Тақырыбы:« Қазақстан Республикасының мемлекеттік концепциясының бірізділігінің қалыптасуы». 6 страница
Сабақтан тыс тәрбиелік жұмыс барысында жастар әскери біліммен дағдыларды алғашқы әскери дайындық саяхат, жорық, окушылар конференциялары — бұқаралық жиындар түріне жатады. Кез келген бұқаралық іс-шаралардың оқу-тәрбиелік міндеттері мен мақсаттары айқын анық болу керек. Сабақтан тыс үйірмелер әскери, әскери-тарихи, әскери-техникалық, әскери-спорттық секцияларына қатысып жүрген 10-20 адамнан тұрады. Үйірмелер мен секциялардың жұмыс бағдарламасы жастардың Отан қорғаудағы міндеттері мен мақсаттарына, оларды қызықтыру ескеріліп жасалынады. Сабақтан тыс дара жұмыстар әр-бір окушының ерекшілігі мен қабілеттілігіне, қандай іске бейімділігі ескеріліп жүргізіледі. Алғашқы әскери дайындық және әскери-патриоттық тәрбие саласындағы сабақтан тыс жұмыстарының соншалық көп түрінің ішінде оқу-тәрбие және әскери жетекшінің ұйымдастыру жұмыстарына бағытталған түрлері өте көп таралуға ие болды. Олар:
• жоғары сынып окушыларының әскери, әскери-тарихи
және әскери-техникалық үйірлерімен ұйымдастыру мен басқаруы; әскери іс негіздерінен факультатив өткізу;
• алғашқы әскери дайындық және әскери-патриоттық
тәрбие тақырыбына окулық және хроникалық фильм көрсету;
• әскери жетекшінің взвод және бөлімше командирлерімен сабақ өткізу; алғашқы әскери дайындық бойынша дара және топпен қосымша сабақ
өткізу, жастарға мамандық тандау, сол сияқты жоғары әскери орындарына оқуға түсуге бағыт-бағдар беру;
• әскери және әскери-патриоттық тәрбие тақырыптарына
кештер, оқушылар конференциясын, түрлі ойындар мен викториналар ұйымдастырып өткізу;
• әскери бөлімдерге әскер өмірімен, әскери техника, қарулармен танысу мақсатында окушыларға саяхат ұйымдастырып өткізу;
• бастапқы әскери дайындық бойынша олимпиада
ұйымдастырып дайындау; оқушыларға соғыс, еңбек даңқы бар орындарға жорық ұйымдастыру.
Мен туған елімді сүйемін!
Дайындық кезеңі: Іс-шараны өткізбес бұрын төменгі сынып оқушылары үшін кітапханада хабарландыру ілінеді. Оқырмандар арасында туған ел, жер, Отан, туралы оқыған кітаптары бойынша сурет салу сайысы жарияланады. Шара өткізілетін күні осы сайыстың қорытындысы шығарылады.
Безендірілуі : Қазақстанның жалауы, елтаңбасы, қазақ халқының ұлттық оюымен өрнектелген Отан, туған ел жайлы мақал- мәтелдер, даналық сөздер жазылып ілінеді.
Осы тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылады.
Үлкен плакатқа 6 дөңгелектен құралған үлкен шеңбер сызылады, әр дөңгелектің ішінде әр бекет (станция) аты жазылады: Тарих, Салт-дәстүр, Тау мен дала, Табиғат, Ән мен күй, Әдебиет
Қабырғаға ілінетін даналық сөздер: «Туған жерің-түп қазығың...», «Жаңа астана-жаңа мемлекет», «Сүй еліңді үйіңдей, сүй үйіңді еліңдей» (Қ.Аманжолов), «Екі Отан жоқ, жалғыз Отан-мекенің!» (М.Мақатаев) т.б.
Керекті құралдар: Үлкен сандық және 1ден 6 санына дейін нөмірленген кішкене сандықшалар, бекеттің аттары, командаларға арналған сұрақтар салынған конверт, тақтайша, көрермендерге арналған тапсырмалар, қалам, қағаз.
Ойынға 2 топ қатысады, әр топта 4-6 адамнан болуы керек.
Жүргізуші :
Туған жердің қандай жақсы күзі де,
Туған жердің қандай жақсы қысы да!
Туған жердің қандай жақсы көктемі!
Туған жердің қандай жақсы жазы да!
Жақсы екен туған жердің күні де,
Жақсы екен туған жердің түні де!
Жақсы екен туған жердің суы да,
Еш жаманын таба алмайсың осында!
Сәлеметсіңдерме, балалар! Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар.
Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып-жасарып жатыр.
«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.
Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.
Бүгін «Мен туған елімді сүйемін!» атты саяхат-ойынын өткіземіз.
Мына көрсетілген бекеттердің көмегімен біз елімізге сапар шегіп, Отанымыздың тарихы, өнері, салт-дәстүрі,табиғаты жайлы қосымша мағлұматтар аламыз. Ол үшін бізге 2 топ көмекке келеді.
(Бекеттердің аты жазылған дөңгелектердің оң және сол жағындағы екі команда мүшелерін таныстырады.)
Енді екі топ кезекпен бекеттердің рет саны көрсетілген сандықшаларды алып, тапсырмаларды орындайсыңдар.
Бекеттің нөмірін бір топ алады. Сол нөмір бойынша бекеттің сұрақтарын жүргізуші қояды. Көп ұпай жинаған команда жеңеді. Сұрақтар қойылып болғаннан кейін команда мүшелері тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалардың мәтінін әрбір топ конвертпен алады. Осы тапсырма көрермандер үшін көрнекті жерге тақтайшаға жазылып қойылады. Екі топ шамамен 3 бекеттің сұрағына жауап береді. Топтар жауап бере алмаған жағдайда, көрермендер көмекке келеді.
Бірінші «Тарих» бекеті
1. Қазақтың әйгілі үш биі? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
2. Қазақ халқының атақты үш батыры (Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай.)
3. Қазақстанның елордасы? (Астана)
4. Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны)
5. Қазақстанның ең алғашқы астанасы ? (Орынбор)
(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )
Тапсырма
Қазақ батырлары туралы көркем әдеби шығармаларды атау. Олардан үзінді, өлең айтып беру. («Райымбек батыр» (Райымбек батыр туралы, «Дарабоз» (Қабанбай батыр туралы) т.б., (Эпикалық жырлар: «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» т. б.
Жүргізуші:Екі топ тапсырмаға дайындала берсін. Мен сендерге ертеде өз жерін қорғап қалған хан туралы аңыз айтып берейін.Ерте, ерте ертеде біздің елді бір ақ көңіл, ақылды хан басқарыпты. Көрші қытай елімен тату тұрыпты. Сол себепті ол кедергі көрмей, еліне сыйлы болыпты. Күндердің күнінде көрші елден атой салып елші келіпті. «Уа, алдияр, мынау елдің хабары. Мұны естіп денем мұздап барады. Көршіңіз «Егер тату болам десе менімен, ең жүйрігін берсін!» - деп талап қойып отыр дейді. Өз елінің тыныштығын, тірлігін, екі елдің бірлігін қалаған хан, көп жүйріктің ішінен ойланбастан дүлдүлін таңдап береді. Бірақ, ханның бұл шешіміне билер ренжиді. «Жоқ, жоқ ештеңеге ренжімеңдер. Ел бірлігі жолында, бір жүйрікті қидым. Байлықтан опа таппаймыз. Еліміз тыныш болса, бір жүйріктің орнына, жүз жүйрік келеді»- деген екен ақылды хан. Арада біраз уақыт өткен соң көрші елден елші тағы келеді. «Уа, алдияр көршіңіз менімен тату болам десе, сүйген жарын берсін»- дейді. Бұл хабарға хан өте қиналады. Өзінің туған әйелін қимай хан көп ойланады. Өз елінің тыныштығын ойлаған хан ақыры адал жарын көрші ханға сыйлапты... Ханның бұл шешіміне ел ішіндегі билер тағы наразы болады. Бірақ хан «айтқан сөздеріңе әрине, таласым жоқ. Егер тыныш болса елмен елдің арасы, адал, сұлу жар табылар шамасы» деген екен. Уақыт зымырап өтіп жатады. Бір күні көрші елден суық хабар тағы келіп жетеді. «Уа, алдияр, көрші хан, егер тыныштығын қаласа, қасиетті туып-өскен жерінің бір бөлігін кесіп берсін» дейді. Мұндай сұмдықты естімеген хан ашуға мінеді. Бұл қорлыққа шыдаған хан ойланбастан шешім айтады. «Халқым менің! Қасиетті туған жердің топырағын, алтын кенін қорғау үшін көрші елге соғыс ашамын. Жиналыңдар бәрің де!» деп жарлық береді. Бұл жарлықты естіген билер «Ұлы әміршім, көрші хан жүйрігің мен жарыңды сұрағанда, ойланбастан беріп едің. Асылыңды үн-түнсіз бергенде, шағын жеріңді қорғағаның қалай» дейді. «Менің жүйрігім мен жарымды көршіге үн-түнсіз бергенім, олар менің өз меншіктерім. Ал қасиетті жер- сонау ерте заманнан ата-бабаларымыздың кіндік қамы тамған, олардың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған халықтың жері. Туған жеріміз менің меншігім емес, ол келешек ұрпақтікі, елімдікі. Қасиетті даламның бір бөлігін басқа елге бергенше, жерімді қорғап өлгенім артық» деген екен. Қасиетті ханның осы салмақты сөзі сол сәтте ел үшін аралап кетіпті. Міне содан бері біздің жеріміз атадан балаға мұра болып бізге жеткен екен. Міне, аңыз осылай аяқталады. Балалар, елін, жерін сүйген біздің ата-бабаларымыз жерімізді ұрпағы үшін елін-жерін осылай қорғаған. Сенде, көк теңбілді байрағымызды жоғары ұста! Еліңді, жеріңді әрқашан сыйла, қорға демекпін.
Екінші «Тау мен дала» бекеті
1.Зайсан көлі Қазақстанның қай облысында орналасқан?
(Шығыс Қазақстан облысы)
2. Қазақтар қандай дала өсімдігін отанның символы деп есептейді? (Жусан)
3.Біздің еліміздің жерінде кездеспейтін аңдар мен жануарларды атаңдар (Піл, арыстан, мүйізтұмсық, қолтырауын, керік т.б.)
4.Жетісудың жеті өзенін атаңдар (Іле, Қаратал, Биен, Ақсу, Лепсі,
Басқан, Сарқант)
5. Қазақстанның ең биік нүктесі ата? (Хантәңірі шыңы)
(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады)
Тапсырма:Қазақстанның көркем табиғатына, әсем жерлеріне байланысты ән немесе өлең орындап беру.
Үшінші « Әдебиет» бекеті
1. Қазақ халқының ұлы ақындарын ата (Абай Құнанбаев, Жамбыл, М.Жұмабаев, М.Мақатаев т.б.)
2. Қазақ халқының ертегілерін атаңдар (Ер- Төстік, Алтын сақа,Асанқайғы,Тазша бала, Керқұла атты Кендебай, Жыл басы т.б.)
3. Отан, туған жерге байланысты мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар:
Отансыз ...адам – ормансыз бұлбұл
Отан ...оттан да ыстық
Ел іші –.... алтын бесік
Отан – ....елдің анасы, ел –ердің анасы
Туған жерге...туың тік
Туған жердей ...жер болмас, туған елдей ел болмас.
4. Жұмбақтарды шешу:
Аузы төбесінде,
Тұтқасы денесінде
(Құман)
Иінінде құлағы,
Ішінде бұлағы,
Көмейіне от салсаң,
Ызыңдап тұрады.
(Самауыр)
Мал төлдеп,
Әрауыл
Пісіреді ақ бауыр
(Уыз)
Басы құдық,
Сабы сырық.
(Ожау)
Ыдыс –аяқ бөлмесі,
Тазалықтың көрмесі.
(Әбдіра)
(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )
Тапсырма
Сендердің алдарыңда қазақ ертегілерінің аттары және сол ертегілерде кездесетін заттардың аттары берілген. Осы заттар қай ертегіде кездеседі?
· қазы (Алдар көсе мен Шығайбай)
· домбыра (Ақсақ құлан)
· сақа (алтын сақа)
Төртінші «Ән-күй» бекеті
1. Қазақтың атақты композиторларын атаңдар? (Н.Тілендиев,
Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов...)
2. Қазақ халқының атақты күйшілері (Құрманғазы, Тәттімбет,
Ықылас, Дина).
3. Қандай қазақ халық әндерін білесіңдер? (Елім-ай, Әй-әй, бөпем,
Бір бала, Бесік жыры....)
4. Қазіргі кезде халық әндерін қай әртістер орындайды?
(Б.Төлегенова, ....)
5. Қазақ халқының халық әніне, күйлеріне байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?
Тапсырма
Сендердің алдарыңда қазақ халық әндерінің сөздері берілген. Сөздерден ән шумақтарын құраңдар.
· Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Елім-ай, Елім-ай
· Әй-әй, бөпем,
Кейін қалған елімді
Көрер ме екем!
· Угай-ай,
Ән салшы-ай ,
бір бала-ай.
Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.
Бесінші «Салт –дәстүр» бекеті
1.Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай мейрамдар бар? (Ораза
айт, Рамазан айт, Наурыз )
2. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер (бесбармақ, қазы-қарта, жал-жая, қымыз....)
3. Қазақ қыздары ертеде қандай аяқ-киім киген? (саптама, кебіс, киіз етік)
4. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар (Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, тымақ, ішік, кимешек, камзол, мәсі, бөрік т.б.)
5. Қазақ халқының ұлттық сувенирі саналатын зат? (түйе, киіз үй....)
(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )
Тапсырма:
Сендердің алдарыңда Қазақстанда аталып өтетін қадірлі де сыйлы мейрамдардың аты мен оларға байланысты мағыналы сөздер (бөлек карточкада) берілген. Әрбір мейрамның жанына өзіне қатысты мағыналы сөздерді қойыңдар.
· Ораза тұту (Рамазан айы)
· Намаз оқу( Ислам дінінің бес тірегінің бірі)
· Ораза айт(жеті шелпек пісіріп, дастархан жайылу)
Алтыншы «География» бекеті
Қазақстанның көршілерін атаңдар? (Ресей, Қытай, Қырғызстан...)
1. Қазақстандағы өзендердің аттарын атаңдар (Ертіс, Есіл, Іле.....)
3. Қазақ елінің ХХ ғасырдағы ең бірінші астанасы? (Орынбор (1920-1925)
4.Қазақстанда неше облыс бар? (14)
5. Қазақстанад қандай теңі-көлдер бар? (Каспий, Зайсан, ....)
Тапсырма
Әріптердің орнын ауыстыру арқылы Қазақстан қалаларының атын табыңдар
1. МАТЫАЛ (Алматы)
2. АНАТСА (Астана)
3.ЫДНАҒАРАҚ (Қарағанды)
4.ЕКТНМЫШ (Шымкент)
5.НЕСӨМЕК (Өскемен)
Қазақстанның тауларына байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?
(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )
Жүргізуші:
Тілдесіп көкпен тауларың,
Жайқалды жасыл орманың.
Алатау, Қаратауларым,
Елдікті бізге мұра етіп,
Ерліктің күйін толғадың.
Салтанат пенен сән құрған,
Елім бар бүгін жаңғырған.
Бақытым-атамекенім,
Тұлпарлар тұяқ шалдырып,
Сұңқарлар қанат талдырған.
Қазақты әлем таныды
Сәлемін жолдап сан қырдан.
Берекелі елмін, құтты елмін,
Атты азат таңым-күткен күн.
Қазақстаным мекені-
Ынтымақ пенен достықтың,
Кеңдік пен кемелдіктердің.
Даламды бабам мұра еткен,
Жайқалтар соны түлек мен.
Қалалар жайып қанатын,
Ауылымды арай, нұр өпкен.
Қазақстанымды қасиетті
Сүйемін алау жүрекпен!
(Б.Үсенбаев. «Республикам менің»)
Ал енді осымен біздің саяхат – ойынымыз аяқталады. (жеңген команданың мүшелерін ортаға шығарып марапаттайды).
Бақылау сұрақтары:
1. Қоғамдық ұйымдар.
2. Қазақ батырлары туралы көркем әдеби шығармаларды атау.
3. Қазақтың әйгілі үш биі.
4. Қазақ халқының атақты үш батыры.
5. Қазақстанның елордасы.
6. Қазақстандық патриоттық тәрбие.
7. Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі.
Лекциялық сабақ №18
Тақырыбы: «Сабақтан тыс уақытта оқушы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру»
Жоспары: 1.Оқушы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде түрлі үлгілерде пайдалану.
Сабақтың мақсаты:Мектеп окушылары бойында патриоттық сезімді сыныптан тыс уақыттардағы қалыптастыру жолдары.
Қысқаша мәтіні:Оқушы-жастарды сыныптан тыс уақыттағы Отанды қорғауға дайындықты қалыптастыруға оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының, балалардың қоғамдық ұйымдарының жұмысын жоспарлайды және үйлестіреді.
Сабақтан тыс уақытта оқушы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру
Сабақтан тыс уақыттағы әскери-патриоттық тәрбиенің, соның ішінде оқушылардың тұратын жері бойынша жұмысына басқаруды іс жүзіне асырады; балалардың қоғамдық ұйымдарына бұқаралық патриоттық жұмыстарды жүргізуіне әдістемелік көмек көрсетеді және оларға шефтік көмек көрсету үшін, жауынгерлерді базалық кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерін, белсенділерін, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдарды тартуға көмектеседі; жастар ұйымының әскери-спорттық "Үлан" және "Алау" ойындарының кеңесшілерінің кеңесіне басшылық жасайды; мектептің жас ұландары мен басқа да әскери-патриоттық бірлестіктердің жұмысын ұйымдастырады; сынып жетекшілерінің әскери-патриоттық тәрбие жұмысының жоспарлауын тексеріп, талдау жасайды және іс жүзіне асырады; олардың жұмысынң тұтас мақсаттылығын және сабақтастығын қамтамасыз ету кери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыруға әдістемелік көмек береді; мектептің әскери-патриоттық мектептен тыс мекемелер және ұйымдармен үйлесімділігін іс жүзіне асырады, сыныптан тыс жұмыстарға бақылау жасайды ге, балардың қоғамдық ұйымдар және оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен қарым-қатынасын орнатуға қол жеткізеді. Сынып жетекшілеріне әс және оларды жетілдіруге байланысты өз ойын енгізеді.
Сынып жетекшісі: Сынып жұмысының мақсаты әскери-патриоттық іс-әрекетіне басшылық жасайды; мектептен тыс мекемелердің оқушыларда Отанды қорғауға дайындықты қалыптастыруға оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының, балалардың қоғамдық ұйымдарының жұмысын жоспарлайды және үйлестіреді. Оқушыларда әскери-патриоттық сананың дамуына және Отанды қорғауға қажетті дағдылар мен ептіліктердің қалыптасуына жүйелі түрде психологиялық-педагогикалық қадағалау жасайды.
Әскери-патриоттық тәрбие процесіне түзетулер енгізеді, осы жұмысқа тәрбиешілерді тартады.
Мұғалімдер:
· оқу тәрбие жұмысының әскери-патриоттық бағыттылығын және өз пәнінің құралдарының көмегімеи болашақ Отан қорғаушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыруды қамтамасыз етеді; әскери-патриоттық тәрбие аспектілерін сабақтың тәрбиелік мақсатына жүйелі түрде енгізіп отырады, нақты фактіге негізделген материалдарды іріктеп алады және сонымен қатар, оларды оқушыларға жеткізудің белседісін таңдайды;
· әскери-патриоттық тәрбие бойынша профильді белседілерді, бірлестіктерді, тәрбиелеуге және дайындауға, жасұландар мектебін және басқа да әскери-патриоттық жұмыстарға қатысады;
· оқушылардың алғашқы ерікті қоғам ұйымдарына педагогикалық басшылық жасайды (табиғатты қорғау, мәдениет ескерткіштерін қорғау, ДОСААФ т.б.);
· оқушыларды әскери-патриоттық тәрбие үшін үйірме сабақтарын пайдаланады.
Бақылау сұрақтары:
1. Сыныптан тыс уақыттағы оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесі.
2. Сынып жетекшісінің жұмысы.
3.Мұғалімдердің жұмысы.
4. Сыныптан тыс уақытта оқушылардың патриоттық сезімнің қалыптасуы.
5."Қалқан" және "Ұлан" ойындарының мақсаты.
Лекциялық сабақ №19,20
Тақырыбы: «Оқушы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде түрлі үлгілерде пайдалану»
Жоспары:
1.Халықтың соғыс жәнеи еңбек даңқы орындарына саяхат жасауы,соғыс және бұрыштарын,бөлмелерін мұражайларын ашу.
Сабақтың мақсаты:Халықтың соғыс жәнеи еңбек даңқы орындарына саяхат жасауы,соғыс және бұрыштарын,бөлмелерін мұражайларын ашу.
Қысқаша мәтіні:Халықтың соғыс жәнеи еңбек даңқы орындарына саяхат жасауы,соғыс және бұрыштарын,бөлмелерін мұражайларын ашу туралы.
1.Халықтың соғыс жәнеи еңбек даңқы орындарына саяхат жасауы,соғыс және бұрыштарын,бөлмелерін мұражайларын ашу.
Оқушы-жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің негізгі формасының бірі қазақ халқының революциялық әскери еңбектің даңқты жерлеріне бүкіл қоғамдық саяхаттарға қатысу. Бүгінгі күні бүкіл қоғамдық саяхат негізінде өткізілетін әртүрлі мерекелер көп, оған 8-10 миллионда қатысады. Соның ішінде елеулі санды мектеп оқушылары алады. Олар өздерінің жетекшілерімен революция ардагерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерінің басшылығымен ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Мұндай ізденіс жұмыстарына аты белгісіз мыңдаған сарбаздардың бейіттеріне бару, мүгедектермен, соғыс ардагерлерімен, азаматтары соғыста қайтыс болған жанұяларға барып көмектесу жатады. Қазіргі кезде осындай саяхатшы ізденушілердің күшімен көптеген әскери бөлімдер мен қолөнерлер, даңқты бөлмелер мен мұражайлар, ескерткіштер және мемориалды белгілер кұрылған. Мұндай көпшілік саяхат істерінің мақсаты біздің қазақ халқымыздың тарихи дәстүрлерді оқып үйрену, сақтау және меңгеру. Сондай-ақ мұндай батырлық дәстүрлерді окуда еңбекте және әскери қызметте жалғастыру және дамыту. Қазіргі кезде барлық мектептерде еліміздің кәсіптік-техникалық мектептерінде үлкен ізденіс жұмыстары жүргізіледі. Оны ұйымдастыруға соғыс және еңбек ардагерлері, Қарулы Күштер ардагерлері, оқытушылар, запастағы сарбаздар қатысады. Жұмыс саяхат кеңесі кұрған, саяхатқа катысушылардың жиналысында бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Ізденіс жұмысының жоспары әртүрлі формада құрылады. Мысалы: саяхат өткізу, туған елдің тарихын оқып үйрену, мұражайлар құру, белгісіз батырлар атын табу. Іденіс жұмысынан жиналған материалдар жастарды революциялық әскери және батырлығына тәрбиелеу үшін қажет. Көптеген тәжірибелер бойынша, егер саяхатқа қатысушылар саяхаттың тақырыбына байланысты алдын ала әдебиеттерді оқып үйренген жағдайда, өзін рухани және дене жағынан саяхатқа дайындаған жағдайда, оның тәрбиелік мәні нәтижелі болады. Саяхатшы жетекшісі, әдетте мұғалімдер, тәрбиешілер, әскери жетекшілер бола алады. Дегенмен барлық жағдайда жетекшіні және оның орынбасарын мектеп директары, немесе кәсіби-техникалық училищенің директоры сайлайды. Педагогикалық кеңесте саяхат жетекшісінің жоспары, бағыты бекітіледі және саяхатқа қатысушылардың дайындығын тексереді. Саяхаттар жаяу, автокөліктік, темір жолдық, су транспорты, шаңғы, велосипед формасында болуы мүмкін. Саяхаттың қай түрі болмасын оның жетекшісімен мүшелері ұқыпты, зерек болуы керек. Қауіпсіздік техника ережерін сақтау қажет. Ең бірінші кезекте саяхат мүшелерінің ұйымшылдығы мен тәртіптілігі қажет. Тәртіптілік қауыпсіздіктің ең негізгі шарты. Саяхатшылардың барлық мүшелері жол жүру ережелерін біліп, оны мүқият орындауы қажет. Саяхатта тоқтау кезінде от жағуға, алауға дұрыс қарау қажет. Тек рұқсат етілген жерлерде от жағып, өшіруді ұмытпау қажет. Мысалы, жылдың суық мезгілдерінде суытықтың алдын алу, үсіп қалған жағдайда оған алғашқы көмек көрсету. Мысалы, ылғал сулы киім, қысатын яақ киім тез үсітеді. Саяхатқа қатысушылар оқ дәрілердің түрін жинауға болмайды. Ұлы Отан соғысында шайқастан қалып қойған оқ дәрілерді, ережеге сәйкес қолданбаған жағдайда, жарылыс, ауыр жарақат, адамдардың өлімін тудыруы мүмкін.