Ажетті қорғану іс-әрекетінен шығу барысында айыптыныі іс-әрекетін саралау.
Қорғанушы қорқу, үрейлену немесе сасқалақтау жағдайында болды ма, оның осы жағдайы өзiнiң қорғану әрекеттерiн бағалауына және қажеттi қорғану шегiнен шықпайтындай әрекет жасау қабiлетiне әсер еттi ме деген мәселелердi анықтау үшiн психологиялық-психиатрлық сараптама жасап, оның қорытындысын басқа дәлелдемелермен және қоғамға қауiптi қол сұғушылық нәтижесiнде қалыптасқан нақтылы жағдаймен және одан қорғану әрекеттерiмен бiрге бағалау қажет. Осыған байланысты қорқу, үрейлену, сасқалақтау жағдайында қажеттi қорғаныс шегiнен шыққан адам қайсiбiр жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын, ал басқа жағдайларда босатылмайтынын ескере отырып, әрбiр нақты жағдайда қылмыстың жасалуының мән-жайын (қол сұғушылықтың жасалу уақыты мен орнын, қол сұғушылар мен қорғанушылардың санын, шабуыл жасаушылардың шабуыл кезiнде құралдар қолданған-қолданбағанын, тараптардың жасын, дене бiтiмiн және психикалық жағдайын және т.с.с.) мұқият анықтау және айқындау қажет. Шабуыл жасаушыға келтiрiлген зиянды бағалау кезiнде қорғанушы адам қол сұғушылықтың салдарынан пайда болған толқу жағдайында ұдайы қауiптiң сипатын нақты салмақтап және соған мөлшерлес қорғану тәсiлiн таңдай алмайтынын ескеру қажет. Сондықтан қоғамға қауiптi қол сұғушылық кезiнде қару есебiнде қолданылған құралдардың шабуыл жасаушыдан қорғанушыға өтуi барлық жағдайларда да өздiгiнен қажеттi қорғану шегiнен шығуды бiлдiрмейдi. Мұндай жағдайларда шабуыл жасаушы мен қорғанушының бұдан кейiнгi әрекеттерiнiң сипатын және басқа да мән-жайларын ескеру қажет. Қажеттi қорғану шегiнен шығу кезiнде кiсi өлтiру, денсаулыққа ауыр зиян келтiрудi жан күйзелiсi (аффект) жағдайында жасаған әрекеттерден ажырату қажет. Бұл орайда қажеттi қорғану жағдайында, соның iшiнде қажеттi қорғану шегiнен шыққанда да, айыпты қоғамға қауiптi қол сұғушылықтан қорғануды көздейдi, ал жан күйзелiсi жағдайында өзiн осындай күйге ұшыратқан адамға зиян келтiрудi көздейдi. Адамның осындай әрекеттер жасаған кездегi психикалық жағдайын анықтау үшiн мiндеттi түрде психологиялық-психиатрлық сараптама жасап, оның қорытындысын басқа дәлелдемелермен бiрге бағалау керек. Егер айыпты қажеттi қорғану шегiнен шықса және осы кезде жәбiрленушiнiң құқыққа қарсы әрекеттерiнiң әсерiнен жан күйзелiсi жағдайында болса, онда әрекеттi салдарына қарай ҚК 99 немесе 109-баптарымен саралау қажет. Қажеттi қорғану шегiнен шығу кезiнде қасақана кiсi өлтiру немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiру, тiптi ҚК 96-бабының екiншi бөлiгiнде қарастырылған мән-жайлар болса да, тиiсiнше ҚК 99-бабының екiншi бөлiгi немесе ҚК 109-бабымен саралануға жатады.
32. Аса қажеттіліктің түсінігі және оның саралау. Заңмен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе қылмыс болып табылмайды.Құқық қорғау мүдделеріне алды алынғанға тең немесе одан гөрі елеулі зиян келтірілген, төнген қатердің сипаты мен дәрежесіне және қатер жойылған жағдайға көрінеу сәйкес келмейтін зиян келтіру аса қажеттілік шегінен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады. ҚК 39-бабының 1 - бөлігіне сәйкес, қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетуге жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.Аса қажеттілік — әрдайым біреуінен туындайтын зиянның алдын тек екіншісіне зиян тигізу арқылы алуға болатын құқықпен қорғалатын екі мүдденің қақтығысы. Мысалы, куә адам қатты ауырып жатқан туысқанын тастап кете алмағандықтан сотқа келмеді делік. Сотқа келмеудің өзі өз алдына қылмыс құрамын құрайды (куәнің түсінік беруден бас тартуы). Бірақ, бұл құқықтық міндетті орындау нақты жағдайда бір мезгілде құқықпен қорғалатын екінші мүдде — адамның өмірі немесе денсаулығына елеулі зиян әкелетіндігін білдіреді. Жағдай құқық қорғайтын екі мүдденің қайшылығын (коллизиясын) туындатып отыр: безбеннің бір жағында әділ заңдылық мүдделері, екінші жағында адамның өмірі мен денсаулығы тұр. Бұл тығырықтан шығудың төркіні құқықпен қорғалатын мүдделердің ешқайсысына да зиян келуіне жол бермеуде жатыр. Бірақ, мұны, жоғарыда айтқандай, екінші бір мүддеге зиян келтіру жолымен ғана жүзеге асыруға болады. Аса қажеттілік жағдайының туындау түрлері әрқилы болып келеді, осыған байланысты қылмыстық заң оны қылмыстық-құқықтық тұрғыда реттеуді арнайы қарастырады. Аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттерде іс-әрекеттің қылмысты болуы мүмкін емес (оларда Қылмыс құрамы болмайды).Аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттердің заңды екендігінің (құқыққа сыйымдылығының) шарттары төнген қауіптің алдын алуға да, сондай-ақ одан қорғануға да қатысты.Төнген қауіпке қатысты аса қажеттіліктің құқыққа сыйымдылығының шарттары мыналар болып табылады:1. Аса қажеттілік жағдайын жасайтын қауіптілік көздерінің сипаты.
33. Қылмыс жасаған адамды ұстау барысында зиян келтіру. Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру Қылмыс істеген адамды ұстау – қылмыстылықпен күресудің негізгіСондықтан да қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарғаҚол сұғушылық жасаған адамды ұстауға бұған арнаулы уәкілеттігіБұл - әркімнің қызметтік және азаматтық парызы. ҚылмыскердіӨйткені қылмыскерді ұстағанда оның жеке өзіне мүліктік мүддесінеҚылмыс істеген адамды ұстағанда зиян келтірудің дұрыстығын анықтаудағыБірншісі, қылмыс істеу фактісіне байланысты мән–жайлар, екіншісі қылмысҚылмыскерді ұстаудың негізгі болып оның біткен немесе аяқталмағанБұл жерде ескеретін жайт, қылмыскер деп қасақана немесеҚылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес қылмыс істедіа) Бұл адамның қылмыс істеп жатқан үстінен шықсаб) Көзімен көрген адамды, соның ішінде жәбірленуші дев) Сезікті адамның өзінде немесе киімінде, өз қасындаҚылмыскерді ұстаудың сөзсіз негіздері болып оның тұтқыннан, қамаудан,Қылмыскерді ұстау деп негізінен ол адамның қылмыс істепҚылмыс істеген адамды ұстаған кезде зиян үшінші жаққаМұндай зиян келтіру тек амалсыздан, басқа шараның жоқтығынанАуыр өте ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді ұстау кезіндеЗиян келтіру кейбір жағдайларда ұсталатын қылмыскердің қарулануына, қылмысҚылмыскерді ұстаудың мақсаты оны әділ соттылыққа беру болыпҚылмыскерді ұстау барысында оның өмірін жою қажетті қорғануҚол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірілген зиянБұлайша асыра істеу қасақана зиян келтірілген жағдайда ғанаМұндай асыра сілтеу үшін тек (абайсызда емес) зиянМұндай шектен шығудың, яғни асыра сілтеудің заңда көрсетілгенА) істелген қылмыстық қаупінің сипаты мен дәрежесіне сайб) Ұстау жағдайына сөзсіз сәйкес келмеуі салдарынан кісігеОсындай қажетті шамалардың шегінен шығуы тек қасақаналықпен ғанаҚылмыскерді ұстаудың қажетті қорғану мен аса қажеттілікпен өзгешеліктеріа) Қажетті қорғану тікелей төніп тұрған нақты қиянаттыб) қажетті қорғанудың мақсаты – қылмысты тойтару, қылмыскердів) аса қажеттілікте келтірілген залалдық мөлшері тойтарылған залалҰзақ уақыт бойы Қазақстанның қылмыстық заңында қол сұғушылық1997 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының кейбір заңҚК–тің 33–бабының бірінші бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған адамғаҚол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіруБұл біріншіден қылмыстық – құқықтық институт ретінде қылмысЕкіншіден бұл адамның мүддесі мен конституциялық құқықтарын қорғаудаҚылмыскерді ұстау арқылы оның жаңа қылмыс жасауы тыйылады,Қылмыскерді ұстаудың негізі оның біткен немесе аяқталмаған қылмыстыТек қана оның қоғамға қауіпті әрекеттері үшін ғанаҚК – тің 33–бабына сәйкес зиян келтірудің мақсатыҚылмыскердің бостандығын шектеудің заңды белгілеріне мыналар жатады: 1) Адамның қылмыс жасауы және қылығы үшін мемлекет2.) Қылмыс субъектісіне тән барлық белгілерге ие болғанына3) Қол сұғушылық жысаған адамды ұстауға бұған арнаулы4) Қол сұғушылық жасаған адам қылмыс жасаған уақыты5) Қылмыскерді ұстау, егер ол қысқа уақыт аралығындаҚылмыскерді жәбірленуші, куәгер немесе басқа да адамдар тезОлар мыналар: - зардап тигізудің қажетті болуы:арнайы мақсаттың болуы: - әрекеттің нақты жағдайларға сай болуы: Бұл шарттар заңды түрде қол сұғуға зиян келтірудіңҚол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтірудің1) Қылмыскердің әрекеті үшінші тұлғаға (басқа адамға) оның2) қылмыскердің қашуға әрекеттенуі немесе қарсылық көрсетуі себептіҚажеттілік мына үш факторға бөлінеді: Қылмыскерге және ұстау кезіндегі оның әрекетіне; 2. қылмыскерді ұстайтын адамға; 3. ұстау кезіндегі жағдайға байланысты сипатталады. Қылмыс жасаған адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне зиян келтіруҚылмыстық кодекстің 34–бабының екінші бөлігіне сәйкес құқық қорғауМұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайлардаАса қажеттілік те қажетті қорғану сияқты заңды жәнеАса қажеттіліктің бұдан өзгешелігі сол, ол тойтарылған зиян3. Қылмыс істеген адамды ұстағанда сай емес зиянҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің түсінігінде 100- бапта айтылыпҚылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен1. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оған зиян2. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірілген3. Бұл қылмыстың объективтік жағы - ұстау шараларынЕгер бұл көрсетілген негіздер болмай адам өлтірсе, ондаМысалы, әкімшілік сипаттағы жазықтылығы (кішігірім бұзақылық) үшін ұстағандаҚоғамға қауіптілігі орта немесе кішігірім деңгейдегі қылмыс жасаған4. Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама ниетпенҚылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оны абайсызда өлтіру,Қол сұғу жасаған адамды ұстаудағы мақсат – оны5. Қылмыстың субъектісі – жасы 16- ға толған,Егер құқық қорғау органдарының лаузымды адамы қылмыскерді ұстау6. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралар.
34. Қылмыстық құқықта қылмысқа қатысудың түсінігі.Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Қылмысқа қатысу барысында қылмыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, олардың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қылмыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдағыдай жасауға және оны жасыруға барлық қажетті жағдайларды жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, ортақ бөлінбейді. Тек қасақана жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді. Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші деп бөледі.Орындаушы — бұл нақты қылмыс құрамының объективті жағынан кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің- қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмысты орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау үшін жасөспірімді немесе ақыл-есі кем адамды пайдаланатын жағдай сияқты.Ұйымдастырушы — қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам. Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы — бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады.Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Жоспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүнемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.Адамды нақты заңға қайшы әрекеттерге баруға тікелей бағытталмаған жалпы үндеу мен тілектер айдап салу ретінде қарастырыла алмайды. Мысалы, «о дүние» тартымдылығы туралы абстрактілі ойлар немесе керісінше, бір адамның «ақша жасай» алмауы және т.б. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмысты жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылдым. Сондай-ақ көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстын ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасау сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде береді.
35. Қылмысқа қатысудың нысандарымен түрлері. Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші деп бөледі.Орындаушы — бұл нақты қылмыс құрамының объективті жағынан кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің- қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмысты орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау үшін жасөспірімді немесе ақыл-есі кем адамды пайдаланатын жағдай сияқты.Ұйымдастырушы — қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам. Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы — бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады.Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Жоспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүнемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.Адамды нақты заңға қайшы әрекеттерге баруға тікелей бағытталмаған жалпы үндеу мен тілектер айдап салу ретінде қарастырыла алмайды. Мысалы, «о дүние» тартымдылығы туралы абстрактілі ойлар немесе керісінше, бір адамның «ақша жасай» алмауы және т.б. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмысты жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылдым. Сондай ақ көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге деқұралдарын, қылмыстын ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасау сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде береді.
36. Қылмысқа қатысушылардың қылмыстық жауаптылығының негізі мен шектері. Қылмысқа бірге қатысушылардың жауаптылығының негізгі Қылмыстық құқықта қылмысқа қатысушылар орындаушылар,Орыңдаушы. Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқаҚылмысты орындаушы қылмысты жеке өзі немесе оны бірнешеҰйымдастырушы. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылықАңдап салушы. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқытуАйдап салушы болашақ қылмысты орындаушыны әр түрлі әдіспенҚылмыс істеуге біреуді көндірудіру тәсілі, құралы даСубъективтік жағынан алғанда айдап салушылық әрекеті тікелей қасақаналықКейбір жағдайларда мұндай іс-әрекет нақты бір жағдайларға байланыстыКөмектесуші. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, кылмысты жасайтын қару немесеОбъективтік жағынан алғанда қылмысқа көмек көрсету жоғарыда көрсетілгенКөмектесушінің қылмысты орындаушылардан өзгешелігі, сол қылмысқа көмектесу әрЗаттай (материалдық) көмектесу, әдетте, белгілі бір белсенді іс-әрекеттерИнтеллектуалдық көмектесу, әдетте, орындаушының қылмыс істеуге деген шешімін,Қылмысқа айдап салушыдан қылмысқа көмектесушінің айырмашылығы мынада: қылмыскаҚылмысқа бірге қатысуда да, жеке адамның істеген қылмысындаОсы принципке сәйкес қылмысты орындаушының әрекеті ҚК-тің ЕрекшеОсыған байланысты қылмысқа қатысушылардың әрекетін саралағанда олардың әрқайсысының«Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құрғанҰйымдасқан топ құру осы Кодекстің Ерекше бөлімінің баптарындаҰйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық сыбайластыққа «Қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ауыр немесе аса ауыр.
37. Қатысушылардың акцессорлығы жəне қатысушылардың жауаптылығын даралау. Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің іс-әрекеттерін саралау көп жағдайда орындаушының әрекетіне (әрекетсіздігіне) тәуелді болады. Себебі тек соның әрекеттерінде ғана жасалғаны үшін барлық қатысушылар жауаптылыққа тартылуы тиісті қылмыс құрамының белгілері болады. Қылмыстық құқықта қылмыс жасаған әрбір адамның жеке жауаптылығы принціпі болғанымен ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші сияқты қатысушылардың іс-әрекеттерін орындаушының іс-әрекеттерінен бөлек қарастыруға болмайды. Қылмысқа қатысушылықтың субъективтік белгілері ретінде қатысушыларда қасақаналықтың, қылмыс жасауға деген ой бірлестігінің болуы және алдын ала келісімнен құралады. Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері тәрізді бұл белгілерде қылмысты бірлесіп жасаудың бастапқы сатыларынан бастап қылмыс салдары туындағанға дейін орын алады. Жоғарыда айтылғандай, қылмысқа қатысушылықтың кінә түрі туралы бұрынғы зерттеу әдебиеттерінде абайсыздықтағы қылмысқа қатысушылықтың болуына жол берілген. Бірақ кейінгі уақыттарда осы тақырыпты арнайы зерттеген ғалымдар қылмысқа қатысушылықтың тек қасақана түрде жасалғанда бір неше адамдардың бірлескен әрекеттерін құрап, жауапкершілікті жүктеуге болатынын дәлелдеді. Ал кінәнің абайсыздық түрімен де қылмысқа қатысушылықтың болу мүмкіндігін ұсынушылардың бағытын қылмысқа қатысудың акцессорлық теориясына жатқызды. Қылмысқа қатысушылықтың акцессорлығы дегеніміз, азғырушылық, көмектесушілік әрекеттердің қылмысты орындаушының әрекеттеріне тәуелді болуын білдіреді. Нәтижесінде орындаушы бар болса, онда қылмысқа қатысуда бар, ал орындаушы жоқ болса немесе ол қылмысты орындаудан бас тартса, онда қылмысқа қатысушылықта жоқ болып есептеледі. Мұнда абайсыздықта қылмыстық зардапқа әкелген әрекетпен басқа адамдардың да іс-әрекеттері қандай да бір байланыста болса, осы әрекеттен туындаған зардап басқалардың да кінәсіне жатады. Қылмысқа қатысушылықтағы кінәнің абайсыздық түрін Ұлыбритания, АҚШ, Франция мемлекеттерінің қылмыстық құқықтарынан кездестіруге болады. Қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігі олардың қылмыс жасауға нақты қатысуының сипаты мен дәрежесіне қарай белгіленеді. Қылмысқа қатысушылар дербес әрекеттері үшін жауап береді. Сонымен бірге, олар жасалған қылмыспен орындаушының әрекеті арқылы байланыста болғандықтан, мұндай жағдайда қылмыстың аяқталғандығы туралы мәселе орындаушының әрекеттерін жүзеге асыру сатыларына тәуелді түрде шешіледі. Егер орындаушы бірігіп ойлаған қылмыстарын, еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жасай алмаса, басқа қатысушылар орындаушының қылмыс жасау сатыларына қарай қылмысқа дайындалғандығы иемесе оқталғандығы үшін жауапқа тартылады. Ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің іс-әрекеттерін саралау көп жағдайда орындаушының әрекетіне (әрекетсіздігіне) тәуелді болады. Себебі тек соның әрекеттерінде ғана жасалғаны үшін барлық қатысушылар жауаптылыққа тартылуы тиісті қылмыс құрамының белгілері болады. Қылмыстық құқықта қылмыс жасаған әрбір адамның жеке жауаптылығы принціпі болғанымен ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші сияқты қатысушылардың іс-әрекеттерін орындаушының іс-әрекеттерінен бөлек қарастыруға болмайды. Қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші) мен орындаушының жүзеге асыруға деген дәрежесі, басқа қатысушылардың да жауапкершілігін шешу туралы мәселеге тікелей ықпал ететіндей болуы қарастырылады. Мысалы, егер орындаушы оған байланысты емес себептермен қылмыстық әрекетін оқталу сатысында тоқтатын болса онда барлық қалған қатысушылары да қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қатысушылардың әрекетін саралау ең алдымен қылмысты бірнеше тұлға бөліп жасау процесінде оның атқарған рөліне тәуелді яғни қылмыстық топты құра отырып, олар қандай мақсат көздеді және қатысушылар арасындағы өзара байланыстың сипаты қандай, олардың арасында алдын ала сөз байласу болдыма, қылмысқа қатысушылардың қандай түрі қатысқаны, қатысудың нысаны және қатысушының түрі есепке алына отырып шешіледі.
38. Арнаулы субъектімен қылмысқа қатысқандарды саралау мəселелеріҚатысушылықпен жасалған қылмысты саралау барысында жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды есепке алу олар жасалған іс-әрекетке және ұйымдастырушының, айдап салушының, көмектесушінің жеке бастарына қатыстылығы тәуелділікте шешілуі тиіс. Ұйымдастырушыға, айдап салушыға немесе көмектесушіге қатысты мән-жайлар тек олардың әрқайсысының іс-әрекеттерін саралау барысында ғана есепке алынады және басқа тұлғалардың әрекеттерін саралау барысында есепке алынбайды. Әскери қылмыстардаң орындаушысы болып тек көрсетілген белгілерге ие тұлғалар ғана танылады. Оларға ие емес тұлғалар орындаушы бола алмайды бірақ ұйымдастырушы, айдап салушы, немесе көмектесуші ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Бірігіп қатысушылықтың ең қауіпті нысандары болып ұйымдасқан топ және қылмыстық қауымдастықтың табылатыны белгілі, құқыққорғау, шаруашылық және басқа органдар қызметкерлерінің коррупциясы арқылы сипатталады. Бұл қылмыстық топтар үшін топтар үшін қауіпті болып табылатын тиісті мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық қызметкерлердің іс-әрекеттерін бейтараптандыруға мүмкіндік беріп ғана қоймай сонымен қатар олардың қызиетін өз мақсаттарына бағындыруға олар арқылы осы мақсаттарға ресми құрылымдарды пайдалануға оларға қатырына енуге мүмкіндік береді. Қылмысқа қатысушылықтың көрсетілген нысандарымен жасалған қылмысты саралау үшін олардың белгілерін анықтау қажет. Ұйымдасқан топтың сипаттау белгілері болып бір немесе бірнеше соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшін күні бұрын біріккен топтың тұрақтылығы. Алдын ала сөз байласуда қатысушылықтың берілген нысанасының міндетті белгісі болып табылады. Олай болмаған жағдайда қылмыс жасау үшін күні бұрын бірігу мүмкін болмайды. Қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) үшін өзіндік белгілер топтың тығыз ұйымдасқандығы және оны құрудың мақсаты ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау болып табылады. Аталған белгілердің біреуінің болмауы қылмыстық қауымдастықтың қатысушылықтың нысаны ретінде жоқ екендігіне дәлел болады. Мысалы, топтың тығыз ұйымдасқандық белгісі, белгісінің болмауы олар әртүрлі сипаттағы соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшін құрылған топ болсада. Бұл жағдайда ұйымдасқан топтың (тұрақтылық белгісі бар болса) бар екендігі танылады. Қылмыстық қауымдастықтың екінші міндетті белгісі топ тек ауыр және аса ауыр қылмыстарды ғана жасау үшін ұйымдасқан болуы тиіс. Мысалы, тығыз ұйымдасқан қылмыстық топ жала жабуды тарату үшін құрылған болса қылмыстық ұйым болып табылмайды. Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық сыбайластықты құрған не оларға басшылық еткен адам кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда оларды ұйымдастырғаны және оларға басшылық еткені, сондай-ақ қылмыстар оның қаскүнемдік ниетімен қамтылса, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс. Құқық қолдану қызметінің процессінде ұйымдасқан топты немесе қылмыстық қауымдастыққа басшылық жасаудың нені білдіретінін анықтап алудың маңызы зор. Ұйымдастырылған қылмыстық топтың жұмысының бағытын анықтау (қылмыстық іс-әрекеттердің жоспарын жасатау, топ мүшелері арасында міндеттерді бөлу, қылмыстық қол сұғу объектісін анықтау, қылмыстық құрылым мүшелеріне нұсқаулар мен тапсырмалар беру т.б.) болып табылады.
39. Қатысушының экцессі жəне саралау мəселелері.Қатысушының шектен шығуы барысында қатысушылардың әрекеттерін саралау белгілі бір маңызға ие. Қазақстан Республикасының ҚК-не сәйкес қылмысқа қатысушының, басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты жасауы оның шектен шығушылығы деп танылады. Шектен шығушылық үшін басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қылмыстық құқық теориясында қатысушының шектен шығушылығын сандық және сапалық 2 түрге бөлу қабылданған. Сандық шектен шығушылық ретінде қатысушы, топтық барлық қатысушылармен алдын ала келісім жасалған қылмыспен бір тектес қылмыс жасаған кезде орын алады. Мысалы ұрлықтың орындаушыларының бірі басқа қатысушылардан жасырын мүлікті (басқа қатысушылармен бірге ұрланған мүліктен бөлек) басқа ұрланған мүліктермен қоса есептегенде 500 айлық есептік көрсеткіштен асып түсетін мүлікті ұрласа ол ұрлық бабының бабының 3 бөлімімен жауапқа тартылады, ал қалған қатысушылар егер ұрланған мүліктің бағасы аталған көрсеткіштен асып түспесе ҚК-тің 175 бабының 2 бөлімімен жауапқа тартылады. Қылмысқа қатысушының топтық жасауға сөз байланысқан қылмысымен бір тектес болып табылмайтын қылмысты жасауы қатысушының шектен шығушылығының сапалық түрі болып табылады. Мысалы, адамдар тобы дәріханадан медикаменттерді ұрлау барысында олардың біреуі, олардын бөлек наркотик заттарды ұрласа. Ол екі қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады: ұрлық жасағаны үшін және наркотикалық заттарды талан-таражға салғаны үшін ал, қалған қатысушылар тек ұрлық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылады. Айыпталғандардан шығатын қортынды қатысушының шектеу шығуы ұйымдасқан топтарда және қылмыстық қауымдастықтарда орын алатын алдын ала сөз байласу арқылы жасалатын топтық қылмыстарда ғана мүмкін болады.
40. Адамның жеке басына қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша жеке адамға қарсы қылмыстарға мыналар жатады: ірге қарсы қылмыстар, оларға: өмадам өлтіру; жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі; жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру; абайсызда кісі өлтіру; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу; Денсаулыққа қарсы қылмыстар оларға: денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру; денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру; азаптау; денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру; және т.б. Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі қылмыстарды саралау және тиісінше, оларды жасаған адамдарға әділ жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін кінә нысанын, ниетінің түрін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын, келтірілген зардаптардың ауырлығын анықтау қажет. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар іс жүргізу құжаттарында (айыптау қорытындысында, үкімде) өз тұжырымдарын жол берілетін анық дәлелдемелерді келтіре отырып негіздеулері тиіс. Қылмысты бірнеше адам жасаған кезде олардың арасында қылмыс жасауға алдын ала сөз байласу болған-болмағанын, рөлдері бөлінген-бөлінбегенін, қылмыс жасалған кезде олардың әрқайсысының қандай әрекеттер жасағанын, сондай-ақ барлық өзге де мән-жайларды анықтап, солардың негізінде адамдардың топ болып, алдын ала сөз байласу бойынша топ болып немесе ұйымдасқан топ болып әрекеттер жасағандары туралы қорытынды жасау және жауаптылыққа тартылған адамдардың әрқайсысының қатысу нысанын айқындау, олардың әрекеттерін жеке-жеке саралап әділ жаза тағайындау қажет. Заңға сәйкес ұйымдастырушы, көмектесуші, қылмысқа айдап салушы деп танылған басқа қатысушылардың әрекеттері, егер олар бір мезгілде осы қылмыстың қоса орындаушысы болып табылмаса, орындаушы жасаған қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бап бойынша саралануы қажет. Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы аяқталған қылмыс тікелей де, жанама қасақаналықпен де жасалуы мүмкін, ал оларды жасауға оқталғандық субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналық болып сипатталады. Сондықтан қылмыс жасау сатысын айқындаумен қатар кінә нысанын да ескеру, кінәлінің ниеті неге бағытталғанын, қылмыс нәтижесінде қандай зардап туындағанын және нақ осындай нәтиженің туындауына кінәлінің субъективті қатысын анықтау және белгілеу керек. Егер қылмыс оны аяқтағанға дейін үзілген болса, онда кінәлі өз әрекеттерін не себепті тоқтатқанын, бұл оның еркіне тәуелді болған-болмағанын, бұл ретте қылмысты жалғастыруға оның нақты мүмкіндігі болған-болмағанын, қоғамға қауіпті зардаптың туындауына қандай мән-жайлардан кедергі болғанын анықтау қажет.
41. Өмірге қарсы қылмыстарды саралау.Адам өлтіруге оқталған кезде кінәлі оның қоғамға қауіпті сипатын сезгендіктен, жәбірленушіге құқыққа қарсы қаза келтіру мақсатында әрекет жасаған, оның іске асатынын алдын ала білген және соны қалаған, бірақ оған қатысты емес жағдайлар бойынша қаза іске аспаған қасақана әрекеттерді тану керек. Адам өлтіруді кінәлінің бір мезгілде бірнеше адамға қаза келтіру ниеті болған жағдайларда екі және одан да көп адамды өлтіру, әдетте, қысқа аралық мерзім ішінде бір немесе бірнеше іс-әрекетпен жасалады және кінәлінің екі және одан да көп адамға қаза келтіру туралы ниетін растайды. Кінәлінің ниеті екі және одан көп адам өлтіруге бағытталған кезде, қылмыстық ниеттің нәтижесі - бірнеше адамның өлімі қылмыс субъектісінің еркіне байланысты емес жағдайлар бойынша туындамаса, бір адамды өлтіру және басқа адамды өлтіруге оқталғандық жасау - екі адамды өлтірген - аяқталған қылмыс ретінде қаралуы мүмкін емес. Мұндай жағдайларда аяқталмаған адам өлтіру бойынша кінәлінің әрекеті оқталу, ал аяқталған адам өлтіру - саралау белгілерінің болуы немесе болмауына қарай ҚК тиісті бабымен саралануға жатады. Бұл ретте, бір мезгілде бір адамды өлтірген және екіншісін өлтіруге оқталған кезде кінәлінің әрекетінің кезеңділігін осылайша саралаудың маңызы жоқ. Егер бірнеше адам өлтірген кезде қылмысты қоса орындаушылардың ниеті бірнеше адамның өмірін қиюға бағытталса және оны іске асыру үшін олар өзара рөлдерін бөліскен болса, соның салдарынан әрбір қылмысқа қатысушы бір ғана адамның өмірін қиюға тікелей қатысса, онда олардың әрқайсысының әрекеті осылайша екі немесе одан да көп адам өлдіру деп саралануға жатады. Адам өлтіруді осы адамның қызметтiк iс-әрекетiн жүзеге асыруына не кәсiби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру бойынша саралаған кезде жәбірленушінің өз қызметтік міндетін жүзеге асыруға не өзінің кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты қандай заңды әрекеті кінәлінің оны өлтіруіне немесе оның жақындарын өлтіруге итермелегенін анықтау керек, өйткені кінәлінің нақ осы мән-жайларға байланысты осы адамның өміріне қол сұғу ниеті осындай саралауға арналған міндетті шарт болып табылады. Анасының өзінің жаңа туған сәбиін босану кезінде немесе босанғаннан кейін өлтірген жағдайда, босанған әйелдің психикасына теріс әсер ететін (мысалы, әкесінің баладан бас тартуы, баланың некесіз туылуына туысқандарының айып тағуы, баланың әкесі немесе әйелдің туысқандары ана мен баланың өмір сүруі үшін материалдық жағдайдан бас тартуы және т.б.) маңызды мән-жайларды әйелдің психикасының бұзылу жағдайы деп түсіну қажет. Сәби туылғаннан кейін әйелдің психикасының бұзылуы, әдетте, оның жүйке жұмысының теріс процестерімен (депрессия, қорқыныш сезімі, желікпе көңіл-күйі және т.б.) сипатталады. Аталған психикалық бұзылушылықтарға байланысты әйелдің есінің дұрыстығын немесе есінің дұрыс еместігін анықтау үшін сот психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу қажет. Жан күйзеліс жағдайында адам өлтіруді саралаған кезде кінәлінің физиологиялық жан күйзелісінің бар-жоғы, оның кенеттен пайда болуы және жәбірленушінің әрекетімен байланысты болғаны қажетті шарт болып табылады. Жан күйзелісі жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат әрекетінен (әрекетсіздігінен) (жақын адамдарына қаза келтіру немесе денсаулығына зиян келтіру, оларды зорлау, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, асыра билік ету, қызмет бабын теріс пайдалану және т.с.с.) пайда болғанда, сондай-ақ жәбірленушінің ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мінез-құлқы, оның бірнеше мәрте жасаған құқыққа қарсы әрекеттері (ұдайы ұрып-соғу, азаптау) салдарынан туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жағдайда, олардың соңғысы адам өлтірудің себебі болып табылған кезде ғана жауаптылық туындайды.
Абайсызда адам өлтіру ҚК тиісті бойынша саралануы тиіс. Егер абайсызда адам өлтіру тиісті бапта саралау белгісі ретінде көрсетілсе, онда іс-әрекет, осы саралау белгісін пайдалана отырып, жасалған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін тиісті бап бойынша саралануы тиіс. Бұл ретте, ҚК 101-бабы бойынша қосымша саралау талап етілмейді
42. Денсаулыққа қарсы қылмыстарды саралау. Адам денесі талшықтарының анатомиялық тұтастығын құқыққа қарсы бұзу не органдардың зақымдануына немесе олардың қалыпты жұмыс істеуін бұзуға әкеп соққан өзге де әрекеттерді адам денсаулығына келтірілген зиян деп ұғыну керек. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің бұйрығымен бекітілген»Сот-медициналық сараптама жүргізуді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес сот-медициналық сараптама жүргізу жолымен айқындалады. ҚІЖК сәйкес, мұндай сараптаманы жүргізу міндетті болып табылады, ал оның қорытындысы мұқият зерттелуге және басқа дәлелдемелер жиынтығымен бірге бағалануға жатады.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру құрамында көрсетілген саралау белгілері бойынша денсаулыққа келтірілген ауыр зиянды саралаған кезде олар мағынасы бойынша ҚК 96-бабының екінші бөлігінде көрсетілген осыған ұқсас белгілерге сәйкес екенін назарға алу керек. Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы бағытталған қылмыстар үшін жаза тағайындаған кезде соттар оларды жасаған кездегі барлық мән-жайлардың жиынтығын: қасақаналық түрін, ниеті мен мақсатын, тәсілін, қылмыс жасау жағдайын және сатысын, туындаған зардаптың ауырлығын, кінәлінің жеке басын, жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескеруі тиіс. Бұл ретте, әрекетті ҚК тиісті баптарының диспозициясының тармақтарында көрсетілген бірнеше саралау белгілері бойынша саралаған кезде жаза жеке әрбір тармақ бойынша емес, ҚК баптарының тиісті бөліктері бойынша бір рет тағайындалатынын назарға алу керек. Денсаулыққа қарсы қылмыстарды саралау.