ІV кезең – мектептік – 17 жасқа дейін.

44,Оқушының әдептілік міндеттері Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу және жаман нәрселерден аулақ болу керектігі туралы білімдерін қалыптастыру - рухани адамгершілікке тәрбиелеудің бір бөлігі болып табылады. Осыған орай, оқушылардың тұлғалық рухани қасиеттерін қалыптастыруды әлеуметтендіруге сәйкес, өз өмірінің құндылығын дұрыс түсіне алатын ерікті тұлға тәрбиелеу көзделуде. Егер мектеп оқушыларының бойында рухани адамгершілік тәрбиесі дамыған болса және дүниетанымдылық көзқарастары артса оны өмірде тиімді пайдалануына негіз болады.

Рухани адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе баланың назарын үнемі өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрын, сапалы түсінуіне баулу көзделеді. Баланың жас ерекшеліктеріне қарай, олардың көңіл-күйлерін көтеріңкі ұстау үшін әуен, саз-күй, гүл өсімдіктер, тордағы құстар және әр түрлі суреттерді өзін-өзі тану сабақ үрдісінде, орынды қолдана білу қажет.

Мектеп оқушыларының рухани дамуына орта ықпал етеді. Сонымен қатар бала туылғаннан кейін ата-анасының тәрбиесінен өтеді. Сондықтан да ата-ананың ролі баланың дамуының басты себепкері болып табылады.

45,Паралингвистика туралы түсінік. Паралингвистика (гр. para маны және лингвистика)

хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес (тілден тысқары) амалдармен берілуін зерттейтін тіл білімінің саласы;сөйлеу кезінде қолданылатын вербалды емес тәсілдердің жиынтығы.

Паралингвистикалық тәсілдердің үш түрі бар

Фонациялық тәсіл, оған дыбыс әуені, оның күші, кідіріс, дауыс мәнері жатады;

Кинетикалық тәсіл, оған ым, бет, қол қимылы, дене қозғалысы жатады;

Графикалық тәсіл, оған әріптер мен тыныс белгілері қолтаңбасының түрлері, әріп таңбаларын айырбастайтың қосымша символдық белгілер (§, т.б.) жатады.[1]

Сөйлеу кезінде паралингвистикалық тәсілдер үш түрлі қызмет атқаруы мүмкін: қосымша ақпарат береді, айтылмаған сөз орнына қолданылады, сөзбен бірге, аралас қолданылады. Паралингвистика кұрамындағы универсалдық, этнолингвистикалық, идиолектілік компоненттеріне қарай ажыратылады. Сөйтіп, паралингвистикалық тәсілдер вербалды хабардың мән-мағынасын толықтырумен бірге, айтушы я жазушы адамнын әлеуметтік жайы, жас, мөлшері, мінез-құлкы, т.б. қасиеттері туралы қосымша мәліметтер береді. Паралингвистикалық тәсілдердербес, тұйық семиотикалық жүйе болып табылмайды. Олардың сөйлеу кезінде нақты қандай түрде қатысатындығын алдын ала болжау мүмкін емес. Паралингвистикалық тәсілдердің кейбір түрлері 20 ғасырлардың 30 жылдарында (Н. В. Юшманов еңбектерінде) зерттелген. Паралингвистика ұғымын 40 жылдарында енгізген А. А. Хилл (AKLL 1), оның жан-жақты дамуы тіл білімінде тіл жүйесінен тыс құбылыстарды зерттеуге байланысты 20 ғасырдың 60 жылдарында іске асты.[2]

46,Педагогикалық әдептілік пен сөйлеу мәдениеті. Педагогикалық этика / әдеп/ - этика ғылымының өзіндік тарауы болып табылады және педагогикалық мораль ерекшелігін зерттейді, педагогикалық еңбек саласындағы жалпы адамгершілік ұстанымдарының жүзеге асыру өзгешелігін анықтайды, оның функциясын, этикалық санат мазмұны принціптерінің өзгешелігін ашып көрсетеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдеп оқыту - тәрбиелеумен кәсіби түрде айналысатын адамдар арасындағы және кәсіби ортадағы адамгершілік қатынастар мен мұғалімнің адамгершілік қызметтерін және мұғалімдер ортасында қалыптасқан өзгеше тәртіп пен мінез –құлық т.б. зерттейді.

Негізгі бөлім

Педагогикалық этика педагогикалық мораль мен моральдік құндылықтардың негізгі санаттарының түпкілікті мәнін қарастырады. Адамдардың адамгершілік қасиеттері мен мінез –құлқына, іс қимылына және өмірлік алуан түрлі құбылыстарға т.с.с. өзіндік баға беретін мейірімділік пен зұлымдық, адалдық пен ар-намыс туралы түсініктер жүйесін моральдік құндылықтар деп атауға болады. Педагогикалық қызметте моральдік түсініктердің негізгі түрлерінің бәрі қолданылады, дегенмен, педагогикалық қызмет пен қарым-қатынас тәрізді түсініктер этиканың жеке дара тарауына қатысты педагогикалық түйсіну тәрізді жекелеген түсініктерді бөле –жара көрсетеді. Осындай санаттың ішінде кәсіби – педагогикалық борыш, педагогикалықәділдік, педагогикалық ар-намыс және педагогикалық бедел бар.

Педагогикалық әдеп:

§ тілдесу, қарым-қатынас жасау кезінде

§ сөйлесу икемділігінде

§ оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу икемділігінде

§ өзін-өзі ұстай алу және талап ету икемділігінде

§ ескертужасаған кезде

§ баланың мінез-құлқына баға берген кезде

§ мадақтау және жазалай білу икемділігінде

§ дауыс ырғағында

Педагогикалық әдептің ерекшеліктері:

1) ұстаздың кәсіби мінез-құлығындағы, іс-әрекетіндегі өлшем

2) ықпал етудегі және өзара әрекеттесудегі әдістерді, түрлерді, тәсілдерді таңдау өлшемі

Әдептілік - педагогтың мінез-құлығындағы ерекшелікке айналу керек.

47,Позитивті ойлау психологиясы (А.Маслоу ) Абрахам Харольд Маслоу (ағылш.Abraham Maslow, 1 сәуір1908, Нью-Йорк — 8 маусым1970, Менло-Парк, Калифорния) — американ кәсіби және ғылыми психологиялық қоғамдардың мүшесі «Гуманистік психология», «Трансперсоналды психология» журналдарының негізін қалаушы. Адам психологиясын тұтас зерттеу оның аса маңызды құндылықтары мен қасиеттерін талдау концепциясын ұсынған. Маслоу еңбектерінің дені өмірінің соңғы 10 жылында жарық көрген. Оның негізгі еңбектері: «Болмыс психологиясының бағытына қарай» (1968); «Дін, құндылық тағы басқа күйзелістер» (1964); «Ғылым психологиясы: рекогносцировка» (1966);«Мотивация және тұлға»(1987) т.б. Қажеттіліктер пирамидасы — адамның қажеттіліктерін сипаттайтын иерархиялық моделдің жалпы атауы,1943 ж. "Psychological Review" журналында басылып шыққан "Адамның мотивациясының теориясы" ("A Theory of Human Motivation") мақаласында алғашқы рет қажеттілік иерархиясын бейнелеген.Толығырақ оның ой тұжырымдары 1954 жылғы "Құлшыныс пен Тұлға" (Motivation and Personality) атты кітапта берілген. Маслоудың өзі иерархилық қатарға коймай 5 деңгейлік қажеттілік атап көрсетеді :

Физиологиялық: аштық, шөл, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б.

Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.

Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу.

Абыройлық: өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу.

Рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану.

Одантолығырақсанатталған иерархия да бар. Жүйедежетідеңгейлі (приоритеттер) қажеттілік бар:

· Физиологиялық (еңтөменгі)

· Қауіпсіздік

· Махаббат/бірнәрсегетиеселілік

· Құрмет

· Білімалу

· Эстетикалық

Өзініңмаңызынтүсіну

Әрдеңгейіскеасқанда, келесідеңгеймаңызғаиеболады. Бірақбұлалдыңғықажеттілікмаңызынжоғалттыдегендібілдірмейді. Соныменқатарәрдеңгейтұрақтыприоритеті, орныболмайдыпирамидағасәйкес, яғниәрадамғаәрқандайқажеттілікмаңыздылығыәртүрлі.

48,Рөлдік әрекеттестік мәселесі. әлеуметтік бақылау өзара әрекеттесу барысында қарым – қатынасқа түсетін адамдар «орындайтын» рөльдердің репертуарына сай жүзеге асады. Психологияда «рол» деп қандай-да бір әлеуметтік ұстанымда т ұрған кез-келген адамнан , оның айналасындағылар күтетін норма бойынша мақұлданған жүріс-тұрыс үлгісін айтады(қызметіне , жас ерекшелігіне , жынысына, т,б ) Адамдар оқытушы немесе оқушы т.б рөльдерін орындайды. Әр рөл қоршағандардың нақты талаптары мен қалауларына сай болу керек

49,Рөлдік әрекеттестікке түсінік беру . Баланың тіл мәдениетін қалыптастырудағы отбасының орны . әлеуметтік бақылау өзара әрекеттесу барысында қарым – қатынасқа түсетін адамдар «орындайтын» рөльдердің репертуарына сай жүзеге асады. Психологияда «рол» деп қандай-да бір әлеуметтік ұстанымда т ұрған кез-келген адамнан , оның айналасындағылар күтетін норма бойынша мақұлданған жүріс-тұрыс үлгісін айтады(қызметіне , жас ерекшелігіне , жынысына, т,б ) Адамдар оқытушы немесе оқушы т.б рөльдерін орындайды. Әр рөл қоршағандардың нақты талаптары мен қалауларына сай болу керек .

50,Сәлемдесу әдебі,түрлері мен қазіргі сипаты Сәлемдесу — тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір — біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. «Сәлем — сөздің басы» делінетіні де сондықтан. Тегінде, әдеп, адамшылық — амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі — сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі сонда — адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір — біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие. Сондықтан бүлдіршіндерге ең алдымен үлкенге сәлем беру әдебін үйрету қажет. Адам баласы қашанда тыныш — бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір — бірімен тату — тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған. Соның негізін сәлемдесу салған. Балаларды жастайынан ең алдымен таңертең ұйқыдан тұрған соң, беті — қолдарын жуып келіп, ата — анасына, отбасы мүшелеріне, қонақтарға сәлем беруге дағдыландыру керек. Адамның әр күнгі іс — қимылы таңертеңгі сәлемнен, жақсы лебіз, қошеметтен басталатынын сәбиге түсіндіру керек. Қазіргі таңда сәлемдесудің түрлері өте көп, бірақ балаға соның ішіндегі ең керекті түрлерін үйреткен жөн. Мәселен, басқа сәлемдесу түрлеріне қарағанда балаларға «Сәлеметсіз бе?» және «Ассалаумағалейкум» деп амандасу қолайлы сияқты. «Ассалаумағалейкум» деген араб сөзінің мағынасы «Сізге тыныштық тілеймін»дегенді білдіреді. Алайда, балаға құр ғана «ассалаумағалейкумды» айтып, бір міндеттен құтылғандай болатын тоң — торыс сәлемнің ізеттілік емес екенін, қайта кісі көңіліне қаяу түсіретін қылық болып табылатынын айтқан жөн. Сәлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты — жылы шырай. Онда сәлем беруші мен алушының қас — қабақ, бет — жүз құбылысы, даусы маңызды қызмет атқарады. Міне, осылардың бәрін балаға үйрету өте маңызды. Дұрыс амандаса білудің өзі дұрыс сөйлеуге, сөз әдебін қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Осындай тәлім — тәрбие арқылы бүлдіршіндер дұрыс сөйлеуге үйренбек.

Тибет

Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі, олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында, бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.

Тувалу

Тувалу еліндегі дәстүрлі сәлемдесу дәстүрі өте қызық. Полинезияда орналасқан арал мемлекетіне саяхат жасаған жандар жергілікті халықпен жақындасу әрекетіне дайын болуы керек. Бір-бірін көрген бойда екі жан бір-бірінің беттеріне жақындап, терең дем алады.

Монғолия

Бейтаныс жанды үйіне қонаққа шақырған кезде монғолдар оған «хада» деп аталатын жібек не мақта-маталы жолақ береді. Әдетте, оның түсі ақ. Кейдесе көк я жасыл түсті болады. Хада ұсынылған кезде келген қонақ оны екі қолмен алып, басты изеуі тиіс. Хада ұсыну мен алу рәсімі – үлкен құрметтің белгісі.

Жапония

Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса ән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек.

Кения

Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі «адаму» деп аталады, яғни «секіру биі». Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.

Гренландия

Гренландия сияқты арктикалық аймақтардағы эскимостар не инуиттердің «куник» деп аталатын сәлемдесу рәсімдері бар. Бұл дәстүр отбасы мүшелері мен ғашық жандар арасында кеңінен таралған. Жүздескен жандардың бірі мұрнының ұшы мен жоғарғы ернін екінші жанның қолына я бетіне тигізіп, терең дем алады.

Ытай

Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі «коутоу» деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі «ваньфу» деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады.

«Коутоу» дәстүрі аңызға айналған Хуан-ди патшаның билік еткен тұсында бастау алған еді. Сол заманда бұл дәстүр патшалармен амандасқан кезде және неке қию, үйлену сияқты салттарда қолданылған.

51,Сәтті қарым-қатынас жасау сапалары. Сәтті арым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

Сөйлеу әдебі (этикеті) , нормалары мен ерекшеліктері Этикет сөзінің шығу тарихы төмендегідей: Франция королі XIV Людовиктің қабылдауына келушілерге король сарайының арнайы қызметкерлері этикетка деп аталатын бір жапырақ қағаз беретін болған. Ол қағазда корольді қалай атау керек, оның алдында қалай сөйлеу керек, корольдің алдына барған кезде қандай қимыл жасауға болады, қандай қимыл жасауға болмайды, т.б. қысқаша әдеп ережесі жазылатын болған. Бұл этикеткаларды адамдар арасындағы қарым-қатынас пен норма ережелерінің алғашқы құжаты ретінде бағалауға болады. [ 2, 25б ] Этикет нормалары дербес қасиетке ие. Адамдардың нені жағымды, нені жағымсыз деп тануы әрбір тарихи кезеңге, әрбір этностың өзіндік менталитетіне сай анықталады. Мысалы, кейбір халықтарда қонақ тың тамақты жеп, риза болғанының куәсі ретінде кекіргенін естігенге мәз болады, ал ол басқа халықтарда мәдениетсіздіктің нағыз көрінісі болып табылады. Кавказ халықтарында амандасу барысында алғашқы болып үлкен кісі қол ұсынса, Қазақстанда жасы кішіден ізет күтеді. Сөйлеу этикасы - әр түрлі қарым-қатынас ситуацияларындағы сөйлеу тәртібінің ережесі және этикалық нормалардың жиынтығы. Сөйлеу этикасы риторикалық этика деп те айтылады.\ Сөйлеу этикасы жалпы адамзаттың этикалық құндылықтарын, ұлттың этикалық алғышарттарын, жеке тұлғаның этикасының байлығын өзіне тірек ете алады. Сөйлеу тәртібі ұлттық мәдениет, әдет-ғұрып, салт жоралғылармен, жеке тұлғаның тілді қолдану тәрбиесімен, тұрақты тәжірибесімен тікелей байланысты. Сөз этикетіндегі негізгі ерекшеліктің бірі - кез келген тілдегі этикет тілдік бірліктердің белгілі бір дәрежеде стандартталуы. Кез келген тілде амандасу, қоштасу, кешірім сұрау, ризашылық білдіру, алғыс айту, жұбату, рахмет айтудың қалыптасқан стандарт түрлері бар. Оларды жас, жыныс т.б. ерекшелігіне қарай белгілі бір формасын қолданғанмен әр адам я автор амандасу, қоштасу я рахмет айту формаларын өздері ойлап таппайды. Көркем шығарма мәтіндерде де, ауызекі сөйлеу тілінде де белгілі бір этикет сөз, сөз тіркесі, сөйлем дайын тілдік бірлік ретінде қолданылып отырады. Этикет тілдік бірліктердің дайын күйінде қолданылуы әдеби тіл үшін де, ауызекі сөйлеу тілі үшін де, көркем шығарма тілі үшін де норма болып саналады. Сөз этикетіндегі стандарт тілдік бірліктердің негізгі белгілері: құрамының тұрақтылығы, үнемділігі, дыбысталуының үйреншіктілігі, мазмұнының көпшілікке түсініктілігі, қолданысқа икемділігі, дайын тілдік бірлік ретінде қолданылуы. Сөз этикетіндегі стандарттылық кездейсоқ пайда болған құбылыс емес, ұзақ уақытқа созылған тіл тәжірибесінің нәтижесі. Стандарт тілдік бірліктердің туып, қалыптасуына әсер ететін бірнеше факторды атап көрсетуге болады. Оның бірі – күш-жігерді үнемдеу заңы негізінде пайда болған тілдік экономия. Қарым-қатынас процесінде сөйлеу этикеті маңызды роль атқаратыны белгілі. Ол адамдардың әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау, мінез-құлық пен жүріс- тұрыс принциптерін жүйелеп отырады. Этикет – адамдардың барлық жағдайлардағы өзара араласуындағы ережелер жиынтығы. Осы дүниеде және о дүниеде иесіне ең көп пайдасы мен зиян келтіретін бұл – бір жапырақ ет – адамның тілі. Өйткені тіл адамның ішкі дүниесін ашатын кілті іспетті. Мәселен, адам иманға келсе, не күпірлігін сыртқа шығарса қоршағандарға соны тілі арқылы білдіртеді, сыпайылығы мен көргенсіздігін де тілінен аңғаруға болады. Мұсылман адам жаман, арсыз, дөрекі, қарғыс сияқты сөздерден аулақ болуы қажет. Жаман сөздердің айтылуын Алла-тағала ұнатпайды. Және бұл мұсылманға жат сипат болып табылады. Пайғамбар жаман сөздерді айтуды имансыз құлдың сипатына жатқызған. Осыған орай ол былай деп айтқан: « Иманда адам тілдеуші, қарғаушы, ерсілік істеуші, азғын емес ». Бірнеше адам сөз айтқысы келсе, алдымен жасы үлкенге сөз беріледі. Пайғамбарға бірнеше сақаба келіп, өздерінің жағдайын айтпақшы болған кезде, олардың кішісі Абдрахман ибн Сәхл сөзге кірісе берген сәтте, пайғамбар оған: « Үлкенді үлкейтіңдер ( яғни, үлкенге жол беріңдер ) » - деп ескертеді. Сонымен, сөз этикеті дегеніміз, қорыта айтқанда, адамдар арасында байланыс орнату үшін жұмсалатын, сол байланысты жалғастыра беру мақсатында қолданылатын ұлттық ерекшелігі бар стереотипке айналған сөздер мен тұрақты сөз орамдары. Адамдар арасындағы қарым-қатынас кезінде қайталанып отыратын біртектес, стандарт жағдайлар мен ұғымдар экстралингвистикалық фактор ретінде сөз этикетіндегі стандарт тілдік бірліктерді тудырады. Осының нәтижесінде тұрақты тілдік стереотип қалыптасады. Стандарт тілдік бірліктердің негізгі қасиеті олардың құрылымы мен семантикасының тұрақтылығы, өзгермеген, дайын күйінде қолданылуы болып табылады. Сөз этикетіне қаратпа сөздер, сәлемдесу, танысу, қоштасу, құттықтау, тілек білдіру, алғыс айту, өтініш айту, кешірім сұрау, шақыру, кеңес беру, көңіл айту, жұбату, құптау, марапаттау формалары және т.б. да құрылымдар жатады. Бұл құрылымдар мән-мазмұны мен қолданыс ерекшелігіне қарай тілдің бірнеше қызметін анықтап, атқарып отырады. Сөз этикетінің тыңдаушы назарын аудару (аппелятивтік), байланыс орнату (фатикалық), сыпайылық таныту (конативтік ), тыңдаушының көңілін аулау ( эмотивтік ), ерік білдіру (валюнтативті), түрлі критерийлерге байланысты коммуниканттарды жіктеу (регулятивті) қызметтері бар. Есте боларлық ерекшелік – сөз этикетінің қызметтері жеке-дара, дербес күйде емес, бір- бірімен жанаса, жарыса жүзеге асады.Сөйлеу тiлiнiң фонетикалық-морфологиялықерекшелiктерi.

Дыбыстарды түсiрiп айту сөйлеу тiлiне тән фонетикалық белгiлерге жатады: басың қағыр (басың қалғыр), кеп отыр - келiп отыр, боп па - болып па т.б. тiркестерде дыбыстарды түсiрiп айту сөйлеу тiлiне тән құбылыс.

Синтаксистiк ерекшелiктерi. Сөйлеу тiлi стилiнiң басқа стильдерден өзгешелiгi, ең алдымен сөйлем құрылысынан байқалады. Сөйлеу тiлiнде сөйлем түрлерi аралас келедi. Сұраулы, лептi, риторикалық сұраулы сөйлемдер көп қолданылып, сөйлем диалогқа құрылады:

Баланың сөзiн сөз деп, о несi-ай маған! (Б.Майлин)

Кiтаби тiлдiң ауызша, жазбаша түрiнiң нормалары, жүйелерi ереже түрiнде грамматика оқулықтарында, оқу құралдарында түрлi сөздiктерде көрсетiледi. Сондықтан бұл нормалар "заңдастырылған" (кодификацияланған) нормалар деп танылады. Сөйлеу тiлiнде де норма, белгiлi бiр жүйе болады. Бiрақ сөйлеу тiлi нормалары "заңдастырылмаған", бiршама еркiн болады.

53,Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер Шешендік дегеніміз не? Ойшылдарға сүйене айтсақ, шешендік – кісі көркі, ақылмен билеу өнері. Дидарласушымыздың жүрегі мен ақыл-ойын баурап алуға, оны не нәрсеге болса да сендіруге, иландыруға септесетін бізге берілген сый. Кез келген нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонысымен өзгелерді өз ойына ойыстыра білу. Біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туындай келе, білгірліктен кейін тұрады. Сөз бен ойға негізделеді. Биік дүниетаныммен, ғылым-білімді терең меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жөн-жосықтарын жүйрік танумен, жалпы айтқанда, адамзаттың рухани мәдениетінен мол хабардар болуымен, ой өрісінің кеңдігімен тамырлас. Демек, жас тұлғаға қажетті шешендік дегеніміз – тыңдаушылардың жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, образдардың жарқындылығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет-қарым, тума қасиет, сондай-ақ өскен ортаның, үлгілі жандардың, ұлағатты туындылардың тағылым-тәрбиесі, өз дүниетанымының нәтижесі.Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал. ... Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағдыдағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды». Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірегейі – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, барлық қаракөз бауырларымыздың өз ана тілінде сөйлеуіне қол жеткізу. Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан шаруа бала бақша, үй, мектеп, жоғары оқу орындарында ұл-қыздарымызды тілдік қоры бай қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету. Содан, үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Олай болса, шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті, ауызша, жазбаша сөйлеу – әдептіліктің биік шыңы. Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Олардың түсінісудегі негізгі құралы – тіл. Әр адам дұрыс сөйлей білуі, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыра білуі тиіс. Қарым-қатынас адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен, дәстүрі, мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы. Қарым-қатынаста адамдардың жан дүниесі, өмір тіршілігіндегі бейнесі көрінеді. Әдеп – сөйлесудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі. Мәдениет – адамдардың рухани және материалдық, білімдарлық пен сезімталдық қасиеттер аңғарылатын белгілерінің жиынтығы. Мәдениеттің туы – тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып, сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Өз тарихын, ұлттық дәстүрін, туған жерін, тілін қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады. Сөз мәдениеті – сөзді орынды қолданып, қиюластырып, үндестіріп айта білу, емле мен тыныс белгілері ережелерін дұрыс сақтау, тілдің ғасырлар бойы сақталып келген көркемдігі мен тарихын, әсемдігін сақтай білу. Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті туралы сөз етсек, адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты. Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады. Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі:

Наши рекомендации