А) нейролептиктер, танквилизаторлар
Б) антидепрессанттар, танквилизаторлар
В) барбитураттар, ноотроптар
Г) антидепрессанттар, гипотензивті заттар
Д) нормотимиктер, ұйықтатқыштар
109. 47 жастағы ер адам үш күн бойы салынып ішкеннен кейін, жалпы жайсыздыққа, ұйқысыздыққа, тәбетінің жоқтығына, жүрек айнуға, бас ауруына, жүрек қағуына, көңіл-күйінің жоқтығына, қозғыштыққа шағымданады. Қарап тексергенде беті қызарған, үрейленген, жалпы тремор байқалады.
Төменде берілген синдромдардың қайсысы ТӘН?
А) абстинентті
Б) фобиялық
В) психоорганикалық
Г) ипохондриялық
Д) делириозды
110. 47 жастағы ер адам үш күн бойы салынып ішкеннен кейін, жалпы жайсыздыққа, ұйқысыздыққа, тәбетінің жоқтығына, жүрек айнуға, бас ауруына, жүрек қағуына, көңіл-күйінің жоқтығына, қозғыштыққа шағымданады. Қарап тексергенде беті қызарған, үрейленген, жалпы тремор байқалады.
Төменде аталған емдік шаралардың қайсысын тағайындаған дұрыс?
А) дезинтоксикациялық терапия, транквилизаторлар
Б) дегидратационды терапия, нейролептиктер
В) нейролептиктер, транквилизаторлар
Г) ноотропты терапия, антидепрессанттар
Д) қан тамырлық терапия, нейролептиктер
111. 52 жастағы 30 жыл бойы ішімдікке салынған. Соңғы 10 жыл бойы алкоголь суррогаттарын қолданып келген, алкоголь және алмастырушы заттарды тәулігіне жиі, аз мөлшерде ішіп отырған. Табанымен жерді сезінуі жоғалып, жүрісі бұзылған. Соңғы күндері ұмытшақ, күндерді шатастырып және бірнеше минут бұрын болған дүниені есіне түсіре алмағасын туыстары ауруханаға алып келген .
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) алкогольді делирий
Б) алкогольді параноид
В) Корсаков психозы
Г) паталогиялық салынып ішу
Д) полинейропатия
112. 42 жастағы ер адам 20 жыл бойы салынып ішкен, бас жазуды әдетке айналдырған, күнде арақ ішуге әуестеніп тұрады, ішімдікті тәулігіне жиі және аз мөлшерде ішеді. Екі күн арақты қойғаннан кейін кешкі уақытта теледидардан ер және әйел адамның дауысын естиді, олар өзара оның іс-әрекеттерін талқылайды, оны «агкоголик өз отбасын ойран еткен» деп айтады. Бірақ науқас өзінің кім екенін және қайда тұрғанын анық біледі.
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) абстинентті синдром
Б) алкогольді делирий
В) алкогольді галлюциноз
Г) алкогольді параноид
Д) Гайе-Вернике энцефалопатиясы
113. 42 жастағы ер адам екі жақты пневмониямен емделуге түсті. Анамнезінде ішкілікке салынғандығына байланысты бірнеше рет емделген. Терапиялық бөлімге түскеннен кейін үшінші күні кешке қарай мазасыздана бастады, төсекте жата алмай, қорқыныш сезімі билеп, төсегіне көп тышқандардың секіріп жатқанын көреді. Оларды көрпенің үстінен қағып тастап, төсектен тұруға әрекеттенеді, өзін үйдемін деп сезініп, әйелінің дауысын естиді.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) алкогольді делирий
Б) алкогольді галлюциноз
В) алкогольді параноид
Г ) корсаков психозы
Д) Гайе-Вернике энцефалопатиясы
114. 25 жастағы бозбала қозған, тежеусіз, көп сөйлейді, тез ашуланады, кейде агрессивті. Беті бозарып, көз қарашығы кеңейген, тахикардия байқалады, артериалды қан қысымы жоғары және тұмаурату белгілері бар, жөтел мазалайды.
Төменде аталған препараттардың қайсысының әсері болуы мүмкін?
А) героин
Б) кофеин
В) морфин
Г) кокаин
Д) гашиш
115. 29 жастағы ер адам тежеусізденген, эйфориялы, көп сөйлейді. Бірақ сөзі түсініксіз, орынсыз қалжыңдайды, қозғалыс координациясы бұзылған, тербеліп жүреді. Қарашықтары кеңейген, беті аздап қызарған, алкогольдің иісі жоқ
Төменде аталған препараттардың қайсысының әсері болуы мүмкін?
А) кокаин
Б) барбитурат
В) гашиш
Г) эфедрон
Д) тұрмыстық химиялық заттар
116. 25 жастағы бозбала көп сөйлейді, өнімсіз бірмәнді әрекетке талпынады. Қарашықтары кеңейген, сыртқы тітіркендіргіштерге сезімталдығы жоғарылаған. Алкогольдің иісі жоқ.
Төменде аталған препараттардың қайсысының әсері болуы мүмкін?
А) кокаин
Б) эфедрон
В) гашиш
Г) героин
Д) барбитурат
117. 30 жастағы ер адам соңғы 5 жылда алкогольді жүйелі ішкен. Ішімдікке жабысқақ құштарлық сезінеді, ішімдіктің жоғары дозаларын көтере алады. Кейбір жағдайда 2-3 күн бойы тоқтамай ішеді. Бұл эпизодтардан кейін бас ауырып, жүрегі айнып, кейде құсады. Келесі күні ішімдік қабылдау оның жағдайын жеңілдетпейді. Тез шаршағыш, әлсіз, еңбекке қабілеттілігі төмендеген.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?