Анат ӘбілсейтҰлы
Алғаш рет 1976 жылы «Көшпенділер» атымен жарық көрген трилогия орыс тілінің өзінде 12 рет басылып, 1,5 миллион тиражбен тарапты. «Көшпенділер» трилогиясы әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылған екен. 2005 жылғы есеп бойынша, дүниежүзіне таралған жалпы тиражы 3 миллион дана.Бұл трилогияның негізінде 2005 жылы «Көшпенділер» атты тарихи көркем фильм түсірілді.
Соңғы кезде әдеби, оқырман жұртшылықтың назарын аударған жазушы Ілияс Есенберлиннің тарихи шығармалары. «Алмас қылыш» (1971) романы I. Есенберлин қаламынан кейінгі жылдары туған «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Қаһар», «Алтын құс» тәрізді романдар көтерген тың мәселелерімен де, көрсеткен адам тұлғаларымен де қызғылықты, елеулі шығармалар екені әркімге аян. «Айқас» романы үшін кітап авторына Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілуі, «Алтын құс» романы бұл айтқанымызды сипаттайды. «Қатерлі өткелдің» кезінде КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылып, бүкіл одақтық оқырман ілтипатына ілінуі кездейсоқ болмаса керек. Ал «Қаһар» романының идеялық көркемдік ірі деңгейін жұртшылық жақсы түсініп қабыл алды. Бұл шығармасы арқылы жазушы тарихи тақырыпты игеру жөнінде батыл жаңашылдық көрсетті. Аз жылда тақырыбы, проблемасы түрлі-түрлі оншақты роман жариялау фактісінің өзі I. Есенберлиннің шығармашылық қуаты мен қүлашын айқын аңғарта алады.
I. Есенберлиннің «Алмас қылыш» романы көне тарихтың көмескі тұстарын қайта жаңғырта көрсетуге арналған. Романның оқиғалық негізіне сонау XV ғасырдағы біртүтас қазақ хандығын қүру жолындағы әрекет, күрестер, кейіпкерлер ретінде аты тарихқа белгіл хандар, ақын, жыраулар, қарапайым халық өкілдері алынуы бұл шығармаға деген заңды қызығу тудырады. Өйткені әдебиетіміз қанша өстіөркендеді дегенмен, бізде соңғы кезге дейің XIX ғасырдан ілгерідегі оқиғалар мүлде дерлік суреттелген емес. Мұндай жағдайда халық тарихындағы аса жауапты, ұрымтал тұстарды түңғыш рет таныстырған шығармаларға әділдік пен ықыласымыз да айрықша болуға тиіс.
Өзіміз әрдайым үлгі тұта сөйлейтін орыс әдебиетіндегі тарихи жанр шығармаларының мол байлығымен салыстырып қарағанда, біздің олқы жерлеріміз доқ деп те айтуға болады. Өйткені азды-көпті сауаты, пайым-парасаты бар адамның, қай-қайсы да тарихтың ұзын жолын, негізгі үрдістерінг туған халқының адамзаттың рухани қазынасына қосқан үлесін танып білуді өзіне парыз санауы қажет, себебі тарихын білмеген ел мәдениетті ел болып саналмайтыньш жақсы түсінуіміз қажет. Тарихқа деген көзқарастан адамның білімділігі мен надандық парқы ажыратылады деп ертедегі даналар бекер ескертпеген болса керек.
«Алмас қылыш» романы — тарихтың аса қызық та ғибратты бір дәуірін көркемдікпен танытуға көмектесе алатын пайдалы шығарма. Шығарманы дәл осылай бағалаған филология ғылымының докторы Мырзабек Дүйсеновтің «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған мақаласын және басқа көптеген авторлардың жылы лебізін қүптай, біз өзіміздің талғамымызды І. Есенберлиннің шығармаларын зерттей отырып айтуды жөн көреміз.
Біздіңше, I. Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының жұртшылық үшін ең маңызды жері — Өзге мамандар түгіл тарихшылардың өзі де әлі күнге дейін жете зерттеп болмаған кезең — XV ғасыр оқиғаларын роман-хроника түрінде тұңғыш рет жүйелі өріп, аса көп керекті мағлұмат бере алатындығында. Қалың оқырман бұл кезге дейін XV ғасырда Жәнібек пен Керей бастаған қазақ рулары Сарысу, Шу, Талас өзендерінің алқабында, Мойынқүм бойында алғаш рет қазақ хандығын құрды деген қысқа деректен өзгені біле бермейт. «Алмас қылыш» тарих кітаптарында жазылған сарадң тұжырымңың тасасында қаншама. хикмет жатқанын даңқтылы оқиғалардың хронологиялық ізіне түсе отырып, кеңінен баян етеді. Бұл шығарманың «сүйегі» түрлі кітаптар, қолжазбалар, шежірелер арасында шашырап жатқан анық фактілерден құралғандықтан және оқиғалардың жылнамасы сақталғандықтан, мұны роман-хроника деп атаған абзал деп ойлаймыз..
Дәл осындай жанр, форма әдебиетте өмір сүруге, орнығуға әбден хақылы. Жанрдың келбетін тек автордың субъективтік ниеті белгілей бермейтін, кейде объективтік материал өзіне сай форма іздететінін көреміз. Егер «Алмас қылыштың» осындай жанрлық анықтамасымен келіссек, шығармаға да сол жанрдың талабымен қарау керек болады.
Тарихи шығармаларды талдау кезінде «Алмас қылыш» туралы жазылған кейбір мақалаларда романның бітімі ескерілмей жүргені байқалады. Үлкен әлеуметтік-психологиялыіқ романдарға қойылатын шартпен қарап, «Алмас қылыштан» өзіне тән емес қасиеттер іздеу ақиқатқа жеткізбейді. Шығарманың жетістігін де, кемшілігін де жанрдың ішкі заңдылықтары тұрғысынан зерттеген жөн. Роман-хроникада тарихи оқиғалардың тізбегі күрделі орын алуы табиғи. Мұнда жеке қаһарманның жай-күйін бастан-аяқ түгелдеп айтып шығу бірден-бір шарт бола бермейді. Тарихи оқиғалардың ағынын белгілі адамдар, топтар өмірімен табиғи бірлікте әңгімелей білу, сол арқылы әрі тарих, әрі шығарма міндетін «қатар» алып бару бұл жанрдың ерекшелігі болып саналуы керек. I. Есенберлин, біздің түсінігімізше, осы талап деңгейінеін табыла білген. Автор бұл шығармасында тарихшылық пен беллетристікті әдемі ұштастыра алған. Жанр жағынан алып қарағанда да «Алмас қылыш» әдебиетімізге өз нақышымен қосылған жаңалық деп қараймыз.
Романда Дешті Қыпшақтың қаһарлы ханы Әбілхайырдың қарауында келген қазақ руларының жеке қазақ хандығы қол астьна топталу процесі, бұл құбылыстың себебі, мен салдары, бір жағы Әбілхайыр, екінші жағы Жәнібек, Қерейлердің тақ пен тәж үшін таласы, өздерінің мансаптары үшін халық бұқарасын пайдалану тәсілдері, хан ордасындағы шытырман қайшылықтар, алдау мен зорлықтар тізбегі романның екі бөлімінде т-лық баяндалған. Осы тарихи шығарманың бірінші бөлімінде Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімінде жаңа қонысты мекен еткен қазақ хандғының ішкі-сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып, ширау процесі, бүл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.Міне мұның өзі І. Есенберлин шығармаларының шындық пен деректіліктілігінің дәлелелі сияқты.
Бұл романда желі тартып жатқан басты идея — қазақ руларының бірлесу, бір хандық шеңберінде ынтымақ құу идеясы. Жазушы тарихи фактілерге берік сүйене отырып, мұндай бірліктің аса қатал өмір сынында, өлім мен өмір кезек алмасқан алмағайып, аласапыран ауыр жағдайда жүзеге асқанын, қазақтың жеке хандығын орнатқан күштер кім, сатылғыш, дүниеқоңыз дүшпандар кім екенін тайға таңба басқандай тізіп береді. Өз халқы тарихының көп мәселелерінен бейхабар оқырман үшін мұндай мағлұмат өте қажет. Бұл айтылғаидар тарихи шығарманың танытқыштық мәні зор екенін дәлелдей түссе керек.
Сонау XV ғасыр оқиғаларын, оның алдындағы бірнеше жүз жылдық Шыңғыс хан әулетіне қатысты дерегін бір шығарма көлеміне сыйғызып айту оңай шаруа емес. Автор, әлбетте, сол замаң шьндығын түрлі дәрежеде жазып кеткен бұрынғы-соңғы шежірешілердің мағлұматына сүйенген. Шығыстың, батыстың бұл тақырыпқа қатысты көп кітаптарын қарап шығу, орыстың, қазақтың шежірелерін ақтару, қазіргі тарихшылардың ізденістерін есепке алу көп уақыт пен қажырды керек ететін жұмыстар. Мүндай шығарма жазған авторға тек ризашылық сезіммен қараған жөн.
Романда ортақ қаһармандар ретінде хан, сұлтандар жүретіні рас. Бірақ бұған қарап ел билеушілері бірыңғай дәріптелген деуге әсте болмайды. Қаһарманның бойындағы қасиетін ірілеп көрсету — оны мадақтау болып саналмайтынын әрбір сауатты оқырман білсе керек. Шығармада неғұрлым айқындалып шыққан тұлға — Әбілхайырды алсақ, автор оның ерлігін де, қулығын да, қаталдығын да қалдырмай айтып, күллі қайшылығын ашады. Сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрындық мінездері де диалектикалық ақиқатымен берілген. Автор белгілі бір қаһарманды не әдейі жақсы көрсету, не нақақ қаралау мақсатын көздемей, оқиға мен мшездің объективтік ағысын қаз қалпында көрсетеді. Бүкіл Дешті Қыпшақты билеген Әбілхайыр бір жағынан айлакер, ақылды, арынды ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын қанды қол, мейірімсіз екенін нанымды етіп көрсете білген. Өзге қаһармандары бойынан да бейненің жан-жақтылығын көреміз. Демек, «хандарды дәріптеді» делінетін кейбір қаңқу сөздер мен пікірлер көркем шығарманың табиғатың елемеуден туған көрініс деп ойлаймыз. Патша, хан атаулыны тек жамандап көрсету керек дейтін бір жақты, тұрпайы ұғымның ғылыммен, көркемдік шындықпен қатысы жоқ.
І. Есенберлиннің «Алмас қылыш» романында халықтың тарихтағы ше-шуші рөлі көрінген деп санаймыз. Шығармада тап тартысы емес, хандар, билеушілер арасындағы тартыс шындыққа орай алғы кезекке шыққан. Соның өзінде автор оқиғалар мен тұлғаларды талдауға, бағалауға әлеуметтік тұрғыдан келген. Бүл — мәселенің бір жағы екенін көруге болады. Онан соң романда еңбекші адамдардың ісі де, күші де бірсыпыра шындыққа сәйкес екендігін көрмеуге болмайды. Әбілхайыр хан нақақтан жазалаған кедей жылқышы Орақ ше? Бұл өте үлкен идеялық жүк көтеріп тұрған тұлға. Орақ тұлғасы романның көп жерлерінде қайталап елес беріп отырады. Орақты қолдайтын кедей Қаптағай батыр ше? Асанқайғының Бердібек пен Әбілхайырға арнап айтылған әрі нақыл, әрі қатал сын сөздерінде нағыз халық өкілдерінің талабы жатыр. Дана жырау Асанның Қазтуған мен Қотан айтысына төрелігі де таза халықтық сана нышаны.
Шығарманың екінші бөлімінде бұл әйгілі жыраулар тағы да үлкен елдік әңгіме үстінде көрінеді. Жазушының халық рөлін төтелеп ескертіп отыратың орайы шығарманың өн бойында кездеседі. Бірінші бөлімнің эпилогында бұл мәселе аса елеулі сездірілген. Әбілхайырдың Монғолстанға көшкен Керей мен Жәнібек елін шабамын деген екпінін қарауындағы халықтың наразылығы су сепкендей басады.
Осы тұста, Орысбай, Қоқыш, Тәкежан, Күйгенбай секілді қарапайым адамдардың қайсарлығы жалт етіп ашылады. Немесе Саян бастаған кекті жігіттердің «бекзадалардың малын талау» әрекеттері де ханға қарсы халық айбарының көрінісі деп санаймыз. Тіпті, Әбілхайырға адал қызмет етіп жүрген Оспан қожаның сөздерінен де халықтың қасиеті елес береді. «Жоқ, алтын періштеге де, құлға да керек емес, алтын хандарға керек» — дейді ол. Жазушының оқиғаны суреттеуі кейде диалог, кейде монолог, кейде тікелей түсіндірме түрінде өрілген. Бұл тарихи шығарманың халықтық айқындамадан жазылғанын көрмеу, сыпайылап айтқанда, білместік. «Мемле-кет шаңырағын халық көтерген» (191-бет).— автордың дүниетаным дұрыстығын бұдан артғырақ етіп айту қиын.
Романның кейбір көрнекті кейіпкерлерін ілгеріде атадық. Мұңда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Қотан, Саян, Орақ секілді ұнамды бейнелер қатары тарихи шындықтың дәлелі екенін көруге болады. Бұлардың әрқайсысы өз орнында мәнді, қызғылықты. «Алмас қылыш» тек мазмұнымен ғана емес, нысандық ізденістерімен де маңызды шығарма. Автор, мәселен, Әбілхайыр әулетінің әріден келе жатқан үстемдігін, содырлы-сойқан істерін өткенді шолу ретімен мәлімдейді. Жүздеген жылдарға созылған Шыңғыс хан үрім-бұтағының озбырлық саясатын, тынымсыз талас-тартысын қайта елестету үшін дәл осындай тәсіл оңтайлы келген.
Ал қазақ даласының тарихи болмысын Қазтуған мен Қотанның айтысы арқылы көрсетуі жаңаша көркемдік әдіс деуге болады. Екі ақын бетпе-бет келіп айтысқанда шындықтың түп-тереңіне дейін ашылатыны белгілі. Сон-дай-ақ Қотан мен Қазтуған айтысы қазақ елінің сан ғасырлық өмір, күрестерінің сыры мен сипатын екшеп көрсетуге жараған. Оқиғаларды баяндай отырып, кейініректе болатын жайлардан хабар айту тәсілін жазушы қазақ әдебиетінде алғашқы қолданушылардың бірі. Мәселен, Мұхаммед Шайбанидің бала кезін көрсеткен тұста оның келешектегі мансабы імен атағын да қоса ескертіп қою шығармаға оқушы ықыласын өсіре түседі. Мұның өзі «Алмас қылыш» өз жанрында елеулі туынды, мазмұны мен нысаны қабысқан шығарма екенін дәлелдейді.
I. Есенберлиннің «Алмас қылыш» романы — оның қазақ халқының ХУ-ХІІІ ғасырлардағы тарихынан жазған трилогиясының бір бөлігі. Архив тереңінде қозғаусыз жатқан неше алуан қымбат деректі ыждағатпен жинап, тарихи адамдар тұлғасының диалектикалық шындығын ашатын көркем шежіре, тартымды роман ұсынған автордың азаматтық еңбегі қалың оқырманын — шын сыншысын тауып отыр. Жазушы үшін бұдан артық мәр-тебе жоқ
Ал Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» (1969) атты романы қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпты игеру тереңдеп келе жатқанын әйгілейтін шығарманың бірі. Мұнда өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған қозғалыстың, сол оқиғаға қатысты түрлі топтардың, адамдардың жай-күйі әңгімеленеді. Автор сөз болып отырған заманның әлеуметтік, экономикалық, саяси ахуалын, қозғалыстың себебі мен салдарын зерт-тей келіп, солардың диалектикалық көркем шындығын көрсетуді мақсат еткен. Сонымен қатар романнан көркем шығармаға ғана хас көп әсерлі ақиқаттарды — адамдардың күйініш-сүйінішін, арманы мен өкінішін, ықыласы мен мұратын, кейіпкерлер тарихы мен тағдырын табамыз.
Суреткер өзінің көзқарасын төтелей айтып салмай оқиғалар меи характерлерді ауанына жіберіп, еркін сөйлеткен. Сондықтан да оқырман автор ұсынған шындықтың күнгей, теріскейін түгел шолып, бағдарлап, бағалауға мүмкіндік алған. Роман тарихи адамдарды көрсетуде жаңа қадам болып табыладьт Тарихи кітаптарда жазылған қысқаша тұжырымдар мен үкімдердің тасасында талай өмір, қайшылық арпалыстары жатқанын
танимыз.
Ілияс Есенберлиннің тарихи шығармасы «Қаһарда» патша отаршылдарының қысымына наразы елдің қозғалысы, халықтың осындай серпінін пайдаланып, қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының кектескен сұлтандар мен патшалық бекіністеріне шабуылы, ата-бабасынан мирас боп келе жатқан елі мен жерінің бостандығы үшін жанталасып күресуі, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеті, сан алуан адам мінездері көрсетілген. Автор тарихи адамдардың талай тайталас күрестерін нақтылы көрсете білген.
Кенесары Қасымов көтерген ту астына халық неге ерді деген сұрақтың жауабы романның алғашқы екі тарауында нанымды берілген. Шұрайлы жерден айырылып, патшаның әкімдерінен қысым көрген ел бастаушы болса, соңынан еріп кетерлік жағдай туғанын тарих мысалдары да дәлелдейді.
Жазушы қай құбылыстың да ішіндегі қайшылықты, қарама-қарсы күштердің қақтығысын қатар алып, шындықты толық ашуға ұмтылған. Арқадан Оңтүстікке беттеген күшті суреттейтін алғашқы тараудан да осыны көреміз. Патшалық тепкісінен қаша көшкен елдің бастаушысы Сейтен батырдың қасында келе жатқан серігі Ожар тыңшы, екі жүзді адам екендігі бірден сездіріледі. Бұдан қазақ еліне деген тұзақтың әр жерден құрылғанын да көруге болады. Елдің намысын жыртатын аңғал батырлар жанында көлеңкедей қалмай сансыз сатқындар да жүру отарлаушылықтың көнеден келе жатқан әдісінің бірі екені мәлім. Қапыда қолға түсіп мерт болған Сейтен батыр тағдыры бұл күрестің қиындығынан да хабар береді.
Ілияс Есенберлиннің тарихи роман қазақ халқының қиын ахуалының сан түрлі қырларын кең қамтып елестетеді. Соның бірі — Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының жай-күйі. Түбінде Ресей патшасынан қауіп келе жатқанын сезгенімен, Орта Азия хандары қазақ халқымен одақтасуды ойлау былай тұрсын, қайта оны талан-таражға салатын сәтті күтіп отырған. Бегдербектің жәрдем, кеңес сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нөкерлерімен опасыздықпен өлтіріп жібергенін суреттейтін тарау осы ақиқатты түп-тереңімен ашады. Әрі қорқақ, әрі қу, тырнағына дейін сатқын, дүниеқор Қоқан әкімінің шыншыл бейнесі жасалған деуге болады.
«Қаһар» романында Кенесарының және оның сенімді серіктері — ру басыларының, батырлардың өмірі мен іс-әрекеті мол шындығымен көрінген. Әсіресе Кенесары тұлғасы анықтыққа жеткенін атап айту керек. Суреткер кейіпкер басындағы шытырманды тарихи шындыққа сәйкес ашып көрсете алған. Халықтың патшалыққа қарсы наразылығын пайдалана білген, намыс үшін қандай құрбандықтан да тайынбай-тын Кенесарының қайшылықты келбетін деректі дәлелдей білген.
Автор Кенесарының жеке басындағы ерлік пен парасатты бірнеше жерде көрнектендіріп ерекше аңғартады. Мәселен, ол Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, «Ташкентті шабу керек» деген Қасым төренің тілегін іштей қабылдай тұрса да, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады. Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі, баласы Садықтың батылдығын сынаған тұсы, өзіне ерген баһадүр ерлердің бірі — Байтабынның көңілін риза ету үшін Наурызбайдың қолындағы құсты аттырып билік айтуы сияқты түстар бұған дәлел. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары: Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың ерлік эпизодтары да айтылып отырған.
Романда Ресей патшалығының әр дәрежелі өкілдерінің де бейнелері бар. Солардың ішінде әсіресе Қараөткелдің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалығы анық таңбаланған. Жеке өмірінде азғындықтың шегіне жеткен бұл адам Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, көп елді күшпен, айламен ұстап тұрған. Қоңырқұлжа елдің бас көтерер адамын қаралап үстап береді, лауазым үшін халық мүддесін сатып, кез келген опасыздыққа барады. Жазушы патша өкіметі өзіне тірек еткен жергілікті әкімнің жексұрын жиынтық типін жасай алған. Қоңырқүлжаның әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да үстем тап өкілдерінің сиқын аша түседі. Аңыз бен шежірені, тарих тізбегін үлкен тарихтық идеялар мен ірі қаһармандар мінезін мүсіндеу талабына жұмсай білуі, тарих пен көркемдікті айырғысыз тұтастыққа жеткізуі, өткен кездер хикаясынан бүгінгі қауымға керектіні екшей алуы, тарих тәжірибесінен үлгілі сабақ, өнегені алға тартуы жағынан I. Есенберлин романы қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. Тарихтың тереңінде жатқан, тіпті тарихи зерттеулердің өзінде жүйелі баяндалып, толық танылып болмаған заман, адам шежіресін екшеп, жаңа сапаға келтіріп айта білуі жазушының жаңалығы, қазақ әдебиетін байытатын, танығыштық, тәрбиелік мәні зор туынды.
«Жанталас» романында халқымыздың бірнеше ғасыр бойы бастан кешкен сұрапыл қиындықтары, тыныштық пен тәуелсіздік үшін күрестері кейде шежіре, бірде аңыз ретінде баяндалады. Екінші сөзбен айтқанда, мұнда. көркемделген тарих немесе тарихи-публицистикалық очерк сипаты басым. Соның бәрі негізгі идеяға — қазақ халқының қаһармандық, отаншылдық арпалысын, көпшілік бұқараның мұндай жанталаста шешуші рөл атқарғанын көрсетуге жұмсалған. Аңыздар мен шежірелер шығармада жеке өзіндік қызмет атқармайды. І. Есенберлин сол тарихи аңыздардың дәнін, негізгі ұйтқысын және бағытын ашуға ұмтылады. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресінің елеулі фактілерін, азаттық үшін соғысты ұйымдастырушылар еңбегін саралай отырып, автор тарихтың ғибратын, тәжірибесін оқырман алдына деректілікпен жайып салады. Демек, тарихи оқиғалар мен адамдар әрекетінің сипаты қазіргі дәуірдің талғам, таразысы тұрғысынан қаралады.
Бұхар жырау әңгімесінде де тарихи құбылыстардың бағасы бүгінгі түсінігімізге орайлас беріледі. Сонымен, «Жанталас» романында тек XVII—XVIII ғасырлардың тарихнамасы беріліп қоймай, олардың сыры мен шындығына да талдау жасалады, тарихтың көркем шындыққа түскен желісі беріледі. Атап көрсетерлік бір мәселе сол — шығармада деректер мен қиялдап айтулар бірлестікке, көркемдік шындық деңгейіне көтерілген. Кейіпкерлердің іс-әрекетінің нақтылы жүйесін емес, сол құбылыстардың мәнін ашуға көңіл бөлінген, психологиялық талдаулардан гөрі тұжырымдап, шолып, шежірелеп айту басым шыққан. «Жанталастың» жанрлық ерекше-ліктерін талдағанда осы жайлар тарихи шындықты дәлелдейді. Шы-ғарманың ұтымды жерінде, кейбір жетіспеушілігін де оның жанрлық бітіміне қарап көрсетуге тырысқан.
Қазақ әдебиетінде аңыз-роман, роман-хроника немесе көркемделген тарих деп атарлық жанрдың пайда болуын кездейсоқ, таң қаларлық құбылыс деп қарауға болмайды. Ауыз әдебиеті дәстүрі бүгінге дейін қатарласа өмір сүріп келе жатқан қазақ әдебиетінде мұндай «аралас» жанрлардың орын алуының өзі заңдылық. Қазақ ауыз әдебиеті өзінің бойына қаншама көркемдік құдірет дарытқан өзгеше құбылыс екені белгілі. Мұнда көркемдеу мен типтендірудің неше алуан кесек үлгілері, кейде бедерлі биіктері кездеседі. Қазақ жырлары мен аңыздарының бірқатары халықтық романдар тәрізді. Оларда әлеуметтік, таптық сипат, адамдар ісіне дәл, нақты мінездеме жиі ұшырайды. Бұларды ретіне қарай жазба кәсіби әдебиеттің қажетіне жарату І. Есенберлин сияқты қаламгердің шеберлігіне байланысты деп ойлаймыз.
Соның жарқын мысалы —сөз болып отырған роман. Оқиғаны тартымды, тығыз, әсерлі етіп ‘баяндауда халық аңыздары мен ертегілері дәстүрінен үйренетін тұстар бар екенін ұлы суреткеріміз М. Әуезов ерекше нұсқап көрсеткен еді. Ол: «көркем поэзияға ауызша поэзия қаншалық бөгетсіз, сатысыз көп қор құйған болса, бүгінгі көркем прозаға да халықтың ауызша әңгімесі сондайлық жатық жолмен көп араласып, қабысып жатыр» («Әр жылдар ойлары», 1959, 237-бет) деген еді. Бұл сөздерде терең мағына, ұлы ой бар. Бүгінгі қазақ прозасында ауыз әдебиетінен «ауысқан» белгілерді тек кемшілік белгісі деп қарамай, солардың қандай идеяға қалай қызімет етіп тұрғанына, көркемдік кестелерге қаншалық жарастық тауып, кірігіп кеткендігіне қарай сөз еткен жөн деп ойлаймыз..
«Жанталас» романында тарихи оқиғаларды бағалау, саралау, түсіндіру жөнінде авторлық тұрғы берік сезіледі. Халықтың тарихтағы шешуші орнын көрсетуге, ел билеушілердің мүддесі бұқара мүддесінен алшақ жататынын аңғартуға жазушы ерекше көңіл бөлген. Романда хандардың жорықтары халық қолдаған кезде ғана жеңіске жеткізгеніне көптеген мысал келтірілген. Белгілі тарихи қайраткерлерге шежіренің, аңыздың берген бағасымен қалмай, сол бағаның дұрыс не бұрыстығын ғылыми болжамдар тұрғысынан тексеріп шығуға автор ыждағат жасаған. «Жанталас» өзіне тақырыптас «Алмас қылыш», «Қаһарман» қосылып келгенде үлкен эпопея деңгейіне көтеріледі.