Аудиториялық сабақтардың тақырыптық- күнтізбелік жоспары

БЕКІТЕМІН

«Білім» факультетінің деканы

________________ А.С.Құрманбекова

«_____»________________2016 ж.

«Әлеуметтік психология» пәні

5В010300 «Педагогика және психология» мамандықтар бойынша

БІЛІМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SILLABUS)

2016- 2017 оқу жылы, семестр

Кредит саны: 3

Барлық сағат саны 135 сағат, оның ішінде:

Лекция 30 сағат.

Практикалық 15 сағат.

СӨЖ - 67,5 сағат, оның ішінде ОСӨЖ-22,5

«Бастауыш оқыту және психология» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды № ___________________хаттама «____ »_________________2016 ж. Кафедра меңгерушісі______________Сарыбекова Ж.Т.   Білім факультетінің әдістемелік бюросында мақұлданған № ___ хаттама «____» __________________2016ж. Оқу-әдістемелік бюро төрайымы __________ Беркенова Р

Тараз 2016

Жұмыс оқу бағдарламасы (SILLABUS), аға оқытушы Даникеева А.Б., «Бастауыш оқыту және психология» кафедрасында бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде құрастырылды.

Жұмыс оқу бағдарламасын (SILLABUS) құрастырған: аға оқытушы Даникеева А.Б

№_____ «_____» ______2016ж

Кафедра меңгерушісі:_________________________ Ж.Т. Сарыбекова

Элективті пән жұмыс берушімен келісілген

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: пәнінің мақсаты-студенттерді шетелдік және отандық әлеуметтік психологияның теориялық және қолданбалы зерттеу аймағындағы жетістіктермен таныстыру.

Курстың міндеттері:

- студенттерді шетелдік және отандық әлеуметтік психологияның басты мәселелері бойынша теориялық зерттеулері мен тәжірибелік нәтижелерімен таныстыру;

- студенттер бойында үлкен және шағын топтардың дамуы мен қызмет ету заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру;

- жеке адамның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері жайлы білімдерін қалыптастыру;

- адамдардың өзара әрекеттестігі мен қарым-қатынасы туралы білімдерді қалыптастыру;

- студенттердің әлеуметтік-психологиялық зерттеу бағдарламалары мен зерттеу жұмыстарын жүргізуде іскерлік пен дағдыларын дамыту;

- кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

2.Білім мен іскерлікке қойылатын талаптар:

2.1 Студент таныс болуы керек:

- әлеуметтік психологияның қалыптасуы мен даму тарихын білу;

- әлеуметтік психолгияның өзекті мәселелерін білу;

2.2 Студент білуі керек:

- әлеуметтік психологиялық құбылыстар мен процестерінің заңдылықтарын білу;

- теориялық білімді тәжірибеде пайдалана білу;

- құрамада жұмыс жасай білу;

- кәсіби қарым-қатынас дағдылары;

2.3 Студент істей алуы керек:

- психологиядағы ғылыми-ұғымды аппаратты игеруге ептілігі;

- зерттеу іс-әрекетінің дағдылары;

- әлеуметтік психология мәселелері бойынша материалдарды ауызша және жазбаша түрде ұсыну ептілігі.

2.4 Құзыреттер және оқыту нәтижелері

Пәндік құзырет: Студент бұл пәнді оқу арқылы қоғамды зерттеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін меңгереді. Қоғамда зерттеу жүргізгенде нақты әлеуметтанулық зерттеулерді, дәлелді фактілермен жұмыс істеуді, нақты әлеуметтанулық ақпараттарды жинауды, оны өңдеп, іріктеп ғылыми қорытынды шығаруды қажет етеді. Педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу; мәдени ойлауды, ақпаратты қабылдау, талдау, жалпылау қабілеттілігін, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдауды игеруі; әріптестермен өзара қарым-қатынасқа, ұжымда жұмыс істеуге дайындығы;

Білімі:

- Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері қалыптастырудың заңдылықтары мен мехназмдерін білу;
Білігі:

- жеке тұлға нәтижелі кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыруға қабілеттілігі мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын қамтамасыз ететін маңызды тұлғалық қасиеттерді бойына сіңіру ;
Құндылық құраушылары:

– мамандықтың жоғары әлеуметтік маңызын түсінеді, кәсіби этикалық ұстанымдарды сақтайды.

Пререквизиттер бұл пәнді жақсы меңгеру үшін студенттердің «Жалпы психология», «Даму психологиясы», «Жас ерекшелік психологиясы», «Әлеуметтану», «Философия», «Тарих», «Саясаттану» пәндерінен білімі болу керек.

Постреквизиттер:студенттердің бұл курс бойынша меңгерген білім-іскерліктері психологиялық-педагогикалық пәндерді оқу үшін қажет.

Курстың мазмұны.

«Әлеуметтік психология» -психолгия ғылымының өзіндік даму тарихы, зерттеу пәні мен әдістері бар басты салаларының бірі болып табылады.

Жалпы психология және әлеуметтану ғылымының қиылысындағы ғылым саласы ретінде әлеуметтік психология бірқатар психологиялық құрылымдарды; әлеуметтік қажеттіліктер мен қызығулар, сана және өзіндік сана, әлеуметтік психологиялық ахуал, қоғамдық пікір және идентификация, бейімделу, иландыру, еліктеу, эмоционалдық өзара жұқтыру сияқты топтық феномендерді зерттейді.

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік психологияның негізгі мәселелері-бұл өзінің теориялық ірге тасын орнықтыру; жаңаша зерттеу әдістерін жасау; үлкен және шағын топтардың дамуы мен қызмет етуінің ерекшеліктерін зерттеу; адамдардың өзара әрекеттестігі мен қарым-қатынасының заңдылықтарынайқындау; жеке адамды әлеуметтік-психологиялық зерттеу; әлеуметтік психологияның қолданбалы зертттеу аймағын кеңейту мен жасақтау.

«Әлеуметтік психология» пәнінің мазмұнын меңгеру студенттердің өз білім, білік, дағдаларын өмірлік іс-әрекеттің түрлі сфераларында пайдалану мүмкіндігін арттырады.

Аудиториялық сабақтардың тақырыптық- күнтізбелік жоспары

Апта №   № Оқу сабақтарының түрлері және тақырыптары   Әдебиеттер
Лекция   Практика
1апта     1 Модуль Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістері, қысқаша даму тарихы. Лекция№1 1.Әлеуметтік психология пәнінің мақсаты мен міндеттері 2. Әлеуметтік психологияның ғылым ретіндегі жалпы сипаттамасы. .   Әлеуметтік психология пәнінің мақсаты мен міндеттері 1.Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және атқаратын қызметтері.  
2апта Әлеуметтік психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы 1.Әлеуметтік психологияның даму тарихы . 2.Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негізі.   Этностық топтардың психологиялық ерекшеліктері. 1. Әлеуметтік психология тұрғысында ұлттық психиканы түсіндіру. 2. Этностық таптаурындар, олардың қызметтері  
3апта Әлеуметтік психологиядағы жеке адам мәселесі 1.Жеке тұлға дамуының психологиялық проблемалары 2.Шағын топтардағы жеке адам мәселесі Адамдардың ұлттық психикасының мазмұны.. 2.Ұлттық-психологиялық құбылыстардың қалыптасу факторлары.    
4апта Тұлға теориялары. 1.Тұлға теорияларының психодинамикалық бағыты (З. Фрейд, А.Адлер.) 2.Психоаналитикалық бағыт(К.Юнг)   Тұлға теориялары. 1.Тұлға дамуының кезеңдері(Э.Эриксон тұжырымдамасы)    
5апта Лекция №5 1.Тұлғаның гуманисттік теориялары(А.Маслоу ,Э.Фром.К Роджерс,Г.Олпорт, )   2.Тұлғаның когнитивті теориясы. 3.Мінез-құлық теориясы.   1.Тұлғаның әлеуметтік психологиялық құзіреттілігін анықтайтын түсініктер мен факторлар.   2.Іс-әрекет теориясы А.Н Леонтьев . «Іс-әрекет теориясы»  
6-апта Лекция №6 Тұлғаның әлеуметтенуі. 1.Тұлғаның әлеуметтенуіне әлеуметтік – психологияық факторлардың әсері. 2.Тұлғаның ассоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы.)   Неке және отбасы. 1.Отбасы тұлғаның әлеуметтену институты. 2.Отбасындағы сүйіспеншілік, тұлға және жақындар. Отбасының мазмұны. 3. Отбасының құрамы және түрлері.    
7апта Лекция №7 Әлеуметтік топтардың әлеуметтік-психологиялық ұйымдастырылуы. 1.Әлеуметтік топтардың жіктелуі.. 2.Әлеуметтік шағын топтардың психологиялық ұйымдастырылуы. 3.Шағын топтардың психологиясы. 1.Әлеуметтік психологиялық зерттеулерде үлкен топтардың сипаттамалары.   2.Қоғам психологиясы.   3.Қоғамның рухани мәдениетінің психологиялық сипаттамасы.  
8апта Лекция№ 8 Тұлғааралық қарым-қатынас және топаралық қарым-қатынас психологиясы. 1 Қарым-қатынас құрылымы мен функциялары. 2.Қарым –қатынастың синтоникалық моделі 3.Тұлғааралық қатынас психологиясы.   1.Коммуникация мәселелері 2.Қарым-қатынастың трансактілі анализі. 3.Тренинг.  
9апта Лекция №9 Психологиялық дау-дамай және оны шешу жолдары. 1.Конфликтологиялық идеяларға тарихи шолу.     Писхологиялық дау-дамай. 1. Дау-дамайдың пайда болуы, дамуы және оны шешу жолдары.   2.Тренинг .Томас әдістемесі.  
10апта Лекция №10 Іскерлік қарым-қатынас психологиясы. 1.Қарым-қатынас даналығы және ықпал ету шеберлігінің әдістері. 2. Қарым-қатынас жасаудың ережелері және тәсілдері. 1.Д.Карнеги шығармасы. Іскерлік қарым-қатынас психологиясы. 2..Қарым-қатынас даналығы және ықпал ету шеберлігінің әдістері.      
11апта Лекция №11 Тұлға және денсаулық. 1.Аурудың пайда болут себебін түсінудгі тұлғаның рөлі. 2. Халық денсаулығы. .Мемлекет тарапынан жасалатын іс шаралар. 1..Мемлекет тарапынан жасалатын іс шаралар.     2.Тұлғаның денсаулығын жақсартудағы спорттың маңызы. 3.Еліміздің жетістіктері.  
12 апта Лекция №12 Тұлға және идеология 1.Діни сенімдердің қалыптасуы 2.Дінаралық қақтығыстар мен олардың шығу тарихы. 3.Тұлға және саяси идеология. 1.Қылмыстық мінез-құлыққа психоаналитикалық көзқарас. 2. Қылмыстық мінез-құлыққа әлеуметтік-когнитивті көзқарас. 3. Заң бұзушылардың тұлғалық мінездемесі  
13апта Лекция №13 Тұлға және еңбек ,бос уақыт. 1.Тұлға және еңбек.2.Тұлға және бос уақыт. 3..Мотив және мотивацияның өзекті мәселелері.   1..Бос уақытының тарихы және оны зерттеу. 2. Тұлғалық қырлдар және бос уақыт. 3. Жеке адам және спорт      
14апта Тұлға және жақын қарым-қатынас. 1.Эрих Фромның махаббат теориясы. 1.Э.Эриксонның теориясы. 2.Неке және отбасы. Неке, серік таңдау және некеге қанағаттану.      
15апта Лекция №15 Әлеуметтік психологиялық қауіпсіздік. 1.Ұлттық қауіпсіздік Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы.  

Наши рекомендации