Арым-қатынас өзара әрекет ету және адамдардың бір- бірін қабылдауы.
Бұл мәселені қарастырғанда қарым-қатьнастың екі жақты салалары — интерактивті (өзара әрекет) және перцептивті (тікелей сезімдік) қатынастарға тоқталуды жөн көрдік.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы бұл адамдардың өзара байланысын, олардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға қатысты қарым-қатынастың мақсаты, адамдардың бірлескен іс-әрекетінің қажеттілігін бейнелеу. Бұл жерде қарым-қатынас тұлғааралық өзара әрекет жүйесіне қатысады, демек, олардың біріккен іс-әрекетінде қалыптасқан адамдардың байланысы мен өзара әсерінің жиынтығы.
Тұлға аралық өзара әрекет адамдардың бір-біріне әрекет етуінің бірізділігі. Оны мынадай үлгімен көрсетуге болады: индивид А-ның қылығы индивид В-ның тарапынан кері жауап реакция шақырады, ол өзінің кезегімен, А-ның мінез құлқына әсер етеді.
Сонымен, қарым-қатынастың жетістігінің бастапқы шарты өзара әрекет етуші адамдардың мінез құлқының бір-бірінің күткеніне жауап беру болып табылады. Әлеуметтік бақылау өзара әрекет ету үрдісінде бір-бірімен қатынас жасайтын адамдардың орындалатын рөлдерінің репертуарына сәйкес, іске асып отырады. Әрбір адам әртүрлі рөлдерді атқарады. Рөлдердің көптігі кейде қарама-қайшылық туғызады, рөлдік конфликтілерге әкеп соқтырады. Рөлдерді орындау әлеуметтік бақылауға тәуелді және міндетті түрде қоғамдық бағасын алады, үлгіден ауытқушылық болса, жазасын алады. Психологиялық өзара әрекет ету кез-келген түрде әруақытта да белгілі түрткілерге негізделеді және нақты мақсаттарды көздейді.
Жоғарыда айтылғандай, өзара әрекет ету өзара түсінушіліксіз мүмкін емес. Қарым-қатынаста әріптес қалай қабылдайды, басқаша айтқанда бір адамның басқа адамды қабылдауы қалай іске асады, бұл — қарым-қатынас психологиясында өте маңызды мәселелердің бірі. Бұл үрдіс қарым-қатынастың міндетті, құрамды бөлігі ретінде қарастырылады және шартты түрде қарым-қатынастың перцептивті жағы (тікелей сезімдік) деп аталады. Бұл жерде адамды адам қабылдау, яғни тұлға аралық перцепцияның ерекшеліктері туралы айтылады. Қабылдау термині жалпы психологиялық мағынада қолданып отырған жоқ. Сөздің шын мәнінде, мәселе қабылдау туралы емес, басқа адамды тану туралы болып отыр. Басқа адамды тану барысында бір уақытта басқа адамның эмоциялық бағасы іске асады. Басқаны тану үрдісінде негізінен ең азы екі адам қатысады, оның әрқайсысы белсенді субъект болып табылады. Демек, өзіңді басқамен салыстыру екі жақты іске асады: әріптестердің әрқайсысы басқаға ұқсас болуға ұмтылады. Сонымен, өзара әрекет ету стратегиясын құруда басқаның тек қана қажетттіліктерін, түрткілерін және ұстанымдарының әрқайсысын есепке алумен қатар, сол басқа адам қалай менің қажеттіліктерімді, түрткілерді және ұстанымдарымды түсінеді.
Адамдар күнделікті өмірде басқа адамның мінез-құлқының шын себебін тіптен білмейді, білсе де жеткіліксіз біледі.
Басқа адам туралы түсінік өзіндік санамыздың деңгейімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты: бір жағынан, өзің туралы түсініктің байлығы басқа адам туралы түсініктің байлығын анықтайды, екінші жағынан, неғұрлым басқа адам толық ашылып көрсетілсе, соғұрлым өзің туралы түсінік кең қалыптасады. Адам өзін басқа адам арқылы саналы түсінеді. Өзін басқа адам арқылы саналы түсінудің екі жағы бар -идентификация және рефлексия.
Идентификация — бұл саналы немесе санасыз басқаға ұқсау арқылы адамның басқаны түсіну тәсілі. Идентификация деген термин қазақшалағанда басқаға ұқсау мағынасында қолданылады. Сонымен, идентификация басқа адамды тану және түсіну тетіктерінің бірі ретінде қолданылады.
Идентификацияға мазмұны жағынан жақын құбылыс -эмпатиямен байланысты.
Эмпатияны — адамды түсінудің ерекше тәсілі ретінде қарастырамыз. Бұл жерде айтайын дегеніміз басқа адамның мәселесін ұтымды түрде түсіну емес, оның мәселелеріне эмоциялық сезімді білдіруге ұмтылу. Эмпатияның тетігі белгілі бір ерекшеліктері жағынан ңдентификацияға ұқсас: екеуінде де өзіңді басқаның орнына қоя білу ептілігі көрінеді.
Рефлексия - бұл озінің психикалық жағдайы туралы ойлау немесе өзінің көңіл-күйін талдауға бейімділігі. Рефлексия басқа адамды түсіну тетіктерінің бірі.
Қарым-қатынас, жоғарыда көрсеткендей, ақпаратты қарапайым берумен шектеліп қана қоймайды. Сол жемісті болу үшін, ол міндетті түрде кері байланысты қажет етеді, өзара әрекет ету нәтижелері туралы ақпаратты субъектінің алуы.
Сонымен, тұлға аралық қабылдау үрдісінде кері байланыс түсінік беретін функцияның және өзін-өзі басқару қызметін атқарады.