Невроздың шығу тегі

Егер бала жағымды қарым-қатынаста өспесе, ол өзіне деген жақсы қатынасты маңызды адамдардың (ата-анасының, ұстаздардың және т.б.) көңілінен шыққанда ғана сезінсе, онда ол үнемі өзіне жағымды қатынасты жоғалту қаупінде болады.

Терапия механизмдері

Роджерс өзіндік актуализация тенденциясын клиенттің өзгеру тетіктері ретінде қарастырады. Клиентке бағытталған терапияда терапевт әлемі клиент әлеміне баса көктеп енбейді. Клиентке бағытталған терапевтің мңндеті клиенттің өзгеру тетіктерінің инициация шарттарын тудырудан тұрады.

Терапияның нәтижесі

Психотерапияның нәтижесінде келесі өзгерістер жүзеге асады:

1) тәжірибеге бейімділік жоғарылайды;

2) көңіл-күйлерді сезіну тереңдейді;

3) өзінің құбылыстарына, өзіне сенімі жоғарылайды;

4) бағалаудың ішкі деңгейі қалыптасады;

5) «өмір үдерісіне» енуге дайындық артады;

6) Ахуалдарды басынан өткеру барысында өзі туралы білімі тереңдейді.

Өзінің тәжірибесі мен көңіл-күйлерін қабылдау үнемі үлкен қауіппен байланысты.

Невроздың шығу тегі - student2.ru

Сурет 1. Тұлғаның құрылымы

Психотерапияның техникалары

Аталмыш психотерапия жеке және топтық қалыптарда жүзеге асады.

Роджерлік терапевт тек өз жұмысына ғана жауапты, ал өзгеру немесе өзгермеу – ол клиенттің таңдауы.

Жұппен билеу метафорасы

Рефлексия техникасы

Қайталау техникасы

Метафора

Терапевттің эмпатиялық жауаптары техникасы

Терапиялық сұхбаттар

Клиентке бағытталған терапияның дамуының заманауи ахуалы мен тенденциялары

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Клиенттің психотерапиялық өзгеруіне қажетті және жеткілікті шарттады сипаттаңыз.

2. К.Р.Роджерс тұжырымдамасындағы невроздардың патогенезі қандай?

3. Клиентке бағытталған психотерапияда қандай психотерапиялық тетіктер өзектіге айналады?

4. Клиентке бағытталған терапияның нәтижесі не болып табылады?

5. Рефлексиялық жауаптар техникасы нені білдіреді?

6. Эмпатиялық жауаптар техникасын сипаттаңыз

7. Терапиялық метафора техникасын сипаттаңыз. Психотерапиялық үдерістегі метафораның қызметі қандай?

Дебиеттер

Орлов А. Б., Хазанова М. А. Феномены эмпатии и конгруэнтности // Вопросы психологии. - 1993. - № 4, - С. 68-73.

Роджерс К. Взгляд на психотерапию: Становление человека. — М., 1994.

Роджерс К. Клиент-центрированная терапия. — М., 1997.

Роджерс К. О групповой психотерапии. — М., 1993.

Тиллих П., Роджерс К. Диалог // Московский психотерапевтический журнал. — 1994. - № 2. - С. 143-150.

Barrett-Lennard G. T. Dimensions of the therapist response as causal factors in therapeutic change // Psychological Monographs. — 1962. — Vol. 76(43). — № 562.

Bozarth J. D., Brodley B. T. Client-centered Psychotherapy // Person-centered review. - 1986. - Vol. 1. - № 3. - P. 262-271.

Bozarth J. D. The evolution of Carl Rogers as a therapist // Person-centered review. — 1990. - Vol. 5. - № 4. - P. 386-393.

Devonshire Ch. M. Person-centered theory // The person-centered approach and cross-cultural communication: An international review. — Vol. 1. — Dublin, 1991. — P.15-42.

Hopper P. P., Rogers М. Е., Lee L. A. Carl Rogers: reflections on his life // Journal of Counseling and Development. — 1984. — № 63. — P. 14-63.

Meador B. D., Rogers C. R. Person-centered therapy // Current Psychotherapies / R. J. Corsini (ed.). - Ithaca, 1984. - P. 142-195.

Mearns D. The Person-Centred Approach to Therapy. Paper presented at the Scottish Association for Counseling, 31st May, 1980.

Raskin N. The concept of the self in client-centered therapy and the person-centered approach, 1940-1980. The report presented at the department of Psychiatry's Grand Rounds conference. Northwestern University medical school. — Chicago, 1980.

Raskin N. J., Rogers C. R. Person-centered therapy // Current Psychotherapies. — Ithaca, 1989. - 4th ed. - P. 155-194.

Rogers C. R. Counseling and Psychotherapy. — Boston, 1942.

Rogers C. R. Client-centered therapy: it current practice, implications and theory. — Boston, 1951.

Rogers C. R., Dymond R. E. Psychotherapy and personality change. — Chicago, 1954.

Rogers C. R., Segal R. H. Psychotherapy in process, the case of miss Mun (film). — Pittsburgh, 1955.

Rogers C. R. The necessary and sufficient condition of personality change // Journal of Consulting Psychology. - 1957. - № 21. - P. 95-103.

ТАҚЫРЫП 7

ГЕШТАЛЬТТЕРАПИЯ

Сабақтың мақсаты:

Практикалық психологияда гештальтпсихология мен гештальттерапияның шығу тарихы, қалыптасуы, қолданылуы туралы теориялық және практикалық білім беру, әрі оны тәжірибеде қолдану біліктері мен дағдыларын оқыту, үйрету.

Жоспар

1. Гештальтпсихологияның пайда болуы мен даму тарихы

2. Гештальттерапия

Гештальтпсихология - XX ғ. 20-шы жылдары пайда болған психология бағыты. Гештальпсихология бихевиоризм саласындағы алғашқы жұмыстар мен психоанализдің Зигмунд Фрейдтің достарынан тұратын тар аумағынан шығып, кең тарала бастауынан бұрын пайда болды. Гештальпсихологияның дамуының екінші кезеңі гуманистік психология мен психотерапияның пайда болуымен, ал аяқталу кезеңі – когнитивтік психологияның жандануымен сәйкес келеді.

Гештальтпсихология мен гешатальттерапияны шатастыруға болмайды. Олардың атауында «гештальт» сөзі болғанымен әрқайсысын бөлек қарастыру керек. Олардың бірі екіншісінің орнын баса алмайды, және көп жағдайда ұқсастықтары да өте аз.

Фриц (Фредерик) Перлз (1893-1970) гештальттерапияның негізін қалаушы болып саналады.

Гештальттерапияға өтпес бұрын гештальпсихологияны қарастырудың себебі неде? Себебі ол бұрын пайда болды, әрі Фредерик Перлз гештальпсихологтардан жай терминдер ғана емес, бірқатар түсініктерді (фигура және фон ) алды. Гештальтпсихологтар оларды қабылдаудың эксперименталды зерттелетін үрдістеріне жатқызды, ал Перлз (олардың қарсылығына қарамастан) нақты ғылыми дәлелденбейтін тұлғалық және тұлға аралық мәселелерінде де қолданды. Ең бастысы, Перлз гештальпсихологиядан психофизиологиялық, тұлғалық және тұлға аралық процестер мен мәселелерге гештальт әдіспен қарауды алды.

Неміс тілінде гештальт – ол құрылым, біртұтас қабылдау, біртұтас бейне (кез-келген дүниенің бейнесі – заттың, қиялдың, өмір салтының) дегенді білдіреді. Ол уақыттық және кеңістіктік аспектідегі біртұтас құрылым болуы мүмкін.Ол қандай да бір көзге көрінетін бейненің, немесе қандай да бір музыкалық фразаның бейнесі болуы мүмкін.

Гештальтпсихологияның тарихы Макс Вертгеймердің «Экспериментальные исследования восприятия движения» (1912) еңбегінен бастау алады деп саналады.

Гештальтпсихологияның негізгі өкілдеріне Макс Вертгеймер, Курт Коффка, Вольфганг Келер, Курт Левин жатады.

Олардың арасында Макс Вертгеймер көп аталады. Себебі үкімет басына ұлтшыладр келген соң, ол АҚШ-қа көшіп кетеді.

Вертгеймердің гештальпсихология идеясының пайда болуын ашуы жайында қызықты жайт бар. 1910 жылы ол поезбен өзінің досына бара жатыр еді. Досының баласына сыңлық ретінде стробоскоп сатып алады. Стробоскоп – ол аударып-төңкерсеңіз қозғалыс иллюзиясын туғызатын ойыншық. Мұндай тәсіл қозғалыссыз кадрлар бір-бірін жылдам ауыстыратын киноларда қолданылады.

Макс Вертгеймер стробоскоп ойнап отырып, жаңалық ашқалы отырғанын сезеді де, әрі қарай баруы керек болса, Франкфурттен түсіп қалады. «Қозғалыссыз фигуралар бір-бірін жылдам ауыстырған кезде біз оларды қозғалады деп қабылдаймыз. Басқаша айтқанда, шындығында жоқ нәрсені ап-анық көреміз!»

Осы жерден гештальттың негізгі идеясы туындайды – тұтас – ол оның бөліктерінің қосындысы емес, жаңадан пайда болған құрылым.

Гештальтпсихологияның негізгі алты принципі:

1. Жақындық.

Кеңістік пен уақыт аралығында бір-біріне жақын тұрған элементтер бізге бір топқа біріккен тәрізді көрінеді және біз оларды біртұтас қабылдауға тырысамыз.

2. Үздіксіз.

Біздің қабылдауымызда бақыланушы элементтерді үздіксіз бірізділікпен байланыстыруға немесе оларға белгілі бір бағдар беруге мүмкіндік беретін бағытпен жүру тенденциясы бар.

3. Ұқсастық.

Ұқсас элементтерді шектелген топ құру арқылы бірге қабылдаймыз.

4. Тұйықтау.

Біздің қабылдауымызда аяқталмаған заттарды аяқтап, бос аралықтарды толтыруға ұмтылатын тенденция бар.

5. Қарапайымдылық.

Кез-келген жағдайда біз шама келгенше басы-аяғы бар фигуралар көруге тырысамыз.

6. Фигура – фон.

Біз өзіміздің қабылдауымызды объектіні (фигура) де, соны көрсететін артқы жақты (фон) да көретіндей етіп ұйымдастыруға тырысамыз. Бұл жерде фигура бізге анағұрлым көрнекті болып, жалпы бейнеден айқынырақ байқалады.

Вергтеймер бұл принциптерді көмекші факторлар деп атады, алайда перцепцияға организмнің өзінің де функциялары да ықпал ететінін мойындады: мысалы, алдын ала хабардар болу мен бағдарды анықтайтын жоғары ойлау үрдістері.

Сұрақ.

Курт Левиннің көптеген тұжырымдарынан, әсіресе топтық психотерапияға қатысты ілімдерінен Фредерик Перлздің көп алғаны белгілі.

Психология тарихына арналған оқулықтарда Фредерик Перлздің аты аталмайды, себебі формалдық тұрғыдан гештальпсихологияға еш қатысы жоқ. Алайда оның атағы гештальтпсихологияны қалың бұқараға тарауы арқылы шықты. Оның техникалары мен тәсілдері (осы және қазір, ыстық орындық және т.б.) топтық психотерапияның түгелге дерлік бағыттарында жемісті қолданылып келеді.

Гештальттерапияны ғылыми бағыт дегеннен гөрі (Ф.Перлз өзін ешуақытта теоретикпін деп есептемеген) психотерапияның басқа түрлеріне гөрі жылдам игерілетін жақсы жаттыққан техникалық тәсілдерге жатқызуға болады. Сондықтан да ол Батыста кең қолданысқа ие болды, және тек кәсіби психологтар мен психотерапевттерді ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер мен педагогтарды даярлауда да қолданылады.

Перлз өмірде де, ғылымда да жанжалшыл болған («Внутри мусорного ведра и вовне» автобиографиялық еңбегі). Алайда соған қарамастан жеңіл, ақжарқын және өкпешіл еместігімен ерекшеленген.

Перлз Вена колледжін бітірді және өз еркімен Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысады. Ол әскери дәрігер ретінде бас-ми жарақаттарымен және олардың салдарымен жұмыс жасады.

Гештальпсихология терминдерін қолданып, Перлз неврозды аяқталмаған гештальттар деп сипаттады. Ал аяқталмаған гештальттар – олар қанағаттандырылмаған қажеттіліктер. Невроздан құтылу үшін осы қажеттіліктерді қанағаттандыру қажет. Сондықтан да гештальттерапия тәсілдерінің біріне өткен өмірдегі аяқталмаған гештальттарды қазіргі өмірге көшіріп, оларды символикалық әрі ойын түрінде аяқтау.

өз қажеттіліктеріңнен бас тартып, басқалар ұсынған құндылықтарға еру, организмнің өзін-өзі реттеу үрдісін бұзады. Сондықтан да гештальтерапияның алғашқы сабағынан бастап Перлз ұсынған гештальт дұға ұсынылады:

Мен бұл өмірге сенің үміттеріңе, қалауларыңа сәйкес болу үшін келген жоқпын,

Сен де менің қалауларыма сәйкес болу үшін келген жоқсың.

Сен – ол сенсің. Мен – ол менмін.

Егер біз бір-бірімізге сәйкес келсек – бұл тамаша.

Ал олай болмаса – бұған ештеңе істей алмасың.

Психоанализдегі тәрізді, гештальттерапия міндеттерінің біріне келушінің алдында өзін-өзі алдау – психологиялық қорғану механизмдерінің бетін ашу жатады.

Гештальттерапияда мұндай өзін-өзі алдаудың немесе өзін-өзі реттеу үрдістерінің бұзылу тетіктерінің бес түрін ажыратады: интроекция, проекция, ретрофлексия, дефлексия, конфлуенция.

Интроекция кезінде адам басқалардың сезімдерін, көзқарастарын, сенімдерін, бағаларын, нормаларын, мінез-құлық үлгілерін бойына сіңіреді, алайда олар оның өзіндік тәжірибесімен қарама-қайшылыққа келіп, тұлғамен бірікпейді. Осы ассимиляцияланбаған (сіңіп кетпеген) тәжірибе – интроект – адамның өзіндік тұлғасына жат бөлігі болып табылады. Ертеректе пайда болған интроекттерге бала еш сынсыз қабылдап алатын, ата-аналардың өсиет уағыздары жатады. Уақыт өте келе интроекттер мен өзіндік сенімдерді ажырату қиынға соғады.

Проекция – интроекцияға тікелей қарама-қарсы, және бұл екі тетік бір-бірін толықтырып тұрады. Проекция кезінде адам өзіне тән қасиеттерден бас тартады, себебі олар оның Мен-тұжырымдамасына сәйкес келмейді. Проекциядан пайда болған «саңылаулар» интроекттермен толады.

Ретрофлексия – «өзіне қарай бұрылу» - әлеуметтік ортаның шектеуінен қандай да бір қажеттіліктер қанағаттандырылмағанда пайда болады, мұндайда сыртқы ортада манипуляция жасауға арналған күш-қуат адамның өзіне қарай бағытталады. Мұндай қанағаттандырылмаған қажеттіліктерге немесе аяқталмаған гештальттарға агрессивті сезімдер жатады. Ретрофлексия мұндайда бұлшықеттердің тырысыуынан көрінеді. Мен және басқалар арасындағы бастапқы конфликт тұлғаішілік конфликтіге айналады. Сөйлегенде «Мен мұны жасау үшін өзімді мәжбүрлеуім қажет» деген тәрізді сөз бөлшектерін қосу ретрофлексияның көрсеткіші болып табылады.

Дефлексия – ол шынайы контактіден ауытқу. Дефлексия тән адамдар басқалармен тікелей байланысқа түсуден, мәселелер мен жағдаяттардан қашады. Дефлексия мылжыңдықтан, сайқымазақтықтан, жоралғылықтан, және мінез-құлықтың шарттылығынан, конфликтілі жағдайлардың «тігісін жатқызудан» және т.б. байқалады.

Конфлуенция немесе кірігу Мен және айналадағылармен шекараның жойылуынан көрінеді. Мұндай адамдар өз ойларын, сезімдерін, тілектерін басқалардан әрең ажыратады. Мұндай кірігу топтық психотерапия сабақтарында пациенттердің өздерін топпен толық идентификациялайтын адамдардан байқалады; оларға өз мінез-құлқын сипаттағанда Мен есімдігінің орнына Бізді қолдану тән.

Нәтижесінде тұлғаның біртұтастығы бұзылып, ол жекелеген бөлшектерге шашырайды. Ондай бөлшектерге әдетте дихотомиялар жатады: еркектік - әйелдік, белсенділік – енжарлық, тәуелділік – оқшаулану, рационалдылық – эмоционалдылық, өзімшілдік – бескорыстие.

Гештальтерапияда Перлз сипаттаған шабуылдаушы мен қорғанушы арасындағы конфликтіге үлкен мән беріледі. Шабуылдаушы – ол ата-аналардың («ата-ана» - транзактілі талдаудың терминологиясы) нені қалай істеу керек екендігін бұйырушы өсиет, ақылдары мен күтулерінің интроекттері. Қорғанушы – тұлғаның тәуелді, өзіне сенімсіз, «ертең жасаймын», «уәде беремін», «иә, бірақ...», «тырысамын» (транзактілі талдаудағы «бала») деп түрлі амал-айлалармен орындамауға тырысатын бөлігі. Гештальтерапияның негізгі мақсаты тұлғаның бөлшектенген бөліктерін кіріктіру болып табылады.

Гештальттерапия үрдісінде пациент өзінің шынайы индивидуалдылығын ашу үшін бес деңгейден өтеді, оларды Перлз невроз деңгейлері деп атайды.

Бірінші деңгей – жалған қарым-қатынастар, ойындар мен рөлдер деңгейі.

Бейсана деңгейінде невротикалық тұлға басқалардың айтқанына икемделеді. Нәтижесінде өз мақсаттары мен қажеттіліктері қанағаттандырылмай, ол фрустрацияға ұшырайды. Осыған байланысты Перлз мынадай афоризм қалдырған: Ақыл-есі адасқан адам «Мен Авраам Линкольнмын», Неврозға шалдыққан адам «Мен Авраам Линкольн болғым келеді», ал дені сау адам «Мен – ол менмін, сен – ол сенсің», - дейді.

Екінші деңгей – фобиялық, өзінің жалған мінез-құлқы мен манипуляцияларын түйсінеді, бірақ ол өзінің шынайы тұлғасы мен мінез-құлқы басқаларға ұнамайды деп қорқады.

Үшінші деңгей – тұйыққа тірелу. Бұл деңгейде адам не істеу керектігін, қайда бағыт алуға болатынын білмейді. Ол сыртқы қолдаудан айырылған, бірақ әлі де өзінің ішкі қорларын қолдануға дайын емес әрі қолданғысы келмейді. Нәтижесінде адам тұйықтан шығуға қорқып, статус-квоны («қалай болды» сол қалпында сақтау) сақтайды.

Төртінші деңгей – имплозия. Өзін шектеп, басып тастағанын толық түйсінгендегі іштей өзіне деген жек көрініш, торығу, үмітсіздік жағдайы. Бұл деңгейде индивид өлімнен қорқуы мүмкін. Адамның ішіндегі арпалысқан алапат күш-қуат көздері қысым жасағандықтан, оларды өзін жоюы мүмкін деп ойлайды.

Бесінші деңгей – эксплозия (жарылыс). Бұл деңгейге қол жеткізу аутентикалық тұлғаның қалыптасуын білдіреді, ол өз эмоциялары мен көңіл-күйлерін көрсете алады. Эксплозия – ол сана түбінде жатқан жауап берілмеген өте күшті сезімдерге терең әрі қарқынды эмоциялар арқылы бастан кешіру. Перлз эксплозияның төрт түрін атап көрсетеді: қайғы, ашу, қуаныш, оргазм.

Гештальттерапевт вербалдыққа қарағанда, «дене тіліне» баса мән береді.

Психотерапевтті пациенттің дәл қазіргі сәтте не істегені және қалай жасағаны қызықтырады. Мысалы: жұдырығын түйгені, ұсақ таптаурындық қимылдары, көзін тасалауы, тынысын тежеуі.

Осылайша, гештальтерапияда «неге?» деген сұрақтың орнына «не және қалай?» деген сұрақ қойылады. Тұлғаның бөлшектенуі (біртұтастықтың болмауы) көп жағдайда вербалдық және вербалдық емес көріністердің бір-бірімен үйлеспеуінен байқалады.

Гештальттерапияда түс көруге баса мән беріледі. Перлз түстер тұлғаның түрлі бөлшектері деп санады. Кіріктіруге қол жеткізу үшін оларды біріктіріп, өзіңдікі екенін мойындау қажет. Түс объектілерін ойнату арқылы олардың жасырын мағынасын ашуға (талдау емес, басынан кешіру) болады.

Перлз алдымен өз әдісін индивидуалдық психотерапияда қолданды, бірақ кейіннен тиімді әрі өнімді деп санап топтық терапияға көшті.

Гештальтерапиядағы техникалық процедуралар ойын деп аталады.

Эксперимент-ойындардың мақсаты – тұлғаның кірігуіне әкелуші эмоционалдық және интеллектуалдық айқындылыққа қол жеткізу.

Ойындар саны шектеусіз. әрбір терапевт гештальтерапия принциптерін қолдана отырып, өзінің ойындарын құрастыра алады.

Көп тараған ойындарға мыналар жатады.

Наши рекомендации