Ес мынадай түрге бөлінеді.
1) Қимыл - қозғалыс есі дегеніміз - адам жасаған қимылдарды есте қалдыру мен қайта жаңғырту. Бұл ес қимылдық дағдылар мен әдетті қозғалыстар жасаудың негізіне алынады. Барлық тұрмыстық, спорттық және еңбек дағдылары қимылдық ес арқасында қалыптасады. Мысалы, коньки тебу, жазу, оқу, машинкада қағаз басу, машина жүргізу, турникке ойнау т.б.) қалыптастырудың негізі болып табылады.
2) Эмоциялық ес немесе сезім есі адамның басынан кешкен сезімдерін есте ұстайды. Естін бұл түрі туралы К. С. Станиславский: «Сіз бастан өткен жайтты еске алғанда қызарып, бозаруға қабілетті болсаңыз, баяғыда өтіп кеткен бақытсыздық жайлы ойлауға қорықсаңыз сізде «сезіну есі немесе эмоциялық ес болғаны» деп жазды.
3) Сөздік- логикалық немесе мағыналық ес – бұл сөз формасында айтылған айтылған ойды есте сақтап және ұстап, кейін қайта жаңғырту. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөздік- логикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады.
4) Бейнелендіру немесе елестету есі адамдардың түрлерін, табиғат суреттерін, жиһаздарды, музыкалық әуендерді, иіс, дәмдерді есте сақтауға, қайта жанғыртуға көмектеседі. Бейнелендіру есі барлық адамдарда бар, бірақ ол әсіресе суретшілерде (олар мысалы портрет немесе пейзаждарды еске сүйеніп- ақ сала алды), жазушы, актер, композитор, архитекторларда жақсы дамыған.
Адамның материалды қанша мерзімге сактай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ мерзімдік болып екіге болінеді.
Қысқа мерзімдік естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атайды. Оперативтік есте хабарды бірнеше секундтан бірнеше күнге дейінгі аралықта сақтауға бағытталған есті айтады. Бұл естің мәліметтерді сақтау мерзімі адамның алдына қойған мақсатымен айқындалады. Естің бұл түрі қысқа мерзімдік еспен ұзақ мерзімдік естің аралығындағы уақытты алады.
Қысқа мерзімдік ес адамда материалды аз уақыттан соң еске түсіруді мақсат тұтып, одан кейін сақтаудың қажеті жоқ деген жағдайда көрініс береді. Мысалы, кей оқушы материалды сабақта немесе емтиханда қайта жаңғырту мақсатында ғана оқиды да жауап беріп болған соң бірден ұмытады.
Ұзақ мерзімдік ес жаңа материал ұзақ уақыт, тіпті мәңгі есте сақталғанда көрініс береді. Есті қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік деп бөлудің дұрыстығы күнделікті өмірден де байқалады. Бір-ақ рет сөйлесуге қажетті телефон нөмірін біз бірнеше минут қана есте сақтаймыз да ұмытып қаламыз. Қысқа мерзімдік ес ұзақ мерзімдікке ауысуы мүмкің. Мысалы, біз ылғи пайдалана берген телефонның нөмірі есте берік сақталып қалады. Ал ұзақ мерзімдік ес бұл хабарды шексіз уақыт сақтауға қабілетті естің түрі. Ұзақ мерзімдік ес қорына түскен хабарды адам көп рет қайта жаңғырта алады. Ұзақ мерзімді есті қолдану кезінде кӛп жағдайда ойлау мен еріктің күші қажет болады.
Естің поцестері. Естің процестері есте сақтау, қайта жаңғырту, тану мен ұмыту.
Есте сақтау мақсатының болу, болмауына қарай есте сақтау ықтиярлыжәне ықтиярсыз болады.
Ықтиярсыз есте сақтау – бұл ойластырмай есте сақтау. Мұнда адам есте сақтауды мақсат тұтпайды, есте сақтау үшін күш те жұмсамайды, есте сақтауды қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер де қолданбайды. Мағлұмат өзінен-өзі есте сақталғандай болады. Жеке өмір оқиғалары, есте ықтиярсыз сақталады.
Басқа белгі бойынша ес негізіне жататын байланыстар сипаты бойынша есте сақтау механикалық және мағыналық болып бөлінеді.
Механикалық есте сақтау көп рет қайталау арқылы сыртқы байланыстарды нығайтуға негізделген.
Мағыналық есте сақтау жаңа мағлұмат пен бұрыннан таныс мағлұматтар арасында және соңғы мағлұмат бөлшектері арасында мағыналы байланыс жасауға негізделген.
Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту ықтиярсыз және ықтиярлы болып екіге бөлінеді.
Ықтиярсыз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Бейнелердің өздігінен, көбіне ассоциация бойынша керініс беріп, еске түсіру мақсатынсыз ойламаған жердей жанғыруын - ықтиярсыз қайта жаңғырту дейміз.
Ықтиярлы жаңғырту дегеніміз - бұрынғы ой, сезім, талап, әрекеттерді санада мақсатты түрде қалпына келтіру процесі. ЬІқтиярлы қайта жанғырту - әдейілеп еске түсіру. Оған адам өзінің ерік – күшін жұмсайды, арнайы әдіс – тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылданғандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады.
Тану. Қайта жаңғыртуды тану процесін ажырату керек. Тану – қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану- бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде кӛрінетін ес процесі. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, біреулер бұрынғы көргенін бірден қиналмай толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайды үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате танитын болады.
Мыту процесі - есте қалдыру процесіне қарама-қарсы процесс. Өмірге қажет емес нәрселерді ұмытып отыру – адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген ұсақ-түйектер мидың бір қалыпты жұмысын қиындатар еді. Ұмыту түрліше жағдайларда көрінуі мүмкін. Бірде ұмыту объектіні әдейілеп еске түсіруге, не тануға мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді бірде объектіні қате тану, не әдейілеп еске түсіре алмаудан болады. Егер біз бұрын есте қалған нәрселерді есімізге түсіре алмасақ, бұрынғы қабылдағандарды тани алмасақ бізде ұмытудың болғаны. Ұмыту бірнеше себептерге байланысты.
1. Ұмыту алға қойған мақсаттың анық болмауынан болады.
2.Қабылданған материал онша ашық, анық эмоциялы болмаса тез ұмытылады.
3. Есте қалдырылған материалды дұрыс түсінбеу.
4.Қайталау мен жаттығудың болмауынан және кеш ұйымдастырылуынан болады.
5. Материалдың керексіз болуы.
6. Адамның миына зақым келсе оңың ойлау қабілеті бұзылып, тез ұмытады. Ұмыту нерв қызметінің күйіне байланысты. Нерв жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда адамда ұмытшақтық күшті болады. Нерв жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездеседі. Мектепте мұғалімдер мұндай тежелулерді оқушыларда болдырмау үшін, сабақ кестелерінде ұқсас пәндердің қатар тұрмауын қадағалап, әр жастағы оқушылардың үй тапсырмаларының нормасы қатаң сақталынып, оқу әрекетін үнемі түрлендіріп отырулары керек.