғашқы еуразияшылдыққа қатысты «Утверждений» — «Исход к Востоку. Утверждение евразийцев. Предчувствия и свершения. Книга 1»атты жинақ шығарылады.

1922 жылы Берлинде «На путях. Утверждение Евразийцев. Книга вторая» деген келесі жинақ жарық көрді. 1923 жылы «Россия и латинство. Сборник статей» деген жинақ шығады.

1923 жылдан бастап еуразияшылдықтың баспа органы — «Евразийский временник» шыққан. 1927 жылға дейін 3 нөмірі жарық көрген. 20 жылдардың соңы мен 30 жылдардың басында еуразияшылдық топ арасындажікке бөліну басталғанда тағы екі жинақ жарық көрген. Парижден 1931жылы «Тридцатые годы. Утверждение евразийцев. Книга седьмая»атты келесі кітап шыққан. Сондай-ақ, жинақтармен қатар мерзімді басылымдар да жарияланған. 1925 жылдан 1935 жылдар аралығында «Евразийские хроники» (барлығы 12) шыққан. Бұлар негізінен еуразияшылдықты насихаттауға мақсатталды. Ал 5 шығарылымында теориялық мақалалар шығарыла бастады. Әсіресе, Париж қаласында 1926-1928 жж. шыққан 6-10, 1935 ж. – 11 және 1937 ж.- 12 шығарылымдары маңызды болды.

1928 жылдың 24 қарашасынан 1929 жылдың 7 қыркүйегіне дейін Парижде солшыл еуразияшылдардың «Евразия» (барлығы 35 нөмір) деген апталық газет шығарылған. Сонымен қатар, солшыл еуразияшылдардың ұстанымын «Евразиец» атты журнал насихаттады (Брюссель, 1928–1934, барлығы 25 нөмір шыққан).

«Версты» деген тақырыппен альманах 1925, 1926, 1927 жж. бойы Парижден шығарылған. Барлығы 3 нөмір жарияланды. Ал кейінгі еуразияшылдардың ұстанымын «Евразийские тетради» журналы (Прага, 1934 — 1936, барлығы 6 нөмір), «Свой путь» айсайынғы газет насихаттаған.

28.КСРО-дағы еуразияшылдық ғылыми бағытының даму ерекшелігі. Кеңес үкіметі кезінде әрине еуразиящылдардың еңбектері қайта басылынған жоқ.

Жалпы еуразияшылдық идесы КСРО-да көп мәлім болмады. Тіпті КСРО-да еуразияшылдар ұйым құрмақ болғанда, оларды кеңестік барлау органдарымен арнайы «Трест» деген операция жүргізілген болатын. Чол кезде кеңестік арнайы органдар қызметкерлері де еуразияшылыдық туралы түсініктері болмаған. Не болмаса оларда көбінесе бұрмаланған пікір қалыптасты. Кеңестік билік тұсында еуразиялық идеяға қатысты еңбектер қоғамнан аластатылды. Кезінде шетелдерге қоныс аударған еуразияшылдардың еңбектерін оқу қол жетпес арман болатын. Тек қана кейбір ғалымдардың еуразиялық көзқарасты (атын атамай) қолдануға батылдары жетті. Орыс ғалымдарының арасынан көрнекті тарихшы және географ Л.Н. Гумилевты, ал қазақтар арасынан – белгілі ақын және зерттеуші О.О. Сүлейменовті атаймыз. Л.Н. Гумилевтың еңбектері тарихи танымды кеңейтті. Ғылымда жансыз әлеуметтік-экономикалық материализм мен еуропоцентризмнің үстем болуына қарамастан, әлемдік тарихқа этнологиялық көзқарасты батыл қолданды, Еуразиядағы түрік-славян «комплиментарлық» (жинақталған) идеясын дамытты. Л.Н. Гумилев ғылыми айналымға жаңа іргелі өркениеттік ұғым –«Ұлы Даланы енгізді». Оның тұжырымы адамзат тарихының көп қырлылығы, оның желілі емес циклдік дамуы еуропоцентризмнің шектеулі екендігін түсіндірді, мәдени-өркениеттік мәселе қоғамдық санаға қайта оралды. Л.Н. Гумилев 1980-ші жылдардың соңында «соңғы еуразияшыл», шын мәнісінде «тірі классик» - болды (жаңа дәуір үшін - қазіргі еуразияшылдыққа жол ашқан «бірінші» адам). Л.Н. Гумилев 1992 жылы қайтыс болды. Көрнекті ойшылдың Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық жобасын көруге екі жыл өмірі жетпеді. Әйтпегенде, 1994 жылы Қазақстан Президентінің Еуразиялық жобасын қолдаған болар еді.

Здесь можно с 29 вопроса и вообще добавить от себя ауызша про еуразияшылдық идеясы КСРО кезіндегі.

29. КСРО-да ХХғасырдың ІІ-жартысында еуразияшылдықты насихаттаған ғалымдар. Еуразияшылдардың еңбектері тек қана қайта құру жылдарының соңында жариялау мүмкін болды. 1990 жылы «Вопросы языкознания» журналының №2- де Н. С. Трубецкойдың «Общеславянский элемент в русской культуре» деген мақаласы жарияланды, осы жылы №№4,5,6 және 1991 жылы "Вестник МГУ (серия 9 (филология)) журналының №1,2,3,4-де Широков бастамасымен келесідей еуразияшылдардың еңбектері жарыққа шықты: Н. С. Трубецкойдың «К украинской проблеме», «О туранском элементе в русской культуре», "предисловие к сборнику «Исход к Востоку», «Об истинном и ложном национализме». «Верхи и низы русской культуры (этническая основа русской культуры)», «Религии Индии и христианство» и «Наследие Чингисхана (взгляд на русскую историю не с Запада, а с Востока)», П. П. Сувчинскийдің «Типы творчества (памяти А. Блока)». 1991 жылы «Новый мир» журналының №1 Карсавингің «Государство и кризис демократии» и работу Флоровского «Евразийский соблазн» (публикация Соболева) атты мақаласы шықты.

Сонымен қатар, көрсетілген жылы «Литературная учебаның» №6 нөмірінде Трубецкойдың «Религии Индии и христианство», «Об истинном и ложном патриотизме», «О расизме» деген еңбектері қайта басылды.

1991 жылы «Философские науки»журналының №12 нөмірінде П. Н. Савицкийдің «Евразийство» деген бағдарламалық мақаласы жарық көрді.

1992 жылы «Нашего современник» журналының №№2,3 нөмірлерінде Савицктйдің «Евразийство», «К преодолению революции», Трубецкойдың «Мы и другие», «К украинской проблеме», Вернадскийдың «Два подвига Св. Александра Невского» атты еңбектері басылды. Осы жылы «Вопросы философии» журналының 2 нөмірінде Карсавин мен Кожевниковтың «Философия и ВКП» деген ортақ атпен жарық көрді.

1992 жылы «Пути Евразии. Русская интеллигенция и судьбы России» атты кітап (құрастырушы И. А. Исаев) жарияланды.

1993 жылы Мәскеуде Н. Клепининнің «Святой и благоверный великий князь Александр Невский» (бірінші басылым — Париж, 1927) еңбегі шықты.

1995 жылы аталған басылымда жаңа антология жарияланды, лгы құрастырушылар — Новиков пен Сиземсктй: "Мир Россия-Евразия. М, 1995., Г. Флоровский «О народах неисторических (страна отцов и страна детей)», Сувчинского «Сила слабых», Савицкий «Подданство идеи» и «Географический обзор России-Евразии», Трубецкой «Вавилонская башня и смешение языков», Алексеев «Советский федерализм», Бромберг «Еврейское восточничество в прошлом и будущем».

1995 жылдан бастап еуразияшылдардың еңбектері шыққан болатын. Мәселен, Н. С. Трубецкойдың «История. Культура. Язык» кітабы.

1997 жылы «Добросвет» баспасында «Исход к Востоку» қайта жарияланды. Сондай-ақ, П. Н. Савицкийлің «Континент Евразия» атты еңбегі жарыққа шықты.

2000 жылы Санкт-Петербургте «Лань» баспасында Г. В. Вернадсктйдың «Начертание русской истории» және Савицкийдің «Геополитические заметки по русской истории» мақаласымен қосымша жарияланды.

2004 жылы Л. Н. Гумилевтің «Черная легенда. Друзья и недруги Великой Степи» жарияланды.

30.ХХ ғасырдағы 90-жылдарда еуразияшыл ғалымдар еңбектеріне деген жаңаша көзқарас.

Еуразия бастамасы – бұл ауқымды аймақтық жоба болғандықтан оның алғышарттарына ХХ ғасырдағы Еуропа, Азия, Америкада әзірленген аймақтық ықпалдасу жобасы кіреді. Қазақстан Президенті: «Бүгінгі әлемде аймақтық одақтардың неше түрі бар, олар сонысымен де мықты болып отыр» деген-ді. Еуразиялық жобаның маңызды халықаралық алғышарты Еуропалық Одақты қалыптастыру үдерісі екендігі де мәлім. Осы үлгі Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы үшін негіз болды..Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасының жаңашылдығын айта отырып, оның интеллектуалдық алғышарттарын да көрсетуіміз қажет. Біріншіден, қазіргі еуразиялықтың интеллектуалдық алғышарттары 1920-шы жылдардан басталып, Ресейден Еуропаға қоныс аударған Н.С. Трубецкой, П.Н. Савицкий, Г.В. Вернадский, Э. Хара-Даван, К.А. Чхеидзе және өзге де ойшылдардың арасында қалыптасты. Олар өздерін «еуразиялықтармыз», ал идеяларын «еуразиялық» деп атаған. Бұл дегеніміз «еуропалық» және «азиялық» элементтерді жинақтайтын жаңа әлем жөніндегі түсінік. Алайда, өзінің ауқымды мәдени-танымдық кеңістігіне қарамастан, еуразиялық идея негізінен ресейлік мәселелер төңірегінде қалыптасты. Еуразиялықтардың идеялары кеңестік болмыстың талаптарына сай болу үшін өзгеруге тиіс еді. Мәдениеттану тұрғысынан еуразиялық идея әлемнің өркениетті көпқырлылығын, яғни «өркениеттер қақтығысын» емес, сұхбат, ынтымақтастық қырынан көрсетеді. Қазіргі заманғы тарихшы Р.А. Медведев Шығыс пен Батыс «ешуақытта қосылмайды» деген Д.Р. Киплингтің сөзін бәрі біледі, бірақ та өзінің Еуразиялық жобасымен «Нұрсұлтан Назарбаев бұл тезистің қате екендігін көрсетті» деген. Н.Ә. Назарбаевтың жобасы және оған қатысты туындаған көзқарастар, халықаралық пікір - таластар тарихтағы дәстүрлі еуразиялық идеяға елеулі өзгерістер енгізді. Бұл күнде Еуразиялық бастамаға теориялық және практикалық тұрғыдан бірқатар толықтырулар да қосылды.Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасының саяси алғышартына Еуразия кеңістігінде жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы жатады. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасының тарихи, интеллектуалдық және саяси алғышарттары осындай.Елбасының Еуразияшылдық идеясы жаңа бағытта, жаңа тұрпатта өрбіді. Өткен ғасырдың екінші жартысында көрнекті ғұлама Лев Гумилевтің бастамасымен бірқатар ғалымдардың еуразияшылдық ұғымын ғылыми кеңістікте орнықтырғандығы белгілі. Дегенмен, бұл философиялық ұғым ғалымдардың хатында теория ретінде келе жатқан еді. Осынау асқақ ұғымды Нұрсұлтан Назарбаев саяси аренаға алып шықты. Аталған формула тұтас құрлықты ұйыстырған ықпалдастық тұжырымдамасы ретінде тіпті жаңа келбетке, жаңа сипатқа ие болды. «Еуразиялық Одақ қажет. Бұрынғы Кеңес Одағының республикаларын біртұтас қоғам құруға тарихтың, тағдырдың өзі дайындағандай. Бізге байланыс пен басқарудың тетіктері мен тәсілдері ортақ, біздің менталитетіміз, бүкіл болмыстарымыз ұқсайды. Бір-бірімізге сенім білдіру маңдайымызға жазылған. Біз Одақ деген сөзден қорықпауымыз керек. Жанымызда Еуропалық Одақ та тамаша өмір сүріп жатыр емес пе» деген еді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылғы наурыз айында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің ұстаздары мен ғалымдарының алдында сөйлеген сөзінде.
Еуразиялық идеяның басты өзегі экономикалық қана емес, рухани бірлікті де лайықты деңгейде сақтай отырып, әр мемлекеттің өз идеясымен дамуына толық мүмкіндік беру болып табылады. Идеяның бағыты дұрыс, бағдары айқын болғандықтан да бұл бастамаға белгілі ғалымдар мен саясаткерлерден бастап қарапайым еңбек адамдарына дейін қызу қолдау көрсетіп келеді. Сондықтан да бұл идеяның тарих үшін маңызы зор болмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық интеграцияны еріктілік пен теңдік негізінде жүзеге асыруды ұсынды. Тәуелсіз мемлекеттер қазірде еуразиялық интеграцияның негізгі қатысушылары болып табылатындықтан, бұл мемлекеттер еуразиялық саясаттың мықты және ықпалды субъектілері болып есептеледі. Қай кезде де Елбасының авторлық идеясынан туындап, аз уақыттың ішінде-ақ зиялы қауым мен қарапайым халықтың тарапынан мейлінше қолдау тапқан еуразиялық идея – Қазақстан тарихының жаңа беттері.
Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық идеясы алып құрлыққа өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Бұл жағдай Кеден Одағын, Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру барысында, сонымен қатар, мемлекет басшыларының 2015 жылға қарай Еуразия Экономикалық Одағын құру туралы шешімін қабылдау кезінде анық көрінді. Сол себепті идеяны қолдаушылардың саны уақыт өткен сайын артып келеді.

Наши рекомендации