Кәсіби маманы болуда қажетті қабілеттің түрін талдаңыз
Қабілет– адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті.
Қабілеттілікті жіктеу:
1. Адамның кәсіби қызметінің түрлеріне қарай: инженерлік қабілеттілік, ғылыми қабілеттілік, көркемдік қабілеттілік.
2. Адам психикасының үш түрлі қызметіне қарай: коммуникативтік қабілеттілік, регулятивтік қабілеттілік, танымдық (когнитивтік) қабілеттілік.
Іштей сарапталуына қарай танымдық қабілет-тіліктің өзі мынандай түрлерге бөлінеді: білімді жинақтау (оқып-үйрену), білімді түрлендіру, жадта сақтау (шығармашылық, яғни креативтік), білімді қолдануға қажет интеллектуалдық қабілеттілік.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді.Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын кабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті, арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т.б. қабілеттерін жатқызуға болады.
Ал магистранттар болашақ педагогтер болғандықтан, олар аталмыш салада кәсіби маман болуы үшін төмендегідей қабілеттіктерге ие болуы шарт:
Педагогикалық қабілеттер — мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады: гностикалық (танып білу және одан ләззат ала білу), дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұймыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі).
49.Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігін дәлелдеңіз Қарым-қатынаста комплимент айтудың маңызы зор. Комплимент пен жағымпаздыққа ортақ ешнәрсе жоқ, себебі кез-келген адамда мақтауға тұрарлықтай қасиеттер болады. Соны байқап, бағалап ашық түрде жеткізе білу – комплимент айту шеберлігі б.т. Комплимент адамға деген жылы қарым-қатынастың көрінісі. Ол басқа адамдардың жақсы жақтары мен қабілеттерін тауып, оны ары қарай дамытуға ықпал жасайды. Адамның өз-өзіне деген сенімі мен өзін-өзі бағалауы жоғарылайды. Адамдар комплимент сияқты мақтау сөздерді әрқашан қажет етеді. Т.Пейн «Бір-екі жылы сөз адамды бақытты етсе, оны бұндай бақыттан бас тартқызу үшін оңбаған болу керек» деген.
Комплимент екідайлы мағынасыз болу керек. Асыра айту, ақыл айту, түзетуді комплимент айту кезінде қолданбаған жөн. Комплиментті ұялмай, жасанды көрінбес үшін сенімді тонмен айту керек. Оны айтудың уақытын дұрыс таңдаңған жөн. Сонымен қатар қайталанбайтындай оригиналды болғаны жөн, жаттанды сөздер адамда теріс эмоция туындатуы мүмкін. Әрқашан комплимент пен жағымпаздықты ажырата біліңіз.
Сонымен комплимент айтудың мақсаты – әңгімелесушінің көңілін көтеру, ары-қарайғы сізбен серіктестікке жол ашу. Мақтау – әңгімелесушінің қасиеттеріне жағымды баға беру. Әр адам мақтауды қажет етеді.
Комплимент айтудың психологиялық ережелері: сұхбаттасушының ішкі жан дүниесіне назар аударыңыз; сұхбаттасушының жасырын артықшылықтарына назар аударыңыз; комплименттің шынайылығы; комплимент жалпы емес барынша нақты болуы керек;
Комплименттің көптеген функциялары бар:
1. Комплимент айтылатын адамның көңілін көтеру. Кез-келген адам жасы да кәрісі де, әйел адам да ер адам да оларға сүйсініп қарағанды ұнатады. Комплимент бағытталып тұрған адамның ғана емес, айтып тұрған адамның да көңіл-күйін көтереді.
2.Комплименттің көмегімен адамға кейбір жоқ немесе әлсіз көрінетін қасиеттердің бар екенін сендіруге болады, немесе кейбір кемшілігін жөндеуге болады, мысалы ұқыпсыздық. Ол үшін оны осы бағыттағы кіші болса да жақсы нәтижелері үшін мақтау керек.
3. Жалпы алғанда комплимент – қарым-қатынас элементі. Комплименттің көмегімен қарым-қатынасты түзетуге, дұшпанмен достасуға болады. Егер күйеуі әйеліне жиі комплимент айтып отырса бұндай отбасында ұрыс-керіс ықтималдығы өте төмен болады.