Адам ағзасындағы жұмысқа қабілеттерінің өзгеруі

Қабілет дегеніміз – іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз етеін жеке адамның қасиеттерінің жиынтығы. Іс-әрекеттің түрі адамның психикалық қасиетіне байланысты. әрекеттің бір ғана емес, көптеген түрінің талабына жауап беретінжалпы қасиеттер, бірқатар ерекшеліктер бар. Бірінші, жалпы қабілет туралы, екінші, ерекше қабіліт. Ерекше қабілетке жалпы қабілетпен қатанақты әрекетті игеруге керекті қабілет жатады.имектепте оқу кезеңінде адамның жалпы қабілеттерін дамыту қажет, себебі олар кезеңінде адамның жалпы қабілеттерін дамыту қажет, себебі олар кез келген әрекет түрін орындау үшін керек. Бұл ерекше қабілеттің қалыптасуында еш кедергі келтірмейді. Ортақ қабілет нителлектуалды, ерік-жігер және эмоционалды деп бөлінеді.

Интеллектуалды қабілеттерге жататындар: Ақыл-ойдың айқындығы, онда ешқандай көмечскілік болмайды. Интеллекуалды емес, сонымен қатар моральдік келбет, себебі ақыл-ойдың айқындығы тек іс-әрекет үшіін емес, жауапкершілік сезімін де арттырады. Ақылдың логикалылығы – қатаң дәйектілік, ойлаудағы жүйелілік, зеріктік, ақыл-ой бағдарының жыолдамдығы. Ақыл-ой тереңдігі-заттар мен құбылыстардың жасырын қасиеттерін тануға көмектесу;ақыл-ой өрісінің кеңдігі – мәселенің барлық жағын ескеру қабілетін күшейту.

Аталған қасиеттердің дамуы адамның ақыл-ой қабілетінің деңгейін сипаттайды. Еңбек әрекетінің дұрыс болуы үшін шешімділік, ұстамдылық, тәртіптілік, өзіне сенімділік, өзін-өзі билеу қасиеттері қажет. Жігерлілік адамның еңбекке деген қабілетін анықтайды. Басқа қабілеттер көрінбесе де, еңбекке деген жігерлілік іс-әреекттің ақырғы нәтижесін сипаттайды.

Қабілеттің басқа да елеулі факторының бірі- ықылас. Кез келген іске деген ықылас қабілетті дамытады, табысқа деген сенімді күшейтеді.

Б.Г Ананьев бойынша жеке тұлғаны дұрыс түсіну үшін жеке тұлғаның дамуының, оның дәрежесі мен әлеуметтік позициясының, әлеуметтік жағдайының анализі ажет. Шынымен де жеке тұлға іс-әрекетте қалыптасатындығын мойындайтын болсақ, іс-әреект нақты әлеуметтік жағдайда қалыптасалды. Бірақ кез келген адам онда әрекет етіп, қоғамдық қатынастардың құрастырылған жүйесімен ұсынылған нақты дәрежені иеленеді. Жеке тұлғаның дәрежесі обьективті болғандықтан, оны жеке тұлға бірдей немесе әртүрлі, белсенді немесе енжар үмкін. Ол жеке тұлғаның социумдағы орнын анықтайды.

Жеке тұлғаның позициясы өз дәрежесінің әрекетшіл, субьективті жағы ретінде өз басшылыққа алатын жеке тұлға бағдарланған мақсаттарды, құндылықтарды анықтайды. Қасиеттердің осындай күрделі жүйесі дамудың әлеуметтік жағдайларындағы жеке тұлғаның рольдерімен жүзеге сасады. Осылайшы, жеке тұлғаның динамикалық тенденцияларын-оның қажеттіліктерін, мотивтерін, қызығушылықтарын, тілектерін, ішкі сенімдерін, құнды бағдарларын, идеалдарын, бағыттылығын зерттеп, оның әлеуметтік рөлдерінің дәрежесінің, позициясының мазмұнын ұғынып, түсінуге болады.

Алайда рөлді орындау сапасы, дәреже мен позиция жеке тұлғаның динамикалық тенденцияларыменьірге, оның мүмкіншіліктерімен, нышандарымен, арнайы қабілетерімен, дарындылықпен міндеттеледі.

Жеке тұлғаның барлық психологиялық сипаттамалары, ол оның айналасындағы адамдарға қалай көрінсе, сол бейнеде сипаттайды. Алайда, адам басқаалары үшін емес, өзі үшін де өиһмір сүреді. Ол : мен кіммін?мен қандаймындеген сұраққажауап іздейді.адамныңөз-өзіне тиесілі психологиялық және әлеуметтік психологиялық сипаттамаларына ие субьектретінде ұғыну қасиетін өзіндік сана сезімі деп білеміз.

Іс-әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатысуымен түзілетін субьектінің обьектісімен байланысты. Қандай да бір іс-әреектті орындау барысында адам бірнәрсені қабылдауы, ойлауы, есінде қалдыруы, оған зейін туындап, ерік сапалары іскеқосылады, ниет –ұғымдары мен қатынастары т.б.Іс -әрекеттің мақсаты-сол іс-әрекеттің болашақ нәтижесін күні бұрын саналы болжау.

Кәсіптік қабілет кәсіптік біліктіліктің түрде жүруін психологиялық процестермен қадағалау арқылы ерекшеленеді. Қабілеттілікке байлансты мамандар мынадай шеберлікті қалыптастыра білу қажет:

· Коммуникативтік-адамдармен араласа білу;

· Перцептивті-кәсіптік интуиция, эмпатия, рефлексия;

· Тұлғалық динамизмі – еркін әрекет жасау қабілеттілігі және логикалық түрде шешімқабылдау;

· Эмоционалды тұрақтылық-өзін басқару қабілеті;

· Оптимистік түрде бақылау;

· Креативтілік-шығармашылық қабілет.

Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру үшін ұстаздар мен ұйымдастырушыларды нормативттік документтер мен талаптар дәрежесінде: кәсіптік бағдар жұмысының үлгі жоспарымен, кәсіптік бағдар міндеттерін оқыту процесінде жүзеге асыру, әңгімелер, кездемсулер, конференциялар, кештер және кәсіптік бағдар бероудің басқа түрлерін өткізудің, сондай-ақ сұрау қағаздарының үлгілерімен, оқушылардың ксіптік ынтасын дамытуға арналған топтық және жекелей жұмысты ұйымдастыру әдісі жөнінде ұсыныстарымен қаруландыру қажет. Кәсіптік бағдар беру жұмысында ғылым мен практиканың өзара байланыс сипатын мынадай жүйеден көруге болады:

· Іргелі зерттеу

· Эксперименттік талдау жасау

· Педагогикалық заңдылықтарды орындау

· Тәжірибені қорыту, қолданбалы зерттеулер

· Методикалық талдаулар

· Нормативтік нұсқаулар мен талаптар комплексі

Осы аталғандардың ғылыми және практикалық қызметтің тұтас циклі болып табылады. Күрделі өңдеумен, қолданбалы зерттеулердің және методикалық сипаттағы жұсмыстиардың раснда нақты байланыс жоқ,бұл жағдайды ғылыми ойдың ерекшеліктерімен, сондай-ақ түрлі сатылардың белгілерін өзінде жинақтайтын зерттеулердің түрі мен әдістерінің алуан түрлі болуымен түсіндіруге болады. Іргелі зерттеулекр кәсіптік бағдарлың теориялық негіздері болғадықтан,олардыңөзіндік ерекшеліктері де болады.

Іргелі зертеулер – ғылыми өнімнің шоғырланған түрі.Ғылыми тұжырымдардың одан әрі дамытылу кезеңінде оны практикаға енгізу жөніндегі арнаулы шаралар қажет. Көптеген методикалық құралдардың, ұсыныстардың, нұсқаулар «жоғарыдан төмен қарай» түскен принципін:

· Іргелі зерттеулер

· Қолданбалы зерттеулер

· Методикалық талдаулар

сақтау арқылы емес, практикада-методикалық талдау-методикалық талдау практика болып тұйықталу жолымен жасалатынын байқатады. Кәсіптік ынта мен бейімдікті, біріншіден алныған информацияны кәсіптік білімге пайдалану үшін, екіншіден, кәсіптік бағдар беру жұмысн тексеру үшін зерттеп білу керек.

Еңбек пен мамандықтың психологиялық түсініктемесі-кәсіптік әрекет бұл ең бірінші еңбек әрекеті. әр адамның мамандықта ,еңбекте өз орнын табуына кедергі келтіретін жағдайларды Е.А. Климов былайша бөледі:

-«Жеңіл еңбек» идеалы – адамға өз ісін емін-еркін , еш қиналмай атқартын кәсіп иесі немесе маман идеал бола алады.

-«Аңғал антиэнтропизм» - күрделі обьектілер мен құбылыстарда өте қарапайымқалыптасқан белгілі бір тәртіп жүйесі сызбасына келтіру.

-«Жандүниені түсінбейтін соқырлық» - басқа адамдардың әртүрлі жағдайларға байланысты көңіл-күйін, хал-ахуалдарын түсіне білмеу.

-«Ғалымның» «тәжірибелі маман»алдындағы артықшылығы – кейбір жас маман көп жыл істеп жүрген мамандарды тәжірибелік негіздерге үйрету. Мамандықтың негізгі сипаттамасы:

· Еңбек әрекетінің ең қарапайым түрі (еңбектің тарихи дамуы нәтижесінде);

· Қоғамдық пайдалы еңбек;

· Арнаулы дайындықты болжайтын әрекет;

· Белгілі марапат моралдьық, материалдық байланысты орындалатын әрекет;

· Адамға белгілі бір әлеуметтік және қоғамдық статус беретін әреект

· Кез келген мамандық – бұл әрекет, жұмысқа қарым-қатынас адамның мамандығына кзөқарасын көрсетеді.

Мамандық-кәсіптікпен түсіндіріледі. Квалификация – кәсіптік шеберлік, мамандық деңгейі.

Дәріс

Наши рекомендации