Леуметтік орта адамның іс әрекетін дамытатын кеңістік ретінде сипаттама беріңіз
Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы пәнінің мақсаты мен міндетін
Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның “Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.
Нормативті этика, мораль психологиясы ұғымдарының мағнасын ашыңыз.
Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Этиканың құрлымы үш бөліктен тұрады: - теориялық этика
-нормативті этика
-эмерикалық этика
Соның ішінде нормативті этика дегеніміз — негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т.б.қарастырады. Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:
• Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;
• Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;
• Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;
• Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты. Адамдардың бірлесе өмір сүру тәжірибесінен, мәдениеттің дамуынан Моральдық нормалар шыққан және оның орындалуын қоғамдық пікір қадағалап отырады. Ынтымақтастық пен адамгершілікті нығайтатын қалыптар Мораль ережелері болып қабылданады. Жеке тұлға қоғамның әдеп мәдениетін игеру барысында өз мінез-құлқын реттей алатын қабілетке ие болып, айналасында болып жатқан оқиғаларға Моральдық баға бере алады. Моральдық баға беру қиын. Сондықтан Моральдық санада мотив, пиғыл, мақсат мәселелері алдыңғы қатарға шығады. Моральдық мінез-құлықта мотив-мақсатты, құрал мен нәтижені айыра білу қажет. Әлеуметтік қатынастардың түрлі салаларына сәйкес кәсіптік, отбасылық, тұрмыстық, т.б. Мораль түрлері айқындалады
леуметтік орта адамның іс әрекетін дамытатын кеңістік ретінде сипаттама беріңіз
Адам табиғаты туылысынан қоғамдық, әлеуметтік деп есептеледі. Жоғары дамыған жүйке жүйесі, ағзаның таза адами қасиеттері өмірдің әлеуметтік жағдайлары әсерінен дамиды, жетілді. әлеуметтік факторлар оны әрекеттер жасауға , еңбек етуге, жасампаздыққа үйретті, өзінің өмірін жақсартуға, ол үшін үздіксіз күрес жүргізуге төселдірді. Еңбек іс-әрекеттер, жарқын келешекке үміт пен сенім, оған жетудің жаңа жолдарын іздестіру, өмір сүрудің басты мақсатына айналды. Басқаша айтқанда адам қайнаған қоғамдық процесте қалыптасады, дамиды, жетіледі.Адамның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы, айналысатын ісі мен кәсібін, білімі мен дағдысының, өмір тәжірибесінің, өзіне тән ерекшеліктерінің жиынтығы жеке адам деген ұғыммен сипатталады. Жаңа туылған нәресте — адам, бірақ оны әлі де жеке адам деуге болмайды, өйткені онда дағды мен тәжірибе, білім мен іс-әрекет, қоғамдық қатынас әзірше қалыптаса қойған жоқ. Ендеше жеке адам тек қана тарихи-әлеуметтік құбылыстың жемісі ретінде көрінеді, қоғамдық ортада қалыптасады. Адам іс-әрекеттерінен келтірілген мәнді қасиеттерінің жекелеген түрлерімен емес, олардың көп нұсқалылығымен, өзара байланысы бірлігі тұтастығымен ерекшеленеді. Адам табиғатты өзгертумен қатар өз табиғатында өзгертеді, ол өзінің іс-әрекеттерін санасымен, зердесімен байытады. Іс-әрекет процесінде адамның ойлау, ойлана білу қабілеті дамиды, ал ойлау нәтижесінде іс-әрекет түрлері жетіледі.