Тіс жегісін алдын–алуда тіс жұғындыларын сандық және сапалық бағалау

Тіс жұғындыларын анықтау тәсілдері

Сандық сипаттамалар қандай да бір тіс жұғындылары түрлерін клиникалық анықталуына, олардың тіс сауытына қатысты орналасуын, алып жатқан аймағын, және сирек – көлем мен массасын анықтауға тіреледі. Тіс жұғындыларын анықтау үшін қолданылады: қарау, ауа ағынымен тістердің беткейлерін кептіргеннен кейін қарау, зондтау, бояғаннан кейін қарау (табл. 5.6).

Таблица 5.6

Тіс жұғындыларын анықтау тәсілдері

Тіс жұғындыларын анықтау тәсілдері Тіс жұғындыларының түрлері
тығыз қақ жұмсақ қақ қызылиекүсті тасы
Қарау - ± +
Кептіру ± + +
Зондтау ± + +
Бояу + + +

Кептіру ауыз сұйықтығының жасырын жылтырлығын жоюға мүмкіндік береді, одан кейін бірдей боялған тіс жұғындылары күңгірт беткейлерін және эмальдің жылтыр беткейін ажыратуға болады.

Тістің тығыз және жұмсақ қақтарын зондтау – бұл жұғындыларды зондтың ұшымен қырып алу. Зондтау кезіндегі тактильді сезімдер тіс тасын анықтау үшін қажет: тіс тасы беткейі эмальға қарағанда тығыз емес, тегіс емес «құламамен» аяқталуы мүмкін.

Бояу – тіс буылтығын анықтау үшін қажет. Тіс қағы тәжірибелі көзге бояусыз-ақ көрінеді, бірақ бұл процедура бір жағынан жұғындылардың санын нақты ескеруге, екінші жағынан науқаспен оның ауыз қуысы гигиенасының деңгейін жоғары сеніммен талқылауға, гигиеналық дағдылар динамикасын бақылауға көмектеседі.

Қолданылатын бояғыштардың көбісі арнайы емес түрде кез келген органикалық субстратпен реакцияға түседі: буылтықтың матриксімен, бактериальды клеткалармен, ас қалдықтарымен, сілекей компоненттерімен, ауыз қуысының кілегей қабығымен, еріннің қызыл жиегімен, терімен және т.б. Натрий флюоресцеин ерекшелікті құрайды, ол бояғыш едәуір қабатты түзумен (200-540 нм) сіңірілген, яғни тіс жұғындылары бар аймақтарда және арнайы фильтрлер арқылы ультракүлгін жарықтандыру кезінде ғана көзге көрінеді.

Қызыл (эритрозин, фуксин), көк (метилен көк, генцианвиолет), қоңыр (қоңыр Бисмарк, Шиллер-Писарев ерітіндісі) бояғыштарды және олардың қоспасын ажыратады. Эритрозин және жасыл малахиттен құралатын «екілік» индикаторлар қызыл болып келеді, олар тіс қағының рН мен жасына байланысты оны қызыл (жаңа пайда болған қақ) немесе көк түске (көне тіс қағы) бояйды.

Эстетикалық және әдістемелік тұрғыдан тұрақты және тұрақсыз бояғыштарды ажыратады. Тұрақсыз бояғыштарға құрамында йод қосылыстары бар Шиллер-Писарев ерітіндісі мен Люголь ерітіндісі жатады: олар ұшқыш болғандықтан 10-20 минуттан кейін боялу жоғалады. Бұл науқасты мотивациялау және тіс жұғындыларының тек диагностикасын болжаған кезде ыңғайлы, бірақ гигиеналық процедуралар үшін емес. Ауыз қуысының кәсіби гигиенасын жүргізу үшін немесе тістерді жеке тазартуға үйрету үшін тұрақты бояғыштарды (құрамында йоды барынан басқа аталғандары) қолданған жөн, олар ластанған тістердің беткейінде сағаттар бойы сақталады, бірақ тазалағаннан кейін жоғалып кетеді.

Бояғыштар официнальды ерітінділер және шайнау таблеткалары түрінде шығарылады, сонымен қатар дәрігердің тағайындалуы бойынша дайындалады:

Rp.: Fuchsini bas. – 1,5

Spiritus aeth. 75% - 25,0

M.D.S. Қақтың индикациясы үшін препараттың 15 тамшысын ½ стакан суда еріту;

немесе

Rp.: Kalii iodati in pulv. – 2,0

Iodi crist. – 1,0

Aq. dest. ad 40,0

M.D.S. Шиллер-Писарев ерітіндісі (тіс қағының индексациясы үшін).

Тұрақты бояғыштардың ерітінділерін аппликациялар түрінде де, ауыз шаятын дәрі ретінде де қолдануға болады (мұның жаман жері, қызметкер немесе науқастың ыңғайсыз әрекетінен бетті және науқас киімін, қол жуғыш раковинаны ластануы мүмкін және т.б.). Бояғыш таблетканы барлық тіс қатары бойымен жылжыта отырып, дұрыстап шайнау қажет. Кез келген жағдайда тіс жұғындыларының диагностикасын тіс жұғындыларын жасыратын боялған сілекейді ауызды сумен жуғаннан соң жүргізеді. Тұрақсыз бояғыштарды кептірілген тістерге аппликациялайды және жағдайды бірден бағалайды.

Осылайша, бояу тіс жұғындыларын анықтауға, олардың орналасуын, алып жатқан алаңын бағалауға және олардың жасын бағалауға (арнайы қоспаларды қолдану кезінде) мүмкіндік береді.

Наши рекомендации