Арым- қатынасы нашар баламен жеке даралық жұмыс жүргізу
Ерекшеліктері
Эмоцианолды қозғыштығы тым жоғары адамдарға, басқаларға қарағанда әрекеттің түрлі эмоциогендік бұзылысының байқалуы тән, басқаша айтқанда, ол тек ұяң болып қана қоймай, түрлі жағдайларда қорқынышқа, тұрақсыз көңіл күйге тез берілгіш болады. Осындай адамдарға негізінен емделіп, өзінің эмоционалды-еріктік сферасын түрлі қырынан, әсіресе, эмоционалды моторлық сферасын жаттықтыру қажет.
Ұяңдықпен күресу үшін адамдармен түрлі қиын өзара қарым-қатынаста болатындай жағдайларда жаттығу керек.
Балалық шақтан бастап ұжымға тез бейімделіп, ұжымда жұмыс істегенді ұнататын адамдарда ұяңдық мүлдем болмайды немесе әлсіз байқалады.
Кейбір ата-аналар балалары олқылықтарға жаман әрекеттерге бармауы, ортасынан жаман әдеттерді үйренбеуі үшін оларды ұжымнан тыс ұстайды. Кейін балалары ұялшақ және көпшіл емес болып өскенде түсінбей де қалады. Сондықтан да ата-ананың ең басты мақсаты баласын ұжым ішінде өмір сүріп және жұмыс істетіп үйрету, өз құрбыларына дұрыс қарым-қатынас жасап басқа адамдар да оған дұрыс қарайтынына көзін жеткізу керек.
Кейде ересек адам өзін ұжымда ұстай алмай, тәрбиесіздігінен, білмей қалуынан дұрыс емес қадам жасайды. Содан соң жағдайды тым ауыр қабылдап, өз қателіктерін өзіне кешіре алмай қалады. Осыдан кейін оның ұяңдығы одан бетер жоғарлап кетеді. Сондықтан да ұжымда мінез-құлықтың негізгі ережелерін біршама жақсы білу де ұяңдықпен күресудің бір жолы бола алады.
Ерекше назар аудартатын, ол - өтпелі, яғни жыныстық жетілу кезіндегі пайда болатын ұяңдықпен күресу. Осы мәселе әлі де болса дұрыс орынға қойылып, дұрыс жыныстық тәрбие беруге жөнді көңіл бөлінбей келеді. Осылайша ұяңдықтың туу себептерін қарастыра отырып, оның күресу жолдарын да табуға болады.
Мектепке дейінгі мекемелердегі делдалдардегеніміз балалар немесе олардың топтарының арасында туындаған келіспеушіліктің шешу жолдарын іздестіретін, шешуге көмек беретін, арнайы бағдарламаны оқыған балалар. Олардың мақсаты - дауласып жатқан екі жақтарға дұрыс араласу немесе бірін-бірі дұрыс түсінісуіне көмек беру, келіспеушілікті шешуге мүмкіндік беру.
Д.Шапиро мектепке дейінгі мекемелердегі делдалдылықтың келесі позитивті функцияларын көрсетеді:
1. Келіспеушіліктерді шешудің альтернативті жолдары туындайды.Балалар арасындағы келіспеушілікті болдырмау үшін, оларға өздерімен жасты балалар көмектеседі, мұнда олар әдеттегідей үш мүмкіндіктерді қолданады. Мектепке дейінгі мекемелертің администрациясынан көмек сұрау, төбелесу, немесе даулы ситуациядан аяқ тарту.
2. Келіспеушілік оң процеске айналады.Делдалдылық бірлесіп әрекеттесуі, «жеңу-ұтылу» принципі бойынша емес, келіспеушіліктің бірі-бірінің қызығушылықтарына сай шешілу мүмкіндіктерін ашады.
3. Бір-бірімен қарым-қатынасқа түсушілігі жақсарады.Келіспеушілікіге сай кернеу мен ызалану сезімдері басылады, мектепке дейінгі мекемелертегі ортақ атмосфера және балалар арасындағы қарым-қатынастар жақсарады.
4. Дисциплина жақсарады.Мектепке дейінгі мекемелер өміріне делдалдылықты енгізу дисциплинаны жақсартаты, балалардың сабақтан шеттетілуі азаяды.
5. Балалар келіспеушілікті тек шешу жолдарын ғана үйренбейді.Делдалдылыққа иелену процесінде балалар белсенді тыңдау дағдыларын, лидерлік және басқада пайдалы коммуникативті әрекеттерді үйренеді.
Сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешідерінің мұндай жұмысты балалармен жүргізгенде алынған пайданы көрсеткені жөн.
Айтылғандардың барлығын эмпирикалық көрсеткіштермен аргументтеуге болады. Медиаторлыққа оқытатын бағдарламаның эффектілігін анықтау үшін, әртүрлі оқу орындарына жүргізілген зерттеулер бойынша, келіспеушіліктерде өзара жасты балалар медиаторлар болуы арқылы алынған нәтижелердің 85-95 %-інде келіспеушілікілер оң шешілді. Медиаторлық бағдарламаны оқыту арқылы мектепке дейінгі мекемелертерде балалардың келіспеушілік сұрақтары бойынша мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешііне немесе әкімшілігіне сұрануының саны азайды және балалардың мектепке дейінгі мекемелертен тыс жерлерде келіспеушілікті шешу үшін медиациялық және әңгімелесу әрекеттерін қолдануды үйрене білді. Джонсондар мысал ретінде тәрбиешінің айтқанын келтіреді: «Бағдарламаны енгізбей тұрғанда, балалар келіспеушілікті жеңіске жету және ұтылатын күрес ретінде көрді, жағымсыз ситуациядан қашып кету үшін барлық жауапкершілікті тәрбиеші мойнына ілетін» (Johnson D. and R.,1994). Шапироның көрсеткіштері бойынша АҚШ-та жүргізілген зерттеулерге байланысты мектепке дейінгі мекемелертік делдалдық әрекет, мектепке дейінгі мекемелертегі балалардың сабақ жіберу санын, бұзықшылық жағдайларының және баланың сабақтан шеттетілуінің санын азайтты.