Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері.

Қолданбалы жүйенің диалогтық компоненті. Программалық қосымшасы бар диалог алгоритмінің сұлбасы. Диалогтың түрлері. Қарым-қатынас сценариі. Диалогтың құрылымдары.

Қолданбалы диалогтық жүйеде екі функционалдық компонетті көрсетуге болады:

- өзіндік қолданбалы жүйе, пайдаланушы сонымен жұмыс жасайды.

- диалогтық компонент, пайдаланушы мен қолданбалы жүйенің арасындағы диалогты басқарады.

Қолданбалы жүйеге мысалына, өзінің кәсіби қызығушылығымен ЭЕМ пайдаланушылары жұмыс істейтін барлық жүйелер жатады. Олар: әр түрлі басқарудың автоматтандырылған жүйелері, автоматтандырылған жобалар жүйелері, қолданбалы программалар пакеттері және т.б. Бұл жүйелер диалог нақты пәндік облысының терминінде жүретіндігімен сипатталады және пайдаланушы шығыста соңғы қорытынды алады. Ол программаның қосымшасымен тіл табысудағы мақсаты. Кейбір жүйелер тек диалогтық емес, сонымен қатар пакеттік режимде де жұмыс істей алады. Бұл жағдайда соңғы қорытындының семантикасы қолданған жұмыс режиміне байланысты емес. Диалогтық компонент қолданбалы жүйенің қондырмасы болып табылады және пайдаланушы қиын жұмыстардың түп нұсқасын білуге көмектеседі, ол үшін оған сәйкес лингвистикалық формалар жиынтығын пайдалануға мүмкіндік береді. Диалог бұл жағдайда терминдік диалогтық жүйеде жүреді және метадиалог деп аталады. Қолданған терминология қиындық облысына бағынбайды. Дамыған метадиалог - қолданбалы жүйеде, тек қиын облыспен таныс пайдаланушыға, диалогты жүйемен алдын ала таныспай-ақ керекті қорытынды алуға мүмкіндік береді. Сондықтан, қолданбалы жүйенің кең таралуы, оның диалогтық қондырмасының сапасына байланысты болады.

Диалогтық жүйеде, екі компонентті программаның қосымшасы бар, диалог алгоритмнің жалпыланған сұлбасы 3-ші суретте көрсетілген.

Сонымен қатар алгоритм сұлбасының бұтақтарының бірінен бір рет жүріп өтуі «Басы»-блогынан «Соңы»-на дейін немесе алгоритм сұлбасының басына қайтіп келуін диалогтың қадамы немесе транзакция деп аталады. Диалогтың қадамы адамның ЭЕМ-мен белсенді жұмыс істеуімен сипатталынады. Жүйенің кіріс хабарламаны қабылдауы 2 кезеңнен тұрады:

синтаксистік сараптау – ақпарат енгізілген формалардың сәйкестігін тексеру.

семантикалық талдау – кіріс ақпаратының мағынасын, жүйенің жақын арадағы тапсырмасын анықтау және оның процедуралық бөлімнің қазіргі жағдайдағы орындалу мүмкіндіктерін сараптау.

Қаралған тізбек жүйенің шығыс ақпаратын шығуынан басталады. Қарым-қатынасты ұйымдастырушы жүйенің өзі болып табылады. Берілген тізбектен басқа, диалогта инициативаны үлестірудің 2 формасы белгілі: пайдаланушыға тиесілі инициатива (пайдаланушы командалар мен сұраныстар арқылы жүйенің жұмысын өзі басқарады) және аралас инициатива (басқару сигналдары көмегімен инициативаны қайтадан үлестіруді қарастырады, оның көмегімен пайдаланушы программаның процедуралық, сонымен қатар диалогтық бөлімдердің орындалуын үзуге және ЭЕМ-ді өзінің командасын күту жағдайына аудара алады).

Ақпарат сипаттамасы бойынша кіріс және шығыс хабарламасының құрамын екі типке бөлуге болады;

- басқарушы, транзакция нәтижесінде жүйенің қызметі және жұмысымен басқару орындалады (осы мақсатқа, сонымен қатар, басқарушы сигналдар қолданылады );

- ақпараттық, міндетті тапсырманы шешу үшін,оның барысында жүйеге мәліметтер енгізіледі.

Пайдаланушының санынан байланысты, диалогтық жүйе жекепайдаланушылық (бір ғана пайдаланушыға арналған) және көппайдаланушылық (жүйе ресурстарына ұжымдық қатынас жасау) болуы мүмкін..

Диалогтың транзакциясын жүзеге асыру үшін келесі формалар қолданылады:

- синтаксикалық шектеу (меню, шаблон бойынша жауаптары бар тапсырыс, ия\жоқ жауабы бар сұраныс);

- директивалық (командалар);

- фразалық (шектелген қарапайым тілде әрекеттесу);

- обьектті – бағытталған.

- Диалогтық жүйені тез игеру үшін пайдаланушыға диалогтың негізгі кезеңдері мен жүзеге асыру формасын білу қажет. Адами–машиналық ортада диалогтың келесі түрі көп қолданылады:

- меню; - сұрақтар, ия\жоқ жауабын сұрайды; - шаблон;

- қарапайым сұраныс; - команда; - қарапайым тілде әрекет ету.

Қолданбалы жүйе
Методиалог
Диалогтың соңы
Түсінікті
Дұрыс
Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru

Өзара қатынас сценарийі

ЭЕМ–мен адам-оператордың өзара қатынасы, әдетте диалогтың белгілі бір сценарийіне бағынады. Диалог сценарийі программалық жүйемен оператордың өзара қатынасы алгоритмін көрсетеді. БжАӨЖА алдында тұрған тапсырмалардан шыға келе, басқару процес кезінде адамның мінездемесі мен функциясын, ақпараттық құралдарының бейнесін алуда техникалық мүмкіндіктерді жобалайды. Диалог сценарийі диалогтық әрекеттесудің бөлшектік сипатамасын білдіреді, ол диалог құрылымы түрінде, сонымен қатар, ақпараттық және операциондық модель беріледі. Формальдық түрде сценарий келесі түрде анықталады:

D=<S, A, C, R, G, I, O>,

Мұндағы S- жағдайдың жиыны; А- операция жиыны; C=Q U F – шарттар жиыны (Q- кіріс шарттарының жиыны, F- программалық шарттардың жиыны); R – шығыс хабарламалардың жиыны; G: SxC Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru S - диалог графы; I:{S Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru R; SxC Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru R} – диалогтың ақпараттық моделі; Q: {S Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru A; SxC Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru A} –диалогтың операциялық моделі.

Диалог кіріспесі сценарий келісімімен диалог интерпретациясы деп аталады. Сценарийдің графикалық бейнесі алгоритмдеу тіліндегі блок-схеманы еске түсіреді. Ол бұтақталу элементтерінен, хабарлама қарапайым конструкциясы сценарий түйіні деп аталады.

Жобалау кезінде диалог сценариі программалық жүйемен пайдаланушының өзара қатынасы кілттік түсінік деп аталады. Ол диалогтық өзара қатынас құру процесін формальдауға және пайдаланушының жүйемен қатынас процедураларына талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Сценарийдің негізгі құрамды бөлімін қарастырайық – диалогтың құрылымы. Ол өзара қатынас процессін толығымен көрсетеді. Диалог құрылымы – пайдаланушының диалогтық жүйемен қатынас процесс кезінде қол жеткізілген диалог жағдайының байланысқан жиынтығы. Диалог жағдайы үш компонентпен сипатталады: диалог формасы; пайдаланушыға ұсынылған жүйе функциясының жиынтығы; диалогтың тарихы. Диалог құрылымының негізгі графикалық ұсынылуы- жағдайдың диаграммасы- бағытталған және салмақталған граф. Әрбір графтың төбесі белгілі диалог жағдайына сәйкес келеді, ал оның доғасы жағдайдың ауысуын анықтайды. Төбе мен доғаның салмағы диалог мазмұнын сипаттайды: программалық операциялар мен шарттарды орындайтын кіріс пен шығыс хабарламалар.Диалог графының бір төбеден екіншісіне өту диалогтың бір транзакциясына сәйкес келеді. Өтпелердің еркінше тізбегі пайдаланушы мен жүйенің арасындағы қатынас сеансын орнатады. Егер де қателік бойынша өтпелер мен шалулар ескерілмесе, онда диалогтың үш құрылымынын белгілеуге болады: сызықтық, тораптық және ағаш тәрізді. (4-сурет).

 
  Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru

Сызықтық құрылым Ағаш тәрізді құрылым Тораптық құрылым

4-ші сурет.

Диалогты меню түрінде қарастырайық.

Меню – көп таралғанған диалог үрі. Шақыру алдында жүйе диалогты инициалдайды. Сондықтан диалог қадамы жүйенің кіріс хабарламаны берілуімен басталады. Шығыс хабарламаның пайдаланушымен берілуінен кейін және оның жүйемен өнделген соң диалог қадамы аяқталынады.

Аталмыш диалог түрінің машиналық орындалуының бірнеше түрі болуы мүмкін. Барлық жағдайда кіріс хабарламасы ретінде экран дисплейінде жүйе функциясының ішкі жиындары жарықтанады (әдетте, нөмірленген), олардың орындалуы диалогтың ағымдық жағдайында болуы мүмкін. Бұндай кіріс хабарламаны меню деп атайтын боламыз.

Пайдаланушы талап етілетін функцияны келесі негізгі әдістердің бірінен таңдай алады:

1. талап етілген директива жинағымен немесе қысқартылғн атаулармен;

2. таңдалған директиваның нөмер жинағымен;

3. талап етілетін директиваның экран жолына курсорды орналастыру;

4. экрандағы жолға сәйкес келетін фотоселекторды басумен;

Графикалық диалогты граф түрінде көрсетуге болады. Граф түйіндері жүйе функциясының ішкі жиынына сәйкес келеді, ал төмен қарай бағытталған оның доғалары пайдаланушының альтернативіне тең болуы мүмкін. Бұл жағдайда доғалар саны ұсынылып отырған жүйе функциясының санына тең. Доға шығатын төбесімен бірге, диалог қадамына тең болады. Ағаштың жоғарғы түйіні (түбір) жүйенің бастапқы хабарламасына тең. 5-ші суретте меню диалог графы ағаш түрінде келтірілген. Ағаштың түбірі және одан шығатын доғалар диалог қадамына тең. Диалог қадамының кейбір орындалуынан кейін жүйе тікбұрыштармен көрсетілген меню жарықтанады. Меню ағаш графымен қолданбалы жүйе бағытымен төмен қозғалу, “тиеу” деп аталады. Функцияның орындалуы үшін, граф ағашының көршілес бұтақтарына сәйкес, қолданбалы жүйемен жұмыс кезінде “жүзіп шығу” механизмі қолданылады. Оны екі тәсілмен орындауға болады:

· Тізбектелген қозғалыспен графтың доғасымен жоғары қарай түйінге дейін, яғни берілген функцияның құрамындағы немесе оның түйіндеріндегі, “”тиеу” механизмін қолдана отырып одан өтуге;

·

 
  Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru

Диалог граф ағашының түбіріне келесі тиеумен өтумен;

5-сурет

Графикалық екінші әдіс граф доғасының ағаш биіктігіне бағытталған әрбір түйіндегі нақтылыққа сәйкес келеді. Доғалалдың бірі 3-ші суретте қарайтылған сызықпен көрсетілген.

Ия\жоқ жауабын талап ететін сұрақтар формасындағы диалог типі диалогтың “меню” жиі жағдайы болып табылады, диалог қадамында қашан; пайдаланушы альтернативі ретінде екі жауап болады: Ия және Жоқ.

 
  Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru

Қарастырылып отырылған диалог типінің графикалық интерпретациясы 6-шы суретте бейнеленген.

6-шы сурет.

Бұл бинарлық ағаш графы, әрбір түйінінен екі бұтақтан төмен шығады (қолданбалы жүйеге). “Тиеу” және “Жүзіп шығу” диалогтың бұл түрінде менюге ұқсас болып келеді. Берілген диалог түрінде қолданбалы жүйемен жұмыс үшін әдетте “меню” түріндегіден көп қадам жасау керек. Берілген диалог түрінің негізгі артықшылығы - диалогтың әрбір жеке қадамының орындалуының қарапайымдылығы болып табылады.

Шаблон – бұл диалог жүйесімен инициалданған, оның әрбір қадамында жүйе пайдаланушының сәйкес берілген форматтағы тек синтактикалық шектелген кіріс хабарламаны ғана қабылдайды. Менюдегі секілді диалогты жүйе бастайды. Диалогтың берілген түрін параметрлік жүйе деп аталады. Пайдаланушының жауап беруі дисплейдегі оған ұсынылған форматтарымен шектелген болуы мүмкін. Сондықтан жүйенің мұндай түрдегі диалогпен қолдану салыстырмалы түрде сондай жоғары емес, алайда оның операциялық күрделілігі жеткілікті төмен.

Мұндай түрдегі диалогтың орындалуының мүмкін болатын нұсқаларының екеуін атаймыз:

· пайдаланушымен енгізілген хабарлама форматы экран дисплейінде жүйемен көрсетілуі;

· экран дисплейінде орналасқан жүйе хабарламасының текстінде пайдаланушы хабарламасының орынының резервтелуі (мысалы, ерекше жарықтану өрісінің көмегімен).

“Шаблон” түріндегі графикалық диалогты 7- суретте келтірілген граф көмегімен түсіндіріп беруге болды.

 
  Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru

7-ші сурет.

Графтың әрбір төбесінен екіден доғалар шығады. Келесі түйінге бағытталған доға, пайдаланушының семантикалық дұрыс хабарламасына сәйкес келеді, ал бір түйінде тұйықталған доға пайдаланушының семантикалық дұрыс емес хабарламасына сәйкес келеді. Хабарлама дұрыс болмағанда, жүйе қате туралы ескерту береді және ағымдағы диалог қадамының басында қалады.

Шаблон әдетте, мәліметтер енгізу үшін қолданылады, мағыналары «мөлдір» немесе (мысалы ағымдағы мерзім) мамандық термині болып табылады және сондықтан олар пайдаланушыға белгілі. Алайда, осы мәліметтердің беріліс түрі олардың мағыналарымен анықталмайды. Қарапайым сұраныс шаблонның дербес жағдайы болып табылады. Әдетте, мәліметтерді жинау кезінде, әр түрлі автоматтталған жүйелерде қолданылады.

Қарапайым сұраныс – бұл диалог түрі, жүйемен инициалданушы және бір ғана қадамнан тұрады. Мұнда пайдаланушыға алдын ала жүйемен анықталған бірлік форматта бірден артық хабарлама енгізуге мүмкіндік беріледі. Графигі 8-ші суретте көрсетілген.

Команда – пайдаланушымен инициалданған диалогтың түрі, пайдаланушының диалог қадамында берілген бір директивасы (команда) орындалады. Жіберілетін командалар жинағы әдетте экранда болмайды. Алайда арнайы директивалар көмегімен оны танысу үшін экранға шығаруға болады. Жіберілмейтін тапсырма кезінде директиваларда қате туралы ескертуші хабарлама шығады, және жүйе ағымдағы қадамның басында қалады.

 
  Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru

8-сурет

Сұраныстың аталмыш түрі графикалық түрде бағытталған граф көммегімен ұсынылуы мүмкін (9- сурет). Гграфтың әрбір түйінінде тұйықталатын доғалар бар болады. Мұндай доғалар берілген диалог қадамының жіберілмейтін директиваларына сәйкес болады.

 
  Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru

9-сурет

Қарапайым тілде өзара қатынас пайдаланушының өзіне байланысты пайда болады. Диалогтың бұл түрі пайдаланушы жағынан қатынас жүргізуіне аз мөлшерде шектеу қояды, яғни оған қарапайым тілді қолдана отырып, тапсырманың қойылымын еркінше таңдауға мүмкіндік алады. Қарапайым тілдің біржақты болмауына байланысты, жүйе жағынан пайдаланушының тапсырма қойылымын анықтайтын және қарастырылып отырған жағдайдың заттық аймағына байланысты сұрақтар туындауы мүмкін. Пайдаланушы жақтан қатынас қарапайым тілде жүргізілсе және пайдаланушымен инициалданған, қойылған тапсырма шешіміне әкелетін диалог түрін қарапайым тілдегі өзара қатынас деп атаймыз.

Жүйе құрудың ғылыми және техникалық қиындықтары қарапайым тілдегі пайдаланушының өзара қатынасын квазиқарапайым (қарапайымға ұқсас) және проблемаға-бағытталған (бір тар проблемалы аумақта диалогтасу үшін) тілдің орындалуына әкеледі.

Квазиқарапайым және қарапайым тілдегі өзара қатынастың графикалық интерпретациясы 10 а,б-шы суретте көрсетілген.

 
  Ші дәріс. Диалогтың құрылымдары және түрлері. - student2.ru

Табиғи тілде диалогтың графының негізгі ерекшелігі болып кез келген қос түйіннің арасындағы қарама қарсы бағытталған қос доғалдар графының бар болуы. Квазитабиғи тілде диалог графы икемді болып келеді,оның сипаттамасының ерекшелігі - доғалдың әр түйінінде болуы, ол түйіннің өзінде тұтығуы, бұл диалог қадамында жіберілмейтін директиваға сәйкестенеді. Диалог графына қарағанда квазитабиғи табиғи тілінде доғалмен бағытталған барлық қос түйіндер қарама қарсы байланыспаған.

Диалог типін сараптау

Диалог типін бейнелеген сараптау, оның тек біреуін қолдану бізге қажетті икемділікті және эффективті жүйені бермейтінін көрсетеді. Диалог құрылымындағы кейбір шектеулерді әртүрлі типті орналасуын қарастырайық;

a) Иә/Жоқ деген жауапты талап ететін, сұрақтар- диалогтың тиімді болуы аз, қатынас диалогының қиындауындағы диалог графының артылуы көп, оларды көп қолдану қолданушының шаршауына әкеліп соғады;

b) Шаблон- таблицалық деректерді енгізгенде тиімді, мүмкін альтернативті таңдау шектеулі болғанда және диалог қадам саны аз болғанда да.

c) Команда- диалогтың бірнеше қадам санында және оның әрбір қадамының альтернативті бұйрығында тиімділігі аз. Диалогтың команда формасы білікті қолданушылар үшін өте ыңғайлы, ол ұзақ сұранысқа жауап берудің орнына, бірден керек функцияны табуға мүмкіндік береді. Диалогтық жүйеде бірнеше типті диалогты қолдану, жүйенің икемділігін көбейтеді және операциялық қиындықтарды төмендетеді. Диалогтық жүйеде жұмыс істегенде қолданушы бірнеше типті диалогпен кездесуге дайын болуы керек.

Әдебиет: 9.нег [31-42], 1. қос. [30-42], 10 қос. [4-24].

Бақылау сұрақтары:

1. Қосымша диалогтық жүйеде қандай екі функционалдық компонент ерекшеленеді?

2. Адам-машиналық ортада қандай типті диалог ең белгілі?

3. Диалогтық өзара қатынаста “транзакция” термині нені білдіреді?

4. Диалог сценарий деген нені білдіреді?

5. Диалогтың негізгі құрылымы деген не?

6. Әртүрі типті диалогтың графигі қалай бейнеленеді?

Наши рекомендации