Пәні бойынша күндізгі бөлім студенттеріне арналған
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Азақ гуманитарлық заң университеті
Ық жоғары мектебі
Ылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы
«Бекітемін» Құқық жоғары мектебінің директоры з.ғ.д., профессор Шапақ У.Ш. ________«____»______ 2014 ж. |
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(syllabus)
Модуль пәнінің атауы«Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім)»
Мамандық: 5В030100 – Құқықтану
Оқу нысаны: күндізгі
Кредит саны: 3
Курс: 2
Семестр: 3
Дәріс: 30 сағат Семинар: 15 сағат СОӨЖ: 23 сағат СӨЖ: 67 сағат
Емтихан: 3-семестр
Ағымдағы бақылау саны: 2
Жалпы сағат көлемі: 135 сағат
Астана, 2014
1. Курс оқытушысы туралы мәліметтер:
Керімқұлов Әділ Темірұлы– құқық магистрі, ҚазГЗУ қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының аға оқытушысы.
1996 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тамамдаған.
1998 жылы аталған Университеттің магистратура бөлімін аяқтаған.
2. Оқытушының ғылыми ізденістері: қылмыстық құқық теориясының күрделі институттарының бірі қылмысқа қатысушылық нысандарының өзекті мәселелері.
3. Тіл меңгеру деңгейі:казақ (ана тілі), орыс (еркін), ағылшын тілі (сөздікпен).
4. Кафедра туралы мәліметтер: «Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология» кафедрасы, 220 каб., тел.70-30-23.
5. Пререквизиттер:Пәнді игеру үшін студенттердің мемлекет пен құқық теориясы, мемлекет пен құқық тарихы пәндерінен алған білімдері қажет.
6. Постреквизиттер: Студенттердің «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім)» пәнін оқу нәтижесінде алған білімдері «Құқықтану» мамандығы бойынша оқытылатын өзге де қылмыстық-құқықтық пәндерді (қылмыстық құқық (Ерекше бөлім), қылмыстық іс жүргізу құқығы, криминология, криминалистика) меңгеру үшін қажет болады.
7. Модуль пәнінің сипаттамасы. Қылмыстық құқық Қазақстан Республикасының «Құқықтану» мамандығы бойынша кадрларды дайындайтын жоғары оқу орындарында оқытылатын міндетті пәндердің бірі болып табылады. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімін қылмыстық құқықтың жалпы қағидаларын, ұғымдары мен институттарын бекітетін, қылмыстық жауаптылықтың жалпы негізі мен шектерін, жаза мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолданудың жалпы негіздерін айқындайтын, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың жалпы негіздері мен түрлерін көздейтін нормалар құрайды. Жалпы бөлім нормалары қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдары болып табылатын қылмыстық заң, қылмыс және жазаға қатысты маңызды мәселелерді реттейді.
8. Пәннің мақсаты:студенттерге терең теориялық білім беріп, соның негізінде құқық қорғау және сот органдарына жүктелген міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру.
9. Пәннің міндеттері:қылмыстық құқық теориясыныңқағидалары, басты категориялары мен ұғымдары жөнінде жүйелі теориялық білімдер беру; қолданыстағы қылмыстық заңнаманың Жалпы бөлімінің негізгі институттарымен мұқият таныстыру; қылмыстық заң нормасын түсіндіру және қолдана білу дағдыларын қалыптастыру; азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен бостандықтарын қылмысты қол сұғушылықтардан қорғаудың құралы ретіндегі қылмыстық заңға құрметпен қарауға баулу.
Курстың барлық тақырыптарына арналған нормативтік көздер және бағдарламалық құжаттар:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған (қолданыстағы редакциясы).
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған (қолданыстағы редакциясы).
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 2014 жылғы 3 шілдеде қабылданған (2015 жылдың 1қаңтарынан заңды күшіне енеді).
4. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы,Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген.
Курстың барлық тақырыптарына арналған оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар:
1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық (Жалпы бөлім): Оқулық. – Алматы, 1998. 288 б.
2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық (Жалпы бөлім): Оқулық. – Алматы, 1999. 320 б.
3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық (Жалпы бөлім): Оқулық. – Алматы, 2001. 352 б.
4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық (Жалпы бөлім): Оқулық. – Алматы, 2007. 360 б.
5. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы: Жалпы бөлім. / И.Ш.Борчашвили және т.б. – Алматы, 2006. 496 б.
6. Джекебаев У.С. Основные принципы уголовного права Республики Казахстан (сравнительный комментарий к книге Дж.Флетчера и А.В.Наумова «Основные концепции современного уголовного права»). - Алматы: Жеті жарғы, 2001.-256с.
7. Поленов Г.Ф. Уголовное право Республики Казахстан: Учеб. пособие. Алматы, 1999.
8. Поленов Г.Ф. Уголовное право Республики Казахстан: Общая часть. М., 1997.
9. Рахметов С.М., Бапанов Т.Ә. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне түсінік. – Алматы, 2001. 704 б.
10. Наумов А.В. Ресей қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім: лекциялар курсы. – Астана, 2001.
11. Наумов А.В. Ресей қылмыстық құқығы: лекциялар курсы. – Астана, 2005.
12. Қылмыстық құқық. Жалпы және ерекше бөлімдері: Альбом-үлгі /Алауханов Е. (СД-диск). 2008.
13. Оңғарбаев Е.Ә. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы: Оқулық. – Қарағанды, 2005. 248 б.
14. Алауханов Е. Қылмыстық құқық (Жалпы бөлім): Оқулық. – Алматы, 2009. 456 б.
15. Бапанов Т.Ә. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім: альбом-үлгі. – Алматы, 2000. 13 б.
«Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім)»
пәні бойынша күндізгі бөлім студенттеріне арналған