Кәсіптің көп белгілі және көп деңгейлі психологиялық топтастырылуы

Еңбек әрекетінде түйсінудің барлық түрі – көру мен естуден дәм мен иіс сезуге дейін барлығы да қолданыста болады. Нақты адамның жүйке жүесінің типі оның барлық анализаторларының түйсінулерінің жалпы жалпы сипатына әсер етеді. Сезіну мен ажыратудың жылдамдығы жүйке процесінің қозғалмалылығы мен тепе-теңдігіне байланысты (жүйке процестері қозғалмалы адамдарда түйсіну жылдамдығы жоғарырақ, ал жүйке процестері аз қозғалмалы адамдарда дифференциациясы неғұрлым нақты және т.б.).Түйсіну деңгейінің тұрақтылығы жүйке процестері күшінің, олардың қозғалмалылығының және тепе-теңдігінің қандай болатындығына байланысты(қызба типте ол тұрақты емес,ал қызба емес типте инертті).Тітіркендіргіштердің рецепторларға ықпалы кезінде эмоционалды реактивтілік, әсіресе,жүйке процесінің күшіне тәуелді:әлсіз типте ол айқын көрінеді, инертті типте – азырақ.

Ажырату жылдамдығы, түйсіну деңгейінің тұрақтылығы және сол сияқты сапаларды қажет ететін мамандықтар үшін адамның мұндай сипаттағы тұрақтылығы мен мамандар іс-әрекетінің нәтижелілігін жоғарылататын нақты құрал – кәсіби таңдау болып табылады.

Кәсіби іс-әрекеттің көптеген түрлерінде жетістікке жету жолында сенсорлы процестердіңпроцестердің екінші сипаты – анализаторлардың сезімталдылық деңгейіүлкен маңызға ие.Адамның түйсіну түрлерінің дамуына тұрақтылық тән: нақты бір адам кеңістіктік айыру немесе сөздік есту аумағында сезімталдығы жоғары болуы мүмкін және осымен қоса түстерді ажырату немесе музыкалық ажырату сезімталдылығы төмен болуы мүмкін. Бұл ерекшеліктер анализаторлардың бірінің тума ерекшеліктерімен немесе ұзақ мерзімді кәсіби тәжірибенің негізінде қалыптасатын оның жетекші рөлімен байланысты болуы мүмкін. Олар ақпаратты қабылдаудың индивидуалды ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен қоса бейнелік ойлау, ес, қиялдағы қандай да бір бейнелер түрінің болуымен анықталады.

Бұл сипаттама қаншалықты тұрақты? Көптеген зерттеулер сенсорлық және перцептивтік мәселелердің шешілу нәтижелілігі арнайы дайындық немесе кәсіби тәжірибенің әсерінен сапалық жоғарылауын көрсетеді. Л.И.Селедская шлифовальшик жұмысшылардың дифференциалды көру табалдырықтарын зерттеді. Тәжірибелі шлифовальшиктердің ажырату сезімталдылығы қалыпты деңгейден 20 есе жоғары болды. В.И.Кауфман аурулардың жүрегі мен өкпесін үнемі тыңдайтын терапевт-дәрігерлерден; двигательдердің жағдайын анықтайтын авиа және авто механиктердің жоғары есту түйсінулерін анықтады. Н.К.Гусев дегустатор мамандарындағы дәм сезу анализаторларының абсолютті және көп түрлі түйсінудің жоғарылығын көрсеткен.

Тәжірибелі қорғасын балқытушылар Мартенковтық пештің қабырғаларының қызуы бойынша пештің температурасын тез әрі дәл анықтай алады. Температураның жоғарылауымен отқа төзімді материалдың түсі өзгереді: қызыл реңдер алқызылға, ал содан кейін ақшылға ауысады. Қызу температурасымен сипатталатын барлық нәзік реңдердің нақты бейнесі пештің барлық түстік реңдері жасалған арнайы сызбаны құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде пештің қабырға түсінің реңін бұдан да нақты көрсететін құрал жасалды. Бұл құралдың көмегімен оқушылар салыстырмалы қысқа мерзімде көп жылдық тәжірибесі бар тәжірибелі бақылаушылар сияқты түстерді ажыратуды үйренді

Басқа анализаторлардың аумағындағы көптеген зерттеулердің осы тұстағы нәтижелерін өз монографиясында Б.Г.Ананьев келтірді. Алайда мұндай зерттеулерде түйсік табалдырықтарының өзгеруі туралы жасалатын қорытындылардың көп жағдайда нақты дәлелі жоқ. Бір жағдайда табалдырықтардың өзгеруі жайлы қорытындыларға кәсіби маман мен жас маманды салыстыру негіз болады. Басқа жағдайда сенсорлық мәселелерді шешудің нәтижелілігі арнайы жаттығу процесінде жоғарылатылды, түйсінуді өлшеу жаттығуға дейін және кейін де жүргізілмеді, сондықтан табалдырықтардың өзгеруі туралы сенсорлы дағдыларды меңгеру кезінде болатын нәтижелердің жақсаруы негізінде қорытынды жасауға болады.

Сенсорлы дағдыларды зерттеушілер олардың сенсорлы коріністер(салыстыру эталондары) мен бейнелерді жасау әдістерін меңгеруден жинақталатындығын көрсетті. Я.К.Пономарьмен көрсетілген қызықты факт: егер тәжірибелі маман таныс емес техникадағы ақауларды табуы керек болса, ол дәл сондай , бірақ ақаусыз құралға жүгінеді, олардың ерекшеліктерін (көру, есту, кинестетикалық сигналдар) салыстырады. Зерттелушілер істейтін құралдың дыбысы бойынша ондағы ақауды анықтау мүмкіндігін беретін «техникалық дыбыс» деп аталатын қабылдаудың күрделі дағдылардың тәжірибелік қалыптасуын жүргізді және жоғары сезімталдылыққа ие емес зерттелушілердегі сенсорлы және перцептивті мәселелерді шешуді жылдам жақсарту мүмкіндігін дәлелдеді.

А.В.Филипов, Ю.А.Каликинский, Я.К.Пономарь және т.б. зерттеулері автоматизацияның нәтижесінде техниканың күрделену деңгейі бойынша маманның сенсорлы және перцептивті қасиеттеріне деген талаптар төмендеп қана қоймайды, сонымен қоса жоғары сенсорлы мәдениет талаптарына айналады. Сенсорлы мәдениеттің маңызды компоненттерінің бірі болып ойлау мен білімге негізделген қабылдаудың полианализаторлы мақсатты іс-әрекет – бақылау мәдениеті болып табылады. Бақылауды жүргізудің кәсіби ептілігі тұлға қасиеті сияқты бақылаушылықпен тығыз байланысты: ол осы қасиетке сүйенеді және сол кезде оны дамытады.

Зейіннің кәсіби маңызды қасиеттері – оның концентрациясының белсенділігі, тұрақтылық, ауысу шапшаңдығы, зейінді аудару кеңдігі іс-әрекеттің әр түрінде әртүрлі көрінеді. Жүргізуші мамандар үшін зейін шоғырландыру мен аударудың сипаты бірінші орынға қойылады, басты мақсаттары бақылау мен реттеу (корректор, радиолокатор операторы) болатын басқа мамандар үшін зейіннің тұрақтылығы неғұрлым үлкен маңызға ие.

Зейіннің барлық қасиеттері қандай да бір деңгейде болмасын жүйке жүйесінің типологиялық ерекшеліктерімен анықталады және сондықтан да аз өзгереді. Зейін ауыстыру жылдамдығы жүйке процесінің қозғалмалылығына байланысты. Анық болғандай жас ұлғайған сайын олардың қозғалмалылығы біршама төмендейді және зейінді ауыстыру жылдамдығының азаюын күтуге болады, бірақ ол тек кәсіби тәжірибеге сүйенбейтін жерде ғана.

Зейін тұрақтылығы қозу процесінің күшін анықтайды. Зертханалық тәжірибеде әлсіз қозу процесіне ие адамдарда Л.Б.Ермолаева-Томина ақыл-ой жұмысының қабілеттілігінің 30-35 минуттан кейін 2 есеге төмендегенін байқады. Ол жүйке жүйесінің күші үзақ мерзімге зейінді шоғырландыру мүмкіндігін байланыстыратын негізгі фактор екендігі және әлсіз қозу процесіне ие адамдарға «күштіге» қарағанда кәсіби мәселелерді шешу қиынырақ деген қорытындыға келді. Бұнымен қоса Ермолаева-Томина эмоционалды факторлардың толықтырушы маңызын және жүйелі зейінді шоғырландыруды қажет ететін еңбекке әдеттенуді баса айтады.

Шындығында да, зейіннің тұрақтылығын сақтау ұзақтығының, ауысу жылдамдығының берілген адам үшін тән екндігі туралы айтуға болады. Алайда, еңбек шартына байланысты бір адамдағы бұл қасиеттер кең көлемде болуы мүмкін. тКәсіби маңызды қасиеттің бірі де зейін қасиеті сияқты.осындай деңгейде сыртқы факторларға тәуелді емес. Бірқалыпты жүмыс, мәселен, зейін тұрақтылығына лезде әсер етеді, ал мазмұнды жұмыс пен оған деген жауапкершілік оның тұрақтылығын жоғарылатады. Онымен қоса, кәсіби оқыту процесіндегі арнайы жаттығулардың ешқайсысы да зейіннің индивидуалды қасиетінің жедел жақсаруын қамтамасыз ете алмайды, олардың негізінде жатқан жүйке процестерінің ерекшеліктері өте баяу өзгереді.

Мамандықтардың көпшілігі зейіннің жоғары болуын қажет етпейді. Алайда техниканың дамуымен қазіргі заман мамандықтарының (негізінен жүргізуші және оператор мамандары) бірқатарында қызмет көрсетуді талап ететін обьектілер көлемі бір адамның өзінің зейінін аударуы жеткіліксіз болатындай дәрежеде көбейді және сонда олардың кейбіреулерін бақылау не басқа адамға, не арнайы автоматтарға беріледі. Өмір белсенділігінің шапшандығымен ұшақтар мен автомобильдер жылдамдығының жоғарылауы; сондай-ақ апаттық жағдайларда іс-әрекет тұлғаның аттенционды қасиетін қажет ететін уақыт тығыз жағдайда жүреді. Іс-әрекеррің мұндай түрінде зейінді жетілдіру қажет және мүмкін. Бұл мүмкіндіктер аттенционды дағдылардың қалыптасуында және берілген іс-әрекет үшін зейінді ұйымдастыруды жақсы меңгеруде болып табылады.

Үлкен практикалық маңызға ие сұрақ:берілген еңбек процесінде зейін қандай мөлшерде және қандай обьектіге шоғырландырылады? Ең алдымен бұл қабылдау процесіне қандай сезім мүшелерінің қатысатындығына байланысты қажетті ақпаратты қабылдауда неғұрлым көп сезім мүшелері қатысатын болса, зейін аумағында соғұрлым көп обьектілер болуы мүмкін. Сондықтан үйрету кезінде түрлі обьектілерді қандай сезім мүшелерінің көмегімен бақылау керектігін анықтау маңызды , өйткені бір обьект түрлі әдістермен бақылануы мүмкін.

Көп обьектілер арасында зейін аударуды қажет ететін әрекеттерді орындау кезінде оның белгілі бір обьектілерге коцентрациясының деңгейі уақыт өте келе үздіксіз өзгереді. Зейінді аударудың ыңғайлы сызбасын жасау осы мағынаның және оның динамикасын есепке алуды ұсынады.

Практикада зейінді бір обьектіден екіншісіне аударудың неғұрлым пайдалы жағы қандай және оны ауыстырудың оптималды жылдамдығы қандай деген сұрақтар пайда болады. Зейінді ауыстыру сызбасын жасағанда түрлі обьектілердің мәнін есепке алу маңызды. Зейін неғұрлым маңызды обьектілерге маңыздылығы төменге қарағанда көбірек аударылуы қажет. Зейінді ауыстырудың дұрыс жылдамдығын да орнату қажет. Тым тез жылдамдық жұмысшыны шаршатады. Тым баяу ауысуда жағдайдың маңызды өзгерістерін жіберіп алуға болады. Сондықтан зейінді аудару жылдамдығы жағдайдың өзгеру мүмкіндігі деңгейіне байланысты.

Зейінді ұйымдастыру жүйесінің негізгі элементтерін қарастыра келе , А.В.Катаев зейінді еңбекте тәрбиелеу - бұл зейіннің жоғары қысымының өндірілуі немесе оның абстрактілі дамуы емес. Еңбек әрекетіндегізейінді дұрыс тәрбиелеу оқыту процесінде осы жүйені іс жүзінде меңгеруді және еңбек шарттары мен міндеттерін, машина ерекшеліктерін(технологиялар,құралдар) ескере отырып, еңбектің әр түрінде, әр операциясы мен әрекетінде оны ұйымдастырудың неғұрлым рационалды жүйесін құрудан тұрады.Іс-әрекеттің жаңа түрін меңгеруде немесе дәл сол іс-әрекетті жаңа жағдайда орындауда зейінді әрқашан ұйымдастыру жүйесінің қайта құрылуы жүреді. Осы көзқарас тұрғысынан қандай да бір еңбек түріне үйрету немесе жаңа техниканы қолдануды үйрену жұмысшының ол үшін зейінді ұйымдастырудың жаңа жүйесін меңгеруден тұрады.

Дәріс

Наши рекомендации