Тақырыбы: "Көңіл-күйім неге ұқсайды?".

Мақсаты:Өз көңіл-күйін ауа-райына баламалай айтуға үйрету. Барысы:Қатысушылар кезектесіп өзінің бүгінгі көңіл-күйін табиғат құбылыстарына, жыл мезгілдеріне, ауа-райына ұқсатып айтады. Бірінші қатысушы: "Менің көңіл күйім ашық, көк аспандағы аппақ, жұмсақ бұлтқа ұқсайды, (көршісіне қарап) ал сенікі ше?" Келесі - "өте жақсы" деп, өзінің көңіл-күйін айтып, ары қарай жаттығу жалғасып кете береді. Соңында жүргізуші барлығынан - "Бүгін біздің топтың көңіл-күйі қандай екен? - көңілді ме, қуанышты ма, болмаса көңілсіз бе? - деп сұрайды.

Ескерту: Жүргізуші балалардың жауабын бақылап тұрады. Егер жауаптары нашар - ауа-райы суық, нөсерлі жаңбыр, қара түнек аспан т.с.с. болса, мұндай ашу элементтері қолайсыз (жағымсыз) эмоционалды жағдайды көрсетеді. Бірақ мұны балаларға нашар деп айтудың қажеті жоқ.

Тақырыбы: Көңіл күйіміздің суретін саламыз. Қажетті заттар:Суланған қағаз, түрлі-түсті бояу. Барысы:Балаға өз көңіл-күйінің суретін салуын сұраймыз, жанына анасының, әкесінің, інісінің т.б. көңіл-күйін де бейнелеуге болатынын түсіндіреміз. Жүргізуші баланың жұмысына араласпай бақылап отырады. Ашық түсіне, бояудың қоюлығына, суреттің түсіне қарай анықтаймыз. Тұйық түстер -бұл алаңдатарлықтай жайды байқатады.

Тақырыбы: "Көзімізді түйістіріп"

Мақсаты:Сезім арқылы өзгенің ішкі дүниесін түсіне білу. Барысы:Балалар жұп-жұп болып бөлініп қолдарынан ұстасып тұрады. Жүргізуші: Үндемей бір-біріміздің көзімізге қарап, қолымызбен сезініп, - "Мен көңілдімін, кәне ойнайық", "Мен сенімен достасқым келеді!" т.с.с. ойларымызды сезім арқылы жіберіп, оны қалай қабылдағанымыз жайында әңгімелеп, ойымызды бөлісеміз.

Тақырыбы: "Амандасу - сәлемдесу".

Мақсаты:Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын жасау. Барысы:Балалар жүргізушімен бірге шеңбер жасап отырады. Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады. « Қайырлы таң, Асқар! (күліп, басын изеу)

Қайырлы таң...! (жүргізушінің атын атайды)

Қайырлы таң ...! (шеңбер бойымен балалар бір-бірінің аттарын атап шығады)

Қайырлы таң, аспан! (жоғарыдағы қимылдарды жасап қайталайды).

Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге! (балалар қолдарын жандарына жайып, кейін түсіреді).

Тақырыбы: "Ұжымдық сурет"

Мақсаты:Балалардың бір-біріне деген жылы сезімін оятып, қиялын дамыту.

Қажетті заттар:Плакат, түрлі-түсті бояулар.

Барысы:Қағаз бетіне әр қатысушы алдын-ала дайындап алған оқиғаны (күлкі ханы, әуедегі бал, теңіз түбіндегі өмір, таңертеңгі орман кейпі, т.б.) суреттейді. Сосын барлығы өзінің суретінің атын атап, осы бүкіл суреттерді байланыстырып бір оқиға немесе ертегі ойлап шығарады.

Тақырыбы: "Құпия".

Мақсаты:Өзара тіл табысуға,бөлісе білуге үйрету. Барысы:Жүргізуші әдемі қорапшадан қатысушылардың бәріне құпия сыйлық (түйме, моншақ, сағат, сырға, т.б.) тарту етеді. Сыйлықты көршілеріне көрсетпей алақанына салып, жүдырықпен жұмып тұрады. Бір-біріне не нәрсе берілгенін білгісі келген қатысушылар бөлменің ішінде жүріп, келіссөзге келе бастайды.

Ескерту: Жүргізуші бір-бірімен құпиясын алмасып, келіссөзге келуін бақылап тұрады. Келісе алмай тұрған балаға, әрқайсысымен тіл табысуына көмектеседі.

Орытынды

Адам психикасының қайнар көзі - қарым-қатынас екендігі тек біздің зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауында ғана дәлелденіп қойған жоқ, сондай-ақ қарым-қатынас жасау стилі мен технологиясының да адам психикасына зор әсер ететіндігі жан-жақты ашылып отыр.

Мектепке дейінгі мекеме тәжірибесінде ең көп кездесетін жағдай -балалардың ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне байланысты балалардың өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктер. Мұнда да айтылатын мәселе қарым-қатынас жасау технологиясы баланың ақыл-ойы мен сабақ үлгеріміне тікелей байланысты.

Курстық жұмысымызда қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың өзіне тән жеке даралық психологиялық өзгешеліктеріне сипаттама берілді. Ақыл-ойы енжар балалардың психологиясына сипаттама беру барысында расында да бұл балалардың қарым-қатынаста едәуір қиналатынын, өзіне сенімсіздік басқалармен қатынас жасауына кедергі жасайтынын, сондай-ақ ондай балаларды құрбылары шектететіндігін сипаттайды.

Оқшауланған баланың себептері түрлі болатындығын біздің зерттеулерімізден аңғаруға болады. Бірінші кезекте әлеуметтік оқшаланудың бір түрі - балада қорқыныш пен қобалжу кезінде көрінетін ұяңдық. Оның мотивациясы әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімімен байланысты. Әлеуметтік оқшауланудың келесі формасы - тұйықтық. Мұның мотиві болып жаңа жағдайға және әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімі табылады. Бұл жақындау және алшақтау мотивтерінің күресі негізіндегі құрылған ішкі конфликт.

Ерте шақта бала мінезіндегі тежелу, яғни басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуден бас тартуға тырысушылық зерттеулер көрсеткендей оның темпераментінің ерекшелігіне байланысты, әрі темпераментінің бауыр басу типімен өзара әрекет функциясына тәуелді болады.

Алынған мәліметтерді сараптай отырып баланың әлеуметтік жағдайына, яғни топта алатын орнына әсер ететін тағы бір фокторын бөліп алуға болады. Ол - нәрестенің өз белсенділігінің реттеуге қабілеті және икемділігі.

Балалар арасындағы баланың әлеуметтік жағдайына, яғни топта алатын орны мен топтан тыс қалуына әсер ететін тағы бір фоктор -конфликтер. Оның ішіндегі келіспеушіліктердің бірі лидерлікке үмтылыс немесе лидерлік конфликті. Мұнда екі-үш лидерлердің және олардың топтарының топтағы біріншілік беделіне таласуы. Орта топтарда қыздардың тобымен үлдар тобының арасындағы келіспеушіліктері жиі болып тұрады. Үш-төрт жасөспірімдердің бүкіл топ немесе бір баланың бүкіл топ балаларымен конфликтке түсуі мүмкін.

О.Ситковская, О.Михайлова сияқты психологтардың бақылауынша лидерлікке жол, әсіресе жасөспірімдер ортасында, қатыгездік, мейірімсіздік, өзінің біріншілігін көрсету немесе демонстрациялау - топтан тыс қалудың немесе балалардың келіспеушілікті балалармен қарым-қатынас жасаудан қашқақтайтынын көрсетеді.

Қорытындылай келе, топтан оқшауланған балаларға психологиялық көмек көрсетпес бұрын, оқшауланған баланы анықтап алу, оның ұжымнан шектелу себептерін жан-жақты анықтап алу міндеті тұрады. Біздің екінші тарауымыздағы материалдар бұл міндетті шешудің бірден-бір жолы деп сенеміз.

Мектепке дейінгі мекеме балалары арасындағы қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық көмек көрсету істеріне, келіспеушіліктердің алдын-алу әрекеттеріне мектепке дейінгі мекеметегі жақсы оқу тәрбие беру ұйымының болуы, тәртіптің болуы, балалардың қарым-қатынасқа түсуінің қиын жағдайларында тәрбиешінің белсенді көмек беруі негізгі роль атқарады. Бүдан басқа, балалардың келіспеушіліктерді шешу және басқара білуіне дағдылану үшін мектепке дейінгі мекеметерде балаларға арнайы оқытатын жоғарыдағы бағдарламаларды қолдануға болады.

Қарым-қатынастың бұзылуы, жанжалдасушылық пен оқшауланушылық баланың қоршаған ортаға нашар бейімделуінің белгісі.

Егер тәрбиеші балаларға дұрыс тәрбие беріп, білімдерін жоғарылатамын десе, онда ең бірінші кезекте балалардың өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ тәрбиеші мен бала арасындағы қарым-қатынасты реттеп алған жөн.

Олай болса, біз әрбір сабақта, балалармен бірлесе жұмыс жүргізу барысында балаларды тату болуға, бірігуге үйрететін, басқаларды түсінуге, қолдауға көмектесетін ойындар мен жаттығуларды тиімді қолданудың жолдарын білуіміз керек.

Қарым-қатынасты жақсартуға арналған тапсырма мен ойындарға қатысушылардың көп болуы соғұрлым нәтижелі бола түседі. Кейбір жаттығуларды ата-аналар өз балаларымен бірге орындай алса, ал көпшілік бөлігі құрдастары, достарымен бірге ойналатын болады. Сондықтан төменде көрсетілетін ойындар мен жаттығуларды өткізбес бұрын, оны жүргізетін орындарды ұйымдастырып алған жөн. Балаларға арнап мерекелер мен ойын-сауықтарды жиі-жиі ұйымдастырып, оларға көбірек көңіл бөлу -тәрбиеші іс-әрекетін жандандыра түседі.

Наши рекомендации