Ата-аналардың әрекетсіздігі мен немқұрайлылығы.

Аддиктивті қылық-әрекет (addictive behavior) – психологиялық күйді өзгертетін түрлі заттарды, соның ішінде алкоголь мен темекі шегу, оларға деген тәуелділік пайда болғанға дейін теріс қолдану. Аддиктивті мінез-құлық шығуына отбасы негізгі орын алады. А.Фрейд, Д.Винникота, М.Балинта, М.Кляйн, Б.Спока, М.Маллер, Р.Спиц еңбектерінде бала дамуына кері әсер ететін анасының баласын түсінбеуі мен қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы екенін көрсеткен.

Тәуелділік қалыптасуының негізі нәрестелік кезеңдегі соққы болып табылады (екі жасқа дейін алаңдаушылық формасында). Соққы физикалық аурумен, анасын жоғалтумен немесе анасы мен баласының темпераменттерінің сәйкес келмеуімен сипатталады. Ата-аналар өздерінің нәрестелеріне психотравмалық әсер еткендерін білмей де қалады, мысалы: қинап таиақтандыру, баласын еркелетуге шек қояды, т.б. Дисстресті басынан кешірген бала өзіне-өзі көмек бере алмастан ұйықтап кетеді. Бірақ Г.Кристалдың ойынша, ауыр соққының қайталануы дамудың бұзылуы мен апатияға әкеп соғуы мүмкін. Кейіннен бала кез-келген аффектілерге қорқынышпен қарайды, өзін қорғансыз сезінеді және үнемі сәтсіздіктерді күтеді. Мұндай тәуелділіктің ерекшелігі төмен аффектілі толеранттылықпен белгіленеді. Мұндай кезде әркім де өзіне жанашырын іздейді, бірақ оны таба алмаған соң, жансыз объектілер адамзаттық қатынасты алмастырады. Осылайша психикалық соққыны өткізген бала тез тәуелділікке баруы мүмкін.

Отбасы үшін ең бір елеулі мәселе ата-ананың эмоционалды ауытқушылықтары, олар алекситимиямен немесе ата-ананың сезімін сөзімен жеткізе алмауы. Бала оны тек «жұқтырмайды», ол ата-анасынан өзінің сезімін жасыруды үйренеді, оны жоқ деп есептейді. Әр жастағылардың арасындағы шекараның болмауы, отбасы мүшелерінің бір-біріне тәуелділігі, гиперстимуляция-тағы бір негативті фактор. Отбасы тәуелді мінез-құлқының қалыптасуына ғана емес, соны ұстап тұруына да ролін корсетеді. Сонымен қатар бір отбасындағы балалар әртүрлі мінез-құлықтарды көрсете алады. Егер ата-анасы алкогольді қолданатын болса, балада ондай тәуекелділік болмауы мүмкін. Яғни индивидуалды тұлға ерекшеліктері де ерекше орын алады.Тәуелділік мінез-құлқы индивидуалды жыныстық айырмашылықтарына да қарай болады. Мысалы, тамақтану аддикциясы әйелдерде, ал гэмблинг ер адамдарда көбіне кездеседі. Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі–балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата – аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөректілікті, өзімшілдікті туғызады.

Екінші себеп – бұл үйдегі сәтсіздік, маскүнемдік, ұрыс – төбелес, ұрлық, ата – аналарының және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез – құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан (эпилепсия) азап шегеді, олардың ақыл – ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата – ана азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мән әсер етуі керек.

Үшінші себеп–ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отюасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған орта қатынасын жете біле бермейді.

Төртінші себеп–бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиесі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс–әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіие, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата – аналарын мектепке шақыру. Мұндай жалпы және қарапайым жұмыстар бойынша тәрбиесі қиын балаларды жан – жақты білу мүмкін емес.

В.Г.Степанов пен В.А.Крутецкий мінез–құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, оқушыларды екі қатарға бөледі. Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез–құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар–тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілік өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киімдегі тазалық және жинақтылық сияқты және т.б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез – құлықты осыған қарама – қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылықтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т.б. байқалады.

Екінші қатарға жеке акцентуациясында және мінез–құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады.

Тәуелділік мінез-құлқы кейде тұқымқуалаушылыққа да байланысты болады. Маскүнемділікпен ауыратын отбасының балалары көбіне сол жолды таңдайды. Бірақ, кейде алкогольді қолданатын ата-анасы бар балалар анашаны ерте жасынан қолдана бастайды. Отбасы мүшелерінің тәуелділік мінез –құлқы уақыт өте келе тәуелділік қалпының өзімен күреске түседі. Өйткені, тәуелділік кезінде тұлғаның негативті өзгерістерге ұшырауы, мінез-құлқының бұзылуына әкеледі. Әртүрлі тәуелділік мәселелеріне отбасы әртүрлі қорғану жүйесін құрайды. Бірақ отбасы мүшелері аддикциядан құтылу үшін балаларын тоқтатуға тырысады. Бірақ бұл жүйе шырқау шегіне жеткенде бәрібір шығып, аддикция циклі қайта айланады. Тәуелділікпен ауыратын отбасында жауапкершілікті мойнына алатын роль болмайды. Ол болып жатқандарды басқаларға жаба салады. Тәуелділікке бейім отбасының өзін-өзі жоғары сезінуі мүлде төмендейді. Отбасы мүшелері келесі өзгерістерге ұшырайды: - Өзіндік «мені» жоғалады. -Басқа отбасы мүшелерінің эмоционалды күйімен аддикттің мінез-құлқы анықталады. - Өкініш, ашулану аффектілері билеп алады. - Өзін сыйлауы мен бағалауы төмендейді. Мысалы: «біз жаманбыз, бәріне кінәлі-біз» сезімі пайда болады. -Жалған ролі күшейеді: «не үшін маған мұндай қиыншылықтар түсті» т.б. -Эмоционалды апатия күйін сезінеді. Стресс кезінде денсаулығы төмендейді: соматикалық ауруларға, депрессияның дамуына әкеледі. Депрессия еңбекке құлшынысын төмендетумен, көңіл - күйін түсіруден басқа, суицидтік мінез-құлқына әкеледі. Осылайша,тәуелділік мінез-құлқы отбасы бұзылуына әкеледі. Тәуелділік (аддиктивті) мінез-құлқының концептуалды модельдеріне жататындары:

1) Моральді модель (теріс қылықтарды күнә деп санайды);

2) Ауру моделі (аддиктивтілік ауру болып саналады, оған арнайы маман көмек көрсетеді)

3) Симптоматикалық модель (аддиктивті мінез-құлықты жеке мінез-құлықтың «симптомдары» немесе әдет деп қарастырады);

4) Психоаналитикалық модель (жекелік динамиканың бұзылуы деп көрсетеді);

5) Жеке-жүйелік модель (тәуелділік мінез-құлық дисфункционалдылығы, тұлғаның ерекше қатынасындағы жүйелердің бұзылуы);

6) Биопсихоәлеуметтік модель («әлеумет-тұлға-ағза» жүйесінің бұзылуы ретінде көрінеді).

Дәріс

Наши рекомендации