Психодраманың теориялық негіздері

Психодрама – келушілері кезек-кезек актерлердің рөлін ойнайтын топтық психотерапияның түрі, олардың рөлдері тұлғалық маңызды өмірлік жағдайларды үлгілендіруге бағытталған.

Психодраманың мақсаты – адекватты емес эмоционалдық реакцияларды жою, өзін-өзі терең түсіну, қарым-қатынастағы құзырлылықты, әлеуметтік перцепцияны дамыту.

Психодраманың негізгі компоненттері

Рөлдік ойын. Психодрама адамдардың ойнауға табиғи қабілеттілігін қолданады. Театрмен салыстырғанда психодрама импровизацияны қолдайды.

Спонтандық – ол шығармашылықтың катализаторы. Сондықтан да психодрамада алдын ала жазылған сценарий болмайды.

Теле – ол адамдардың бір-бірін сезінуі.

Катарсис – психодрамадағы ойыннан алатын эмоционалдық жауап беру арқылы іштей тазару.

Инсайт– ол психодрамаға қатысу барысында пайда болатын көздің ашылуы және көз жеткізу.

Психодрманың психотехникасы

Психодрамаға қатысушылар арасындағы рөлдер былайша бөлінеді:

- режиссер продюсердің, терапевтің, аналитиктің және топтың жетекшісінің рөлін ойнайды;

- протагонист – басты рөлді орындаушы;

- қосымша «Мен» - екінші кезекті рөлдерді орындаушылар;

- аудитория – топтың басқа да қатысушылары.

Өзін таныстыру

Рөл ойнау

Диалог

Монолог

Егізі – протогонисттің рөлін ойнау

Сырт қарата айтылған сөздер – қосымша Меннен сырт айналып, айта алмай жүрген сөздерін айтады.

Рөлдерді ауыстыру - протогонист пен қосымша Мен рөлдерін ауыстырады.

Айна – протогонисттің мінез-құлқын, қимыл-әрекетін айнытпай салу.

Болашаққа проекция – болашақтың сценасын ойнауға мүмкіндік береді.

Үлгілеу – протогонистке әрекеттердің альтернативтік тәсілдерін ұсынады.

Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:

1. Якоб Морено психология мен психотерапияға қандай үлес қосты?

2. Социометрияның маңызы неде?

3. Психодрамадағы режиссердің рөлін сипаттаңыз

4. Көмекші тұлғалар қандай қызмет атқарады?

5. Психодрамадағы кезеңдерді сипаттаңыз.

6. Топты бастапқы сәтте қыздыратын техниканы ойлап табыңыз.

7. Психодрамалық психотерапияның нәтижесі және оның басқа бағыттармен байланысы (реферат).

Әдебиеттер:

Барц Э. Игра в глубокое: Введение в юнгианскую психодраму. — М., 1997.

Бубер М. Я и Ты. - М., 1993.

Келлерман П. Ф. Психодрама крупным планом: Анализ терапевтических механизмов. - М., 1998.

Киппер Д. Клинические ролевые игры и психодрама. — М., 1993.

Лейтс Г. Психодрама: теория и практика. Классическая психодрама Я. Л. Морено. - М., 1994.

Марино Р. Ф. История Доктора: Джей Л. Морено — создатель психодрамы, социометрии и групповой психотерапии. — М., 2001.

Морено Я. Театр спонтанности. — Красноярск, 1993.

Психодрама: Вдохновение и техника / Под ред. П. Холмса, М. Карп. — М., 1997.

Холмс П. Внутренний мир снаружи: Теория объектных отношений и психодрама. - М., 1999.

Riebel L. Doctor, Teacher, Indian chief: metaphor and the search for inherent identity // Journal of integrative and eclectic psychotherapy. — №9. — 1990. — P. 119-135.

Moreno J. L. The words of the father. — New York, 1971.

Moreno J. L. Who shall survive? Anew Approach to the problem of human interrelations. — Washington, 1953.

ТАҚЫРЫП 6

К.РОДЖЕРСТІҢ КЛИЕНТКЕ БАҒЫТТАЛҒАН ПСИХОТЕРАПИЯСЫ

Сабақтың мақсаты:

Практикалық психология тәжірибесінде К.Роджесрстің клиентке бағытталған психотерапиясының пайда болу, даму тарихын зерделеу. Қолданыстағы техникаларын қолдану білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Жоспар

1. К.Роджерстің клиентке бағытталған психотерапиясы пайда болу, даму тарихы, теориялық негіздері

2. Қазіргі уақытта қолданылатын психотехникалары

3. Клиентке бағытталған терапияның дамуының заманауи ахуалы мен тенденциялары

Карл Рэнсом Роджерс (1902-1987)

Карл Рэнсом Роджерс ғылыми мансабын 1927 ж. Нью-Йорктегі Балаларды тәрбиелеу институтында бастады. 1951 ж. Роджерстің «Клиентке бағытталған терапия: заманауи практика, мәні және теориясы» деген еңбегі жарық көрді.

Роджерс Америкалық психиатриялық ассоциациясының Ұлттық зерттеу кеңесінің және Америка психотерапиялық академиясының президенті болды.

Адамға бағытталған психотерапия гуманистік психология деп аталатын ғылыми ағымға енеді. Адлерлік терапияның белгілі өкілі Ханс Ансбехер гуманистік психологияға тән алты сипатын бөліп көрсетеді:

1) адамның шығармашылық күшінің шешуші рөлі;

2) адамның антропоморфтық үлгісі;

3) адамның дамуын себептер емес, мақсаттар анықтайды;

4) адамға «элементтік» емес, холистік көзбен қарау;

5) адамның субъектілігі есебінде пікірлерін, көзқарастарын, саналы және бейсаналық әрекеттерін есепке алу қажеттігіні;

6) ең бастысы психотерапия жақсы адами қарым-қатынастарға негізделген.

Психотерапия теориясы

Кез-келген психотерапияда эксплициттік немесе имплициттік түрде клиенттің өзгеру қорлары туралы мәселе қойылады. Ол босаңсу, сенімділік, сабырлылық, байсалдылық және т.б. Бұл жердегі идея, алдымен, өзгеру қорын (клиенттің ішінен немесе сыртынан) табудан, және екіншіден, сол қорды мәселелік ахуалға қосудан тұрады (жүйелік десенсибилизация).

Эмпатия – терапевттің клиенттің ойлары мен сезімдеріне біртіндеп жақындай беретін үдерісі.

Терапевттің конгруэнттілігі. Терапевттің инконгруэнттілігінің екі қалпы бар: 1) психотерапевттің сезімдері мен сол сезімдерді түйсінуі арасындағы инконгруэнттілігі; 2) сол сезімдерді түссіну мен оларды көрсету арасындағы инконгруэнттілік.

Наши рекомендации