ІV кезең – мектептік – 17 жасқа дейін. 3 страница

Бұндай кедергілерді жою жолы - тілдің сапасын, жылдамдығын ретке келтіру, шешендік өнерді игеру.

Семантикалық кедергілер жаргон және слэнг мәселесі мен тығыз байланысты. Ортақтсуға қатысушылардың өзіндік шағын мәдениеттерінде ұғымдар мен құбылыстардың ерекше мән-мағынасы болады. “Сұлулық”, “борыш”, ”тәртіпшілік”, құндылықтарының әр микротоптық әртүрліше қабылдап түсінеді. Мысалы, Әміршіл бастық бағынушылардың үндемей көнгенін таласа демократияшыл тетекше қол астындағылардың сөз еркіндігін қолдайды. Шашы ұзын жігіттер хиппи сұлу болып саналса, қазақ ауылында оларды күлкіге айналдырады. Ортақтасу барысы нәтижелі болу үшін өзгелердің семантикалық тосқауылдарда, бірін-бірі түсініспеушілікке жол бермейді.

Тұлғааралық коммуникацияны нәтижесіз, тиімсіз ететін кедергінің келесісі-стильдік тосқауыл.

Стильдік кедергі – коммуникатор мен реципиенттік тілдік стильдері бір-біріне не тілдің стилі ортақтасу жағдайына, реципиенттік көңіл- күйіне сәйкес келмеуі. Мысалы, балаларға, аспиранттарға лекция оқығанда бірдей тақырып болса да, екі түрлі тіл стилі қажет болады. Қайғырып не қуанып тұрған адамға бір ақпаратты әртүрлі мәнерде айтуға тура келеді.Коммуникатор неғұрлым сезімтал болса, соғұрлым оның мәселесі реципиенттік дұрыс дәрежеде жетеді.

Логикалық кедергілер – Сөйлеушілер мен тыңдаушының қабылдау логикасы, дәлелдеу жүйесі әртүрлі болғанда пайда болатын. Қоғамда логикалық жүйелер өте көп. Мысалы, балалар логикасы, әйелдер мен ерлер логикасы, басшы мен бағынушылар логикасы, т.с. Кейде коммуникатордың дәлелдері реципиентт үшін қиын да күрделі болса, кейде түсініксіз болады. Өз сөзін тыңдаушыға жеткізу сөйлеуші дәл сол жағдайда сәйкес дәлелдерді пайдаланса, мақсатына жетеді.

Әлеуметтік-мәдени айырмалар кедергілері, Әлеуметтік саяси діни көзқаратарға, жынысына, жасына, мамандығына байланысты болады. Осындай жәйттерге ортақтасу барысындағы түсініктер мен ұғымдарды, сөйлеушінің бейнесін қабылдау тәуелді. Мысалы, тыңдаушы жасы мен әлеуметтік статус жоғары адамның сөзін ешқандай кедергісіз қабылдаса, беделі төмен кісінің сөзін елемеуі мүмкін. “Мына не деп былшылдап тұр?” - әйелдің рас болса да оларды құрметтейтін адамның, “Әкесі тұрып бала сөйлесе...”- жастардың ақыл-ойын менсінбейтін кісілердің пікірі емес пе?

Қатынас кедергісі- Коммуникаторды жақтымайтындықтан оның мәлімдемесі де қарсы қабылдау, сенімсіздік сенімін туғызатын коммуникатордың сөзіне күдікпен қарау.

Кез-келген психологиялық кедергі-ақпарат қабылдау жолында құрылатын реципиенттің өз-өзін қорғауы. Психологиялық қорғаныстың

- 1-жолы – ақпаратты дұрыс қабылдамау не бұрмалау, қарсы пікірлерге көңіл бөлу;

-2-жолы-ақпараттың қайнар көзінің құнын төмендету;

-3-жолы- түсінбеу.

17,Қазіргі қарым-қатынас этикеті. Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

3)аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы Қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз Қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде Қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы Қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау - өзін - өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы.
Этикет – бұл тәртіптің негізгі нұсқауы және қоғамдағы тәртіп. Этикеттің нұсқаулар ең біріншіден мәдениеттілікті көрсетеді.

1.Күнделікті қызметтік араласу.

әңгімелесу, кездесу, келіссөздер;

келушілерді қабылдау;

жиналыстарға, мекемелерге бару;

азаматтардың тұрған орындарына бару;

жиналыс, конференция, отырыстар;

кезекшілік, күзет.

2.Спецификалық қызмет араласуы.

жұмыс кезінде коллективімен араласу: а) субординациялық араласу түрі;

жұмыскерлер арасында араласу;

үйрену кезіндегі сабақ берушінің тыңдаушылармен жұмыс жүргізу.

шет азаматтармен іскерлік қатынас.

3.Қауіпті қызмет түрі кезінде араласу.

өзара келіспеушілік қарым-қатынасы;

митинг, демонстрация, қатысушылармен араласу;

спецконтингентермен араласу.

4.Невербалдық және неспецификалық араласу түрі.

публикалық қатынас және интерьвю;

баспада, теледидарда, радио арқылы сөйлесу;

телефон, телесайт, радиохабар;

іскерлік жазу.

18,Қарым – қатынас арқылы баланың жан –жақты ,әрі үйлесімді дамуына қажет – түйсік , қабылдау,ойлау,ес,зейін,сияқты негізгі танымдық процестерін дамытуПсихикалық дамудың кешеуілдеуінің негізгі ерекшелігі – баланың психикалық әрекетінің қалыптасуының бірқалыпты болмауы. Инфантильді балалар өзінің құрдастарынан жас, олардың ойлары да тұрақсыз болады. Оларды ми қабілеті де тәулік бойына өзгереді. Кейде сабақтың аяғына таман немесе шаршаған уақыттарда болады. Бұл балаларға тән ерекшелік зейіні мен жұмыс қабілетінің ең төменгі деңгейде болуға тиіс. Кейбір балаларда іс — әрекеттің басында зейіндері жоғары болады да, ал кейін төмендей бастайды. Ұзақ мерзімді есте сақтауы мен қысқа мерзімді еске сақтауының төмендеуі, есте сақтауының беріктілігінің жетіспеуі, сондай – ақ интеллектуальдық белсенділігінің төмендеуі – осы категориялардағы балаларға тән ерекшеліктер. Ойлау әрекетіне келсек, көрнекі амалды ойлаудың кемістігі аз мөлшерде көрініс береді. Көбінесе нақтылы – бейнелі ойлауы бұзылады, яғни бейнелі образдық ойлауы жеткіліксіз болады. Қарапайым есептер көрнекі материалдарға бағытталса, бірақ баланың өмірлік тәжірибесіне қатыссыз болса, оларға қиындық туғызады.Балалардың танымдық белсенділіктері жеткіліксіз. Ол баланың тез шаршауымен, тежелуімен сипатталады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар есептің шартын, диктантқа арналған сөздерді және сөйлемдерді есінде сақтамайды. Олар зейіндерін тапсырмаға шоғырландыра алмайды, кей кездері мектептің тәртібіне бағынбайды. Мұндай балалар көңіл бөлгенді қажет етеді. Түзету жұмыстарын, арнайы оқыту процестерін емдеу мекемелерін талап етеді.Психикалық дамудың кешеуілдеуіндегі әртүрлі дәрежеде сипатталады. Жеңіл түрде көрініс берген жағдайда бұл балалар көмекті жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастыруға болады. Ауыр жағдайлардабалаларда арнайы білім беретін мектептерге немесе мекемелерге оқытады.Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың белсенді жағдайдан баяулыққа, жұмыскерлік көңіл – күйден, жұмыссыздыққа жиі өту процестері жүйкелік – психикалық жағдайлармен байланысты. Балалар қандай да бір тапсырманы орындауда үлкендердің көмегін қажет етеді. Ересектердің көмегін қажетсіну, іс — әрекеттің нәтижесін меңгеру, оны ұқсас әрекеттерге тасымалдау және психикалық дамуы кешеуілдеуі бар балаларды ақыл – есі кем балалардан ажыратуға болады.Балаларда іс — әрекеттің тұрақсыздығы қимыл – координациясының жеткіліксіздігі мен режимге бағына алмаушылығы болса да, мұндай балалардың басым көпшілігі дене шынықтыру пәні мен спорт ойындарын жақсы көреді. Олардың психикалық дамуындағы жоғарғы мүмкіншіліктердің бар екендігін түзету жұмыстарын ұйымдастыру барысында ескерген жөн.Психикалық дамуыдың кешеуілдеуіне байланысты өз пікірлерін ұсынушы М.С.Певзнер, Т.А.Власова баланың эмоционалдық ерік сфераларының қалыптасуына көп көңіл берумен бірге, нейродинамикалық бұзылулардың жеке сипаттамасына да ерекше назар аударды. Соған сәйкес психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың сипаттамаларының негізін анықтап, яғни ол психикалық және психофизикалық инфантилизм түріндегі анықталатын және ерте балалық шақтағы орталық нерв жүйесінің зақымдануынан, оның организмінің астениялық, церебрастениялық жағдайларға ұшырайтынын анықтаған.Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі – ол оқу процесіндегі балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды дефференциалды зерттеудің маңызы болып отыр. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде, олардың потенциалдық мүмкіндіктерін тиімді ескере отырып, бала бойындағы кемшіліктерді толықтай компенсациялауға және түзетуге болады.Жалпы тексерудің барысында алынған мәліметтерге сүйенсек, жалпы мектептің өзінде де жартысынан жуығын «психикалық дамуы кешеуілдеген балалар» тобы құрайтынын көреміз. Психикалық дамудың кешеуілдеуі – бұл анамалияның дамуы, ячни көбінесе ол оқу жылының алғашқы айларында байқалуы мүмкін. Ол негізінен балалардың оқу процесінің қажеттіліктеріне адаптацияланбауынан байқалады.Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың негізгі айырмашылығы мынада: бұл балалардың сабаққа деген үлгермеушілігі, сондай – ақ дағдылары мен танымдық процестеріндегі өзара ауытқушылықтарымен сипатталады. Арнайы педагогикада, сондай – ақ дефектология ғылымында психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын зерттеу негізінен ХХ ғасырдың ортасынан бастап бастау алды. Есту қабілеті бұзылған баланың өмірге келуі шын мәнінде отбасында психологиялық өзгерістерге алып келеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың тәрбиесі – дефектологиялық негізгі ұғымдарының бірі. Бұл процестің мақсаты мен міндеті – жалпы педагогикалық принциптерімен анықталған, яғни оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі тиіс. Тәрбиенің бұл түрі тек қана педагогтармен ғана емес, арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асқаны орынды. Және бұл қарым – қатынас қалыпты жағдайда өзара түсіністік, бір – біріне көмек беру жағдайында өткені дұрыс. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, шешім қабылдай алуға, өзін — өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Бұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы, түсіністікті қажет етеді және оларды оптимистік рухта, өз — өзіне сенімді тәрбиелеудің мәні зор. Адамның қоғамдық қатынас жүйесіндегі орны мен әлеуметтік ортаның ықпалының өзі, адамның жас ерекшелігіне орай қолданылады. Бұл, өскелең жеке тұлғаны мақсатты бағытпен қалыптастыру жағдайын ұйымдастыруды қажет етуін анықтайды. Адамның тұлға ретінде қалыптасуында жеткіншектік кезең маңызды орын алады. Бұл жас кезеңінің, адамның тұлға ретінде қалыптасуындағы ерекше маңыздылығы, 10-16 жастағы баланың дамуындағы саналы өзгерістерге байланысты. Бұл жастағы бала, жаңа әлеуметтік тәжірибесін меңгеріп, жаңа қоғамдық қатынасқа және байланысқа түсе бастайды. Қатынас жүйесіндегі жеткіншектің орны өзгеруі, әрекеттің жаңа аспектілерінің дамуына байланысты. Әрекеттің бұл жаңа аспектілері, осы жас кезеңінің ерекшелігіне тән жаңа өзара байланыс, қарым – қатынас жүйесін тудырады. Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайға баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады. Тәртіп бұзу содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі – сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушы құрбыларынан сабақта артта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл көбінесе мен – менсінген, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ, осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдеттен деп, барлық себептен содан іздестіруге болмайды. Өйткені, тәртіп бұзу тек өзіне ғана байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық, ата – ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әр түрлі болып келуіне байланысты. Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда бала жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі туады. Мұндай «мен» бейнесі кез – келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.Психологиялық – педагогикалық зерттеулерде бала мінез – құлығының ауытқу мәселесі түбегейлі зерттеліп сипат алғанымен, қалыпты дамыған бала мінез – құлығының жағымсыз түрлерінің туындау себептерін ғылымда өз деңгейінде зерттелінбеуінде. Л.С.Славина «Дети с аффективным поведением» атты еңбегінде кіші мектеп жасындағы балалардың аффективті мінез – құлығына сипаттама бере отырып, психологиялық талдау жасайды. Мұндай балалардың мінез – құлығына мыналар тән: өкпелегіштік, бұзықтық, дөрекілік. Олар басқа балалармен үнемі ұрысып, керісіп, ескертулерге тез ренжіп қалады. Автор мұндай мінез – құлық оның ұжымындағы дұрыс құрылмаған өзара қарым – қатынастардың салдарынан пайда болады деген қорытындағы келеді. [6.55]

Отбасы тәрбиесінде ата – аналрыдң мінез – құлқы шешуші фактор. «Сіз баланыңдың тәрбиесін бастаман бұрын өзіңіздің мінез – құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын А.С. Макаренко. Оның сөзін жалғастыра келіп, … егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз… ал, онда сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ.

19,Қарым – қатынас арқылы жағымды эмоционалды ахуал тудыру. қазіргі психологиялық - педогогикалық теорияда м. ж д. баланың жағымды эмоцияларын дамыту тек кәсіби мамандыққа ғана байланысты емес ол, тәрбиешінің жеке дербес қасиеттеріне де байланысты деп тұжырымдаған. Мектепке дейінгі ерте жас шамасындағы балаларға ерекше қарым - қатынастар талап етіледі Олар өте мейiрiмдi, нәзік, өте сенгіш келеді. Сондықтан бұл жас шамасындағы балдырғандарды қамқорлыққа алу, жараламай тәрбиелеу өте маңызды.
Топта балаларға жақсы және жайлы болу қажет.
Ерте жас шамасындағы сәбиді тәрбиелеуде ешкім де анасын алмастыра алмайтыны туралы ұмытпау керек. Сондықтан, ұстаз - психолог оларды ананың тұлғасындай жұмыс істей білу керек.. Мысалы, шығармашылық жұмыстарды сәбимен бірге анасына көрсету үшiн iстеу. Ата - ананың сенімділігі арта түсіп балаға деген анасынан басқа да сүйіспеншіліктер оятады.
Сәбидің эмоционалды көңіл - күйі саласының психологиялық диагностика әдiстерi өте көп. Бірақ бұл әдістердің барлығын пайдалану мүмкіншілігі бола бермейді.Бiрiншiден, тәрбиешілер тестеудiң нәтижелерiн дұрыс түсiндiрiп беру үшiн жеткiлiктi психологиялық дайындықта болу қажет. Екiншiден, тәрбиешiге тестiң нәтижелерi жиi үрейлi немесе қияңқы балалардың тобы көрсеткішінде жеке балаға деген қарым - қытынаста әрекетсiздiкке әкеп соғады. Диагностиканың нәтижесі осы жағдайда үлкен қателікке әкеліп соқтырады..
Эмоцианалдық көңіл - күй пайда болуын бағалауда Г. Степанова баланың іс - әрекет реакцияларын ескере отырып бес балдық шкала жасаған. Бұл шкала бойынша баланың эмоциялық күйiн бағалауға болады.
М. д балалық шақ - денсаулықты қалыптастыру және жеке тұлғаның дамуындағы адамның өмiрiндегi ең маңызды кезеңі. Сонымен қатар - бұл кезде бала айналасындағы ересектерге, яғни ата - аналары мен ұстаздарға тәуелді. Келеңсіз жағдайлар, жүрiс - тұрыс, әлеуметтiк және эмоционалдық мәселелер зардаптылары баланың болашағына тікелей әсерін тигізеді.(баланы құқығы және жеке басының қасиетi)
Баланың іс - әрекетін сипаттайтын ең маңызды салалардың бiрi - негiзiнде нормалар және ережелердiң меңгеруi оның әлеуметтiк дамытуы болып табылады: бiр жағынан, баланың заттық әлемнің қағидаларын түсінуі қажет. Екінші жағынан - адамдарға деген қарым - қатынастың ережесi. Бұл процессте баланың мінез - құлқының эмоционалды күйзеліске ұшырауы ата - аналары мен айналасындағылардың кері әсерінен тууы мүмкін. Мiнез - құлық эмоционалды күйзеліске ұшырайды. Баламен - аналық қатынастардың бұзушылығы, қолайсыз психологиялық ахуал тағы басқалар патологиялық факторлар негативтi факторлардың бiр қатарының әсерiмен бiрақ балада әлеуметтiк - эмоцианалды сәтсiздiктiң белгiлерi қалыптасады. Орынсыз терiс эмоциялар болады, жеке организмнiң дамуының процессiне кері әсер етеді. Демек, педогоктар мен психологтерiнiң алдында осыған байланысты балаларды өмірге деген сүйіспеншілігін арттырып, қоғамда және жеке адам басындағы қайғырулар, басқа адамдардың сезiмiнде елең ету. (оған көмекке келу, қуану және қайғыру т. с. с с)..Өз эмоцияларымен басқара білу - мектепке дейiнгi жастағы балалардың ең басты жетістігі.. Сондықтан эмоцияналдық функция ол мектеп жасына дейінгі баланың орталық психикалық функциямен деп аталады және соған еріксіз түрде айналады..
Л. С. Выготскийдің айтуынша мектепке барғанша баланың эмоцианалды - реакциялары баланың мiнез - құлығына тiкелей үстемшiлдiк етуін жоғалтады. Сәби өз эмоцияларымен басқаруды үйренедi.” Бұл, алайда, мектеп жасына дейінгі мерзiмнiң соңғы кезінде қызу өмiрдiң жеткiлiктi тәжiрибесiмен ғана ие болатындай жағдай болуы мүмкiн.Ұлы педогоктардың пiкiрiнше, м. ж. д. баланың эмоцианалды көңілінің дамыуы оның тәрбиесiнiң ең маңызды шарттарының бiрi болып табылады. Мектеп. ж. д. баланың эмоционалды күйзелуі болашақта жеке тұлға болып қалыптасуы үшін қауіп - қатер тудырады. Баланың iшкi эмоция көңіл - күйінің қатынасы әлеуметтік жағдайы даму үшін ықпал етеді.
Міне осыған орай м. ж. д. баланың эмоционалды, әлеументті және адамгершілік жағынан дамуы тығыз байланысты деген ұғым қалыптасады.
Қазіргі заман педагогика ғылым тұрғысынан қарасақ сәбидің әлеументтік - эмоцианалды дамуы ол м. ж. д баланың өте күрделі социализациялық мәселесі.
“Социализация - әлеуметтiк ортаға баланың бейімделуінің күрделi, көп жоспарлы процессi. Бұл мәдениеттену, адамгершiлiк құндылықтардың жүйелері.

20,Қарым – қатынас және оның қызметтері Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататынкүрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, марко, микро, рухани, істер т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі: 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпараталмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты); 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру); 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты). Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, т.сініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде,дөрекілік пен жағымпасдықсыз жағымпасздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхпаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап,сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

21,Қарым – қатынас түрлері. Вербальды және вербальды емес коммуникация. Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктерін білу әңгімелесушіні жақсырақ тануға ғана емес, сондай-ақ айтылған сөздің басқа адамдарға қалай әсер еткенін алдын ала көруге мүмкіндік береді, яғни қажетті нәтижеге жету үшін әрекетті және мінез-құлықты өзгертудің қажеттілігі жайлы білуге болады [2].Кез келген «жемісті» қатынастың кепілі сенімді контакт болып табылады. Ал мұндай контакт сіздің не айтқаныңызға ғана емес, өзіңізді қалай ұстағаныңызға байланысты, әсіресе іскерлік қарым-қатынаста. Айтылған ақпарат немесе хабардың мазмұны іс-әрекетке немесе адамның вербальды емес қылықтарына сәйкес келмесе, адам интонация, мимика, жестке, көзқарасқа бағдарланып, ақпараттың жасырын мазмұнын аулауға тырысады, осының нәтижесінде әңгімелесушінің шынайылығы немесе жалғандығы адамның бірін-бірі қабылдауына әсер етеді.

Наши рекомендации