Мотивацияның мазмұндылық теориялары.
Мотивацияның мазмұндылық теориясы бірінші кезекте адамды іс – қимылға итермелейтін қажеттіліктерді анықтауға тырысады. Мотивацияның бұл концепциясының негізінде Абрахам Маслоу, Фредерих Герцберг және Дэвид МакКлелланд еңбектері жатыр.
Маслоу бойынша қажеттіліктер теориясы.Адам қажеттілігінің күрделілігінжәне оның мотивацияға ықпалын түсінген алғашқа бихевио-истердің бірі Абрахам Маслоу болатын өзінің теориясын жасап , адамдардың қажеттілігін 5 категорияға бөлді. Бұл ой кейін Гарвард психологы Мурретон толықтырылды.
Физиологиялық қажеттіліктер өмір сүрудің қажетті шарты. Олар тамаққа деген, суға деген, үй жайға деген, демалысқа деген қажеттіліктер.
Болашақтағы қорғалғандықпен сенімділікке қажеттілік. Олар қоршаған ортадан төленетін физилогиялық және психологиялық қауіптерден қорғалғандығы және физилогиялық қажеттіліктері келешекте қанағаттандыруға сенімділік. Болашақтағы сенімділікке қажеттілік сақтандыру полисін және т.б. сатып алу арқылы көрінеді.
Әлеуметтік қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктер адамдармен әлеуметтік қарым – қатынасқа түсуге деген және т.б.
Құрметке деген қажеттілік. Ол өзін - өзі құрметтеуге, ойлауға, мойындауға қажеттіліктерді қамтиды.
Өзін - өзі көрсетуге қажеттілік. Ол үшін потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыруға және тұлға ретінде өсуі деген қажеттілік.
Адам аштыққа ұшыраса ол ең алдымен тамақ іздейді және содан кейін ғана үйге деген қажеттілік туындайды. Ыңғайлы және қауіпсіз жерде адам өмір сүріп, ол әлеуметтіе байланыстарға ұмтылады, ал одан кейін қоршаған-ардың өзін құрметтеуге деген қажеттілігі туындайды.
Маслоу теориясын басқаруда қолдану. Маслоу теориясы адамдардың жұмыс істеуге ұмтылуының негізін түсінуге көп үлес қосты. Түрлі деңгейдегі басшылар, адамдар мотивациясының қажеттіліктер факторының көп екендігін түсіне бастады. Бірақ уақыт бұрын басшылар қоластындағыларға тек экономикалық ынталандыруды пайдаланған болатын. Қазір жағдай өзгерді мемлекеттің және провсоюздардың арқасанда жұмысшылардың жалақылары және әлеуметтік жағдайлары өсті, нәтижесінде төменгі ұйымдық ирархиялық сатыда тұрған адамдардың өздері, Маслоудың ирархиялық сатысынан жоғары деңгейлерінде тұр.
Көп уақытты сыртқы ортамен жұмыс кезіндегі қажеттіліктер ирархиясы. Халықаралық ортада жұмыс істейтін менеджерлер өздерінің әріптестері мықты өзінің қызметкерлерін қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. Әртүрлі елдің қажеттілік ирархиялары түрлі болғандықтан халықаралық дәрежедегі басшылар әр елдің ерекшелігін ескеруі қажет.
Маслоу теориясына сүйене отырып географиялық принцип бойынша басшыларды 5 түрлі тобы жасалды.
Американдық және ағылшындық фирмалардың басшылары.
Жапондық басшылар.
Солтүстік және орталық Европа фирмаларының басшылары.
Оңтүстік және Батыс европа Фирмаларының ( Испания, Италия, Франция, Бельгия ) басшылары.
Дамушы елдер фирмаларының ( Аргентина, Чили, Үндістан ) басшылары.
Зерттеудің қорытындысы бойынша дамушы дамушы елдер фирмалары-ның басшылары Маслоудың қажеттіліктер тнориясының барлығын қана-ғаттандыруға ұмтылса, Оңтістік - Батыс Европа елдерінің басшылары әлеуметтік қажеттіліктерге көп көңіл бөлген. Оңтүстік – Батыс Европа елдерімен жұмыс істегенде оларға статусын жоғарылату, әелуметтік құрметтеу, еңбегін бағалау оң ықпал ететіндігі анықталды.
Маслоу теориясына сын Маслоудың адамдық қажеттіліктер теориясы басшыларға мотивация процесі туралы көп мәлімет бергенімен, олар тәжірибе жүзінде толық дәлелденбеді. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясының 5 деңгейінің қатаң сақталуы көзделді.
Маслоу теориясына айтылған негізгі сын адамдардың жеке ерекшелік-терін ескермегендігі Эдворд Лоулер керсінші және қажеттіліктер иерархиясының құрылымын жасады.
Қорыта келе Митгеллдің сөзін келтіре кетейік: Басшы өзінің әрбір қызметтерінің нені қалайтындығын білуі қажет. Әр адамға әр нәрсе ұнайды, егер басшы қоластындағылар тиімді мотивациялағысы келсе, ол олардың жеке қажеттіліктерін сезуі тиіс.