Рігердің конгруэтнті, тиімді мінез-құлқы. 2 страница

«Дәрігер-науқас» қарым-қатынасындағы адекватты коммуникацияны қамтамасыз ететін психологиялық қасиет болып, эмпатия табылады, яғни науқастың уайымдарын түсіну, сезімталдылық, қайғысына ортақтасу, жанашырлық таныту. Қазіргі түсінік бойынша эмпатия басқа адамның ішкі жан дүниесіне ену мен эмоциональді жағдайына жетудің үш түрі бар: эмоциональді эмпатия, идентифекация механизмдерімен негізделген; когнитивті (танымдылық) эмпатия, интелектуальді үрдістермен негізделген (салыстыру және ұқсастықтар іздеу), және предикативті эмпатия, басқа адам жайында прогностикалық ойлау қабілеттілігі интуициямен негізделген. Науқастармен психологиялық қатынас құрауда, эмоциональді қатысу, дәрігерге науқас және оның жағдайы жайында толық және нақты ақпарат жинауға көмектксіп, емдеу-диагностикалық үрдістің адекваттылығына, жазылуға сенім артуына әсерін тигізеді. Дәрігердің эмпатиялық қасиеті науқастың айтқан субьективті мәліметтерінің және кейбір симптомдарының сәйкес келмеуін анықтауда пайдалы болуы мүмкін: агравацияда, диссимуляцияда және анозогнозияда, сонымен қатар диссимулятивті мінез-құлықта.

Дәрігердің коммуникативті компетенттілігін құрастыруға қатысушы психологиялық сипаты болып, теріс қарауға сенситивтілік табылады. Кейбір емдеу этаптарында туындайтынқоршаған ортаның, оның ішінде науқастардан негативті қатынасты қабылдау қабілеттілігі дәрігердің науқаспен қарым-қатынасында өз мінез-құлығын коррекциялауға мүмкіндік беретін қайтымды байланысты тудырады. Сенсетивтілік өте жоғары болмауы керек. Себебі, ол дәрігердің өзіндік бағалауын, оның аффилиативті қажеттілігін тежеп, адаптивті және компенсаторлы мүмкіндіктерін төмендетеді. Дәрігердің науқас жағынан негативті қатынасын өте жоғары сезіну, өзінің кәсіптік компетенттілігіне сенімсіздігін артады. Мұндай сенімсіздіктер жұмыс сапасына шынайы түрде әсер етеді. Өзінің кәсіптік тұрақтылығына сенімсіздік, психикалық зақымданудың және эмоциональді бұзылыстардың себебі болуы мүмкін.

Дәрігердің коммуникативті компетенттілігін төмендетін психологиялық ерекшеліктері. Дәрігердің кәсіптік қызметі терапиялық әсер тактикаларын, асқынуларды болжауды және емнің нәтижелерін көре білу стратегияларын жасаумен байланысты. Осыған байланысты дәрігерде үрейлік сипатта болуы керек.

Үрейлік — бұл эмоция, ол болжау арқылы және болатын сәтсіздіктерді тосумен болашаққа бағытталған. Үрейлік эмоциясы түсініксіз жағдайларда, ақпараттың жетіспеушілігіне сәйкес және қиын болжам нәтижелерінде дамиды.Үрейліктің жеңіл дәрежесі (мазасыздану) — болатын қатерді білдіретін белгісіздікке қарапайым реакциясы. Үрей эмоциясының әсерінен адаптивті, компенсаторлы және қорғаныш механизмдері дамып, қатерге тиімді төтеп беруге мүмкіндік береді. Дәрігер тұлғасының сапасы ретінде үрейлік науқас жағдайындағы өзгерістерге шұғыл әсер етіп, уақытылы қажетті шараларды қолдануға әсерін тигізеді. Науқас мұндай әрекетті дәрігер жағынан түсінушілік және эмоциональді көмек ретінде қабылдайды, бұл «дәрігер-науқас» коммуникациясының тиімділігін жоғарлатады. Бірақ, үрей эмоциясының интенсивті дәрежесі (байбалам, қорқыныш, сұмдық) психикалық үрдістің өнімді жұмысын тоқтатып, бұзады. Интенсивті үрейлік жағдайды адекватты бағалауға, яғни мүмкін нұсқауларды анықтауға және дұрыс шешім қабылдауға кедергі жасайды. Дәрігердің қорқынышы мен байбаламы, науқаспен коммуникациясын үзеді де, олардың арасындағы психологиялық контакт бұзылады. Дәрігер үрейлігі науқасқа беріліп, оны қосымша үрейлендіреді.Үрей әсерінен организмнің әр-түрлі функциялары бұзылады, мысалы, ұйқының бұзылуы, тәбеттің төмендеуі немесе керсінше жоғарлауы (кейбір науқастарда үрей әсерінен булимия дамиды). Жоғарғы үрейлену түрлі аурулармен зардап шегетін көптеген науқастарда байқалады, осы жағдайдың дәрігер қорқынышы әсерінен күшейюін болдырмау керек. Мұндай оқиғада науқас өзінің жағдайынан үмітін үзіп, сауығу сенімінен айырылады. Жоғарғы үрейлі тұлғалы дәрігерлер, науқастарды аз толғандыратын кез келген өзгерістерге жоғарғы үреймен қарайды.

Дәрігердің науқаспен коммуникациясын бұзатын тағы да бір сипаты болып, депрессивтілік табылады. Егерде үрей эмоциясы болашаққа бағытталған болса, онда депрессия бұрынғы өткен шиеленістермен және психотравмалық оқиғалармен байланысты. Бұрынғы сәтсіздіктер мен жағымсыз оқиғалар тізбек ретінде көрініп, шарасыздық пен үмітсіздікті құрайды. Болашағы тұманданып, қайғыға ұшырайды.Депрессияға бейім дәрігерлер өз компетенттілігін төмендетіп, науқастың сенімін тудырмайды. Жеке уайымына батқан дәрігер науқастың жағдайының жақсарғанын байқамауы, оның жазылу симптомдарын көрсетіп, қолдамауы, керсінше оны өзінің қайғылы сенімсіздігімен уландырады да, жүргізілген терапияның позитивтілігін бұзады.

«Дәрігер-науқас» сенімді қатынасының құралуын қиындататын тағы да бір психологиялық қасиеті болып, дәрігердің терең интровертирлігі табылады. Интроверсия — психологияға Юнгтың енгізуімен енген термин: ол субьектінің өзіне ғана, яғни сезімдеріне, уайымдарына бағытталуы болып анықталады. Интроверт- өзінің құндылықтарына, идеалына, моральді және этикалық нормаларына және ой-пікіріне бағытталады. Интровертирленген тұлға өзінің психологиялық әлеміне батып, сезімдерімен, идеяларымен әлектеніп, басқа адамдар аз қызықтырады. Интроверсия интуицияның жетіспеушілігімен, тұлға аралық қатынастағы тактикалығының төмендеуімен, эмпатия деңгейінің төмендеуімен және басқаның ауырсынуына, үрейіне, мазасыздығына ортақтаспауымен сипатталады.Мұндай қасиет дәрігердің коммуникативті компетенттілігін төмендетіп, тиімді қатынасқа кедергі келтіретін «коммуникативті бөгеттерді» тудырады.

Дәрігердің коммуникативті компетенттілігінің құралуы. Науқастармен қатынасу біліктілігі – бұл дәрігердің коммуникативті компетенттілігі, оның құралуы медициналық оқу орнында оқу үрдістерінде құралып басталады.Кейін түрлі жастағы, психологиялық қасиеттері бар, білім және әлеуметтік деңгейлерімен ерекшеленетін науқастармен кәсіптік қатынасуда дамиды. Болашақ дәрігерлер оқытудың ерте этаптарында науқастармен негізсіз, өздері сыйлайтын, ойларымен бағдарлайтын дәрігер-оқытушыларының стилімен, интонациясымен ұқсатып қатынасады (ымы, мимикалық реакциялары, қалпы, отыру және науқастармен сөйлесу манерелеры және т.б.). Жас дәрігер кәсіптік тәжірибесінің жиналуына байланысты, науқаспен қатынасуды жеңілдететін түрлі психологиялық дағдыларды қолдана бастайды. Дәрігердің жұмыс стажы көбейген сайын коммуникативті компетенттілігін жоғарлату үшін, ол зейінін және көңілін терапиялық және диагностикалық үрдістің психологиялық аспектілеріне аударады.

Кәсіптік бейімделу (адаптация). Жас дәрігердің кәсіптік қызметінебейімделуі, екі жылдай уақытты алады. Бұл уақыт жаңа әлеуметтік ролінде өзін сенімді сезінуіне және жеке кәсіптік имиджын құрауға, кәсіптік жағдайларда алгоритмдерді және дағдыларды құрастыруға қажет. Жас дәрігер өз алдына жұмыс істегенде өзіне сенімсіздікпен қарайды да жанындағы тәжірибелі дәрігерлерге бағдарланады немесе жауапты қиын жағдайларда көмек сұрайды. Ақпараттар іздеу жалғасып, кәсіптік дағдылармен жаттығады (үлкендер жағынан мадақтаулар мен құптауларды алу). Өзі тәріздес жас мамандар жағынан эмоциональді көмек алады. Кәсіптік бейімделудегі мұндай танымдылық элементі кәсіптік білімді, дағдыларды және іскерлікті көрсетеді.

Дәрігердің кәсіптік бейімделуінің басқа құрылымы дағдыларды өндіру болады.Бұл бейімделу компоненті науқаспен тұлға аралық қтынасудағы эмпатиямен байланысты.

Кәсіптік бейімделуінің тағы бір компоненті «кәсіптік имидждың» құралуымен байланысты болады. Маңызды элементі болып, жағдайға байланысты дәрігердің сенімді мінез-құлқы. Ең күтпеген, қауіпті жағдайларда, дәрігер қаншалықты жіберілген қателігінің нәтижесінен қорыққан немесе есінен ауса да, науқасқа өзінің абыржуын көрсетпеуі керек. Мінез-құлықтың сенімді стилі, науқаста «терапиялық иллюзияны» құрастырып, жағдайды және болжамды бақылауға алады. Сенімді жүріс-тұрысы науқас сенімділігін қамтамасыз етіп, оған үмітті ұялатып, компенсаторлы және қорғаныш механизмдерін белсенділейді. Басқаша айтқанда, «кәсіптік имидждың» қосалқы сипаттары болып қатынасуды қамтамасыз ететін ашық қалыптар; коммуникативті және экспрессивті ымдар; қайырымдылықты және сенімділікті білдіретін мимикалық реакциялар; тұлға аралық ара қашықтықтар жатады. Дәрігердің сыртқы бет - әлпеті де, әсіресе сөзінің ерекшеліктері (сенімді, сабырлы, интонациялы және ырғақты құралған сөздері) аса қажет. Бұл сенімділік деңгейін және дәрігердің кәсіптік компетенттілігін жоғарлатады.

Актуальді немесе шешілмеген мәселені эмоциональді күйіну немесе жану деп атаймыз.

«Жану» тек дәрігер мамандығына ғана тән емес. Әлеуметтік маңызы бар кәсіптер (мұғалімдер, журналистер, спорттық жаттықтырушылар, қоғамдық қызметкерлер және т.б.) осы ауруға ұшырайды. Бұл терминді алғаш рет америкалық психологтар ұсынған. Олар бірнеше жыл бұрын сабырлы жұмыс стилінің стресс кезінде ауысуын байқаған. Мұның барлығы психологиялық және әлеуметтік қолдау беретін, яғни ауыр психологиялық жағдайларда және қайғыға ұшырағанда жағдайларын жеңілдетуге, стресті азайтуға, рухани әңгімелер жүргізіп, кеңес беруге міндетті қызметкерлерге шағымдардың түсуінен дамыған. Мұндай қызметтердің жұмыстарын анализдеу «стресс ауруының», яғни «қатынасу ауруы» деген ерекше түрін анықтады. Оны «персоналдың күйінуі», "тұлғаның күйінуі" немесе қысқартып «күйіну» деп атаған. Ең басты себебі- психологиялық және рухани жалығу немесе шаршау. Әсіресе қызмет парызы бойынша, клиенттеріне өз жанының жылуын «сыйлайтын» адамдарға шектен тыс күш түскенде, оның дамуы ерекше тез және айқын байқалады. Ең бірінші «күйінудің» құрбандары болып психотерапевтер, мұғалімдер, дәрігерлер және сатушылар, яғни басқа адамдарға сыпайы және жылылықпен қызмет көрсететін мамандар иелері жатады. Американдық психолог К.Маслах өз кітабын «Күйіну – жанашырлықтың өтеуі» деп атаған, ол кітапта қайғылы белгілерді кеңінен зерттеулер нәтижесі көрсетілген.

«Күйінудің» көріністерін үш топқа бөлуге болады.

Бірінші– эмоцияның «тынышталуы», сезім ұшқырлығы және қайғыру сезімінің жоғалуы болады. Бәрі қалыпты болғанымен, бірақ ішкі дүниесінде зерігу орын алады. Құстардың құйқылжытқан әні де, арайлап батқан күнде қызықтырмайды. Ең жақын және қымбат адамдарына сезімі әлсірейді.Тіпті ең сүікті тағамының өзі де нәрсіз, дөрекі болып көрінеді.

Екінші - клиенттерімен шиеленістердің туындауы. Басында олар жасырын өтеді. «Күйініп» бастаған маман өз әріптестері ортасында, кейбір клиенттерінің жайын мазақпен әңгімелейді. Әрі қарай ол клиенттеріне жағымсыз сезіммен қарайды. Бас кезінде өзін әзер ұстап, өзінің тітіркенгіштігін қиындықпен жасыруға тырысады және ақыр соңында ашу-ызасының жарылуы болады. Оның құрбаны болып, ешқандай кінәсі жоқ, маманан көмек күткен адам болады.

Үшінші типі- қоғамға әлеуметті және экономикалық қауіпті тип – бұл өмір құндылықтарының жоғалуы, барлық болып жатқан өзгерістерге «түкіру» жағдайы. Әдетіне байланысты адам апломбысын, респектабельділігін сақтауы мүмкін, бірақ оның көз қарасы бос және мұз жүректі болып өзгереді.Әлем оған немқұрайды болып көрінеді.

Шет елде «күйінудің» алдын алу үшін түрлі әдістер «өмір стресін» жоюға бағытталған. Бірақ, экстремальді жағдайларда стрестік қатынасқа екі жақтың қатысу мүмкіндігін есепке алмайды. «Күйінумен» қоса адамда, есті улайтын «қоғам тек оған мұқтаж» деген керемет энтузиазм дамиды.Егер де әріптестері және жанұясы осындай қиын уақыттарда қолдап, көмек көрсетсе өмірдің қиын шарттарынан қашып,«күйінуден» алшақтап, өзін тұрарлықтай қылып көрсете алады. Бірақ, «күйінушіге» ең бастысы жанымен және тәнімен дем алу.

«Эмоциональді күйіну синдромы» психикалық жүдеу сезімі ретінде байқалады да, кәсіптік қарым-қатынас тиімділігі төмендейді: Дәрігер бұрынғыдай толығымен жұмысқа беріле алмайды, өзіндік бағалауы және қызметінің жетістігі төмендейді. Науқастарға негативті қатынас пайда болуы мүмкін, себебі олар созылмалы психикалық зақымдаушы көз болып көрінеді. Дәрігер науқаспен қатынасуда ауруға байланысты дамыған аурудың ішкі суретін және оның күрделі құрылымын, копинг-мінез құлқы тәрізді психологиялық феномендерді есепке алмай, науқастың үрейлі және депрессивті, суицидтік тенденцияларын өткізіп алуы мүмкін. Дәрігерде өз науқастары жайында айтқанда салқындық, кекшілдік, мысқыл байқалады. Дәрігерлік қызметтегі мұндай «дағдарыс» уақыт аралықтарында қайталанып отыруы мүмкін. Науқастар дәрігерге қаралудан бас тартып, қайырымды, тәжірибесі мол және компетентті маман іздейді. Осындай дағдарыс кезеңінде дәрігер демалысқа, қызметінің ауыстыруына, психологиялық «босаңсуға» немесе психотерапиялық көмекке мұқтаж болады. Дәрігер – ер адамдарға қарағанда, дәрігер -әйел адамдардың эмоциональді әлсіреуі көп дәрежеде дамиды. «Күйінушілерді» қоршаған ортаға сезімтал, адамкершілікті, кішіпейілді, жұмсақ ретінде суреттейді.

«Эмоциональді күйіну синдромын» зерттеуде үш фазаны анықтаған. Бірінші – «қиналу немесе зорлану» фазасы. «Эмоциональді күйіну синдромының» алғашқы және көріну механизмдері болып, көңіл-күйінің төмендеуі, үрейлену, тітіркену және депрессия реакцияларының пайда болуы байқалады.

Екінші фаза «қарсыласу фазасы». Бұл этапта қатыспау арқылы өзін қорғау, эмоциональді факторлардан қашқақтау болады. «Эмоцияны үнемдеу», эмоциональді күйді шектеу арқылы «дәрігер-науқас» қатынасын қысқартады. Мұндай қорғану формасы кәсіптік қызметтен де асып кетіп, өмірдегі басқа сфераларындағы қатынасты да қысқартуы мүмкін.

Үшініш фаза «жүдеу немесе әлсіреу фазасы» деп суреттеледі. Ол энергетикалық тонустың төмендеуімен, айқын психовегетативті бұзылыстармен сипатталады. Үміттің үзілуі, көңіл-күйдің төмендеуі, үрейдің жоғарғы деңгейде жүруі, психикалық қызметтің бұзылыстары (естің төмендеуі, зейіннің бұзылысы және т.б.), әр-түрлі соматикалық симптомдардың пайда болуы: түрлі ауырсыну сезімдері, жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан бұзылыстар байқалады.

Дәрігер кәсіптік қатынасуында жиналған тәжірибелеріне сай эмоциональді күйінің дәрежесін мөлшерлей алады. Науқастармен қатынасудың басында психологиялық контактыны құрауда эмоциональді қосылыс қажет. Одан кейінгі қатынастардың этаптарында эмоциональді компоненттер азаюы мүмкін. Науқаспен қатынасуда эмоциональді контактлар диагностиканың және терапияның кейбір этаптарында ғана қажет болады: науқасты күрделі диагностикалық іс-шаралардан өтуге көзін жеткізу үшін, операция жөнінде, егерде қолайсыз аяқталуға көрсеткіштері болса шешім қабылдауда. Эмоциональді қатынасу ролі науқас өміріне қауіпті жағдайлар туындағанда, суицидке жақын депрессивті науқастармен қатынасқанда және ауыр психологиялық зақым алған науқастармен қатынасқанда қолданылады.

2 БӨЛІМ. ТИІМДІ ҚАТЫНАСУ ӘДІСТЕРІ.ҚАТЫНАСУ ҚҰРАЛДАРЫ

2.1 Қатынасуды құрастыру. «Дәрігер-науқас» қатынасының психологиялық жақтары диагностикалық және терапиялық үрдістің барлық кезеңдерінде қажет, оның ішінде ерекше науқаспен алғашқа қатынасуда орын алады. Әдебиеттер мәліметтері бойынша, оптимальді психологиялық байланыс, тұлға аралық қатынастың тиімділігін және жетістігін 40% қамтамасыз етеді.

Қатынасуды құрастыра білуі қажет. Науқастармен, топпен диалог кезінде қатынасу қалыптары мен дағдыларын түсінікті қылып қолдана білу қажет. Бұл үшін, қатынасу фазалары немесе этаптарын білу қажет.

Қатынасудың байланысу нмемесе контакты фазасы –науқас пен дәрігердің кәсіптік қатынасының бірінші этапы. Контакты фазаның ағымында дәрігер науқаспен танысып, психологиялық контакт құралып, бір-біріне деген алғашқы ойлары қалыптасады. Дәрігер жайындағы науқастың алғашқы әсері көп нәрсені, яғни науқас дәрігермен қатынасын қалай құрауды, оның тағайындағандарын орындауы, режимді және диетаны сақтауын анықтайды. Контакты фазада дәрігерге қойылатын ең маңызды талап, бұл науқасқа қажетті әсерді қалдыру. Науқаста дәрігердің оған көмектескісі келетіндігі жөніндегі әсері қалуы керек. Бірінші, дәрігердің эмпатиялық қабілеттілігіне, екінші, сенімді мінез-құлық манерасына негізделеді. Контактыны құрау этапында дәрігердің вербальді мінез-құлығына қарағанда, вербальді емес мінез-құлығы қажет. Қатынасудың вербальді деңгейінде, дәрігер сөзбен бір мағынада жеткізеді, ал вербальді емес қатынаста дауыс ырғағы, ым, көз-қарас арқылы науқасқа және оның мәселелеріне қатысты мүлдем басқа ақпараттарды жеткізе алады. Науқас дәрігермен алғаш кездескенде вербальді емес қатынасқа көбірек көңіл бөледі. Психологтардың бақылауы бойынша танысудың алғашқы 18 секундында адам жөніндегі ойы дамиды. Дәрігерге сыртқы түріне және мінез-құлқына ерекше талаптар қойылады. Психологиялық вербальді емес контактының маңызды элементі болып, көз контактысы табылады (қөз-қарас). Сондықтан дәрігер кәсіптік қатынасудың алғашқы секундтарында, науқасқа мұқият тыңдауға дайын екендігін көрсетіп, оның көзіне қарауы керек. Көз-қараспен психологиялық қатынастың сенімділігі мен беріктігін науқасқа жеткізу арқылы, дәрігер оның не үшін келген себебін сұрайды.

Бағдарлау немесе хабардар болу фазасы.Дәрігер контакты фазада науқасты өзіне қарату үшін ашық, табиғи және асимметриялы қалыпты қабылдап, науқастың бетінің мимикалық реакцияларын және ымын, дауыс ырғағын, қаттылығын, жылдамдығын және ритмін бақылайды. Сонымен қатар, ол науқастың жалпы жағдайына бағдар беретін қалпын, мимикасын, ымын және науқастың вербальді емес мінез-құлық ерекшеліктерін бағалайды. Контакты фаза өте қысқа,ол бірнеше секундтқа ұзарып, дәрігер мен науқас арасында вербальді қатынастың басталуымен, яғни дәрігер алғашқы сұрағын қойғанда: «Сіздің қандай шағымдарыңыз бар?» контакты фаза аяқталады. Осы сұрақтан дірігер мен науқас арасындағы екінші фаза – бағдарлау фазасы басталады.

Белсенді тыңдау. Дәрігердің сұрағына жауап ретінде науқас өзінің шағымдарын, жағымсыз ауырсыну сезімдерін, ауырсынудың пайда болу уақыты мен сипатын және осы жағдайларға байланысты дамыған дискомфортты жайында айта бастайды. Дәрігер науқасты тоқтатып, дәстүрлі нақтылайтын сұрақ - жауапты бастамас бұрын, кедергі жасамай науқасты тыңдап алғаны дұрыс болады. Күнде өте көп мөлшерде науқастарды қабылдағаннан кейін, дәрігер науқасты тыңдамас бұрын оның не айтқысы келіп отырғанын біліп отырады. Сондықтан, дәрігер науқасты мұқият тыңдап, науқастың сөз ағымынан қажетті мәліметтерді естуіне тырысуы қажет. Осыған байланысты дәрігердің белсенді тыңдау сияқты кәсіптік дағдысы дамып, айтылған ақпараттарды толығымен тыңдап сезіне алады. Науқасты белсенді тыңдау арқалы дәрігер ол жайында алғашқы көріністі алады.

Катарсис. Дәрігер сияқты кәсіпті және мұқият тыңдаушыға өзінің бар шағымдарын еркін жеткізгеннен кейін, науқас жеңілдікті сезінеді. Бағдарлау фазасында дәрігер катарсис тәрізді терапиялық механизмді жүзеге асырады. Катарсис ұғымын Аристотель енгізген. Оның айтуынша ктарсис жанның сезіну және қорқыныш арқылы тазаруы. Немесе, оған балама термині ретінде «жауап қайыру немесе әсер ету» қолданылады.Әсер ету арқылы эмоциональді қысымды төмендетіп, жеңілдік сезімін тудырады. Психоанализде катарсис терапиялық механизмнің орталықты сапасы ретінде қаралады, яғни негативті эмоциональді уайымнан босану. Әңгімелесу барысында дәрігер науқастың уайымына оң әсер етуі, оның үрей деңгейін төмендетеді.

Коррективті немесе түзетудің эмоциональді тәжірибесі. Бағдарлау фазасының екінші психотерапевті элементі – бұл коррективті эмоциональді тәжірибесі. Әрбір адамға әңгімелесушісінің үрейіне өзінің үрейі арқылы сезімін білдіру тән немесе агрессияға агрессиямен және т.б. Бұлай әсер ету арқылы ойланбай серігіміздің қорқынышын және қайғысын күшейтіп, бекіте түсеміз. Талқыламайтын, бағаламайтын және эмоциональді реакцияларын күшейтпейтін қайырымды дәрігерді кездестіргеннен кейін, науқас психологиялық жайлылықты сезініп, өзін еркін ұстайды. Науқас өз эмоцияларынан қорықпай, нақтылап және еркін ауру симптомдарын жеткізу арқылы ауру ағымы жайында толық көріністі береді.

Наши рекомендации