Екция №11. Ақпараттық модель классификациясының дәрежелік көрнектілігі.
Ақпараттық модель көрнектілігі немесе көріністері жақынды шындық жағдайға, оператордың бейнесін түсінуге көмектеседі. Ақпараттық модель класының қасиеттеріне – үлкен мүмкіндікпен қабылдау қызметі және тұрақты, ашық көріністің арқасында ақпаратты беруі. Ал кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады: бағаны дәл қабылдау көрінісі көрермен талдағышының мүмкіндігімен шектелген ең қажетті параметрлер. Қазіргі уақытта ақпарат мінездемесіне қабылдау, формаларды табу және объект өлшемдері масштаб көріністері болып табылады.
Белгілік абстракциялық ақпараттық модельдің ең басты көзі, олардың адамдарға беретін ақпараттары өте жақсы формада көрсетіледі. Мұндай модельді құрудың ең басты элементі белгі болып табылады.
Объектінің өзге параметрлері белгілердің дискретті наборы түрінде көрінеді және олар бірдей уақытта немесе тізбектеліп беріледі. Ақпараттық модельдің абстракциялық кемшіліктері: көрнектілік образда жүйелік белгілердің қиын берілуі болып табылады. Бірақ-та мұндай модельдер, ақпаратты операторға жоғарғы дәлдікті беретін мүмкіндікті береді.
Абстракциялы – көрнектілік немесе графикалық ақпаратты модель екі мүмкіндікке ие: басқару объектісіне қарағанда мұндай модельдер абстракциялы, бірақ элемент түрі және құрастыру тәжірибесі көрнектілік болып табылады. Мұндай ақпараттық модель қасиеттері болып көріністермен бірге сәйкес келетін объект формасының барлық әдістерін іс-жүзінде талқылауға көмектеседі. Мұндай ақпараттық модельдің кемшілігі болып, өлшемнің бағасының дәлме-дәлдігін, графикалық көріністерін, көру жүйесінің мүмкіндіктерін шектеу.
Аралас және конбинирленген ақпараттық модель өзіне барлық жоғарғыдағы модельдердің жақсы жақтарын біріктіру арқылы алынады.
Мұндай ақпараттық модельдің ең көп таралған түрлері мыналар: мемосхемалар, карталар, көріністер, бақылау-өлшеу құралдары көмегімен алынатындар. Жағдайды көрсету қиын болғанда, күрделі құрылымды қажет ететін қарым-қатынастың жоғарғы санында мнемосхемалар қолданылады.
Карта өзімен бірге көріністердің комбинациясын, графикалық және белгі компоненттерінің комбинациясы арқылы карта құрылады. Тиімділік және сенімділік қабылдау және ақпаратты қайта өңдеу, картаны оқу барысында алатынымыз, көптеген параметрлерге байланысты: масштаб, түсті сәйкестік, торлы координаталар, белгілер өлшемі.
Бақылау-өлшеу құралдары негізінде құрылған ақпараттық модель ақпаратты бейнелеудің белгілік және графикалық тәсілдердің комбинациясын ұсынады.
Ақпараттық модельдерді жобалау
Ақпараттық модель оператор үшін шынайы жағдайдың түрін формалайтын ақпараттың көзі болып табылады, туындаған жағдайда талдайды, басқару сигналын шақырады, оның әрекетін жобалайды және басқарылмалы әрекетті бергеннен кейін жүйе жағдайын бақылайды. Сондықтан ақпараттық модельді жобалау сапасы барлық жүйелердің функциялау сапалылығын шешуші факторлардың бірі болып табылады.
Ақпараттық модельді жобалау ТС АБЖ-мен адам әрекетінің интерфейсін жобалаудың маңызды есептерінің бірі болып табылады. Ақпараттық модельді құру бейнелеу құрылымы мен құралдарын таңдау сияқты объект жайлы ақпаратты үлгілі және символды тілдерде адамға ұсынумен байланысты.
Ақпараттық модель оператордың оперативті ойлау әрекеті үшін ақпарат көзі болып табылады. Сондықтан ақпараттық модельді дұрыс жобалаған деп есептеуге болады, егер ол сәйкестік принципіне жауап берсе.
Сәйкестік принципі ақпараттық модельдің доминацияланатын оперативті үлгісіне толық сәйкестігіне жетумен негізделеді. Бұл кезде сәйкестік оператордың әрекетінің барлық периодында басқару есебін шешудің барлық сатыларында, этаптарында қамтамасыз етілуі керек.
параттық модельдерге және оларды орындау әдістеріне қойылатын жалпы талаптар. Бірінші талаптар ақпараттық модельдің мәліметтерінің дәрежелерімен байланысты.
Ақпараттық модель оператор мүмкіндіктерімен сәйкес болуы керек: ақпаратты қайта өңдеу және қабылдаудың өткізгіштік қасиеті, сенсорлық шектеулі көлемдермен және қысқа уақытта есте сақтау, ақпаратты қабылдау темптер және т.б.
Символдың барлық жиынтығы және белгілер, сондай-ақ алфавитке де байланысты, ақпараттық модельді құруда қолданылатын келесі талаптар қолданылады:
· Жағдай көрінісінің толықтығы;
· Қысқа және формаланған сигналдардың дәлдігі;
· Дұрыс және объект жайлы берілгендердің қателіктерінің қатыспауы;
· Басқа сигналдармен өзара байланысы;
· Мұндай бейне арқылы жағдай көрінісін көрсетуге қолданылатын сигналдардың жүйелік қабілетін, оларды әртүрлі аспектілерде операторлар қарауы үшін;
· Қолданылған баспа жағдайлары максималды жылдамдықты қамтамасыз етуі керек және оператормен ақпаратты қабылдау сенімділігі.
екция №12.
зара қатынас интерфейсінің сипаттамалары. Интерфейстің кесімділігі. «Кері байланыс» принципі. Интерфейс қарапайымдылығы. Интерфейс қасиеті. Интерфейсті құру ережелері.
Сапалы интерфейсті құру «пайдаланушы мүддесі бәрінен де артық» принципін және соған сәйкес бүкіл бағдарламалық өнімді құру әдістемесін іске асыруды қарастырады. Ағылшын тілді әдебиетте мұндай қарастыруды суреттеу үшін User-centered-Design (USD) – «жасалған пайдаланушыға арналған» термині қолданылады. Бәрінен басқа, бұл технология, интерфейсті ертерек жобалап, бағдарламалық өнімді құру кезінде ары қарай дамытуға негізделген.
Пайдаланушы интерфейсінің «жақсы» құрамы мынада – пайдаланушы бағдарламалық қамтаманы басқарып отырғанын байқайды, ал керісінше емес.
Интерфейс қарапайымдылығы.
Қарапайым интерфейс бұл – пайдаланушының үйреншікті шешу әдістерін өзгертпейтін интерфейс. Дербес жағдайда қосымша берген жауаптар мен хабарламалар қосымша түсініктемелерді қажет етпеуі тиіс. Аталмыш пәндік облыста қолданылатын белгілер мен терминдер жүйесін сақтап қалу орынды болады. Пайдаланушыға таныс суреттер мен түсініктерді қолдану тапсырмаларды орындау барысында интуитивті түсінікті интерфейсті қамтамасыз етеді.
Интерфейс кесімділігі. Кесімділік интерфейсі пайдаланушыларға білімдерін жаңа есептерге көшіруге және жаңа аспектілерді үйренуге мүмкіндік береді. Кесімділік интерфейстің барлық аспектілеріне маңызды. Оның ішінде команда аттары, ақпаратты визуалды түрде көрсету және интерактивті элементтердің тәртібі бар. Жасалынып отырған бағдарламалық қамтамада келісімділік қасиетін іске асыру үшін оның әртүрлі аспектілерін ескеру қажет.
Қосымшаның шеңберіндегі кесімділік.
Бір команда бір қызметті қай жерде кездескеніне қарамастан бірдей орындауы керек. Мысалы, егер бір диалог терезесінде «Көшіру» командасы сәйкес қызметті дереу орындауды білдірсе, онда басқа терезеде пайдаланушыдан көшіретін ақпараттың орны туралы қосымша көрсетуді талап етпеуі тиіс.
Жұмыс ортасы шеңберіндегі кесімділік.
Операциялық жүйемен (мысалы, OS Windows) берілген интерфейспен кесімділікті қолдай отырып, сіздің қосымшаңыз пайдаланушының басқа қосымшалармен жұмыс істегенде алған білімі мен дағдыларына сүйене алады. Екі деңгей ережесі N- деңгейлі диалог ережесіне дейін ұлғаюы мүмкін. Бірақ оның бірнеше кемшілігі бар:
1. дағдының біртіндеп жиналатыны туралы дәлел ескерілмейді;
2. пайдаланушы жүйесінің бір бөлігін жақсы біліп, бір бөлігін білмеуі мүмкін;
3. пайдаланушы өзінің дайындық деңгейін өзі айқындауы, баға берудің объективтілігін төмендетеді.
Толық бейімделу кезінде диалогтық жүйе пайдаланушының моделін соңғы оқыту барысында болған өзгертулер нәтижесіне байланысты құрастырады. Өз кезегінде пайдаланушының сипаттамасын анықтау мәселесі негізгі мәселе болып табылады. Оны шешу үшін сипаттама үшін нені пайдалану керектігін анықтау керек: пайдаланушының жауап беруге кеткен уақыты, оның қанша рет көмекке жүгінгенін немесе қате сипаты және сұралған көмек түрі.
Косметикалық бейімделу пайдаланушының жүйесін ескермей диалогтың иілгіштігін қамтамасыз етуі, бірақ дилогтың нақты стилін таңдамауы керек.
Мұндай бейімделуге келесі әдістерді қолдану арқылы жетуге болады:
– алдын ала келісім бойынша қабылданғандықты қолдану;
– қысқартуларды қолдану;
– жауаптарды озық енгізу;
– көпдеңгейлік көмек;
– көптілділік.
Алдын ала келісім бойынша қабылданғандықты қолдану. Оның мәні пайдаланушы өзгертпегенше жүйе қандай да бір параметрдің бастапқы мәнін қолданады. Бұл жағдайда жүйе бейімделуінің екі аспектісі орындалады:
Біріншіден, бастаушы пайдаланушы жүйесінің үндеместік түрде көптеген парамерлерін қолдануға мүмкіндігі бар. Екіншіден, жүйе көп қолданылатын немесе соңғы берілген мәндерді есте сақтай алады.
Бастаушы пайдаланушылар жеңілдігі үшін үндеместік түрде қолданылатын мәндер экранға жүйенің сәйкесінше сұрағымен терезеде шығарылуы мүмкін. Мысалы:«құжатты тіркеу күні?[ағымдағы]». Үндеместік түрде мән қабылдаудың ең кең тараған түрі – нолдік енгізу, яғни жүйе сұрағына жауап ретінде «Енгізу» батырмасын басу. Егер командалық тіл қолданылса, онда пайдаланушы үндеместік түрде қолданылатын параметрді өткізіп жібереді.
Қысқартуды қолдану команданың толық атының орнына кез келген мүмкін қысқартуларын, белгілеуін қарастырады. Жауаптарды озық енгізу идеясының негізі, пайдаланушы диалогтың кезекті жүрісінде бір ғана жауап емес, тізбектелген жауапты енгізуге мүмкіндігі бар.
Көпдеңгейлі көмек әдіс идеясында экранда басында бастапқы деңгей туралы ақпарат шығады, сонан соң пайдаланушы кілттік сөздің көмегімен төмен деңгейге өту арқылы алынған ақпаратты нақтылай алады. Осындай принциптерге гипермәтіндік жүйеге оқытатын қазіргі Help-жүйелердің көбі жұмыс істейді.
Көптілділік интерфейстің мағынасы мынадай: пайдаланушы қолданып отырған құрылғыларына байланысты емес, ал пайдаланушы берген және алған ақпараттар оның ана тілінің нормаларына сәйкес болуы қажет. Көптілділікті жүзеге асырудың мүмкін жолы – пайдаланушының қозғалысына жүйенің құралдар реакциясын құру (сұраныс–ақпараттар, көмек–ақпараттар, қателер туралы ақпарат). Ол бағдаламалау тілінің (құралдық құрылғылар) синтаксисінен жеке құрылады.
Интерфейстің эстетикалық тартымдылығы, визуалды компоненттерді жобалау бағдарламалық интерфейсті өңдеудің ең маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Пайдаланатын объектілерді мүлтіксіз визуалды түрде көрсету, әртүрлі объектілердің өзара қатынасы мен жүрісі туралы өте маңызды қосымша ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді, Әрбір эранда шыққан визуалды элементке пайдаланушы көңіл бөлуі қажет. Экранда берілген ақпаратты пайдаланушы түсініп қана қоймай, сонымен қатар, оның маңызды аспектілеріне көңіл бөлетіндей графикалық ортаны қалыптастыру қажет.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келіп, тиімді пайдаланушы интерфейсін құруға мүмкіндік беретін төмендегідей негізгі ережелерді қалыптастыруға болады:
· пайдаланушы интерфейсін жобалауды, қосымшаны құруда жеке кезең ретінде қарастыруға болады. Оның орындалуы мүмкін болғанша ерте басталғаны жөн;
· интерфейсті іске асыратын аппаратты-бағдарламалық құрылғылардың мүмкіндіктерін және ерекшеліктерін ескеру қажет;
· құрастырылып отырған қосымша кіретін пәндік облыстың ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескеру қажет;
· интерфейсті құрастыру процесі итерациялық түрде болуы қажет. Оның негізгі элементі болып алынған нәтиженің мүмкін пайдаланушымен келісуі болып табылады;
· интерфейсті іске асыру әдістері мен құрылғылары, оның пайдаланушының қажеттілігі мен сипаттамаларына бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Пайдаланушының «жақсы» интерфейсінің қасиеттері қандай?
2. Пайдаланушы интерфейсін жобалаудағы нақтыланған, толық және косметикалық бейімделулерге түсініктеме беріңіз.
3. Пайдаланушы интерфейстердегі үнемдеу принципі қалай қолданылады?
4. Пайдаланушы интерфейстердегі эстетикалық тартымдылық қалай іске асырылады?