Уэст оқуға үйретудің рационалдық жүйесін жасаушы ретінде.
Уэсттің оқу материалының құрастыру және таңдау мен ауызша сөйлеудің ара қатынасы, сабақты ұйымдастыруға әдістемелік көзқарастарының сипаттамасы.
M.Уэсттің оқыту жүйесі тікелей және жанама әдістері арасындағы аралық болып табылады. M.Уэст - көрнекті әдіскер және оның есімі бірінші кезекте жиі оқу әдісімен және бастапқы оқыту жүйесін құру байланысты болып келеді.
Оның педагогикалық қызметі Бенгалия (Үндістан) қаласында өтті.
Ол барлық студенттер үшін білім берудің негізгі мақсаты мазмұнына жалпы қамтыған ағылшын кітаптар мен мерзімдік басылымдарды оқып қабілетін шыңдауға қол жеткізуге болады деп сенген. Тек ең дарынды, әкімшілік болашақ көшбасшылары толық меңгеру арқылы қол жеткізуге болады.Ол мұндай жетістікке жету үшін оқу дағдылары мен сөз оқу меңгеру жолында оқытудың негізгі мақсатын алға қойып,бірқатар ережелерді ұсынған.М.Уэст оқудың екі түрі:бақылау және барлау арасындағы байланысты ашып көрсетті .Оның ойынша оқытудың негізгі мақсаты болып оқу ақпаратты іздеген кезде улкен мазмұнды қамтып отырып оқу болып табылады.56.Аудио-лингвалдық әдіс. (Ч. Фриз, Р.Ладо, Н.Брукс Белгілі лингвист Г. Пауль (1909) жоғары оқу орындарында аудиториялық сабақ пен өздік жұмысты үйлестіруді, жаттығулардың жүйелілігі туралы мәселе көтерген алғашқы ғалымдардың бірі. В.Фиетор ұсынған шет тілін оқытудағы «тура» әдіс бойынша тіл үйрену барысында ана тілі және ана тіліне аудару алынып тасталды, осыдан барып жаттығулар арқылы тіл үйрену іске асты.
Бұл жүйені XIX ғасырдың 20-30 жылдары Г.Пальмер және М. Уэст жалғастырды.
Г.Пальмер ағылшын тілін жаттығулар арқылы «ауызша әдіспен» оқытуды ұсынған. Белгілі сөз тіркестерінің дайын моделіне жаңа сөзді қойып, қарапайым сөз тіркестерін жасау арқылы жартылай механикалық түрде сөздер меңгерілген. М. Уэст мәтіндік материалдарды іріктеу мен
оқуға үйретуді мақсат ететін оқулық жүйесін қарастырған. Аталғанғалымдар лексикалық-грамматикалық материалдарды іріктеу теориясы мен тәжірибесіне зор үлес қосқан ғалымдар.
Екі онжылдықтан кейін Ч. Фриз Г. Пальмердің тілдік модельдерін ситуативтік негізде үйретуді ұсынған.
Ч.Фриз Р. Ладомен бірігіп, шет тілін аудио-лингвалдық әдіспен оқытуды енгізеді . Ч. Фриз тіл үйренушілердің ана тіліне сүйенуі керектігін талап етеді. Шет тілін «тура» немесе аударма арқылы оқыту мәселесі көптеген жылдар бойы сыншылардың, ғалымдардың талқылау тақырыбы болды.
Аудио-лингвалдық әдіс бойынша жаңа сөз, грамматикалық конструкциялар диалогта беріледі және диалогқа қатысты жаттығулар жасалады, әдіс ерекшелігі ауызша және аудио дағдыларға, материалды жаттауға көп көңіл бөлінеді.
1966 жылы АҚШ-та, Нью-Йорк қаласында «Басқа тілде сөйлеушілердің ағылшын тілі оқытушылары» бірлестігі құрылады (TESOL). Бірлестіктің алғашқы басшысы белгілі лингвист Х. Аллен, проректоры Р.Ладо, атқарушы секретары Дж. Е. Алатис болады. Дж. Е. Алатис «Алайда, уақытөте келе аудио-лингвалдық әдіс тіл үйретудің жалғыз жолы емес екендігін түсіндік. Тіл үйретудің көптеген әдістер пайда болды» дейді
57. Структурализм және бихейвиоризм аудио – лингвалды әдістің лингвистикалық және психологиялық негізі ретінде.Бұл әдістің анықтамасы бихебиоризм теориясымен бірге пайда болды. Бұл әдісті ерекшелігі шетел тілі аудиториясында тек қана шетел тілі ғана қолданылады. Студенттердің білім деңгейі, жасы, басқа да психологиялық, педагогикалық факторларға қарамастан шет тілінде сабақ жүргізіледі. Бұл әдіс бойынша студенттерге шет тілі тыңдалым арқылы таныстырлады, кейін студенттер шет тілін түсініп игере бастағаннан кейін жазылым, оқылым әрекеті де қолданыла бастайды. Студенттертек қана шет тілін қолданады, және ана тілін қолдануға болмайды. Аудио-лингвалды әдістің тағы бір ерекшелігі ол шет тілін оқытудағы Direct Method-ке де ұқсайды ӛйткені бұл әдісте де студенттер тек шетел тілінде сөйлейді, бірақ екеуінің айырма-шылығы аудио-лингвалды әдіс кезінде кӛбінесе грамматикаға ғана назар аударылады, және грамматикалық ережелер шетел тілінде түсіндіріледі. Көбінесе грамматикалық ерекшеліктер мұғалімнен кейін қайталау арқылы жүзеге асады. Осы аталған ерекшелігі мен қолданысы бойынша аудио-лингвалды әдісті ғалымдар көп сынады. Мысалы кӛптеген әдіскерлер, грамматиканы бұлай оқытудың психологиялық, педагогикалық қиыншылықтары көп екенін, білімгерге грамматиканы түсіндірместен, қайталау арқылы машықтандыру қиыншылық келтіретіні туралы көп айтылған. Алайда, бұл әдіс әлі күнге дейін шетел тілін оқытуда қолданылып келе жатқан әдістердің бірі. Структуралық лингвистика . ХХ ғасырдың алғашқы жартысында келген лингвистикалық мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі - структуралық лингвистика деп аталатын бағыт. Бұл мектеп салыстармалы тарихи тіл біліміне оның бұтағы жас граматикалық мектепке қарсы бағытта туып, қалыптасты.
Структуралық лингвистиканың немесе структуралық әдісінің дүниеге келушінің ішкі - сыртқы себептері бар. Ең негізгісі - ХХ ғ. Ғылымы дамуында пайда болған жаңа бағыт. ХІХ ғ. Ғылымының негізгі сипаты тәжірибе арқылы бақылаудан туған фактілерді есепке алу, сипаттау болса ХХ ғасыр ғылымы олардың өзіндік мәнінің ішкі заңдылықтарын, зерттеліп отырған объектінің құрылым ерекшелігі оны құрайтын элементтердің ара- қатынасын бір – брімен байланысын, бір – біріне енгізетін әсерлерін ашуға тырысады.
58./59 Аудио – лингвалдық әдістіоқытудың мақсаты мен мазмұны.Аудио – лингвалдық әдістіоқытудың әдістемелік принциптері мен тәсілдері және оқулықтар.Ч.Фриз Р. Ладомен бірігіп, шет тілін аудио-лингвалдық әдіспен оқытуды енгізеді.Ч. Фриз тіл үйренушілердің ана тіліне сүйенуі керектігін талап етеді. Шет тілін «тура»немесе аударма арқылы оқыту мәселесі көптеген жылдар бойы сыншылардың, ғалымдардың талқылау тақырыбы болды.Аудио-лингвалдық әдіс бойынша жаңа сөз, грамматикалық конструкциялар диалогта беріледі және диалогқа қатысты жаттығулар жасалады, әдіс ерекшелігі ауызша және аудио дағдыларға, материалды жаттауға көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, аудио- лингвалды әдістің де көптеген пайдалы тәсілдері бар. Мәселен, жапон анимесі мен фильмдерін, радио немесе телебағдарламаларын жапон тілінде көре отырып, құлақты үйрете, және сол естіген сөздерді, сөз тіркестерін, қайталау арқасында, оқушының сөйлеу интонациясы да, сөйлеу шапшаңдығы да жақсарады.Аудио – лингвистикалық әдістің негізгі қағидалары:
- тыңдауды және сөйлеуді дамыту
- сөйлеу үлгілерін пайдалану
- аударианы өте аз қолдану
- грамматиканы үлгі арқылы оқыту
- сөйлеуді үйретуде өмірімен тығыз байланысты жағдайларды қолдану
Мұғалім оқушыларды шет тіліне үйрету үшін өзі:
- шет тілін жетік білуі
- педагогика мен психологияны дақсы білуі
- оқыту әдістері мен техникасын білуі
- оқыту әдістерін оқу процесінде шебер қолдана білуі керек.
Ұлттың мәдениетімен, жүйесімен таныс болу үшін, сол ұлттың тілдік ерекшеліктеріне нұқсан келтірмей сөйлеу, үшін алдымен авторлар тіл үйрену әдісін екі топқа бөлді.Бірінші деңгейде оқушылар тілін үйреніп жатқан елдің мәдениеті мен салт дәстүрін,риялиаларын жартылай меңгерсе; екінші деңгейде олар толықтай меңгеруі тиіс болды. Бұл әдістің негізгі принциптары болып
- Тілді үйренудің алғы шарттары болып ауыз екі сөйлеу тіліне үйрену болып табылады; өйткені тіл табиғаты бойынша дыбысқа жатады.
- Тілдік материалды меңгеруді тілдің теориялық негізіне емес; түп нұсқаға ұқсатып дыбыстау арқылы жүзеге асыру керек.
- Ана тілімен аударма тілдінің сәйкессіздіктеріне байланысты бүл әдіс барысында аударма қолданылмауы тиіс;сонымен қоса дыбысталуды үйреткен кезде ана тілмен үйреніп жатқан шет тілдің арасындағы дыбыстық ұқсастықтарды пайдалана отырып үйреткен жөн. Бұл әдістемелік бағыттың ерекшелігі шет тілін үйренудің мазмұнын анықтау болып табылады.Әдістің негізін қалаушылар тілдің негізін оның дыбыстық жұйесі және құрылымы құрайды деп айтып кеткен. Р. Ладо екі тілдің арасындағы ең маңызды айырмашылық олардың сөзерінде емес,әр тіл өзіне ғана тән сөйлемдер моделінің жүйесінен, өзіндік екпіннен,дауысты және дауыссыз дыбыстар жүйесінен, интонациясынан тұрады , сол себептен тілдің дыбысталуына жете көңіл болу дұрыс деген.
60.62.63 Аудио –визуалды әдіс. (П. Губерина, П. Риван т.б.) Аудиовизуалды(дыбыс‑бейне)және аудиолингвалды әдіс. Бұл әдісте тіл нақты құрылым, дыбыс және бейнежазбалар арқылы меңгертіледі. Мемлекеттік тілдегі бейнебаян мен көркем, деректі фильмдер арқылы көру және есту каналдары қатарынан іске қосылады. Тіл үйренушінің сұранысына сай мильтимедиалық кешендер мен бағдарламалардың қарқынды дамып жатқаны тіл үйренушінің көзбен көргенін еске сақтауға мүмкіндігі мол екенін аңғартады. Электрондық оқулық, мультимедиалық кешен арқылы түрлі суреттер, бейнекөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсету арқылы тілді үйрену қабілеттерін арттыруға болады. Сонда оның тіл үйренуге қызығушылығы артады, қарым-қатынас дағдылары қалыптасады. Тілдік материалдарды есте сақтап, тілдің қолдану ортасын анықтап алады. Алайда бұл әдістің де осал тұстары кездеседі. Мысалы, тіл үйренушіге дайындалған материалдар, аудикурстар анық, нақты дыбысталуға құрылады. Ал тіл үйренуші айналасындағылармен қарым-қатынаста сан алуан дыбысталған сөздік оралымдарды естиді, қабылдайды. Сөйлеу қарқындары да, әуезі де түрлінше дыбысталған сөз орамдарын қабылдау белгілі бір қиындыққа ұрындыруы мүмкін.
Сондай-ақ тілді меңгертуде үйренушінің сұранысына сай таңдалған электронды кешендер тура әдістегідей, белгілі бір бағдарламалар, сабақ жоспары аясында жүргізіледі.
61.Бихейвиоризм және структурализм әдістің лингвистикалық және психологиялық негізі ретінде.Когнитивтік психология, психикалық процестердің ішкі ұйымдасуының ролін жоққа шығарған бихевиоризмге балама ретінде 20-ғасырдың 50-жылдарының соңы – 60-жылдарының бас кезінде пайда болды. Бихевиоризм жалпы психологияда оның сана жөніндегі ғылым емес екендігін, бұл тұжырымдаманы толықтыру немесе ауыстыру мақсатын орындау негізінде пайда болды. Бихевиоризм теориясын қалаушы Э.Торндайк бала мен хайуанаттар психикасын зерттей отырып, олардың әрекет қылығы – сыртқы орта әсеріне (стимул) болған организмнің кері (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсінік қалыптастырды. Психология ғылымына бихевиоризм терминін енгізген Д.Ж.Уотсон (1878-1958) былай деп жазды: «Сізде көру елестері, есту елестері немесе психиккалық (денесіз) процестердің басқа қадай да бір түрлері бар екендігін маған дәлелдеп беруге тырысыңызшы. Әлі күнге дейін менде тек Сіздің осылардың барлығы менде бар деген адам сенгісіз және ештеңемен бекітілмеген хабарламаларыңыз ғана бар. Ғылымға оның теориясы үшін тек сенімді негіз бола алатын обьективті дәлелдер қажет». Демек, бихевиоризм психологиялық қана емес, сонымен қатар лингвистикалық жағында қарай алады. Шетел тілін үйрету барсында оқушы бойында әртүрлі ми процестері жүреді, яғни қабылдау, түйсік, есте сақтау сияқты осы процестер бихейвиористік негізін көрсетеді. Шетел тілін оқытуда әдістерді жүзеге асыру үшін, белгілі бір салыстырулар, олардың бір-біріне деген әсерлері болады. Структурализм сол әдістердің жан-жақты психологиялық және лингвистикалық негізін құрай алады.
64. Аралас әдіс. (Х.Флагстад, С.П. Хэгбольдт, Ф. Клоссе, т.б.).Шет тілін үйренудің аралас әдісі.[4] Бұл әдістің жақтаушылары тіл үйрену тек қана практикалық мақсатқа ғана емес; сонымен қоса жалпы білімдарлық және тәрбиелік мақсатқа ие болуы керек деп ойлаған. Жалпы білімдарлық талапқа байланысты тіл үйрену барысында тек қана тілдін үйреніп жатқан елмен танысу ғана емес, сонымен қоса бір ой әр түрлі тілде түрліше жеткізілетінін түсіну болып табылады. Ал тәрбиелік мақсатқа байланысты оқушының бойында басқа елдің мәдениетіне , тіліне, салт дәстүріне құрметпетпен қарау сияқты сезімдерді қалыптастыру және дамыту болып табылады. Ал практикалық мақсатына келетін болсақ ;ол оқу,ауызекі сөйлеу тілін дамыту,тыңдау сияқты дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.Жазу тек тіл үйрену құралы ретінде қарастырылды.
65. Шетел тілін оқытудың тәсілдері мен принциптері әдістемелік көзқарастары. Оқушылардың бақылауын ұйымдастырудың негізгі әдістемелік ережелері мен тәсілдерін профессор Т.Сабыров былай көрсетеді:
1. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін ең алдымен бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап, жоспарын жасайды.
2. Бақылауда мүмкіндігінше оқушылардың барлық сезім мүшелерін қалыптастыру арқылы нәрселердің неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін жан-жақты байытқан жөн.
3. Мұғалім бақылау кезінде оқушылардың сараптама мен синтез жасап, нәрселердің негізгі қасиеттерін айыру, топтастыру сияқты ойлау амалдарын қолданып, қорытынды шығаруына басшылық ете білуі қажет.
4. Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс болуын қамтамасыз етіп, олардың өздігінен бақылау қабілетін мейлінше дамыту мақсатын көздеуі керек.
Арнайы қағидаттар:Қарым-қатынас жасауға бағытталған қағидат қазіргі заманға әдістемелік негізгі принцип болып есептеледі. Бұл қағидат бойынша оқушыларға ағылшын тілін үйрету, тыңдап түсіну, сөйлеу іс-әрекеттері арқылы ауызша сөйлеуді арттыру, оқу және жазу арқылы жазбаша қарым-қатынас жасау жүзеге асырылады. Екінші оқыту қағидаты – бөлу және біріктіру арқылы. Сөйлеудің әрбір түріне тән таңдау іс-әрекеті, лексикалық-грамматикалық сипаттамаға сай болады. Сонымен бірге, тіл үйрену кезінде дыбыстауға үйрену, сөзге, грамматикаға, сөйлем жасауға үйренген кезде, барлық сөйлеу іс-әрекеті қоса жүреді. Шет тілге үйренудің алғашқы қезеңінде бөліп оқыту немесе біріктіріп оқыту негізінде іске асадыҮшінші қағидаты – ана тіліне сүйене оқыту принципі. Бұл –бойынша ,барлық , грамматикалық , лексикалық, орфографиялық қиындықтар ана тіліндегі баламаларымен салыстырмалы түрде, балалардың ана тіліндегі білімі ескеріле үйретіледі. Жалпы әдістемелік (дидадикалық ) қағидаттар. Негізгі принципі – тәрбиелеп оқыту қағидаты. Шет тілін үйретуде оқыту мен қатар тірбиелік мақсат та көзделеді. Яғни, ағылшын тіліне үйрену оқушының эстетикалық еңбек, саяси –идеялық мінез-құлықтарының қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан, ағылшын тіліне үйрену процесі оқушыдан жан-жақты жүйелі түрде өзін-өзі жетілдіруді талап етеді. Сана қағидаты. Қазіргі әдістемеде үлкен көңіл бөледі, себебі пән игеруде сана оқушының интеллектуалдық қызығушылығын, білімін, ой қорыту, оны игеру іс-әрекетінің артуына себебін тигізеді. Бұл принцип бойынша оқыту әрекеті бір мақсатты көздейді – қабылдау, ұғу арқылы жүзеге асады. - Белсенділік қағидаты- Көрнекілік қағидатында - Жеңілдету қағидаты. - Дәйектілік қағидаты.. - Жеке ерекшеліктерін ескеру Бірізділік қағидаты - Жүйелік - Ғылымилық қағидаты, яғни теориялық тәжірибемен байланысты. Ағылшын тілін оқытуда алынған білімді тәжірибеде дәлелдеуде үлкен көңіл бөлінеді. Іс-әрекет кезінде ғана оқушының білім және материалды меңгеру дәрежесі анықталады. Берілген материалды игерген оқушы әрі қарай басқа да ғылым салаларын пайдаланғанда, техника , өнер саласында өз білімін пайдалана алады.
66. Аралас әдіс өкілдерінің оқулықтарына сыни талдау. Мұғалім оқушыны тілге үйрету барысында, тыңдау мен сөйлеудің бар мүмкіндіктерін жасау керек. Екінші тілде сөйлеу дегеніміз – жаңа таңбалы білім алудың жаңа жолдарын игеру деген сөз. Осы жаңа жолды жасау тілді үйренуде маңызды орын алады. Шет тілін үйренуде оқушының есте сақтау қабілетінің маңызы зор. Сондықтан, мұғалім тақырыпты есте сақтау, есте ұзақ сақтау жолдарын білуі керек.Есте сақтау қабілетінде ерікті, еріксіз есте сақтау болады. Бұл проблеманы зерттеген ғалым П.К. Зинченко еріксіз есте сақтау қабілеті бір нәрсені жылдам қайталап жатағанда емес, керісінше осы нәрсе туралы белгілі бір қиындықтарды, мәселелерді талдағанда ғана іске қосылатынын айтады. Ол үшін мынадай тәжірибе өткізілген. «А» тобындағы студенттерге жаттауға сөздер тізімі берілген. Ал «Б» тобындағы студенттерге сөздер берілмей, оларға ағылшын тілінде мәтін берілген және сөздермен жұмыстың түрлері және сұрақтар берілген. Келесі сабақта екі топ студенттері бақылау жұмысын жазған, эксперимент «Б» тобы студенттерінің сөздерді есте жақсы сақтағанын көрсетті.Психология ғылымы әдістемеге көп көмек көрсетеді. Шет тілін үйренуде ана тілінің орны мен оның шет тілін үйрену кезеңдеріндегі қызметі, әр түрлі дағды мен біліктілік түрлерінің сәйкес келуі, жаңа тақырыпқа арналған әдістер мен тәсілдерді таңдай білу, т.б. психология ғылымының негіздерін білу қажет.
67. Саналы – салғастырмалы әдіс. (Л.В Щерба, И.А Грузинская, В.Д Аракин, З.М Цветкова, И.В Рахманов, А.А Миролюбовь, В,С Цетлин, т.б)Л.В. Щербаның іс - әрекет теориясы, ақыл – ой іс- әрекетін қалыптастыру кезеңдері теориясы жайындағы идеялары, әдістің негізі ретінде. Саналы –салғастырмалы әдістің негізгі сипаттамасы. Әдістің жетістіктері мен кемшіліктері. Атап айтқанда, оқу процесінің жаңартудың негізгі ұстанымдарын дамыту, демократияландыру, реалистік шектеу саясаты, интеграциялау жатады. Оқу- тәрбие ісін жетілдіре түсудің мақсаты мен келешегін ғылыми анықтайтын, болжайтын идеялар мен қағиданың ғылыми негізі жинақталады. Бұл тұжырымдарды жалпы лингвистика, психология, лингводидактика, педагогика, әдістемелік зерттеу жұмыстары, жалпы білім беретін мектептегі басқа да тіл пәнінің идеялары басшылыққа алынады. Мақсаты- шет тілін оқыту арқылы өнегелік және эстетикалық жағынан жан – жақты дамыған, саяси – идеялық жағынан сенімді еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Бүгінгі оқыту процесінде қатынастық бағыт беру арқылы жалпы дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру бірінші орында тұр. Осындай мақсаттармен қатар қазіргі кезде шет тілін жаңа әдістемелермен, ұстанымдармен оқыту қажеттілігі туып отыр. Қай елдің болмасын механизмін үйрену үшін мынадай екі жағдайды ескерген жөн:
1. сол елдің жүйесі қалай құрылғанын
2. ол тәжірибелік жағынан қалай меңгерілуі керек?
Демек, қазақ тілінің құрылысы сияқты қатынастық тәсілде ұйымдастыру тиімді деп айтуға болады. Шет тілін оқытуда оқу материалдық тұжырымдаманы негізге алу тілдік материалды беруде және оны талдауда оның қызметтік жағын ескру, білімнің базалық және жылжымалы құрамдарын анықтау, оқыту әдістемесі мен тәрбиені интеллектуалды пайдалы және өнімді еңбекпен ұштастыру маңызды.
68. Л.В Щербаның іс-әрекет теориясы, ақыл-ой іс-әрекетін қалыптастыр кезеңдері теориясы жайындағы идеялары, әдістің негізі ретінде. Шетел тілдері сөздерінің мағынасын түсіндіру мәселесі туралы ғалымдар пікірі 2 топқа бөлінеді.
Бірі ана тілін мүлде қолданбау керек(И. Е. Аничков), олар шетел тілін оқытуды ана тіліне сүйеніп, шетел тілінде сөйлеу дағдыларына нұқсан келтіреді десе, енді біреулері (Л. В. Щерба, Т. Ф. Лапангова) керісінше ана тілінің интерференциясын азайтуға болатынын дәлелдеген. Шетел тілін меңгеру дағдысын қалыптастыруда ана тілін мүлде аластау арқылы емес, ана тілінің интервенциялық ықпалы арнайы әдіс - тәсілдердің көмегі мен жеңген дұрыс, деген пікір айтады. Ағылшын тілін үйрету мынадай тіл дамыту жұмыстары бойынша жүзеге асады. 1. Лексикалық жұмыс.
2. Граматикалық жұмыс.
3. Фонеткалық жұмыс.
69.Салғастырмалы (контрастивті ) әдісСалғастырмалы әдіс салыстырмалы әдістің бір түрі. Соңғы кездері бұл әдіс салыстырмалы-салғастырмалы әдіс деп аталып жүр. Аталмыш әдістың негізгі мақсаты – әлемнің әр түрлі тілдеріндегі айырмашылықтарды, ерекшеліктерді зерттеу. Бұл әдіс туыс және туыс емес тілдерді (ана тілі мен шетел тілін) синхрониялық зерттеулерде қолданылады, салғастырылатын тілдердің тарихы мен шығу тегіне көңіл бөлінбейді. Тек қана екі тіл салғастырылатын контрастивті әдістің бұл түрін дәстүрлі неміс лингвистикасында конфронтативті әдіс деп атайды.
Салғастырмалы әдіс арқылы шетел тіліне үйретудің әдіснамалық негіздері және жалпы аударма мен машина арқылы аударудың теориялары зерттелініп, анықталады.