Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4 курс студенттеріне арналған онкогинекология пәнінен емтихандық тесттік сұрақтар

Нұсқа

1.Жатыр мойынының қатерлі ісігінде қандай аймақтық лимфа түйіндер зақымдалады: //

A)қолтық асты лимфа түйіндері //

B)кеуде қуысы лимфа түйіндері //

C)шап лимфа түйіндері //

+D)мықын лимфа түйіндері //

E)бұғана үсті лимфа түйіндері

***

2.Т2В NоMo, IІВ сатыдағы жатыр мойыны қатерлі ісігінің негізгі емдеу әдісі://

A)химиотерапия //

+B)жанамаласқан сәуле емі //

C)Вертгейм операциясы //

D)қосалқамен бірге қынаптан жоғары жатыр ампутациясы //

E)қосалқамен жатыр экстирпациясы

***

3.Жатыр денесі обырының қандай гистологиялық түрі қатерлігімен ерекшеленеді://

A)жоғары сараланған аденокарцинома//

B)орташа сараланған аденокарцинома//

C)жалпақ жасушалы обыр//

+D)төмен сараланған аденокарцинома//

E)безді-жалпақ жасушалы обыр

***

4.Аналық бездің зарарсыз ісігіне жатады://

+A)сірілі цистаденома //

B)сірілі цистаденокарцинома//

C)папиллярлы цистаденокарцинома//

D)эндометриойды цистаденокарцинома//

E)муцинозды цистаденокарцинома

***

5.Метастаз берудін этаптылығы қатерлі ісіктің қандай түріне тән емес://

A)жатыр денесі//

B)жатыр мойыншасы//

+C)аналық без//

D)қынап//

E)вульва

***

6.Сарпайдың Carcinoma in situ ауруын емдеу тактикасы://

A)жергілікті консервативті емдеу//

B)дистанциялық сәулемен емдеу//

C)қосалқысәулемен емдеу //

+D)вульвэктомия//

E)химиотерапия

***

7.Дюкен операциясында не жасалады: //

+A)шап-сан лимфаденэктомиясы//

B)мықын лимфаденэктомиясы//

C)қолтық асты лимфаденэктомиясы//

D)ішперде арты лимфаденэктомиясы//

E)бұғана үсті лимфаденэктомиясы

***

8.Қынап обырының 5 жылдық тірі қалуы қандай://

A)10%//

B)20%//

C)50%//

D)40%//

+E)30%

***

9. ХГ және ТБС титрін қандай ауруға диагноз қою үшін қолданады://

+A)жатыр хориокарциномасы //

B)жатыр денесінің обыры //

C)жатыр мойыншасының обыры //

D)аналық без обыры //

E)вульва обыры

***

10.Жатыр мойынын онкоцитологиялық зерттеу үшін жұғындыны қалай алады: //

A)жыныстық қатынастан кейін 48 сағат өтпей //

B)менструация кезінде //

+C)вагиналды зерттеу алдында //

D)генитали инфекциясын емдеу кезінде //

E)сірке қышқылының ертіндісін қолданбай тұрып

Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4 курс студенттеріне арналған онкогинекология пәнінен емтихандық тесттік сұрақтар

Нұсқа

1.Жатырдың фибромиомасымен жанамаласқан жатыр мойынының in situ карциномасын емдеу тактикасы: //

A)Вертгейм операциясы //

+B)қосалқамен бірге жатыр экстирпациясы //

C)химиотерапия //

D)сәуле емі //

E)қосалқамен бірге жатырдың қынаптан жоғары ампутациясы

***

2. 8-9 аптадағы жүктілік бар жатыр мойынының in situ карцинома ауруын емдеу тактикасы: //

A)Вертгейм операциясы //

B)жүктілікті үзу және химиотерапия //

C)жүктілікті үзу және қосалқамен бірге қынаптан жоғары жатыр ампутациясы//

+D)жүктілікті үзу және жатыр мойынын кең конизациялау//

E)бақылау

***

3.Жатыр денесінің қатерлі ісігіне диагноз қоюдың негізгі әдісі://

A)айнамен қарау//

B)бимануальді зерттеу//

C)кіші жамбасты ультрадыбысты зерттеу//

D)32P радиоизотопты зерттеу //

+E)жатыр қуысына диагностикалық қыру жасап гистологиялық зерттеу

***

4.Жатыр денесінің обырын емдеуге қандай гормондық препараттар қолданады: //

+A)гестогендер//

B)эстрогендер//

C)пролактин//

D)адреналин//

Е)эстроген және гестаген препараттарымен комбинирлеп емдеу

***

5.Аналық бездің зарарсыз ісіктерін емдеуде келесі әдісті қолданады://

+A)хирургиялық//

B)комбинирленген//

C)химиотерапия//

D)комплексті//

E)сәуле емі

***

6.Аналық без қатерлі ісігін морфологиялық анықтау мақсатында қандай зерттеу әдісі қолданады://

A)гинекологиялық қарау//

B)ультрадыбысты зерттеу//

C)компьютерлі томография//

+D)диагностикалық лапароскопия//

E)лимфография

***

7.Қандай ауру сарпайдың қатерлі ісіктеріне жатады://

A)фиброма//

B)липома//

C)невринома//

D)гемангиома //

+E)Педжета ауруы

***

8.Қынаптың эпителиальді қатерлі ісіктеріне жатады://

+A)жалпақ жасушалы обыр//

B)ангиосаркома//

C)меланома//

D)лейомиосаркома//

E)рабдомиосаркома

***

9.Жатыр мойыны обырының келесі морфологиялық түрі жиі кездеседі: //

A)аденокарцинома //

+B)жалпақ жасушалы //

C)ашық жасушалы //

D)сарапталмаған //

E)ұршық жасушалы

***

10.Сарпайдың Carcinoma in situ ауруын емдеу тактикасы://

A)жергілікті консервативті емдеу//

B)дистанциялық сәулемен емдеу//

C)қосалқысәулемен емдеу //

+D)вульвэктомия//

E)химиотерапия

Наши рекомендации