Xix ғасыр тіл білімі 6 страница

3) Н.Я.Марр - дыбыс тілі адам қоғамымен бірге туған құбылыс емес, дыбыс тілсіз де қоғам болған, дыбыс тілі қоғам мүшелері түрлі таптарға бөлінген кезеңде пайда болған және ол алғаш дүниеге келгенде адамдардың бір-бірімен қатынас жасау құралы ретінде емес, магиялық құрал ретінде, тайпа көсемімен қатынас жасау құралы ретінде шыққан, оны тек бақсы-балгерлер, тайпа көсемдері ғана қолданған, адамдардың бір-бірімен қатынас жасауының алғашқы құралы - қол тілі болған дейді. Ал марксизм дыбыс тілі адам қоғамымен бірге туып, қатар жасап келеді, қоғамсыз тіл болған емес. Дыбыс тілі тілсіз қоғам, адамдар қатынасының ең маңызды құралы дейді;

4) Н.Я.Марр тіл зерттеуде төрт түрлі элементке негізделген палеонтологиялық талдау әдісін қолдануды ұсынды. Бұл әдіс бойынша дүние жүзіндегі тілдердің барлығының шығу төркі, глоттогониялық үрдісі бір. Олардыңбарлығы да обастағы сал, бер йон, рош деген төрт элементтен тарайды. Бұл элементтердің қалдығын қазіргі заман тілдерінің қай-қайсысынан болса да табуға болады деді. Бірақ бұл бос болжам еді.

5) Марксизм қоғам өзінің даму тарихында төрт түрлі қоғамдық; формациядан (алғашқы қауымдық, құлдық, феодалдық, капиталистік, соцалистік қоғамдар) өтеді. Дамудың бұл формациялары қоғамдық бірліктің барлығына да тең, барлығы
да осы сатылардан өтеді, бір ізді болады десе, Н.Я.Марр осы
қағиданы тілге қолданып, тілдің дамуында да әр түрлі формацияға лайық әр түрлі сатылар болады, тіл сатылық жолмен
дамиды, бірі өткен сатыдан тілдердің басқалары да өтуге
міндетті, тіл атаулының барлығы да дамудың бір ғана жолмен
жүреді деді;

6) Марксизм қоғам дамуы тек эволюциялық жолмен ғана
жүрмейді, алдыңғы қоғамдық формация кейінгі қоғамдық формацияға орнын өз еркімен, бейбіт жолмен бермейді, соңғысы
алдыңғыны күшпен, революциялық жолмен құлатуы, эволюциялық дамудың революцияға айналуы сияқты секірмелі болады десе, Н.Я.Марр осы қағида ізімен тілде дамудың бір сатысынан екінші сатысына өткенде революциялық секіру жолымен, бұрынғы тіл кенет жойылып, оның орнына мейлінше жаңа тіл пайда болады, тілдердің сатылық өзгерістерінде, яғни жаңа тілдің пайда болуында тілдер тоғысуының шешуші мәні бар, тоғысқан екі тілдің екеуі де жойылып, оның орнына бастапқылардың ешқайсысына ұқсамайтын жаңа, үшінші тіл пайда болады деді;

7) тілдердің дамудың қай сатысында тұрғанын білдіретін
негізгі көрсеткіш - тілдік элементтердің семантикасы, сондықтан семантика тіл білімінің ең негізгі объектісі болады дегенді
айтты.

"Тіл туралы жаңа ілімнің" негізгі бағдарламалық концепция-лары болып есептелетін бұл тұжырымдардың қай-қайсысы да қоғам жөніндегі ілімнің мәніне жете түсінбей, оны тіл мәселелеріне теріс қолданудан туған жаңсақ қорытындылары еді. Бірақ осы қате тұжырымдар 1950 жылға дейін отан тіл білімінде үстем болып келді. Кеңес тіл ғалымдары өз зерттеулерінде оларды басшылыққа алуға міндетті саналды.

Лингвистикалық бұл мектепті қалыптастырушы, бұрыннан да ғылыми беделі, ұйымдастырушылық тәжрибесі бар Н.Я.Марр 20-жылдар ішінде-ақ көрнекті марксшіл тіл ғалымы ретінде танылды. 20-жылдардың аяқ кезінен бастап оның ілімін жақтаушы тіл ғалымдарының тобы құрыла бастады. Бұл топ өздерін Н.Я.Маррдың шәкіртіміз деп санады. Елдегі тіл білімін басқару органдары бірте-бірте "Тіл туралы жаңа ілімді" жақтаушылардың қолына көшті. Олар кеңестік тіл біліміндегі істің жайын аздап та болса сынауға, тіпті тіл біліміндегі "жаңа ілім" дегенді сынау жөніндегі болмашы әрекеттің өзіне тыйым салып, Н.Я.Маррдың мұрасына сын көзімен қараған, оның ілімін мақұлдамаған зерттеушілерді қуғындап отырды. Бұл кеңес тіл білімінің дамуын кенжелетіп, тұйыққа тірей бастады.

Партияның орталық органы "Правда" өзінің 1950 жылға 5- мамырдағы санында сын және өзара сын арқылы кеңес тіл біліміндегі тоқыраушылықты жойып, бұл саладағы ғылыми жұмысқа дұрыс бағыт сілтеу үшін еркін айтыс жариялайтынын хабарлады. Айтыс мақалалары "Правда"-ның 4-шілдеге дейінгі 9 санында жарияланды. Айтыс бүкіл кеңес интеллигенциясының, әсіресе барлық кеңес тіл ғалымдарының назарын аударды.

Айтысқа өздерін Н.Я.Маррдың шәкірттеріміз дейтіндер де, оларға қарсылар да бірдей дәрежеде қатысты. Пікірлер таласы тіл білімінің ең негізгі, өзекті мәселелерінің айналасында болды. Ол тіл білімінің ең маңызды мәселелері жөніндегі көзқарастардағы жөнсіздіктерді, оны әшкерлеуге талаптанушылардың "жаңа ілімді" жақтаушылар тарапынан қысым көргендігінің бетін ашты.

Тіл біліміндегі айтыстан кейін кеңес тіл білімі ұйымдық, басқарушылық жағынан қайта құрылды. Бұл кезде тіл зерттеуші ғалымдарымыздың ерекше назар аударған мәселесі. Тіл туралы жаңа ілімнің" қателіктерін, оның тигізген зиянды зардаптарын жан-жақты ашып көрсету болды. Бұл іс мақалалар жариялау арқылы да, орталықта болсын, одақтас республикаларда болсын тіл мәселелеріне арналған кеңестер өткізу арқылы да жүргізілді. Осы жұмыспен қатар қолға алынған тағы бір маңызды мәселе "Тіл туралы жаңа ілім" үстем болып тұрған кезде көпшілікке теріс түсіндірілген салыстырмалы-тарихи әдістің шын сипатын, тіл зерттеуде тигізетін пайдасын, оны қолданудың жолдарын саралап түсіндіру болды.

Айтылғандарға қоса ұлттар мен тілдері туралы мәселе де күн тәртібінен түспеді. Бұған Ресейдің көп ұлтты мемлекет болуы себепші болды. Мұндай атаққа Ресей өзінің шектен асқан отаршылдығы, айналасындағы көрші ірі-ұсақты ұлттарды аяусыз жаныштап, отарлану нәтижесінде ие болғаны белгілі. Мұндай озбырлық дәмін үш ғасырға жуық уақыт бойы қазақтар да тартты.

Наши рекомендации