Еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайту саясаты. ҚР халқының демографиялық құрамы және оны қамсыздандыру ісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан-2030» Стратегиясының басым бағыттарының бірі ретінде ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті көрсеткен болатын.

Қазақстан Республикасының Конституциясында да осы ерекшелік анық көрсетілді: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз», – делінген, Ата Заңның алғашқы сөйлемінде.

Назар аудара қарасақ, «ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып» делінуі тегіннен-тегін емес. Конституцияның І бабында: «1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. 2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу», – деп нақтыланды. Демек, Қазақстан әлемдік аренаға дербес мемлекет ретінде алғашқы қадамдарын жасаған сәттен-ақ өз құндылықтарын анықтап алды, мемлекет үшін басты қазына – адам және оның өмірі, ал түбегейлі прицип – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық екенін құжаттады. Уақыт бұл таңдаудың өте оң болғанын дәлелдеп берді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан халқына 2050 Стратегиясын ұсына отырып: «Біз қазақ халқына, біздің мәдениетіміз бен тілімізге қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірдік. Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған ша-ңырағына айналды», – деуі осының нәтижесі болса керек.

Әлемдік жаһандану жағдайында әлем елдерінің басым бөлігі полиэтносты. Яғни бір ғана ұлттық алабөтен басымдығы байқалып тұрған елдер аз. Халықаралық стандарттар бойынша, ел халқының кем дегенде 1 пайызына тең болса, ол халықты этникалық топқа жатқызуға болады. Қазақстанда мұндай ірі 7 этникалық топ бар – қазақтар (63,1%), орыстар (23,7%), өзбектер (2,94%), украиндер (2,68%), ұйғырлар (1,53), татарлар (1,44%) және немістер (1,4%). Ең бастысы, бұл этникалық топтар Қазақстанның барлық аймағында қоныстанған. Оларға қоса, елімізде корейлер, түріктер, әзірбайжандар, күрдтер, поляктар, белорустар, дүнгендер т.б. ұлыстар бейбіт қатар өмір сүріп жатқанын ескерсек, Қазақстан үшін осы халықтардың өзара татулығы мен келісімі қаншалықты маңызды екенін аңғару қиын емес. Бүгінде Қазақстанда өзін «Қазақстан азаматымын» деп есептейтін кез келген адам діни, этникалық, саяси көзқарасына қарамастан, өзін еркін сезіне алады.

Түптеп келгенде, 1995 жылдың 1 наурызында Президент бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуы да осындай қажеттіліктен туындады. Бұл бастама мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып танылды. Бұл конституциялық органның үнін Парламент Мәжілісінде 9 депутат айқын танытып отыр. Олар Қазақстандағы этносаралық мәселелерді дер кезінде күн тәртібіне қойып, шешімі табылуына ықпал етеді. 2050 Стратегиясында бұл туралы Н.Назарбаев: «Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің бірегей еуразиялық үлгісі болды», – деп атап өтті.

Жыл сайын 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтеді. Жалпы әлемде, тіпті айналамызда болып жатқан этникалық тартыстар, алауыздық, біреуді қор, біреуді зор сезіндіруге тырысқан империялық пиғыл қайшыласқан заманда Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің, татулықтың, толеранттылықтың ордасы болып көрінеді.

Президент тілімен айтсақ, «Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған». Әлемдік және дәстүрлі діндердің алғашқы 4 съезі де Қазақстанда өтті.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2050 Стратегиясындағы жаңа саяси бағыттың бірі ретінде «жаңа қазақстандық патриотизмді» атады. Бұл бағыт бойынша осыған дейін негізі берік қаланған қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Елбасы Қазақстан спортшыларының Лондон олимпиадасындағы жетістігін ерекше атап өтті. Шынында да, біздің құрама бұрын болмаған жетістікке қол жеткізіп, 205 ел арасынан 12 орынға ие болды. Бұл жаңа қазақстандық патриотизммен тәрбиеленген спортшыларымыздың ерен жетістіктері екені даусыз. Лондондағы қазақ жанкүйерлерінің бір кісідей Әнұранымызды шырқап, спортшыларымызға бір отбасы мүшелеріндей қолдау көрсеткені де әлемдік ақпарат құралдарына біраз уақыт азық болды.

Әрине, тек спорт қана патриоттық сезімді көтереді десек, артық айтқан болар едік. Ең алдымен, Қазақстанның әрбір тұрғыны өзінің өзгелермен тең құқықты екенін сезінуге тиіс. Бұл дегеніңіз – табыс пен жетістіктің, игілік пен ырыстың, жеңіс пен сәттіліктің ортақтығы. 2050 Стратегиясында: «Біз – бәріміз тең құқықты, тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтармыз. Жаңа қазақстандық патриотизм барлық қоғамды, барлық этностық әркелкіліктерді біріктіруге тиіс. Біз – көпұлтты қоғамбыз. Ұлтаралық қатынастар мәселесінде ешқандай қосарланған стандарттар болмауға тиіс. Мемлекетте бәрі де тең болуға тиіс. Этностық немесе басқа да белгілер бойынша жақсы немесе жаман деген болмауы тиіс», – делініп, нақты көрсетілді.

Қоғамда өмір сүре отырып, сол қоғамның заңдылықтарын мойындау да парасаттылықты көрсетсе керек. Ендеше, Қазақстанда өмір сүріп отырған әрбір ұлт өкілі бүгінгі Қазақстан қоғамының бұған дейінгі құндылықтардан айнымайтынын, ұлтаралық татулық пен келісімді дамыта беретінін терең сезінуі тиіс. Қазақстан халқының сөзі мен ісінде бірлік бар екенін Қазақстан Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде де атап көрсетті. «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда бірде-бір этнос өз тілін жоғалтқан жоқ. Біз ассириялықтар, рутулдар, лактар және басқа да этностар сияқты кішкентай этникалық топтардың өзінің мәдениетін барынша сақтап, олардың дамуына барлық мүмкіндікті жасап отырмыз», — деді.

Ендеше, бірлікті ел болудың барлық алғышарты Қазақстанда бар. Ел халқын біріктіретін бағыт та бар, ол – жаңа қазақстандық патриотизм. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жалаң экономикалық жетістіктермен жету мүмкін емес. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» біздің бүгінгі қоғамның басты құндылығы ұлтаралық татулық пен келісім екенін айқындап берді. Енді тек сол үдеден шығып, еңбек етуге тиіспіз.

Өзінің салмақты және салиқалы болжамдарында Тәтімов демография ретінде 1990 жылы қазақтардың саны өз республикасында 41%-ке жетіп, 2005 жылы 57%-тен артып, ал түбінде 66%-тен асырып, алыс болшақта Қазақстандағы барлық тұрғындардың олар үштен екісін ғана емес, тіптен үшін құралақ деп есептейді. Оның алдағы жорамалы бойынша келесі 1989 жылғы халық санағында қазақтардың саны 6,6 миллионға жетіп, ал орыстар болса 6,2 миллионнан көп арта қоймайтынын аңғартады. 200 жылдарға таяу кезеңде, яғни осыдан 13 жылдан соң болатын кезекті санақта оның ғылыми болжамдары бойынша Қазақстанда қазақтардың саны 8,6 миллионға жетіп, ал орыстардың саны 5,1 миллион деңгейінде сақталып қалмақшы, кері миграция нәтижесінде кейбір ұлттардың саны қалмақшы, кері қазірде де кеми бастады. Ал орыстармен ассимляцияға түсудің салдарынан кейбір европалық ұлттардың, мысалы украйн мен беларустардың және поляктардың саны күрт төмендеуде.

2002 жылы 1 қаңтарға дейін тұрғындардың саны азайып отырды. 1 қаңтар 2003 жылдан бастап халық саны өсе бастады, сөйтіп 1 қаңтар 2004 жылы Қазақстан Республикасы тұрғындар саны 14,951 мың адамды құрады. Жан-жағынан біздің мемлекет ТМД елдер арасында, Ресей, Украйна, Өзбекстаннан кейін төртінші орынды алады.

1999-2004 жылдар аралығында халықаралық миграция масштабы өзгерді. Басқа елге кетушілердің саны 1999 жылы 164,9 мың адамнан – 2004 жылы – 73,8 мың адамға дейін азайды. Қазақстан Республикасына келгендердің саны 65,5 мың адамға 2004 жылы көбейді, 1999 жылы бұл көрсеткіш 41,3 мың адамды құрады (диаграмма).

1999-2004 жылдары Қазақстан Республикасына келген иммигранттардың саны 266 мың адамды құрады, ал кетуші эммигранттардың саны 656,6 мың адам болды, нәтижесінде кері сальдо бес жыл ішінде 390,5 мың адамды құрад

Наши рекомендации