Г) делириозды бұзылыс

Д) галлюцинаторлы бұзылыс

74. 75 жастағы әйел, ми қантамырларының атеросклерозымен зардап шегеді, жалпы дәрменсіздікке, бас ауыруына, құлақтарындағы шуылға шағымданады. Көңіл-күйі жабырқаулы, тежелген, “күнәhармын, өмір сүруге хақым жоқ” деп есептейді, түзетуге келмейді. Суицидальды әрекет бақыланған. Ипохондриялы, астенизирленген.

Қандай болжам диагноз ТӘН?

А) ипохондриялық сандырақ

Б) астениялық синдром

В) депрессивті синдром

Г) депрессивті-сандырақтық синдром

Д) өзін-өзі кінәлау сандырағы

75. 73 жастағы ер адам, бас-ми тамырларының атеросклерозымен зардап шегеді, бөлімшеде тұйық, сезікті. «Мүлікке ие болу үшін мені аңдиды, уландырғысы келеді», деген ойлар айтады. Науқастардан, әсіресе өзіне келушілерден қашқақтайды. Палатада науқастардың арасында «жалдап жіберілген адамдар» бар деп есептейді. Бұл ойды олардың айтқан әңгімелерінен жорамалдайды, «өзіне бағытталған қауіпті сөздерді естиді». Науқастар палатада өздері сөйлесіп отырады, ал ол кіргенде олар тынышталып қалатын сияқты көрінеді. Өзін жазаламас бұрын ауруханадан тезірек шығаруын өтінеді.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) парафренді синдром

Б) интермеморфозды сандырақ

В) параноидты синдром

Г) паранойялды синдром

Д) Кандинский-Клерамбо синдромы

76. Төменде көрсетілген симптомдардың барлығы алкоголизмнің бастапқы сатысына тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А) құсу рефлексінің болуы

Б) алкогольге обсессивті әуестік

В) қызғану сандырағы

Г) палимпсесттер болуы

Д) мастану сипатының өзгеруі

77. 40 жастағы әйел ажырасқаннан кейін апатиялы жағдайда. Жалпы дімкәстікке, өмірге деген қызығушылығын жоғалтуына, бітпес қайғыға, уайымға шағымданады. Жұмысқа еңбек ету үшін және балаларын асырау үшін барады, бірақ қандай-да бір талпынысы мен қызығушылығы жоқ. Оның айтуы бойынша негізгі мәселесі ажырасқаннан кейін қалай өмір сүретінін білмейді, критикалы көзқарас сақталған.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) жедел депрессивті жағдай

Б) апатиялық депрессия

В) невротикалық депрессия

Г) реактивті жағдай

Д) неврастения

78. 59 жастағы әйел, мамандығы экономист, ұзақ уақыт холецистит және қант диабетімен зардап шеккен. Күйеуінің өлімінен бір жыл өткен соң, дәрігерге тез шаршағыштық, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, басының айналуына, профессиональды қызметін атқара алмауына, эмоциональды лабильділікке шағымданып келген.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) бас-миының дегенеративті аурулары

Б) реактивті психоз

В) прогрессивті салдану

Г)ми тамырларының зақымдануы

Д) ми ісігі

79. 59 жастағы ер адамның соңғы жылдары мінезі өзгерді. Міншіл, сараң болды, жиі ақша санайды, әлсіздікке және есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Тез ренжігіш және жасаурағыш.

Қандай болжам диагноз ТӘН?

А) психопатия

Б) атеросклерозды ақыл-кемістігі

В) алкоголизм

Г) шизофрения

Д) эпилепсия

80. 43 жастағы ер адам, ғылыми қызметкер, ешбір себепсіз мінез-құлқы өзгерді: күнделікті көңіл-күйі көтеріңкі, өз балалары мен бөтен адамдардан ұялмай, жыныстық қабілеттілігімен мақтанды, өз жұмысын меңгере алмайтын болды, ештеңемен шұғылданбайды, өзін аурумын деп санамайды

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) псевдодеменция

Б) концентриялық деменция

В) маниакальді жағдай

Г) тотальді деменция

Д) лакунарлы деменция

81. 37 жастағы ер адам соңғы 3 айдан бері қозу жағдайында, тежеусізденген, әйелдерге ибасыз комплементтер айтады. Күнде көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, анық сөйлемейді, жөнсіз қалжыңдайды. Қарапайым есепте қателіктер жібереді, бірақ мақал-мәтелдерді тікелей талдайды. Өз жағдайына сыни көзқарас жоқ.

Диагнозды қорытындылау үшін қандай қосымша зарттеуді жүргізу КЕРЕК?

А) электроэнцефалография

Б) Вассерман реакциясы

В) психологиялық зерттеу

Г) реоэнцефалография

Д) қандағы тиреотропты гормонды анықтау

82. 19 жастағы шұғыл әскери қызметтегі солдат, әскери кезекшілікте тұрғанда аяқ астынан қаруын жерге лақтырып, киімдерін үстінен шеше бастаған, ол жасалған ескертуге мән берген жоқ. 3 минуттан кейін өз-өзіне келіп, үстіндегі шешілген киіміне таң қалды.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) психикалық автоматизм

Б) онейройдты синдром

В) аффективті бұзылыстар

Наши рекомендации