Медициналық тексеріп-қарауды жүргізу
ережесін бекіту туралы»
Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Министрінің міндетін атқарушының
Жылғы 10 қарашадағы № 685
Бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабының 7-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасыхалқының нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу тәртібі мен кезеңділігін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықтың нысаналы топтарынпрофилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің №3 жинағында жарияланған, 2010 жыл) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесіндегі:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ересек халықты скринингтік тексеріп-қараулар:
1) қанайналым жүйесінің негізгі ауруларын- артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын;
2) ерлер мен әйелдердің арасындағы қант диабетін;
3) әйелдердің арасында жатыр мойнының ісікалды, қатерлі ісіктерін;
4) әйелдердің арасында сүт бездерінің ісікалды, қатерлі ісіктерін;
5) ерлер мен әйелдердің арасында глаукоманы;
6) ерлер мен әйелдердің арасында жуан және тік ішектің ісікалды, қатерлі ісіктерін;
7) скринингтік сауалнама мен тестілеу арқылы жалпы бірдей орта білім беретін мектептердің, орта арнайы және жоғары оқу орындарының 17 жас пен одан асқан оқушыларының арасында психобелсенді заттарды тұтыну қаупінің деңгейін ерте анықтау мен алдын алуға бағытталған.»
1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Р. Мусиновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
Леуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
2014 жылғы «___»________
№_________бұйрығына
1-қосымша
Халықтың нысаналы
топтарын профилактикалық
медициналық тексеріп-қарауды
жүргізу ережесіне
1-қосымша
Балалардың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарауды жүргізудің кезеңділігі
Мамандар тізбесі | |||||||||||||
Педиатр (жасөспірімдер дәрігері/ отбасы дәрігері/жалпы практика дәрігер) | Хирург (орто пед) | Оториноларинголог* | Невролог | Стоматолог | Офтальмолог | Эндокринолог | Хирург/ уролог (жеткіншектер) | Психиатр | |||||
1 жасқа дейін – туған кезде дене салмағы кемінде 1500 г шала туған балалар | |||||||||||||
+ (ай сайын) | + (1, 3, 6 айда) | + (3 айда) | + ( 1, 3, 6 айда) | + (3 айда) | |||||||||
1 жасқа дейін (дене салмағы 1500 г артық) | |||||||||||||
+ (ай сайын) | + | + | + | + | |||||||||
1 жас | |||||||||||||
+ (3 айда 1 рет) | + | + | + | + | |||||||||
2 жас | |||||||||||||
+ (жылына 2 рет) | + | + | |||||||||||
3 жас | |||||||||||||
+ (2 айда 1 рет) | + | + | + | + | |||||||||
4 жас | |||||||||||||
+ | |||||||||||||
5 жас | |||||||||||||
+ | |||||||||||||
6 жас (мектепке дейінгі) | |||||||||||||
+ | + | + | + | + | + | ||||||||
7 жас (1-сынып) | |||||||||||||
+ | |||||||||||||
8 жас (2-сынып) | |||||||||||||
+ | |||||||||||||
9 жас (3-сынып) | |||||||||||||
+ | |||||||||||||
10 жас (4-сынып) | |||||||||||||
+ | + | + | + | + | + | ||||||||
11 жас (5-сынып) | |||||||||||||
+ | |||||||||||||
12 жас (6-сынып) | |||||||||||||
+ | + | + | |||||||||||
13 жас (7-сынып) | |||||||||||||
+ | |||||||||||||
14 жас (8-сынып) | |||||||||||||
+ | + | + | + | + | + | ||||||||
15 жас (9-сынып) | |||||||||||||
+ | + | + | + | + | + | + | |||||||
16 жас (10-сынып) | |||||||||||||
+ | + | + | |||||||||||
17 жас (11-сынып) | |||||||||||||
+ | + | + | + | + | + | + | + | ||||||
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
2014 жылғы «___» _____
№ _______ бұйрығына
2-қосымша
Халықтың нысаналы топтарынпрофилактикалық медициналық
тексеріп-қарауды жүргізу ережесіне
2- қосымша