Радиохабарлар тарату торабы және жүйесі 5 страница

Заң – тәртіптің ең үлкені, ең өзектісі, ең негізгісі. Тікелей эфирдегі жүргізуші еліміздің Конституциясын, Тіл туралы заңды, БАҚ туралы заңды басшылыққа ала отырып, құқық негіздеріне сүйенуі шарт. Осының бәрінен хабардар сауатты, шешен жүргізуші идеясын жобаға, жобасын сценарийлік нұсқаға айналдырмаса кәсіби мақсатын жүзеге асыра алмас еді.

Жұмыс іздеп телерадиокомпаниялардың табалдырығын аттаған жас маманнан біріншіден, резюме, яғни өзі туралы қысқаша анықтама, екіншіден, жоба сұрайды. Ол – заңдылық. Өйткені, сол екеуі арқылы оның қандай маман екенін біледі. Тек, бір ескеретін жайт, жобаға қоса сценарийлік нұсқаның, яғни алғашқы эфирден жүргізетін хабардың шартты түрдегі мәтіні болу керектігі.

Сонымен, енді жобаны сөйлетіп көрейік. Бағдарламаның аты - автордың идеясының ішкі иірімі, айтар ойының түйіні. Тақырып (тема - грек тілінен аударғанда сөз ететін жағдай, ой-пікір білдіретін мәселе деген сөз) не туралы, кім туралы, қандай мәселе қозғалады? деген сауалдарға жауап іздеу арқылы анықталады. Жалпы, идея (грек тілінен аударғанда түсінік, ұғым, ұсыныс деген мағынаны береді). Неге? Не үшін? Не себепті? деген сұрақтар төңірегінде туындайтын тұжырым. Автордың мақсаты жобадағы бағдарламаның маңызын, көтеретін жүгін айқындап тұруы – шарт. Ал жобадағы бағдарлама аудиториясын “Іс-әрекет мазмұны” кестесіндегі алтыншы фактор болып табылатын “Аудитория” ұғымымен біртұтас қарастыруға тура келеді. Аудитория – жалпы тыңдарман қауым, ал бағдарлама аудиториясы – сол тыңдарман қауымның жекелеген бір бөлігі. Аудиторияны айқындайтын факторлар мыналар:

а) жас мөлшері,

ә) әлеуметтік деңгейі,

б) сұранысы,

в) талғамы.

Осы төрт фактордан төрт түрлі қисын табуға болады. Сол арқылы аудиторияны айқындап алу мүмкіндігі туады. Бірақ, тек қана анықтап алу жеткіліксіз, оны міндетті түрде зерттеу керек. Аудиторияны зерттеудің ең бір тиімді тәсілі – анкеталық сауалнама. Мысалы, қазақ тілінде жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған танымдық-тәрбиелік бағдарлама ашу үшін шешім қабылдап, бірнеше мектеппен және оқу орындарымен келісе отырып, зерттеу жүргізуге болар еді.

Өкінішке орай, оған қазіргі тікелей эфирді жүргізетін журналистердің, соның ішіндегі журналистік білімі жоқ жүргізушілердің мойындары жар бермейді. Әйтеуір, эфирге шығып, желдей есіп елге танылып, өзіне-өзі риза болып айлығын алып жүрсе болғаны. Бірақ, журналистика айлық алу үшін ғана шұғылданатын кәсіп емес. Өз бойындағы керенаулық пен кертартпалықты жойып, айналадағы болып жатқан жағдайды байыптап бағалауға, оны сол күйінде көріп, көзқарас білдіруге батылы жетпеген журналист бір адым ілгері баса алмайды және де өзінің жүріп өткен жолында жарқырап көрінетін із де қалдыра алмайды. Демек, радиожурналистер үшін тапқырлық тек тікелей эфирге шыққанда ғана емес, жалпы, күнделікті жұмыс процесінде қажет деген сөз. Осы арада, әңгіме желісі жобадағы бағдарламаның берілу формасына ойысады да, іс-әрекет мазмұны кестесіндегі мүмкіндіктер – құралдар-тәсілдер тізбегіне келіп тіреледі. “Форма, яғни, хабардың немесе бағдарламаның пішіні, композициясы латын тілінен аударғанда шығару, құрастыру, байланыстыру, біріктіру деген мағынаны береді”. Пішін – тақырып пен идеяның шарттасуы арқылы фактілер мен оқиғаларды іріктеу нәтижесінде автор позициясының айқындалуы. “Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер, қалай айтып сөйлесең өзіңде ерік” деп сазгер-ақын Ақансері Қорамсаұлы айтқандай, барлық радиожурналистер өз ойын сөз арқылы жеткізеді. Ендеше, мәселенің мәнісі соны қалай жеткізуде болса керек. Мәселені шешкісі келген адам, оны шешудің амалын іздейді, ал оған құлқы жоқтар сылтау іздейді. Алдымен, амалдарға жүгініп көрейік. Журналистика жанрларын, олардың жіктелу негіздерін зерттеген ғалым Т.С.Амандосов айтқандай: “Журналистік туындының сапалы болуы оларды жазу үстінде журналистің жанрлардың әрқайсысына тән ерекшеліктерін жете айыра біліп, оны шебер қолдануына байланысты”

Демек, тікелей эфирден берілген хабарлардың кәсіби сапасы өз кезегінде жанрлық ерекшеліктері мен олардың қисынды қолданысына байланысты болмақ. Сондықтан да, тікелей эфирдің жанрлық ерекшеліктеріне ғылыми тұрғыда талдау жасап, оған тән белгілерді топтастыру қажеттігі туындайды. Негізінен, тікелей эфирден ақпараттық және талдамалы жанрлар кең қолданыс тапқан. Оның есесіне деректі-көркем жанрлар тікелей эфирде мүлдем ұшыраспайды. Дегенмен, айтулы күндерде берілетін тақырыптық роликтерде, джинглдарда, сондай-ақ, авторлық бағдарламаларда деректі көркем жанрларға тән белгілер кездеседі.

Ақпаратты-талдамалы жанрлардың өзі бір радиохабардың өн бойында немесе журналистің тікелей берген материалында ауыспалы, аралас сипат алады. Өйткені, шығармашылық-техникалық сипаттағы соны технологиялық процесс болып табылатын тікелей эфир кезінде жанрлық белгілерді сақтап, сол жүйемен ерекшеліктерді ескеру талап етілмейді.

Сондықтан да тікелей эфирдегі хабардың жобасын әзірлегенде оның жанрлық ерекшелігіне мән беріп, мейлінше ұтымды қолдана білудің өзі кәсіби шеберліктің бір қыры болып табылады. Тікелей эфирде негізінен, сұхбат жанры жиі қолданылады.Тек, оның жанрлық ерекшкеліктері толық ескерілмегендіктен, бәрі бірдей сәтті шыға бермейді. Тікелей эфирдің төл жанры болып есептелетін репортаж қазіргі таңдағы техникалық мүмкіндіктер аясында жаңаша сипатқа еніп, толыға түсті. Тонвагенмен де, ұялы байланыс телефонымен де оқиға ортасынан репортаж жүргізуге болады. Бірақ, тікелей репортаж аса маңызды айтулы оқиғалардан жүргізілетіні белгілі. Сондай, ел өміріндегі елеулі оқиғаның бірі-1991 жылдың қазан айының 2-жұлдызында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің Байқоңырдан ғарышқа самғау сәтінен Қазақ радиосының “Тәулік тынысы”- “Панорама дня” бағдарламасы тікелей репортаж жүргізген болатын. Сондықтан да, осындай аса маңызды айтулы оқиғалар кезінде тікелей эфирден репортаж жанрын өз деңгейінде қолдану электронды журналистиканың ұшқырлығын танытпақ.

Тікелей эфирге арналып алдын-ала жазылған мәтін-сценарийлік нұсқа. Енді соған жан бітіріп, хабардың реңін ашу үшін не істеу керек? Әлбетте, ең алдымен хабардың шақыру белгісін әзірлеген жөн. Оны мынадай төрт түрлі жолмен жасауға болады.

Музыкалық шақыру белгісі.

Арнайы мәтін жазылған шақыру белгісі.

Ресми атауын айтып хабарды немесе бағдарламаны ашу.

Әуенмен айтылатын шақыру белгісі.

Бұл, әрине, әрбір радиостанцияда өз имиджіне сәйкес, жаңалықтар оқыларда, уақыт айтыларда беріліп жатады. Ол қазіргідей ақпарат ғасырының талғамы жоғары тыңдарманы үшін аздық етеді. Шақыру белгісін тыңдарманды баурап алудың алғашқы қадамы ретінде тікелей эфирді жүргізетін журналист ұтқыр қолдана білуі тиіс. Келесі кезекте тыңдарман назарын аударатын роликтер мен тақырып мазмұнын ашатын джинглдар жасап оны бағдарлама барысында пайдалану жүргізуші-журналистің аудитория алдындағы сенімін күшейтсе, екінші жағынан тыңдарманды жалықтырып алмауға мүмкіндік береді.

Негізінде, шақыру белгілерін тыңдарман құлағына сіңіру үшін тұрақты түрде берген дұрыс. Ал роликтер мен джинглдарды әр хабар сайын мың құбылтып ұсыну журналист шеберлігінің бір қыры болмақ.

Бағдарламаның берілу мерзімі және эфирдегі уақыты - түсінікті ұғымдар. Ал бағдарлама нысаны - журналист таңдаған тақырып аясындағы ақпарат көзі, оның зерттейтін обектісі, бақылайтын ортасы. Бағдарлама сипатын белгілі бір дәрежеде журналистің кәсіби деңгейінің барометрі деуге болар еді. Қарап тұрсаңыз қазіргі тәуелсіз радио арналардағы бағдарламалардың дені көңілашар, ойын-сауық сипатында болып келеді. Бағдарламаға қатысушылар қарапайым студия қонағы, күнделікті хабардың кәдімгі кейіпкері болып көрінгенмен олардың ролі бағдарлама авторы үшін де радиоарна үшін де орасан зор. Өйткені, дүйім жұртқа таралатын әуе толқынында кім көрінгенді кез-келген жағдайға байланысты сөйлете беруге болмайтыны белгілі. Кейде олардың керемет үлкен пайдасы тисе, кейде кесірлері шаш етектен болуы ғажап емес. Сондықтан бағдарламаға кімді және қалай, қандай жағдайда қатыстыру туралы түбегейлі шешіп алған дұрыс. Бағдарлама демеушісі бағдарламаны жарыққа шығару үшін қажет. Жақсы демеуші таба алмаған талай-талай үздік жобалардың қағаз жүзінде қалып қоятыны да жасырын емес. Сондықтан да, журналист бағдарлама авторы болумен қатар өз ісінің маркетингі болуы тиіс. Бұл заман талабы. Демек, журналист еңбегі осындай жоба арқылы жүзеге асады. Тек, кәсіби шеберлік сонымен шектелмейді. Журналист жасаған жобасы арқылы өзін-өзі дәлелдеуге кіріседі, журналистикадағы өз әлеміне қадам басады. Сонымен, тағы да бір журналистке ең керек нәрсе “Іс-әрекет мазмұны” кестесіндегі келесі бір ұғым – сенім. Күш-қуаттың қайнар көзі – біздің өзіміздің ақыл-ойымыз. Адамның сенімі – оның өмірінің бейне көрінісі.

Адам кез-келген нәрсені өзі істеп көрмейінше үйрене алмайды. “Көз қорқақ, қол – батыр” деген нақылдың мағынасы да сол қисынды түсіндіреді. Ал журналист тыңдарманды өз сөзіне сендіруі үшін әуелі өзіне-өзі сенімді болуы керек. Оның сенетіні - өзінің бойындағы кәсіби құндылықтары.

Жалпы, адам бойындағы психологиялық қасиеттер дүниежүзілік және ұлттық мәдениеттің бүкіл тарихындағы табыстарының ең озық үлгілерін пайдалана отырып жанданады. Ал адамның жеке басындағы құндылықтары қоғамдық сана түрінде әлеуметтік психологиялық деңгейде қалыптасады да, оның жеке басының мәдениеті мен кәсіби этикасынан көрініс табады. Оған адамның отаншылдық рухын, азаматтық ар-ожданын, ұлттық намысын, кәсіби артықшылықтарын (шешен тілін, әуезді үнін, сезімталдығын, білімділігін, тапқырлығын т.с.с.) жатқызуға болады. Оның бәрі уақыт аясында қалыптасады. Уақыт барысында шыңдалады. Эфирдегі бағдарлама да уақытпен өлшенеді. Уақытқа тән бір ғана заңдылық – оны ұтымды пайдалану. Нәтижеге тынымсыз ізденіп, мәңгілік жалықпастан жаттығу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Іс-әрекет мазмұны кестесіндегі барлық ұғымдарды өз дәрежесінде игеріп, кәдеге асыра білген журналист өзін эфир иесі ретінде сезініп “Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың” дегендей шебер жүргізушіге айналады да, өзін-өзі бәсекедегі жеңісімен, тікелей эфирдегі табысымен дәлелдеп шығады.

Журналистика – шығармашылық. Журналист – ешқашан бір жазғанын қайталап жазбайды, бір айтқанын сол қалпында бұлжытпай қайтадан айтпайды. Оның үстіне тікелей эфир - қайталанбайтын құбылыс. Сондықтан да, теориялық деңгейде қабылдаған білімді тәжірибе жүзінде игеру үшін аудиториядағы дәрісті радиостудиядағы лабораториялық сабақтармен қатар өрбітіп, шығармашылық процесс ретінде пысықтап қою жеткіліксіз. Сонымен қатар, болашақ журналистер кәсіби маман ретінде қалыптасу үшін өндірістік журналистикадағы өрісіндегі кәсіби дағдыларды тәжірибе жүзінде меңгеру мүмкіндігіне қол жеткізуі керек. Сол қисындардың бәрі есепке алынған жан-жақты дамып жетілген оқу бағдарламасы болғанда ғана студенттің өз жүрек қалауымен таңдаған мамандығына деген ынта-ықыласы артып, сол пәнге ерекше зейін қоюына жол ашылмақ. Соның нәтижесінде ол университет қабырғасында жүріп өз мамандығының өмірдегі қолданыс аясынан, іс жүзіндегі тәжірибелі тәлімдерінен, дүниежүзілік деңгейдегі жаңашыл бағыттарынан хабардар болуына қол жеткізбек. Демек, болашақ мамандықтарын тәжірибе жүзінде көзбен көріп, қолымен ұстап, белгілі бір дәрежеде сол іспен тікелей шұғылдану олардың қазіргі таңдағы қажетті сұранысына айналып отыр деген сөз.

19.монтпжды 11 сұрақты қараңыздар

20.таппай койдым

21.14.Бүгінгі күнде дамыған мемлекеттер қатарындағы елдерде сандық радиохабар тарату технологиясына көңіл бөлінуде. Оның кәдімгі аналогтық радиохабардан немен ерекшеленетінін көрейік:

Ең алдымен дыбыс сапасындағы ерекшелік көзге түседі, естілуі ешқандай кедергісіз әрі айқын. Сандық технологиямен жасалатын радиохабарларының тағы бір артықшылығы – қозғалмалы радиоқабылдағыштарға келетін сигналдың сапалы болуы. Оның үстіне сандық радиоқабылдағыштар сигналдардың ішіндегі күштісін автоматты түрде таңдай алады. СРХ-ға (сандық радиохабар) қоса "радиомультимедия" түріндегі хабарлар да жүреді. Олар тыңдарманға қосымша ақпаратты радиоқабылдағыш дисплейіне береді. СРХ компьютерлермен және ұялы телефондармен де тығыз байланысты. Кейбір мемлекеттерде радиоқабылдағыштар мен GPS және ГЛОНАСС сияқты іздестіру жүйелері толқындардың бір диапазонында жұмыс істейді. Бұл мүмкіндіктің автомобилистерге тигізер пайдасы зор. СРХ-ын бір-біріне кедергісіз сандық қабылдағыш та, ескі аналогты қабылдағыш та қабылдай алады. Қазір СРХ-ға байланысты көптеген технологиялар дайындалуда. Оның біреуі — американдық Command Audio компаниясының жеке (персональді) радио технологиясы. Яғни, тыңдарман қажетті ақпаратты өзіне ыңғайлы уақытта ала алады. СРХ мен ұялы телефондардың тығыз байланысып дамуы көзге түседі. Ұялы телефондардағы барлық мультимедия файлдарының жіберілуі мен қабылдануы осы СРХ арқылы іске асады. Оның себебі - СРХ-ның ақпарат тарату жылдамдығының айтарлықтай үлкен болуы (2 Мбит/с).

СРХ-ның пайда болуы XX ғасырдың 80-жылдарынан басталған. 1982 жылы Sony мен Philips компанияларының бірігіп жұмыс істеуінен пайда болған компакт-дискқа жазу технологиясы қолдау тапқаннан бастап, радиобайланыстағы сандық қабылдау мен жіберу тәсілдері дами бастады. 1987 жылы Британияның ВВС деген медиагиганты Eureka – 147 (Эврика 147) жобасын бастады. Осы жоба нәтижесінде ең алғаш СРХ Швецияда 1996 жылы таратылды. СРХ таратудың санаулы технологиялары бар. Олар: Европадан шыққан Эврика-147, DRM және Америкада шыққан ІВАС/ІВОС технологиялары. Ресми түрде Эврика-147 DAB ең жақсы дамыған СРХ тарату технологиясы болып табылады.

Ресми түрде Эврика-147 DАВ 1997 жылы ТҒА деген Берлинде өткен көрмеде көрсетілді. Қазір Эврика-147 DАВ ең жақсы дамыған жүйе ретінда Европада қолданылады, әрі СРХ тарату технологиясы болып табылады. Оның атап өтетін артықшылықтары:


сапасы компакт-диск дыбысының сапасынан қалыспайтын дыбыс;


сигналдардың кедергілерге қарсы тұра алуы;


параллельді түрде ақпарат тарата алады;


радиоқабылдағыштар куатты азырақ қажет етеді.


Бүгінгі күнде, СРХ-ны таратушы DAB стандарты – көптеген стандарттарды біріктіретін кешен. Мысалы, дыбыстың барлығы МРЕG Audio Layer 2 сандық дыбыс форматында беріледі. Эврика-147 жүйесінде мультиплексор деп аталатын құрал арқылы бірнеше бағдарламаларды эфирге беру жүзеге асырылады. Алайда, Эврика-147 жүйесі әрі жетілген, әрі ыңғайлы болғанымен оны толығымен іске қосу үшін қазіргі радиохабар таратушы жүйелердің барлығының жұмысын өзгерту керек. Бұл көптеген материалдық шығынды қажет етеді. Дегенмен де, сандық радиохабар (СРХ) таратудың бұл түрінің болашағы үлкен. Алдағы уақытта бүкіл радиожүйелер осы технологияға тегіс көшірілуі мүмкін, әрине, озық технология қашанда жоғары тұрады.

Электронды арналардағы жаңа технологиялар туралы сөз болғанда бір мәселеге ерекше назар аудару керек. Ол бүгінгі таңдағы форматтар туралы. Қазір дыбыс пен бейнені жазудың екі стандарты кең тарап отыр. Бірінші дәстүрлі аналогтық жүйе, дыбыс табиғатын, тербелістерін ескеріп, магнитті лентаға жазу және қайта жаңғырту сияқты операциялармен шектеледі. Оның үлес салмағы қазір едәуір көп болғанымен, жыл өткен сайын азайып келеді. Аналогтық форматты цифрлық жүйелер ауыстыруда. Бұл жүйеде аналогтық сигналдардың барлығы белгілі бір алгоритм бойынша сығымдалып сақталып жазылады, соған сәйкес ойналады. Яғни олардың негізін сығымдау және кері қайта қалпына келтіру сияқты операцияларды жүзеге асыратын компьютерлік чиптер, процессорлар кұрайды.

Осыдан келіп қазіргі заманғы мамандар акустикалық сигналды табиғатына қарай екі топқа жатқызады. Музыкалық аспаптардың әуендері, ән салу, сөйлеу, сондай-ақ табиғи шулар бастапқы сигнал деп аталады да, электроакустикалық құралдарда өңделгеннен кейін екінші өзгермелі сигнал деп аталады. Компьютердегі дыбыс табиғатын, оны өңдеудің ерекшеліктерін зерттеуші А.П. Загуменнов өзінің "Компьютерная обработка звука" кітабында былай деп жазады: "Акустикалық сигнал уақытқа байланысты әр түрлі деңгейдегі тербеліс береді. Оның ең жоғары және төменгі мөлшері динамикалық диапазонды құрайды және әдетте децибелмен өлшенеді. Сонымен қатар акустикалық сигналдың спектрі табиғатынан әр түрлі болып келеді. Яғни оның импульсі өзгермелі болып келеді. Дыбыстың осындай үйлесімді тербелістерден тұратындығы компьютерлік алгоритмін жасауда ескеріледі. Аналогтық сигналды цифрға ауыстыру үш кезеңнен тұрады: іріктеу, кванттау және кодтау. Іріктеу кезінде алғашқы сигналдың дыбыс тербелістері, қуаты мен жиілігі уақыт өлшемімен бір жүйеге іріктеледі. Кванттау мен кодтау компьютердің аналогтық-цифрлық өзгерткішінің мүмкіндігіне байланысты алғашқы сигналдың табиғатын сақтап, өзгермелі диапазонын жасау және оны компьютер тіліне айналдыру болып табылады, әдетте тікелей екілік кодпен жазылады".

Бұл өте күрделі өзгермелі процесс, осы салада жүргізіліп жатқан ғылыми ізденістер сан салалы болып келеді, бірізді пікір де қалыптасып болмаған. Дыбыс табиғатын өзгертпей, қалай табиғи күйінде жеткізе аламыз деген сұраққа жауап табу қиын. Өйткені, бұл жерде субъективтілік те басым түсіп жатады, әр адам дыбысты әркелкі қабылдайды, бір талғамның болуы да мүмкін емес. Бірақ, бір нәрсе анық, қазіргі заманғы компьютерлердің қуаты мен икемділігі, дыбыс жазудың алгоритмдері мен сығымдау тәсілдері барынша жетілдірілген, қарапайым адамдардың есту қабілетін толық қанағаттандырып, дыбыс пен әуенді табиғи қалпына өте жақын күйде бере алады. Ал кейбір кәсіпқой музыканттарға ұнамаса, ол субъективті қабылдауы болса керек. Оның үстіне казіргі техникалық құралдардың деңгейі де, бағасы да әр түрлі.

Сонымен, цифрлық дыбыстың сапасы компьютерлік чипке - аналогтық-цифрлық және кері өзгерткішке байланысты. Кейбір осындай сапалы өзгерткіштер бір секундта 48000 тербеліске дейін іріктеп, кванттап, кодқа түсіреді. Бұл - өте жоғары көрсеткіш. Осыған байланысты тағы бір тауқымет туындайды. Дыбыстың сапасы неғұрлым жоғары болған сайын ол компьютердің ресурстарын көп пайдаланады, сақтап қоюға көп кеңістік қажет болады. Мысалы, стерео режимінде жоғары сапалы бір минуттық музыканы жазу үшін 10 мегабайттан аса диск кеңістігі қажет екен. Осыдан келіп оны сығымдау қажеттілігі туындайды. Қазір мұның да үздік алгоритмдері түзілген, олар ұқсас тербелістерді біріктіру, адам құлағы ести бермейтін жиіліктерді алып тастау сияқты жолдармен мағлұматтарды төрт, кейде тіпті он есеге дейін қысқартып, компьютерде өңдеуді жеңілдетеді. Ал дыбыс сапасындағы өзгерісті екінің бірі аңғара да бермейді.

Дыбысты компьютерге көшірудің артықшылықтары қандай дегенде мына мәселелерге назар аударамыз:


цифрлы сигнал сапасын ешқашан жоймайды, өздігінен
өзгермейді, мысалы, елу жылдан кейін де сол күйінде сақталады,
ал аналогтық магнитті лента ұзақ сақтауға жарамайды және
қайта көшіру кезінде сапасы, деңгейі төмендей береді;


компьютерде өңдеу орасан шығармашылық мүмкіндіктерге
жол ашады;


көп арналы өңдеу, қосымша дыбыстармен араластыру,
деңгейін өзгерту оңай жүзеге асырылады;


шу деңгейі өте төмен, аналогтық жүйеде механикалық шу, үйкелістер көп кедергі келтіретіні белгілі;


қашықтыққа беру мүмкіндігі өте жоғары, цифрлы әуен
сол күйінде дүниежүзінің кез келген бұрышында ойналады, Интернетпен де жіберуге болады, ал табиғи дауысты сапалы деген телефон желісімен де екінші қашықтыққа өзгеріссіз беру мүмкін емес;


лазерлік технологиялармен кірігуі, СD және DVD технологиялары музыканы сақтау мен жеткізудің бүгінгі таңдағы ең үздік құралдары болып қалыптасты;


дыбыс режиссері мен операторы жұмыстарын едәуір жеңілдетті;


орасан музыкалық архивтер жасауға және оны еркін тасымалдауға мүмкіндік берді, мысалы қазір МРЗ тәсілімен миллиондаған әндер, музыкалық шығармалар таратылуда;


радиотарату ісін автоматгандыруға жол ашты;

- мамандардың уақытын үнемдеуі және басқалар.

Осының ішінде музыканы компьютерде өңдеудің жаңа шығармашылық мүмкіндіктеріне қысқа тоқталып өткен орынды.

Наши рекомендации