Леуметтік қорғау
1. Мемлекет:
1) Шұғыл психиатриалық жәрдем көрсетуге;
2) Табиғи зілзалалар мен апаттар кезінде психиатриалық жәрдем көрсетуге;
3) Аруханадан тыс және стационарлық жағдайларда консультациялық-диагностикалық, емдеу,психиатриалық алдын алу, оңалту жәрдемін көрсетуге;
4) Психиатриалық сараптаманың барлық түрлеріне, еңбекке уақытша жарамсыздықты анықтауға;
5) Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетуге және оларды еңбекке орналастыруға жәрдемдесуге;
6) Қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері шешуге;
7) Психиатрия ұйымдарында құқықтық мәселелер жөнінде консультациялар беру және заң көмегінің басқа да түрлерін көрсетуге;
8) Мүгедектердің әлеуметтік-еңбекке орналастыруға және психикасының бұзылуынан зардап шегуші қарттарды әлеуметтік-тұрмыстық орналастыруға, сондай-ақ оларға күтім көрсетуге;
9) Психикасының бұзылуынан зардап шегуші мүгедектер мен кәмелетке толмағандарды оқытуға кепілдік береді.
2. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарға психиатриялық жәрдем көрсетуді қамтамассыз ету үшін және оларды әлеуметтік қорғау мақсатында мемлекет:
1) Мүмкіндігінше емделушілердің тұрғылықты жері бойынша ауруханадан тыс және стацонарлық-психиатриялықжәрдем көрсететін ұйымдардың барлық түрлерін құрады;
2) Психикасының бұзылуынан зардап шегуші кәмелетке толмағандарға жалпы және кәсіптік білім беруді, сондай-ақ ересектер үшін кәсіптік қайта оқытуды ұйымдастырады;
3) Өндірістік- емдеу кәсіпорындарын, сондай-ақ еңбек терапиясының, психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарды, соның ішінде мүгедектерді, еңбекке орналасыту үшін жаңа мамандықтарға оқытуға арналған еңбек жағдайлары жеңілдетілген арнайы өндірістер, цехтар немесе учаскелер құрады;
4) Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарды еңбекке орналастыру үшін меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындарда мекемелер мен ұйымдарда Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жұмыс орындарына міндетті квоталар белгілейді;
5) Әлеуметтік байланыстарын үзіп алған, психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдар үшін психиатрия ұйымдарына жанынан жатақханалар ұйымдастырылады.
3. Психиатриялық жәрдем көрсететін ұйымдардың бәрін талап етілетін санитарлық-гигеналық және эпидемияға қарсы нормативтерге сәйкес болуға тиіс.
4. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарға осы Заңда кепілдік берілген медициналық және өзге де жәрдем Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары өздерінің Қазақстан Республикасының заңдары мен белгіленетін құзыретіне сәйкес қамтамассыз етеді.
Б а п . Психиатриялық жердемді қаржылындыру
1. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарға осы Заңда кепілдік берілген психиатриялық және өзге де жәрдем көрсететін мемлекеттік ұйымдарды қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазастан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінің жүзеге асырылады.
2. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарға жәрдем көрсететін жеке адамдардың (психиатрлардың,адвокаттардың және т.б.)қызметіне ақы азаматтардың өз қаражаты немесе қайырымдылық түсімдер есебінен төленеді.
III т а р а у. ПСИХИАТРИЯЛЫҚ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМДАР МЕН АДАМДАР.МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МАМАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫМЕН МІНДЕТТЕРІ.
Б а п. Психиатриялық жәрдем көрсететін адамдар мен ұйымдар
1. Психиатриялық жәрдемді тиісті лицензия алған медицина ұйымдары мен психиатр-дәрігерлер көрсететін.
Психиатриялық жәрдем:
1) Мемлекеттік емдеу- алдын алу;
2) Мемлекеттік әлеуметтік;
3) Жеке жәрдем болуы мүмкін.
2. Психиатриялық жәрдем көрсету жөніндегі қызметке лицензиялар беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
3. Психиатрия жене психоневрология ұйымдары немесе психиатр-дәрігерлер жасайтын психиатриялық жәрдемнің түрлері жарғылық құжаттар мен лицензияларда көрсетіледі. Олар туралы ақпарат тілек білдірушілерді бәріне беріледі.
Б а п. Психиатриялық жәрдем көрсету жөніндегі қызметпен
Айналысу құқығы
1. Жоғары медициналық білім алған және өз біліктілігін белгіленген тәртіппен дәлелдегенпсихиатр- дәрігердің психиатриялық жәрдем көрсету жөніндегі дәрігерлік қызметпен айналысуға құқығы бар.
2. Пациенттерге тікелей қызмет көрсететін өзге де мамандар (психологтар, әлеуметтік және басқа қызметкерлер мен медицина қызметкерлері) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен арнайы даярлықтан өтіп, психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдармен жұмыс істеуге жіберілі үшін өзхдерінің біліктілігін дәллелдеуі тиіс.
3. Психиатриялық жәрдем көрсететін психиатр- дәрігер мен өзге де мамандардың қызметі осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады және дәрігерлік борыш пен кәсіби әдепке негізделеді.
20- б а п. Медицина қызметкерлері мен өзге де мамандардың