Шет тілі сабағының психологиялық анализінің үш түрі.
Шет тілі сабағында дамытушылық және тәрбиелілік дамыту принципі.
1. Оқушылардың есте сақтауларына жүктеме мен олардың ойлауының ара қатынасы;
2. Оқушылардың қайта жаңғыртушы және шығармашылық іс-әрекетінің ара қатынасы;
3. Білімді дайын түрде және өз бетінше ізденіс процесіндегі меңгеру ара қатынасы;
4. Проблемалық-эвристикалық оқытудың қай буыны мұғалім тарапынан орындалуда және қайсысын оқушылар орындауында жүзеге асырылады;
5. Мұғалім іске асыратын, оқушылардың іс-әрекетін бақылау, талдау, бағалау мен шәкірттердің өзара сыни бағалауы, өзін өзі бағалауы және өзіндік талдаумен ара қатынасы;
6. Оқушыларды іс-әрекетке ниеттеу мен еріксіз көндіру ара қатынасы
Шет тілі сабағының психологиялық анализі
Сабаққа психологиялық талдау жасау жүйесі
І. Сабақтың құрылымы.
1. Тақырыбы, мақсаты.
2. Сабақтың құрылымы және оның маңызы.
ІІ. Сабақтың мазмұнына психологиялық баға беру.
1. Оқу материалының сапасы (берілген материал сол жастағы баланың қабылдауына сәйкес келе ме, келмей ме деген мәселелер жөнінде)
2. Мұғалімнің оқу материалын оқушыға жеткізу түрлері (ауызша баяндау, мысалдар келтіру, салыстыру, көрнекілікті, өмірмен байланыстыру түрінде)
3. Сабақтың тәрбиелік мәні (адамгершілік, эстетикалық, имандылық) және мұғалімнің сол тәрбие түрлерін ұйымдастыруы.
ІІІ. Таным процестері және оны қалыптастыру.
1. Оқушылардың сабақ үстіндегі зейіннің түрлері. Мұғалімнің, оқушылардың зейінді болуын талап етуі, нақты тапсырмаға мән беруі, көрнекі құралдарды пайдаланып, еріксіз зейінін тудыруы. Зейіннің тұрақтылығын қамтамасыз етуі. Оқушылардың өзін күштеп зейінді және зейінсіз отырғандардың саны. Бір жұмыстан екінші жұмысқа зейінін аударуы.
2. Оқушылардың қабылдауын тудыруда басты обьект болған нәрселер (мұғалімнің сөзі, оқу материалы, көрнекі құралдар). Оқу материалдарын қабылдаудың сапасы.
3. Оқушылардың сабақ материалдарын есінде қалдыруына қолданатын тәсілдерде қандай ес түрлері маңызды орын алды (көрнекі-бейнелі, сөздік-мағыналы, эмоциялық, механикалық, мағыналы). Мұғалім сабақты жақсы есте қалдыру үшін қандай әдістер қолданды. Сабақта қай оқушыда ес процестерінің қандай түрі басым болды (есте сақтау, тану, қайта жаңғырту, ұмыту).
4. Ойлау белсенділігі: сабақта мұғалім ғылыми түсінікті қалай қалыптастырады, көрнекілікті қалай пайдаланады. Оның жауабында ұғымдылықтың, тауып айтудың қандай түрлерін кездестіреді? Оқушының сөйлеу жүйесі яғни, логикалық ойлаудың құрылуы және оның ерекшеліктері. Олардың тиісті мазмұннан қорытынды жасай алуы (дедукция, индукция, жорамал).
5. Творчестволық қиялының жүзеге асуы.
6. Оқушының жас ерекшеліктері сабақта ескерілді ме?
YІ. Қорытынды.Сабақ мақсатына жетті ме? Қандай психологиялық көрсеткіш арқылы білуге болады (ұғымды меңгеруі, зейінінін, қызығушылығын, эмоциясының т.б дамуы). Баланың психикасының дамуындағы сабақтың маңызы.
Шет тілі сабағының психологиялық анализінің үш түрі.
· Оқушылардың назарын басқару
· Мнемоникалық ерекшеліктерді дамытуды басқару
· Ойлауды дамыту жəне жүзеге асыру заңдылығын есепке алу
29. Сабаққа ағымдағы психологиялық аналих жасау.Көбіне сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын, оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың кеңестік дидактика көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады. Сосын идеялық және оқытылатын пәннің ғылыми-теориялық (немесе материалдық) деңгейі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай деңгейін ашып көрсету, өмірмен байланысы қаралады. Содан соң сабақ құрылымы, оның ұйымдастырылуы, уақыттың ұтымды қолданылуы қаралады. Мұғалім әр түрлі білім көздерін (оқулық, үкімет, ғылыми құжаттар, саяси-қоғамдық, техникалық, анықтамалық әдебиет, тізбелер, үлгілер, кестелер, оқытудың техникалық құралдары т.б.) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізуі керек, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлу қажет. Сабақта қолданылған оқу-көрнекі, есептеу құралдарының тек көрсетуге пайдаланылғанын немесе оқушылардың өз беттерімен жаңа тұжырымға келіп, білімді алу көзі болғандығын талқылау да маңызды болып табылады.
30. Шет тілі сабағының психологиялық анализге төрт жоспар тізбегін жасау.1. Сабақтың үш мақсатының орындалуы.
а) білімдік мақсат – нақты тақырып бойынша.
ә) тәрбиелік мақсат – тәрбиенің кешенді берілуі немесе бір тәрбиенің ерекше көрінуі.
б) дамытушылық мақсат – баланың іс-әрекетте белсенділігінің артуы.
2.Сабаққа қойылатын 6 талаптың орындалуы.
3.Сабақтың түріне қарай құрылымдық сәттердің жүзеге асуы
4.Сабаққа қатысушының арнайы тақырыбын бақылауы.
31. Шетел тілін оқыту әдістемесіндегі әдіс түсінігі.Әдістеме дегеніміз – қойылған мақсатқа жету жолы.Педагогика ғылымында әдістеменің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу әдістемесі.Әдістеме – мұғалім тәрбиесінің педагогикалық шеберлігінің негізі. Әдіс: Біріншіден, әдіс оқытудың белгілі бір мақсатына, мазмұнына және қағидаттарына (принциптеріне) негізделген тұтас бір бағыт. Мысалы: грамматикалық – аудармалық әдіс, тура әдіс, т.б Грамматикалық – аудармалық әдісінің негізіне логикалық сөйлеу мен оқушының шет тіліндегі мәтінді оқып аудара білуі мүмкіндігі жатады. Екіншіден, «әдіс» сөзі белгілі бір автордың ұсынған оқыту жүйесіндегі бағытын білдіреді. Мысалы: тура оқыту әдісіндегі Француа Гуэн әдісі, Г. Пальмер әдісі, Майкл Уэст әдісі т.б Үшіншіден,әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының арасынадағы белгілі бір тәртіпке байланысты процесс. Бұл ретте әдіс оқытудың қа,идаттарымен айқындалатын іс - әрәкет арқылы анықталады
32. «Модель» түсінігінің пайда болуы Модель& түсінігі пайда болуды /пән, процесс, жағдаят және т.б./ тану нысанасын үйренуді қарама-қарсы пайда болуға қатысты табиғи және жасанды түрде жасалған зерттеудің қиындатылуы немесе мүдде болмауы /Братко А.Н., 1969/ ретіңде.
33. Оқыту жүйесі оқыту процесінің белгілі әдістемелік тұжырымы.шетел тілін оқыту жүйесінің компонентік құрылымына;
а) шетел тілін оқыту мақсаты;
б) оқытудың мазмұны (пәндік және процессуалдық аспектілері);
в) оқытушының (мұғалімдік) оқыту қызметі;
г) оқушының оқулық қызметі;
д) тілді оқытудың ұстанымдары, әдістері, тәсілдері, құралдары.
34. «Амал» түсінігі әдістемелік категория ретінде. оқу амалы сәйкес (лайық) тіл теориясына сүйенеді – оқудың лингвистикалық негіздерін және оқу (оқытудың) теориясы – оқудың дидактикалық негіздері, отан әдістемесінде үш компонентті қарастырады, оқудың амалын анықтаушы, лингвистикалық, дидактикалық, психолингвистикалық оқу негіздері. Шетел тілдерін оқытудағы коммуникативтік ықпалға (амал) сәйкес нақты каммуникация ерекшеліктерін ескере отырып, ал оқу процесі негізінде нақты қатынас үлгісі жату тиісті, каммуникация мақсаттарында тілді нәтижелі пайдалану үшін сондықтан тіл жүйесіне не (грамматиканы және лексиканы білу) иелік. Коммуникативтік ықпал әртүрлі сөйлеу функцияларын меңгеруді болжайды, яғни іскерліктерді құруы барысында мынау әлде анау каммуникативтік интенцияны айту (өтінішті, келуссі, шақыру, қабыл алмау, кеңес, кінә қою және т.б.) Қазіргі шетелдік және отандық әдістемеде кең таратылған тағы бір амалдың бірі, тұлғалық – бағытталған амал шетел тілдерін оқытудағы. Ол оқытылатындардың дара ерекшеліктердің есебінде құрылады, тұлға ретінде өзінің ерекшеліктері, әуестіктері амалжүзеге асыру тәсілі, әрбір оқушыға тән.Гуманистік амал, соңғы он жылдарда, сонымен қатар психологияда гуманистік бағытта негізделген. Ол оқушының сезімдеріне, ойларына меңгерудің, тәрбиелеудің және даму барысында сүйенеді, сонымен қатар когнитивтік процесстерге, әлемді тануды қамтамасыз етеді өзін-өзі тануды және оқуға жағдай жасайды. Тап осы амал жауаптылық сезімді тәрбиелеуді қажет етеді және оқушылардың шығармашылығымен ой бастандыққа шек қоюын теріске шығарады.
35-36.39 Грамматикалық – аудармалық және мәтіндерін - аудармалық әдістердің пайда болуының алғышарттары Грамматикалық – аудармалық әдістерінің дамуы.Грамматикалық- аудармалық әдіс көбіне классикалық тілдерді, әсіресе, латын тілін оқытуда қолданылған. Бұл әдісте тіл граммтикалық ережелерді жаттау арқылы оқытылады. Жаңа сөздер грамматикалық тақырып көлемінде алынады. Ал, аударма жаңа сөздерді, сөз құрылымын, ережесін оқытқанда қолданылады. Барлық жаттығулар белгілі грамматикалық ереженің аясында құрылып, ана тілінен шет тіліне, шет тілінен ана тіліне аудару арқылы орындалған.
Грамматикалық – аудармалық әдістің ерекшелілтері:
1.Грамматикалық талдаудың негізі;
2. Тілді оқытудағы грамматикалық сатылар.
Грамматикалық - аудармалық әдіс бойынша сөйлемді талдаудың ең жақсы әдісі – оны әуелі ана тілінде түсініп, сөйлем мүшелерін, яғни бастауыш пен баяндауышты, толықтауышты анықтау. Әрі қарай талдауды етістіктің шағын, етісін анықтап жалғастыруға болады. Содан кейін оқушыға осы сөйлемнің шет тіліндегі аудармасын беру оңайырақ болады.
Дыбыстар, морфемалар, сөздер әр тілдің өзіне ғана тән түрінде болады, ал синтаксистік негізгі қағидалары барлық тілдерге тән. Бірақ ағылшын тіліндегі грамматикалық құрылымдар қазақ тіліндегі құрылымдармен сәйкес келмейді.
Грамматикалық – аудармалық әдіс алғашында XVIII – XIX ғасырларда мектептерде кеңінен қолданылды. Кейіннен педагогика, психология, лингвистика ғылымдардың дамуы бұл әдіске өзгерістер енгізіп, XIX – XX ғасырдың соңында « екі грамматиканың» арақатынасы ажыратылды.
Қазір де әдістемеге дәстүрлі тұрғыдан қарағанда грамматикалвық – аудармалық әдіс жиі кездеседі.
38. Салыстырмалы – салғастырмалы тіл бімінің, ассоциативтік психологияның идеяларының әсеріЛингвистикалық зерттеулердің алғашқы ғылыми әдістерінің бірі – салыстырмалы-тарихи әдіс болды. Ол әдістің негізін ХІХ ғасырдың басында Ф. Бопп, Р. Раск, Я. Гримм қалады. Бірақ та бұл зерттеулер атомарлы түрде, яғни жүйесіз түрде жүргізілді. Бұл танымдық зерттеулердің әдісі зерттеудің мақсат-міндеттерімен тығыз байланысты болады. Сондықтан танымның әдіс-тәсілдерін зерттеу мақсаттарынан тыс қарастыру мүмкін емес. Жоғарыда айтылғандай тілдерді салыстыра зерттеу нәтижесінде тілдердегі ерекшеліктер мен ұқсастықтарды анықтауға болады. Салыстыру барысында кейбір дәл нәтижелерге келуге болады.Біріншіден, салыстырғанда бір тектес заттарды салыстыруға болады. Ал тілдерде әр деңгейдегі бірліктерді, олардың әр тілдердегі қызметін, лексикалық, грамматикалық категорияларды, сөйлем модельдері және олардың сөйлемде қолдану тәсілдерін салыстыруға болады.Екіншіден, әр тілдегі құбылыстардың ең маңызды және қажетті белгілерін, одан кейін барып қана қосалқы белгілерін зерттеу қажет. Салыстыру әдісінің негізгімақсаты барлық тілдік деңгейлерге қатысты тілдік құрылымдардың айырмашылықтарын емес, оларға ортақ қасиеттерін табу. Басқаша айтсақ, тілдердің әмбебап қасеиттерін айқындау.
Салыстырмалы-тарихи әдістің мақсаты – туыс тілдердің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсету. Тілдерді салыстыру арқылы олардың бір-біріне қаншалықты жақындығын, даму заңдылықтарын, өзгеруін, ататілге жақындығын т.с.с. айқындауға болады. Бұл әдіс тілдердің генетикалық туыстығына негізделеді.
Мысалы, қазақ тіліндегі ауыз сөзі қырғызша – ооз, татарша – авыз, өзбекше – оғиз, т.с.с. Бұл сөздер мағына жағынан бірдей, ал дыбысталу жағынан айырмашылықтары бар. Соған қарамастан бұл сөздер ұқсас. Ұқсастықтар мен айырмашылықтар дыбыстардың алмасуларынан көрінеді. Мысалы, сөз басында а-о дыбысына өзгеруі, сөз ортасында у-в өзгеруі т.с.с. Бұл сияқты дыбыс алмасулар түркі тілдерінің даму заңдарына сай келеді.
Тарихи-салыстырмалы әдіс – бір тілдің тарихи қалыптасқан варианттарын салыстырады, яғни бір тілдің кейінгі кездегі тілдік фактілерін сол тілдің өткен кезеңдегі тілдік фактілерімен салыстырып, олардың даму заңдылықтары, өзгерістері анықталады, олардың қазіргі тілдегі фактілерден айырмашылықтары көрсетіледі. Бұл әдіс тілдің өзгеру және даму жолдарын, олардың заңдылықтарын, оған әсер еткен ішкі және сыртқы факторларды айқындайды.
Осы әдісті қолдана отырып тіл тарихын, тілдің деңгейлерін (фонетика, грамматика, лексика) жеке-жеке зерттеуге болады. Осыған орай тіл білімінде тарихи фонетика, тарихи грамматика, тарихи синтаксис т.с.с. бөлімдер бар.
40. Табиғи әдіс:Оқыту әдісі
1. Оқыту әдісінің мақсаттары,заңдылықтары,міндеттері , тәсілдері.
2. Ассоциационизм әдісі
Әдістер- дидактиктердің айтуы бойынша белгілі бір тақырыпты оқытудың жолдары.
Әдістеме – педагогика , психология, лингвистика ғылымдарымен тығыз байланысты.
Дидактика мектепте оқытудың негізгі жолдарын зерттейді.
Оқытудың қызметтері:
• Білім беру қызыметі – ол оқушылардың бойында білімділік, құзіреттілік , танымдық, қасиеттерін қалыптастыру.
• Тәрбиелеу қызыметі – оқушылардың бойына дүние танымдық қасиетін қалыптастыру.
Оқытудың принциптері:
• Саналық,белсенділік принциптері
• Көрнекілік принципі
• Жүйелік,бірізділік принциптері
• Білімді ,дағдыны меңгеру принципі
• Топтық және жеке тәсілдер принципі
Оқыту әдістерін таңдап алуға бірқатар өлшемдер ұсынылады:
• Оқыту әдістерінің білім берудің дидактикалық принциптеріне сәйкестігі
• Оқыту әдістерінің тәрбиелеу мен білім беру міндеттеріне сәйкестігі
• Оқыту әдістерінің қолданылып отырған жағдайлардың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестілігі
• Оқыту әдістерінің таңдап алынған оқыту нысандарына сәйкестілігі
41. Ассоциационизм әдістің психологиялық негізі ретінде.Ассоциационизм әдісі- психикалық бірлестігі принципін, процестерін динамикасын түсіндіру , әлемдік психалогиялық ой негізгі бағыттарының бірі.
. Ассоциационизм әдісін –XX ғасырда алғаш рет Платон және Арестотельдің еңбектерінде толық қарастырылған, одан кейін бұл әдісті Джан Локк ары қарай зерттеу жұмыстарын жүргізді.Ассоциационизм әдісі- жаңа негізде биология, нейрофизиология, психология ғылымдары арқылы қайта құрылды.(Дервин Сетчинов)
Табиғи әдістіоқытудың мақсаты мен мазмұны. Табиғи әдістегі оқыту- қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын білім мен іскерлікжәне дағдыларды меңнерте отырып, маөқсатты қалыптастыру процесі. Оқыту процесінің негізгі мазмұнын игеру өзара әрекеттестітің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған оқушылар мен оқытушылар бірлескен іс әреукеті. Табиғи әдістегі оқытудың мақсаты: дамытудың қоғамдық білімдер мен іскерліктер, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер жалпы тәрбиені меңгеруге бағытталған педагогикалық әрекет. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипаттайды.Оқыту процесінің заңдылықтары: оқушының білімге деген ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық баланың қоршаған ортаны тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды.
Оқытудың қызметтері:
• Білім беру қызыметі – ол оқушылардың бойында білімділік, құзіреттілік , танымдық, қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелеу қызыметі – оқушылардың бойына дүние танымдық қасиетін қалыптастыруОқыту әдістерін таңдап алуға бірқатар өлшемдер ұсынылады:
• Оқыту әдістерінің білім берудің дидактикалық принциптеріне сәйкестігі
• Оқыту әдістерінің тәрбиелеу мен білім беру міндеттеріне сәйкестігі
• Оқыту әдістерінің қолданылып отырған жағдайлардың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестілігі
Оқыту әдістерінің таңдап алынған оқыту нысандарына сәйкестілігі
43. Табиғи әдістіоқытудың принциптері мен тәсілдері.Оқыту принциптері арқылы оқыту процесі іске асады.
Оқытудың принциптері:
• Саналық,белсенділік принциптері
• Көрнекілік принципі
• Жүйелік,бірізділік принциптері
• Білімді ,дағдыны меңгеру принципі
• Топтық және жеке тәсілдер принципі
Табиғи әдістегі оқыту процесінің заңдылықтары:
1. Қоғам талабы оқытудың мақсат, міндеттерін айқындайды. Оның мазмұнын әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру заңды процесс.
2. Білм беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі.
3. Кез келген ақпарат бірлігі әс-әрекет тәсәлі іскерлікке айналу үшін мұғалім оқушының білім, іскерлік, дағды деңгейіне сүйенуі керек.
4. Дидактика заңдылықтарының ерекшеліктері
5. Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арқылы мүмкін болады.
Оқыту принциптерінің жүйесін алғаш ұсынған Коменский. Оның ойынша, табиғи әдістің оқыту принципі табиғатқа сай болуы керек. Пестолоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санады. Пинкевич ұсынған табиғи әдістегі оқытудың принциптері өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы, жас ерекшелігі принципін сақтау, оқытудың белгілі бір жас ерекшелігіне қарай сәйкес болуы. Оқыту принциптерін Данилов, Скаткин, Сабыров, Мақмұтов, Подласый анықтады.
44. Тура әдіс (О.Есперсен, Ш.Швейцер)Тура әдіс – грамматикалық аудармалық әдіске қайшы әдіс ретінде дүниеге келді. Тура әдістің негізгі ерекшеліктері:
1. Шетел тілін оқытудың негізгі бағыты тәжірбиелік яғни, бірінші орынға сөйлеу қойылады.
2. Ана тілінің екінші орында тіпті назарсыз қалуы.
3. Тілді үйрету есінде аударманың өте аз мөлшерде керісінше ауызша, жазбаша жаттығулардың көп қолданылуы
4. Грамматиканы оқытуда индуктивтік әдістің қолданылуы.
5. Айтуды үйретуге үлкен көңіл бөлінеді;
6. Мәтіндердің мазмұнына, әсіресе тақырыпқа байланысты мәтіндер құрастыруға назар аударылады.
Бұл әдістің тура әдіс деп аталуының себебі – шетел ьтілін оқытуда шет тілімен беретін түсініңтің арасындағы байланыстың тура болып, ана тілінің мүлдем қолданылмауы. 20ғ-ң соңы мен 20ғ-ң басында тура әдістің бірнеше түрлері пайда болды. Тура әдісте жақтаушылар Г.Гуэн, М.Вальтер,т.б
Бұл әдісті падаланатын мұғалімдер тіл үйретудің алғашқы күннен бастап оқушыны әңгімелесуге тартады. Заттарды, суреттерді пайдаланып, сөйлемнің мағынасын түсіндіру үшін қимылдар жасайды. Тура әдісті қолданушылар өте кө. Осы әдіс оқушының шет тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттырады. Тура әдістің қиыншылықтары да бар:
1. Оқу материалы мен жаңа сөздер ғылыми негізсіз іріктеледі.
2. Мектепте оқушылардың сөйлеп үйренуіне жағдайдың болмауы.
45. Бихейвиоризм және ассоциационизм әдістің психологиялық негізі ретінде Ассоциационизм әдісі- психикалық бірлестігі принципін, процестерін динамикасын түсіндіру , әлемдік психалогиялық ой негізгі бағыттарының бірі.
. Ассоциационизм әдісін –XX ғасырда алғаш рет Платон және Арестотельдің еңбектерінде толық қарастырылған, одан кейін бұл әдісті Джан Локк ары қарай зерттеу жұмыстарын жүргізді.Ассоциационизм әдісі- жаңа негізде биология, нейрофизиология, психология ғылымдары арқылы қайта құрылды.(Дервин Сетчинов)
Бихиовиоризм ағалшын тілінен аударғанда жүріс-тұрыс, қылық деген мағына береді. 20гасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Бихевиоризмні іргесін қалаушы Эдвар Торндайг. 20 ғасырдағы америка психологиясының ағымы. Бихевиоризмнің алғашқы рет бағдарламасын құрастырған әйгілі американ психологы Уотсон. Бихевиоризм әдісі негізінен ойлау (мотивация)мен тығыз байланысты.
Бихевиоризм оқып білудің тәсілдерін түсіндіруге мүмкіндің жасайтын оқытудың кең таралған тұжырымдамасы. Ол оқытудың рөлін төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге, ақыл-ойды дамытуға тәуелдендіред,.