Практикалық бөлім
Гуманитарлық факультет
Филология және журналистика кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік және
студенттік сұрақтар бойынша проректор
____________ М.Ж.Мальтекбасов
«_____» ______________2015 ж.
«Тіл біліміне кіріспе» пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандықтар: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі
5В020700 – Аударма ісі
Оқу формасы: күндізгі, жеделдетілген күндізгі
Талдықорған, 2015 ж.
Оқу-әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі, 5В020700 – Аударма ісі мамандықтарына ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Т.Сырлыбаева кұрастырған.
__________________
Филология және журналистика кафедрасының отырысында қарастырылды.
«___» _______ 2015 ж. № ___ хаттама
Кафедра меңгерушісі___________ ф.ғ.к., доцент С. Қ.Қожағұлов
«___» ________ 2015 ж. № ____ хаттама
Гуманитарлық факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы__________________ Ш.С.Жаукумова
| І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті | СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2015 3 басылым | |||
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ | |||||
Силлабус | Ф.4.09-28 | ||||
28.05.2015ж. |
Гуманитарлық факультет
Филология және журналистика кафедрасы
С И Л Л А Б У С
«Тіл біліміне кіріспе» пәні бойынша
Мамандықтар: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі
5В020700 – Аударма ісі
Оқыту түрі: күндізгі, жеделдетілген күндізгі
курс: 1, 2
семестр: 1, 3
кредит саны: 2
барлық сағат саны: 90
барлық дәрісханалық сағат саны: 30, соның ішінде:
дәрістер: 15
іс-тәжірибелік сабақтар: 15
СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ): 60
Аралық бақылау: 2
Емтихан: 1, 3 семестр
Талдықорған, 2015 ж.
| І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті | СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК 3 басылым | |||
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ | |||||
Оқу-жұмыс бағдарламасы | Ф.4.09-27 | ||||
28.05. 2015 ж. |
Гуманитарлық факультет
Филология және журналистика кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік және
студенттік сұрақтар бойынша проректор
____________ М.Ж.Мальтекбасов
«_____» ______________2015 ж.
«Тіл біліміне кіріспе» пәнінің
ОҚУ-ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
2 кредит
Мамандықтар: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі
5В020700 – Аударма ісі
Оқу формасы: күндізгі, жеделдетілген күндізгі
Талдықорған, 2015 ж.
Оқу-жұмыс бағдарламасын типтік оқу бағдарламасы және МЖМБС негізінде 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі, 5В020700 – Аударма ісі мамандықтарына ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Т.Сырлыбаева құрастырған.
___________________________
(оқытушының қолы)
Филология және журналистика кафедрасының отырысында қарастырылды
«____ »________ 2015 ж. №_______ хаттама
Кафедра меңгерушісі___________ ф.ғ.к., доцент С.Қ.Қожағұлов
«_____»__________ 2015 ж. №______хаттама
Гуманитарлық факультеттің әдістемелік бюросы мақұлдаған
Әдістемелік бюроның төрайымы _____________ Ш.С.Жаукумова
Түсінік хат
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне байланысты қоғамдық қызметі жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Қоғамдық-әлеуметтік өмірде мемлекеттік тілге деген сұраныс үнемі күшейіп келеді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілмен бірге шет тілдерін меңгеруге дегенынта да зор.
Жоғары оку орындарында оқитын студенттер ана тілінің кұрылым жүйесін ғылыми негізде игеруі кажет. Мектепте алған білім жүйесіне қарағанда студенттер игеруге тиісті тілдік материалдар бұрынғыдан әлдеқайда күрделірек, тереңірек.
Аталмыш бағдарламада қазақ тілінің ғылыми-теориялық негізі мен кұрылымдық жүйесін фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұрғыдан оқыту көзделеді. Қазак тілінің өзіне тән типологиялық, гносеологиялықерекшеліктері қамтылады. Қазақ тілінің фонетикалық жүйесіндегі үндесім заңдылығы оның басты өзіндік ерекшелігін көрсетеді.
Грамматика саласындағы негізгі типологиялық ерекшелік қазақ тілінің жалғамалық қасиетімен байланысты. Тілдің морфологиялық табиғатынан туындайтын мұндай өзгешеліктерді айқын ажырата білу басқа тілдің грамматикалық кұрылымын жете білуге игі ыкпал етеді.
Қазақ тілінің ғылыми салаларын (фонетика, лексика, морфология, синтаксис) сатылай комплексті талдау студенттің теориялық материалды жүйелімеңгеруіне, білімін бекітуге, тереңдетуге септігін тигізеді. Сондықтан «Тіл біліміне кіріспе» курсын оқытуда сатылай комплексті талдау кеңінен жүргізіледі. Талдаудың бұл түрі өткен және кейінгі материалды жүйелі түрде өзара бірлікте игеруге мүмкіндік береді.
Қазақ тілінің кұрылымдық жүйесі туралы кажетті білім алғанстудент ана тілінің материалдарын өзге тілдермен салыстыра отырып, терең және жан-жақты игереді.
Пәннің пререквизиті: „Қазақ тілі“ (мектеп бағдарламасы) пәндері
Пәннің постреквизиті: „Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы“, „Қазіргі қазақ тілі морфологиясы“, „Қазіргі қазақ тілі синтаксисі“.
Пәннің мақсат-міндеттері:Тіл біліміне кіріспе курсының ең негізгі мақсаты – қазақ тілінің құрылымдық жүйесін құрайтын фонетика, морфология, лексикология, сөзжасам, морфология және синтаксис бөлімдерінің әрқайсысына тән объектілерінен теориялық және практикалық ғылыми тұрғыда жүйелі мәлімет беру. Қазіргі қазақ тілі жайлы ғылыми-теориялық білім бере отырып, оның болашақта зерттелуге тиісті проблемаларына байланысты білімгерлерді ғылыми ізденіске баулып, олардың шығармашылық ой-пікірін жетілдіріп отыру. Сондай-ақ курсқа байланысты ғылыми еңбектерді, пікірлерді, көзқарастарды талдап, талқылай білу, ұғымдарды, терминдерді меңгеру, студенттердің дүниетанымын кеңейту. Курстың міндеттері:
- фонетика, лексикология, сөзжасам, морфология, синтаксис бөлімдерінің әрқайсысына тән объектілерін теориялық, практикалық жақтан меңгеру;
- ғылыми -әдістемелік еңбектерге талдау жасауға машықтануы;
- фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау жасауға үйренеді.
Тіл біліміне кіріспе пәнінің құзіреттілігі:
- Қазақ тілінің жалпы тілдер жүйесіндегі, түркі тілдер жүйесіндегі өзіндік орны мен ерекшеліктерімен байланыстыра білу іскерлігі;
- пракикалық сабақтарда теориялық материалдарды меңгеріп қана қоймай, тілдің әртүрлі субстантивтік және реляциялык мағына элементтерін ажырата білу және топтастыра білу дағдысын меңгеруі тиіс;
- оқу құралдарымен, анықтама және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай білу дағдысы қалыптасады.
Пән мазмұны (теориялық бөлім)
ФОНЕТИКА
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Дауысты және дауыссыз дыбыстар (вокализм, консонантизм). Дауысты дыбыстардың тілдің, жақтың, еріннің қатысына карай жіктелуі (жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік дауыстылар). Дауысты дыбыстардың емлесі.
Дауыссыз дыбыстар, олардың жіктелуі: қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар. Айтылу жолына, жасалу жолына қарай түрлері (эксплозив, фрикатив, альвеоляр; лабиаль, денталь, лингваль, фрикатив). Қазақ тіліндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру үлгісі.
Буын, оның түрлері. Тасымал. Буынның тасымалға қатысы. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар. Екпін (акцентуация), оның түрлері. Екпін түспейтін қосымшалар.
Үндестік заңы. Буын үндестігі (сиигармонизм) - сөздегі дауысты дыбыстардың үндесуіне байланысты заңдылық. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Дыбыс үндестігі (ассимиляция), оның түрлері. Ілгерінді (прогрессивті), кейінді (регрессивті), тоғыспалы ықпал. Дыбыс үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.
ЛЕКСИКА
Сөз және оның мағынасы. Сөздің негізі лексикалық мағына, ал сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағына екендігі. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, сөз мағынасын ауыстырып қолдану жолдары. Сөздің көпмағыналылығы.
Омоним. Омонимдер мен омографтар жайында түсінік. Синоним.Синонимдік қатар, ондағы сөздердің мағыналық, реңктік ерекшеліктері. Антонимдер. Тұрақты сөз тіркестері, олардың өзіндік ерекшеліктері. Табу сөздер мен эвфемизм, дисфемизм. Олардың өзіндік ерекшеліктері, қолданылу орны.
Сөздің актив, пассивқабаттары. Диалектсөздер. Кәсіби сөздер, қолданылу орны. Термин сөздер, олардың жасалу жолдары. Көнерген сөздер, оның түрлері. Неологизмдер, олардың жасалу жолдары. Кірме сөздер.
МОРФОЛОГИЯ
Сөз құрамы.Морфема туралы түсінік. Түбір жәнеқосымша морфема. Жалғау мен жұрнақ, олардың айырмашылығы, жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыратындығы. Жұрнақтың сөз түрлендіруші және сез тудырушы болып бөлінетіндігі. Жалғау. Жалғаудың түрлері. Көптік жалғау, мағынасы мен қызметі. Тәуелдік жалғауы: мағыналары мен кызметі. Оңаша және ортақ тәуелдеу. Септік жалғауларының тұлғалары. Жіктік жалғау, оның қызметі. Зат есімнің жіктелуі. Қалып етістіктерінің жіктелуі. Есімше тұлғаларының жіктелуі. Көсемшенің жіктелуі. Жедел өткен шақ және шартты рай тұлғасындағыетістіктің жіктелуі. Бұйрық райдағы жіктік жалғаулары. Қосымшалардың орын тәртібі.
Сөз тұлғасы.Негізгі түбір, оның белгілері. Түбірлес сөздер. Біріккенсөздер және кіріккен сөздер. Қос сөз, оның түрлері: кайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер. Қысқарған сөздер.
СӨЗ ТАПТАРЫ
Зат есім.Зат есімнің лексика-семантикалық топтары:жалпы жәнежалқы есімдер, деректі және дерексіз зат есімдер. Зат есімнің жіктелуі, септелуі, тәуелденуі. Көмекші есімдер.
Сын есім. Қызметі, мағыналық топтары. Тұлғасына қарай және кұрамына қарай түрлері. Сын есімнің шырайлары, жасалу жолдары. Сөйлемде атқаратын қызметі.
Сан есім. Мағыналық топтары. Дара және күрделі сан есімдер.
Есімдік. Қызметі, мағыналық түрлері. Есімдіктердің түрленуі, ондағы ерекшеліктері. Есімдіктің сөйлемде атқаратын қызметі.
Етістік. Дара және күрделі етістіктер. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары: салттык-сабақтылық категориясы, болымдылық-болымсыздық категориясы, етіс категориясы.
Етістіктің функционалдық тұлғалары: есімше, көсемше, тұйық етістік. Етістіктің грамматикалық категориялары: рай категориясы, түрлері, жасалу жолдары; шақ категориясы, оның түрлері мен жасалу жолдары.
Үстеу, морфологиялық сипаты, қызметі. Шылау. Шылаудың түрлері: септеулік, жалғаулық, демеулік шылаулар.Еліктеу сөздер, олардың түрлері. Одағай. Одағайдың ерекшеліктері, тыныс белгілері.
СИНТАКСИС
Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің компоненттері: бағыныңқы және басыңқы сыңарлар. Сөз тіркесі кұрамындағы сөздердің байланысу тәсілдері. Сөздердің байланысу түрлері (қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу). Сөз тіркесінің типтері: есімді және етістікті тіркес.
Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш, баяндауыш. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: анықтауыш, анықтауыштың түрлері. Толықтауыш, тура және жанама толықтауыш. Пысықтауыш, пысықтауыштың түрлері. Бірыңғай мүшелер. Үйірлі мүше. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері. Оқшау сөздер.
Жай сөйлем. Сөйлем туралы түсінік. Құрылысына қарай жай және құрмалас сөйлем болып бөлінетіндігі, мақсаты мен сазына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, көңіл-күйге байланысты лепті сөйлемдерге бөлінетіні. Жалаң және жайылма сөйлем. Толымды жәие толымсыз сөйлем. Жақты және жақсыз сөйлем. Атаулы сөйлем.
Құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері, жасалу жолдары, түрлері. Салалас кұрмалас сөйлем. Жалғаулықты және жалғаулықсыз салалас сөйлемдер. Салаластың мағыналық түрлері. Сабақтас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары. Мағыналық түрлері. Аралас кұрмалас. Көп құрамды салалас. Көп бағыныңқылы сабақтас кұрмалас сөйлемдер.
Практикалық бөлім
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Дауысты және дауыссыз дыбыстар (вокализм, консонантизм). Үндестік заңы. Буын үндестігі (сиигармонизм) - сөздегі дауысты дыбыстардың үндесуіне байланысты заңдылық. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Дыбыс үндестігі (ассимиляция), оның түрлері. Ілгерінді (прогрессивті), кейінді (регрессивті), тоғыспалы ықпал. Дыбыс үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Орфография және пунктуация.
Сөз және оның мағынасы. Сөздің негізі лексикалық мағына, ал сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағына екендігі. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, сөз мағынасын ауыстырып қолдану жолдары. Сөздің көп мағыналылығы.
Тұрақты сөз тіркестері, олардың өзіндік ерекшеліктері. Сөз құрамы.Морфема туралы гүсінік. Түбір жәнеқосымша морфема. Жалғау мен жұрнақ, олардың айырмашылығы, жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыратындығы. Жұрнақтың сөз түрлендіруші және сез тудырушы болып бөлінетіндігі. Жалғау. Жалғаудың түрлері. Сөз тұлғасы.Негізгі түбір, оның белгілері.
Сөз таптарының лексика-грамматикалық сипаты. Есімдік. Қызметі, мағыналық түрлері. Есімдіктердің түрленуі, ондағы ерекшеліктері. Есімдіктің сөйлемде атқаратын қызметі. Шылау және оның түрлері.
Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Жай сөйлем. Сөйлем туралы түсінік. Құрылысына қарай жай және құрмалас сөйлем болып бөлінетіндігі, мақсаты мен сазына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, көңіл-күйге байланысты лепті сөйлемдерге бөлінетіндігі. Жалаң және жайылма сөйлем. Толымды жәие толымсыз сөйлем. Жақты және жақсыз сөйлем. Атаулы сөйлем.
Құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері, жасалу жолдары, түрлері. Салалас кұрмалас сөйлем. Жалғаулықты және жалғаулықсыз салалас сөйлемдер. Салаластың мағыналық түрлері. Сабақтас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары. Мағыналық түрлері. Аралас кұрмалас. Көп құрамды салалас. Көп бағыныңқылы сабақтас кұрмалас сөйлемдер.
СӨЖ тақырыптары
1. Қазақ тіліндегі тасымалданбайтын сөздер.
2. Буынның түрлері жайлы ғалымдар (І.Кеңесбаев, А.Байтұрсынов, К.Аханов) пікірлері.
3. Қазақ тіліндегі дыбыстар алмасуы, оның себептері.
4. Қазақ тіліндегі орфографиялық принциптер жайлы.
5. Қабаттаса қойылатын тыныс белгілері және олардың ерекшеліктері.
6. І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігіндегі» қуану, реніш, ашулану сезімдерін білдіретін және алғыс мәнді фразеологизмдер.
7. Варваризм және жаргон ұғымдарына түсінік.
8. Сөз мағынасының түрлері.
9. Біздің аймақтың диаект сөздері.
10. Жай сөйлемдердің күрделенуі.