Ілияс жазбаларының жанрлық құрамы
Ілияс фольклоршылдығының дәстүрлі арналары. Ілияс Жансүгіровтің ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жариялап, зерттеуде атқарған қызметтері. Жазбаларындағы жанрлар құрамы (ертегі-аңыздар, батырлар жыры, бәдік жырлары, қазақ билерінің сөздері, қазақтың өткен ақындары туралы, қазақтың өткен билері туралы, қара сөздер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, 17-19 ғасырлардағы ақын-жыраулардың туындылары, айтыстар, тұрмыс-салт жырлары, эпос, қара өлең, өтірік өлең, жоқтау, шежіре,т.т.). Ілиястың жинаушылық әдістері мен фольклорды жариялау тәжірибесі. Зерттеушінің фольклор туралы ой-пікірлері мен толғамдары.
Ел аузындағы әдебиет үлгілерін жинап, «Өтірік» (Мәскеу,1927ж.), «Жұмбақ» («Балалар кітабы» сериясы. Қызылорда, Қазкөркем баспасы, 1930ж.), «Құл» (Қызылорда, 1934ж.), «Ақырзаман» (Албан Асанның шығармалары 1934 ж.), «Сүйінбай ақын» (1935ж. Ф.Ғабитовамен бірге құрастырған) «Ақындар айтысы» (Алматы, ҚМКӘБ, 1935ж.) жинақтарын бастыруы.
«Жаңқа» жинағының «Еңбекші қазақ» газетінің кітапханасы ретінде көпшілікке ұсынылуы. Жинаққа ауыз әдебиетінің үлгісімен жазылған қазақ кеңес ақындарының, орыс және батыс әдебиеті өкілдерінің алуан түрлі күлдіргі сықақтары, әңгімелері, фельетондары, мысалдарының енгізілуі.
Ауыз әдебиетінің үлгісімен дайындалған «Беташар» жинағын өлкелік әйелдер бөлімінің ұйғарымы бойынша Қызылордада шығатын «Әйел теңдігі» журналының 1927 жылғы бесінші нөміріне қосымша ретінде жариялауы.
Жазбаларының сақталуы мен ғылыми пайдаланылуы, зерттелуі.
Қаламгердің этнографиялық еңбектері:«Қазақтың әдет-ғұрып, салт-санасы жөнінде айтылған өлеңдер мен әңгімелер», «Құдалық және құдандалық туралы ырымдар», «Қоштасулар», «Сыңсу» және т.б.
1. Ақындардың шығармалар жинағы. 2. Балалар әдебиеті туралы әр түрлі материалдар. 3.Батырлар туралы материалдар. 4. Бәдік жырларының жинағы. 5. 1916 жыл туралы. 6. Жұмбақтар. 7. Қазақ ауыз әдебиетінің жинағы. 8. Қазақ билерінің сөздері. 9. Қазақ жаңылтпаштары. 10. Қазақтың әдет-ғұрып, салт-санасы жөнінде айтылған өлеңдер мен әңгімелер. 11. Қазақтың өткен ақындары туралы. 12. Қазақтың өткен билері туралы. 13. Қара сөздер. 14. Қоштасулар. 15. Қулар туралы материалдар. 16. Құдалық және құдандалық туралы ырымдар. 17. Мақал-мәтелдер. 18. Махамбеттің термелері. 19. Мамай батыр туралы поэмалар және материалдар. 20. Өткен батырлар туралы. 21. Сыңсу. 22. Тақпақ, мақалдар жинағы. 23. Шал ақынның шығармалар жинағы. 24. Шортанбай ақынның өлеңдер жинағы (1).
Дәріс № 8. Ілияс Жансүгіров аудармалары
Жоспар:
Ілиястың А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударуы.
Лермонтов шығармаларын аударуы.
Ілияс және аударма.
А.С. Пушкиннің «Чаадаевқа», «Гүл», «Лилаға», «Тұтқын», «Қара бұлт», «Тұтқын», «Қара бұлт», «Ақынға», «элегия», «Пайғамбар», «Әзәзіл» және т.б. өлеңдерін, «Жебірейілнама», «Евгений Онегин» (1936) поэмаларын қазақ тілінде сөйлетуі. М.Ю.Лермонтовтың «Ақынның өлімі», «Тұрмыс тостағаны», «Қанжар», «Тілек» өлеңі мен «Черкестер» поэмасын, Некрасовтың «Темір жол», «Қызыл тұмсық», «Орина солдат анасы», «Жасыл шу», «Жыр» өлеңдерін, Крыловтың «Жапырақтар мен тамырлар», «Сыншы-ақ» мысалдарын, Державиннің «Сыпайылық», А.М. Горькийдің «Дауылпаз» өлеңдерін аударудағы ізденістері. Ілияс аудармалары жайлы жазылған М. Әуезовтің «Евгений Онегиннің» қазақшасы туралы» («Социалды Қазақстан» газеті, 1936) С. Жамагетовтың «Ақынға алғыс» («Социалистік Қазақстан» газеті, 6 январь 1937ж.), Телжан Шонановтың «Евгениий Онегиннің» аудармалары туралы» («Социалистік Қазақстан» газеті, 8 февраль 1937ж.), Р. Жаманқұловтың «Пушкин шығармасы қазақ тілінде» («Қарағанды пролетариаты» газеті, 15 февраль1937ж.) мақалалары.
Есімдері дүние жүзіне танымал Генрих Гейне («Тоқушылар», «Салауат», «Егіншіге»), Виктор Гюго («Қырғында»), Эжен Потье («Интернационал»), Бальмонт («Түнге»), Ш.Петефи («Иттердің сөзі», «Қасқырдың сөзі») В.Маяковский («Лениншілдер»), Д.Бедный («Соқа мен зеңбірек», «Жан қайла»), татар ақыны Ғ.Тоқай («Тасталған татар қызына», «Күзгі жел»), тәжік ақыны Ғ. Лахути («Иран қызына»), құмық ақыны Манай («Алпыстағы шалдың жиырма бестегі жесір сұлу әйелге жазған хаты»), өзімен замандас ақындар В. Рождественский («Түрксіб»), И.Уткин («Күнбатар»), А.Жаров («Либкнехт», «Қылыштың қиялы жыры»), Н.Тихонов («Гаудан қақпасы»), А.И.Безыменский («Партбилет №224332») А.Крайскийді («Еркін еңбек жасасын») Ілиястың қазақ тілінде сөйлетуі.
Ілиястың аудармаларының ішіндегі ең бағалысы - әлемнің алтын қазынасының төрінен орын алған «орыс өмірінің энциклопедиясы» Пушкиннің «Евгений Онегині».
А.С. Пушкиннің қайтыс болғанына 100 жыл толуына орай «Евгений Онегин» романын Ілияс, уақыттың аздығына қарамастан, 1936 жылы 6 айдың ішінде қазақ тіліне аударады. Ильфа Ілиясқызының сөзімен айтқанда, бұл «Ілиястың аударма саласындағы істеген ерлігі». Пушкиннің образын, рухын, сөз атауларын, сонымен қатар өлең шумағын, ұйқастарын автордың өз үлгісімен беру әр ақын- жазушының қолынан келе бермейтін іс.
Ілияс аудармалары жайлы М. Әуезов «Евгений Онегиннің» қазақшасы туралы» («Социалды Қазақстан» газеті, 1936) мақала жариялады.
Тапсырма: Абай, Әсет, Ілияс аударған «Евгений Онегин» романына салыстырмалы талдау жасау.