Адамның еңбек әрекеті

Кәсіптік бағдар – білімнің жеке саласы. Бірақ ол педагогика, психология, социология, экономика, философия, медицина, құқық ілімдері қиылысында қалыптасады. Кәсіптік бағдарға жүйелі зерттеу жүргізу әр түрлі проблемаларды шешеді, оның мақсатын, міндетін, мазмұнын белгілейді.

Дербес-типологиялық қасиеттер – бұл адамның жүйке процестерінің негізгі мінездемелері (қозу және тежелу процестерінің күші, олардың тепе-теңдігі, қозғалмалылығы, динамикалылығы және лабильдігі) болып табылады. Түрлі кәсіптер түрлі қасиеттерге белгілі бір талаптар қойғанымен, олар (дербес-типологиялық қасиеттер) кез келген аумақтағы кәсіби қызметке өзінің әсерін тигізеді.

Дербес-типологиялық ерекшеліктер кәсіби жолдың анықталуында аз өзгеріп, неғұрлым тұрақты қасиеттер қатарына жатады. Олай болса да, бір типологиялық қасиеттің жағымды да, жағымсыз да (кәсіби жетістіктер тұрғысынан) көріністеріне ие екендігін ұмытпау қажет: жүйке процестерінің әлсіздігі жұмысқа қабілеттіліктің төмен деңгейін анықтайды және сол уақытта жоғары деңгейдегі сезімталдылықты көрсетеді; жүйке процестерінің инерттілігі жүйке әрекетінің жылдамдығының аз көрсеткіштерінде және уақытша байланыстардың мықтылығында көрінеді және т.с.с. Осылайша, белгілі бір қызметтегі табиғи жетіспеушілік басқа бір аумақтағы басымдылықта көрініп, осылай компенсацияланады. Ал, жоғарғы жүйке жүйесі әрекетінің әр түрлі типтерін жүйке әрекетінің шыңдалуыныңтүрлі деңгейлері ретінде емес, «ағзаның қоршаған ортамен тепе-теңдікке ұмтылуының түрлі тәсілдері» ретінде қарастыру қажет. Б.М. Теплов жасап шығарған бұндай ерекше маңызды ақпарат қарама-қарсы типологиялық қасиеттерге ие жұмысшылардың өзгелермен бірдей кәсіби табыстылыққа жетуіндегі дәл сол қасиеттерді анықтауға бағытталған зерттеулердің орасан зор циклін туғызды. Берілген іс-әрекеттің неғұрлым тиімді жүзеге асыруға ұмтылатын адамда қалыптасатын типологиялық ерекшеліктермен шарталған тәсілдер жүйесі іс-әрекеттің дербес стилі атауына ие болды.

Осындай тәсілдер көмегімен адам саналы немесе стихиялы түрде өзінің типологиялық ерекшеліктерінің әлсіз жақтарын компенсациялап, өзінің табиғи басым қасиеттерін неғұрлым тиімді түрде пайдаланады. Мысалы үшін, жүйке процестері жоғары қозғалмалы тігіншілер жылдам жұмыстарды олардың пайда болысымен істесе, инертті тігіншілер жұмыстағы «секірістерден» өздерін аулақ ұстауды қалайды екен. Алғашқылар мен соңғылардың жұмыс өнімділігі тең, алайда олар бұған түрлі жолдар арқылы жетеді.

«Дербес» стиль түсінігі өзіне әрекеттің тек сыртқы колданбалы тәсілдерін ғана қоспайды. сонымен қатар дербес стильге психикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың тәсілдері жатады, мысалы, ойлау қызметінің, зейінді ұйымдастырудың тәсілдері т.с.с. Бұндай тәсілдерде бағдарлаушы және орындаушы қызметтің өзіндік қатынастылығы негізгі рөлді ойнайды. Кей жағдайларда әрекеттердің ойша жоспары өте детальданған да олардың жүзеге аспай тұрып құралады, ал орындалу үрдісінде бұл жоспар маңызды емес түрде өзгереді. басқа жағдайларға орындалуға дейінгі ойша жоспар схемалы сипатта болады да жүзеге асырылу процесінде елеулі түрде детальданып, өзгереді. бірінші нұсқада танымдық, бағдарлаушы іс-әрекет ең алдымен жүзеге асырылуға дейін құрылып, содан кейін ғана орындаушы іс-әрекетпен тіркеседі. Екіншісінде – танымдық, бағдарлаушы іс-әрекет негізінен орындаушы іс-әрекетпен бір уақытта және байланысып жүреді.

Дербес стильдің осындай негізгі белгісіне басқарушы және орындаушы іс-әрекеттің түрліше қатынастары байланысты болады. Егер де танымдық, бағдарлаушы іс-әрекет орындалуына дейін жүзеге асырылса, онда басқарушы әрекеттер орындалу процесінде басым орынды алатын болады. Керісінше жағдайда олардың үлестік салмағы аздау.

Дербес стильдің бұндай екі типі денелік және ақыл-ой еңбегін орындауда, теориялық және қолданбалы іс-әрекетте, түрлі деңгейдегі күрделіліктегі тапсырмаларды шешуде және түрлі жас шамасындағы адамдарда көрінеді. Бұл екі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, адамның кез келген іс-әрекетті міндетті түрде бағдарлаушы, басқарушы және орындаушы қызметтердің байланысы мен мен бірлігін талап етеді. Екіншіден, кез келген іс-әрекеттегі бұл байланыстың мінезі мен формасы жүйке жүйесінің неғұрлым ортақ және типтік қасиеттерімен – жүйке процестерінің күші және қозғалмалылығымен анықталады.

Дербес стильдің келесі белгісіне оған тән әрекет тәсілдерінің жалпы мінезде болатыныдығы жатады. Оларды бір адам неғұрлым түрлі ситуацияларда және тіпті іскерліктің әр түрлі түрлерінде қолданады. Ақыры, табысты дербес тәсілдер мен орындаудың тәсілдері іскерлікке деген тек белсенді жағымды қатынас шартында ғана қалыптасады.

Е.А. Климов әрбір жұмысшы өзінің дербес стилін бірден таба бермейді деген, осының салдары болып жұмысшыларды «стихиялы өзіндік таңдауы» жатады. әсіпкерлік оқытудың міндетіне адамның өзіне неғұрлым тиімді, лайықты үлгі, жұмыс стилін табу жатады.

Ешбір дербес стиль қажетті нышандардың (музыкалық, көркемдік және т.б.) болмауын компенсациялай алмайды.

Кейбір жағдайларда іскерліктің күшті талаптарына байланысты дербес стильді қолдану шектелінеді (не мүлдем жүзеге аспайды).

Белгілі бір деңгейдегі жетістіктерге индивидуумның сан алуан қасиеттеріндегі дербес стилінің көмегімен жетуге болатын болса, жетістіктердің өте жоғары деңгейіне жету индивидуумның тек белгілі бір спецификалық қасиет кешені арқылы ғана жетуге болады. Осылайша, зерттеулердің біреуінде акробатика бойынша бірінші санатты және спорт шеберлерінің арасында инертті жүйке жүйесіне ие спортсмендер кездеседі, алайда чемпион деңгейіне жеткендердің арасында олар кезіккен жоқ.

Экстремальды жағдайлар жиі-жиі туындап отыратын жерде қызмет атқаратын маманды дербес стиль құтқара алмайды. Себебі бұнда жұмысшыға эмоционалды тұрақтылыққа байланысты жоғары талаптар қойылады, мысалы үшін, ракеталық техника, космонавтика, авиациямен байланысты кейбір кәсіптер.

Дербес стильді қалыптастыру үшін іскерліктің қоятын талаптарын терең ұғынып, қолданылатын әрекеттер тәсілінің мақсаттылық деңгейін толық түсіну қажет. Тек қана осындай жағдайда адам өзінің мүмкіндіктеріне сәйкес және, сонымен қатар іскерліктің берілген талаптарындағы мақсатты еңбек тәсілдерін саналы түрде таңдай алады.

Кәсіби міндеттерді орындаудың өнімділігі мен мінезіне деген белгілі бір жұмысшының типологиялық ерекшеліктерінің әсері, міне, осындай. Ал, еңбек ұжымының (бригада, өндірістік учаскесі) алдына қойылатын кәсіби міндеттерге келсек, онда ондағы әрбір типтің бар болуы ортақ жұмысты неғұрлым тиімді қылатыны даусыз: қозғалмалы жұмысшылар кененттен пайда болған жағдайлар мен өзгерістерге тез бейімделеді, жаңа кәсіби міндеттерді тез шешеді; инертті адамдар жұмысқа сенімділік, тұрақтылық сезімін береді; әлсіздер сыртқы тітіркендіргіштерге жоғары сезімтал болуларының арқасында топтың нәзік реактивтілігін қамтамасыз етеді; күшті жұмысшылар ұжымды өзінің энергиясымен байытады. Басқаша айтқанда, әр түрлі дербес-типологиялық қасиеттерге ие адамдардан құралған өндірістік ұжымның осының арқасында кәсіби ортамен тепе-тең болуына мүмкіндігі жоғары болады екен.

Дәріс

Наши рекомендации