II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.
– Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақ бойынша түсініктерін тексеру.
– Сөз неден құралады?
– Сөз және оның мағынасы туралы не білдің?.
– Мәндес сөздер дегеніміз не?
– Қарама–қарсы сөздер деген не екен? Ережелерін сұрау.
– Оқушыларды екі топқа бөліп 1-топқа мәндес сөздерге,ал 2-топқа қарама–қарсы мағыналы сөздерге мысал келтіреді. Қай топ көп мысал келтірсе, сол топ жоғары ұпайға ие болады.
ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:
1.Сабақ тақырыбымен таныстыру.
2.Берілген суреттерге заттарға қарама–қарсы мағыналы сөздер айтқызу арқылы өткен тақырып бойынша түсініктерін пысықтау.
3. Кесте бойынша таныстыру жұмыстарын жүргізу.
4. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
– Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
– Сөйлемдегі қарама–қарсы мағыналы сөздердің астын сызу.
– Хормен қарама–қарсы мағыналы сөздерді оқыту.(Тәтті-ащы, суық –ыстық, кең –тар, ұзын –қысқы, жуас-асау).
2-жаттығу.Өздік жұмыс.
-Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жаздыру.
4-жаттығу.
- Сурет бойынша қарама-қарсы мағыналы сөздерді пайдаланып, мәтін құрастыру.
Аланың үйлері биік, ал ауыл үйлері аласа болады. Қала көшелері тар, ал ауыл көшелері кең. Ауыл үйлерінің ауласы үлкен, ал қала үйлерінің ауласы кіші.
5-жаттығу.
-Өлеңді мәнерлеп оқыту.
-Қарама-қарсы мағыналы сөздерді теріп жазу.
-Жамбыл ата кім? Сұрағына жауап беру.
IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі.
– Бүгінгі сабағымыз не жайлы болды?
– Қарама – қарсы мағыналы сөздер қандай болады екен?
– Қарама – қарсы сөздердің мәндес сөзден ерекшелігі неде?
– Сонымен сөздер мағынасына қарай нешеу екен?
– Біз соның нешеуін оқып, білдік?
V.Үйге тапсырма беру: 3-жаттығу. 102 бет. Жамбыл ата туралы деректер жинап келу.
VI.Рефлексия кезеңі: Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.
Бекітемін:
Күні: 22.12.14 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»
Сабақтың тақырыбы:Шығарма. «Көңілді қыс»
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушылардың таңдалған тақырып бойынша өз ойын жазбаша баяндай білуге үйрету. Шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Дамытушылығы:Ой-өрісін,қиялын, байланыстырып сөйлеуге тіл байлығын молайту.
Тәрбиелік:Білім–білік дағдыларын күнделікті жазу барысында қолдана білуге,сауаттылыққа , ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: шығармашылықсабақ.
Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсіндіру, танысты сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі:кесте «Қыс» суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психожаттығу жасату.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі сабағымызды бастайық.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.
ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:.
1.Сабақ тақырыбын таныстыру. 1.Шығарма тақырыбымен таныстыру. 2. Шығарманы жазу мақсатын хабарлап, шығарманың шарттарын түсіндіру. 3.Сурет бойынша әңгімелеу. 4.Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы өз түсініктерін баяндату. 5.Жетекші сұрақтар қою арқылы бағыт-бағдар беру. – Қазір қай мезгіл? Қыста неше ай бар? -Қыс айларын ата. – Қыс мезгілінің жаз мезгілінен ерекшелігі неде? – Қысқа тән қандай өзгешеліктерді байқадың? –Қысқы мерекелерді ата. – 6.Өз беттерімен жұмыс. IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі
–Бүгінгі шығарма жұмысы қандай тақырыпқа байланысты болды?:
–Қыс мезгілі несімен ерекше екен?
– Саған қыс мезгілі ұнай ма?
–Қыс туралы қандай өлең–тақпақтар білесіңдер?
.V.Үйге тапсырма:
Ережені жаттау қайталау.VI.Рефлексия кезеңі: Жазба жұмыстарын тексеріп, оқушылар еңбегін бағалау, мадақтау.
Тексерілді:
Күні:23.12.14 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»
Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі мағыналы сөздер. (1) Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларды сөздерді бірнеше мағанасы бойынша ажырата білуге үйрету. Жүйелі іс-әрекетке түсе білу дағдыларын қалыптастыру; жаттығуларды талдауға қатысуға дағдыландыру. Дамытушылығы:Сөйлемдердің ішіндегі сөздердің мағынасын дұрыс анықтай білуге дағдыландыру; сөзді өз орнында қолдана білу дағдыларын арттыру. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуғе дағдыландыру.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ.