Басқарудың жеке стильдерін құру жолдары.

Кәсіпорынды басқарудың негізгі стратегиялық типтері:

· қатаң рационалистік (директивті) басқару;

· берілген жағдайдан (процесстен) ауытқу бойынша басқару;

· регламентті басқару, бағдарламалы-мақсатты басқару, жай мақсатты басқаруды қамтитын мақсаттар бойынша басқару;

· алдын-ала басқару (басқарудың адвекатты алгоритмдерін пайдалануға, мемлекеттегі жағдайлардың болжамы мен талдауына негізделген әлсіз сигналдары бойынша басқару);

· қорытынды бойынша басқару (барлық бөлімшелердің қызметінің координациямен интеграция функцияларын күшейтуге негізделген);

· қызметтің ынталандыруына (мотивациясына) негізделген қажеттілік пен қызығушылық базасындағы басқару;

· корпоративті мәдениет пен әлеуметтік жауапкершілікті тиімді жүзеге асыру негізінде басқару;

· анықталмағандық факторын төмендететін мүмкіндік стратегиясына бағытталған басқару.

Кәсіпорынды басқарудың осы және басқа типтер қатары қазіргі хабарламаның технология базасында жүзеге асырылуы керек. Мақсатты тиімді қою, оған жету мүмкұндігіне ие болу үшін, басшылық функциялар комплексін орындайды. Басқарудың кез-келген жүйесінің маңызды байланыстырушы функциялары шешімдерді табу және қабылдау, хабарламалармен (коммуникация) алмасу болып табылады.

Олардың негізінде басшылық шешімдерді қабылдау және оларды қызметкерлерге жеткізуде қажетті мәліметтерді алады. Жалпы сандар қатарына ұйымның жоспарлау функциялары (қызметкерлердің координациясы мен ұйымдастырылуын қоса есептегенде), тиімді іс-әрекет пен бақылауға қызметкерлердің мотивациясы (кәсіпорын қызметінің есебімен талдауын қоса есептегенде) жатады.

Ұйымның сыртқы ортамен өзара әсері және оның ішкі фирмалық қызметі менеджментінің түрлі типтерін пайдаланумен және белгілі типтерін рамкасында болуы мүмкұн. Басқару құрылымы – басқарудың тиімділігімен бүтінділігін қамтамасыз ететін және нақты ұйымдастырылған формада жүзеге асатын кәсіпорын басқаруының объектілері мен субъектілерінің тұрақты байланыстылықтарының жиынтығы. Басқару құрылымы функцияларымен тығыз байланыста. Жаңа ұйымды құруда функциялар құрылымды құру үшін анықтаушысы болып табылады. Басқару мен өндірістің жетілуінде құрылым функция Кеңесін модернизациялау үшін негіз болып қызмет етеді.

Қазіргі кезеңде басқарудың қалыптасқан принциптері мен функцияларына толық жауап беретін, берілген ұйымда және оның айналасындағы жағдайлар мен шарттарға сәйкес келетін басқарудың шарттарға сәйкес келетін басқарудың ұйымдастырылған құрылымы құрылуда, жетекші кәсіпорындардың тәжірибесі көрсеткендей кәсіпорынның қызметі кілті – кәсіпорынды басқаруды анық ұйымдастыру.

Менеджмент бойынша мамандар ұйымдар ең тиімді кезеңі оның басшыларының ойланған іс-әрекеттері деп есептейді. Басшылықтың квалифицирленген іс-әрекеттері қызметкерлердің жүріс-тұрысын қажетті ағымға бағыттауға қажетті өндірістік бағытты құруға және қызметкерлердің жұмыстарының мотивациясын өршітуге, тиімді жұмысқа әсеретуге мүмкіндік береді.

Қорытындыда ұжымның өндірістік қызметі қажетті мақсаттылыққа, ұйымшылдыққа, өнімділікке ие болады. Олай болса, жетістік сапалы басшылық қызметкерлердің активтілігін оятқан кезде, ал олардың өзара әсерлесуі тиімді өндірістік қызметте анықталған жағдайда келеді.

Қазіргі кезеңде қызметтің үш негізгі түрін ажырата білу керек:

· өндірісте материалдардың, техника және технологияның прогрессивті түрлерін құру, меңгеру, қолдану бойынша техникалық қызмет. Қызметтің бұл түрінде негізі – техникалық идеяны, тууды білу. Менеджер міндеті – қабілетті адамдарды іздеу және оларды творчествалық жағдайымен қамтамасыз ету (инновациялық топты, фирмаларды, бөлімдерді, венчурлы бөлімшелерді құру);

· өндірістік процесстердің келісімділігімен тәртіптілігін қамтамасыз ету іс-әрекеттердің кординациясы бойынша басқару қызметі. Басқару қызметінде жетістік негізінен төменгі шенділердің күш-жігері есебінің қортындысында алынады (менеджмент - өндірістің ішкі факторларын басқару);

· тауарлар мен қызмет көрсету нарығында кәсіпорындар іс-әрекеттерін ұйымдастыру бойынша басқару қызметі(нарықта кәсіпорын қызметінің тактикасы және стратегиялық басқару жүйесі). Ол ерекше атауға ие – маркетингтік басқару қызметі (сыртқы факторларды есепке алу негізінде фирманы басқару).

3. Жетекші тұлғасының психологиялық ерекшеліктері.

Болашақ басшысының ең маңызды қасиеті болып ғалымдардың ойы бойынша мотивациялық білім негізінде қызметте жетістікке жетуді бағдарлау. Қазіргі таңда 21ші ғасыр басшыларына қойылатын талаптар жасалды. Бұл талаптар барлық басқару деңгей жетекшілеріне қатысты:

· технологияны қолдану мақсатындағы техникалық сауаттылық;

· көп көлемдегі мәліметтерді қайта өңдеу икемділігі;

· коммуникацияның түрлі көздерін пайдалана білу;

· Корпорация ішінде серіктестікті ұстану.

Жоғары мектепті басқару астарында қоғам мен мемлекетке пайдалы жоғарғы квалификациялы кадрлар даярлау және білім саласының ұйымға әсер етуге бағытталған үлкен процес жатыр.

Басқару процесі барысында ескерілуге тиісті жоғары мектептің өз өміршеңді өзгешеліктер ортасы бар. Оларды терең тану мен күнделікті пайдалану басқару қызметінде әдістемелер жасау барысында оның тиімділігінің гаранты болуы мүмкін. Жоғары мектеп әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыратын құрал ретінде танылады. Сондай-ақ мұнда әлеуметтік-жеке қатынастар маңызды роль атқарады.

ЖООң басқару жұмыстарымен оның президент-ректоры айналысады. ЖООның басшысы оған берілген өкілеттілікті пайдаланып:

· ЖОО қызметіне, құрылымына, штаттық кестеге байланысты барлық мәселелерді шешеді.

· ЖООның барлық қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелері орындауға тиісті заңдар мен тапсырмалар береді.

· ЖООны барлық мемлекеттік, басқа да органдарға көрсетіп, ЖОО үшін барлық жауапкершілікті мойнына алып, қорытындылар мен нәтижелер үшін жауап береді.

· мүлік пен қаражаттың орнымен жұмсалуын қадағалаушы болып табылады.

· қаржылар есебін , келісімшарттар жасап, сенімхаттарын беріп, банктік шоттар ашады.

· қызметкерлерді жұмысқа алып не шығара алады.

· еңбекті қорғау мен заң мен тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді.

· қызметкерлердің қызметтерін анықтайды.

· ЖООда оқитын тұлғалар контингентін талдайды.

· ЖООда оқитын тұлғаларды оқудан шығарып не қабылдай алады.

· оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бақылап отырады.

· штаттық-қаржылық тәртіпті қадағалап отырады.

· қызметтік және мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз етеді.

· оқытушылардың жұмыс сапасын, қоғамдық-мәдени, оқу-тәрбие жұмыстарының өтуін қадағалап отырады.

· Профсоюздық ұйымдармен бірге ұжымдық келісім шарт жасап, оған қол қояды.

ЖОО басшысы оқу ісінің жүргізілуіне, қаржы шаруалары қызметінің орындалуына , мекеменің сақталуы мен қауіпсіздігіне жауап береді.

Заманауи қоғамда күшті бәсекелестік күресте аса тиімді ұйымдар ғана қалады.

· ұйымның негізгі мақсат-мүдделерімен сай келетін қызметкерлер құрамының психологиялық мүмкіндіктерін пайдаланатындар.

· Ұйым мүдделеріне сай келетін өзара әрекет және жұмысшылар ортасының мотивациялық интеграциясы.

Наши рекомендации