Сыныптың диагностикалық картасын дайындау әдістемесі
Диагностика:ұстаздардың педагогикалық шеберлігін әр тарапынан зерделеуге;аралық және соңғы нітижелерді әділ бағалауға;шығармашылық қызметтің дамуына қолайлы жағдай жасаудың болашағын белгілеуге;ұжымның оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің арқасында әр мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру бағдарламасын белгілеуге;әдістемелік жұмысты ұйымдастыру кезеңінде кәсіби білім алуға бір-біріне көмектесу ғана емес, әдістеме топтар, жас ұстаз мектебі, озық тәжірибе мектебінде педагогтардың психологиялық тілтабысушылығын еске алуға;ғылыми-әдістеме жұмысын жалпы мәдениетті ой-өрісімен тығыз қамтамасыз етуге;әдістеме жұмысын тиімді жоспарлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Педагогикалық ұжымның диагностикалық картасын жасау үшін «Ұжымдағы психологиялық ахуал», «Білемін және қолымнан келеді» атты педагогтардың кәсіби көзқарасын зерттейтін тесттер, «Педагогтардың кәсіби құзырлылығы» атты диагностикалық сауалнама, ұстаздың жұмысындағы қиындықтарын зерттеу, жаңашылдықты қолдануға ұстаздың кәсіби дайындығын зерделеу және т.б. диагностикалық тәсілдер қолданылады.Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ұстаздарды үш деңгейге бөлдік:төменгі (интуициялық);орташа (ізденушілік);биік (шеберлік).
Мектептегі әдістеме-ғылыми жұмысы жетістігінің көрсеткіші – білім беру үдерісінің деңгейі.Оның критерийлері ретінде:оқушылардың осы мектепте оқып жатқанына қанағаттанулары;оқушылардың мектепке берген жоғары бағалаулары;педагогтардың кәсіби беделдерінің биіктігі;педагогтар мен оқушылардың тіл табысу деңгейі;ата-аналардың мектепке деген сыйлаушылығы;ата-аналардың, оқущылардың, мектеп түлектерінің көмек көрсетуге әрдайым дайын болулары;педагогтар мен оқушылардың шығармашылыққа бейімді болуы;мектептің сүйікті ұстазы болу үшін ұстаздардың кәсіби шыңға жетуді мақсаттау;жекелеп және деңгейлеп оқытудың мүмкіндіктерін қолдана білу;сабақтағы және сабақтан тыс, сыныптық және сыныптан тыс қызметтерді байланыстыра білу;педагогтың қазіргі уақыттың түрлі білім беру әдістерін тұрақты қолдана білуі табылады.Бүгінгі күні мектеп ұжымының атқарып жатқан ғылыми-әдістемелік жұмысы тереңінен білім сапасын арттыруға ықпалын көрсетуде.
2. Жанұяның кинетикалық суреті тесті.
«Отбасының кинетикалық суреті» тестісіТест зерттеленетін баланың оқиғаны субъективті қабылдау туралы мол ақпарат береді. Ол баланың отбасы мүшелереніе қатынасын, сурет салушыны үрейлендіретін отбасылық қарым-қатынастарды, өзінің отбасындағы орнын қалай қабылдайтынын айқындайды.
Бұл тестті қолданған кезде есте сақтау керек, әр сурет баланың отбасын қабылдауы ғана емес, оның қарым-қатынастарды талдауға, қайта ойлануға көмектесетін творчестволық жұмыстың нәтижесі. Бұл мағынанда отбасы суреті қазіргі кездегі отбасы түрін емес, болашақтағы қатынасын көрсетеді.
Тест 2 бөліктен тұрады: отбасы суретін салу және суретті салып болғаннан кейін әңгімелесу. Тестті орындау үшін балаға бір парақ қағаз, қалам және өшіргіш қажет.
Зерттелушіге нұсқау: «Отбасыңның суретін сал, отбасыңның әрбір мүшесі бір нәрсемен айналысқан болсын». Қалған нақты сұрақтарға ешқандай нұсқауларсыз жауап берген жөн. Мысалы: «Салуыңа болады, өзіңе қалай ұнаса, қалай салғың келсе».
Сурет салу кезінде баланың айтқан әр бір сөзін жазып отыру керек, оның мимикасын, қолдарының қимылын және сурет салу ретін жазып отыру керек.
Сурет салынып біткеннен кейін, баламен келесі жүйе бойынша әңгімелесу өажет:Суретте кім салынған және отбасының әр мүшесі не істеп тұр;Отбасы мүшелері қай жерде оқиды немесе жұмыс істейді;Үйде тұрмыстық міндеттер қалай таратылады;Баланың отбасының әр мүшесімен қарым-қатынасы қандай
ЖКС интерпретациясы кезінде келесі көріністерге назар аударылуы керек:отбасы суретінің құрылымын талдау;отбасы мүшелерін жеке сурет ерекшелігін талдау;сурет салу процесін талдау.
Отбасы суретінің интерпретациясының әрбір көрінісін толық талдайық.Бала отбасы мүшелерін толығымен салмайды. Ол жанжалдық қатынаста болған отбасы мүшелерінің суретін салмайды. Отбасы мүшелерінің орналасуы олардың өзара қарым қатынасын көрсетеді. Кейбір кездері отбасы мүшелерінің арасына оларға кедергі болатын бір заттар суреті салынады. Отбасы мүшелерінің бірігіп қызмет істеуі олардың жағымды қарым-қатынаста екендігін көрсетеді. Кейде бірнеше отбасы мүшесі бірігіп қызмет істейтіні бейнеленеді. Бұл отбасында ішкі топтасу бар екендігін көрсетеді.
Отбасының суретін салған кезде, кейбір балалар өзін парақтың астыңғы жағында бейнелейдң. Бұл балада бір жетіспеушіліктің барын көрсетеді.
Кейбір суреттерде адамдар емесе заттар, көп жағдайда жиһаз суреттері басым болады. Бұлда баланың отбасы жағдайымен мазасыз екендігін көрсетеді.Бала суретте ең алдымен өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бейнелейді. Егерде бала біреуді ұнатпайтын болса, оны суретте толықтырмай, кейде негізгі дене мүшелерін салмай бейнелейді.
Егер бала қатынасы жанжал немесе үрейлі болатын болса, ол суретте қарым-қатынасы дамымаған отбасы мүшесін штрихтап салады. Ұқсас жағдайларда өшіру және қайта салуды аңғаруға болады.
Сурет салудың бірнеше түрін байқауға болады, ол жасы кіші балаларда ерекше байқалады, бір стильде әкесі мен ағасы, екінші стильде анасы мен әпкесі бейнеленеді. Әсіресе шаш пен киім бейнеленуі ерекшеленеді. Баланың өзінің бецйнесін салу, өзін кімге теңейтіні көрінеді және ол баланың жынысына теңбе-тең.
Сурет салу процесін талдау баланың отбасылық қарым-қатынасы жөнінде ақпарат беріп қана қоймай, оның жұмыс стилін де көрсетеді. Мектеп оқушылары мен жеткіншектер сурет сала алмайтындығын айтса, оны түсінуге болады. Психолог балаға түсіндіруі тиіс, бұл тапсырмада суретті әдемі салу мақсат емес, отбасы мүшелерінің қызметін ойлап табу мақсат.
Көптеген сылтаулар, қолмен салған суретін жабу, бұл баланың өзіне өзі сенбеуін, ересек адамнан көмек қажеттілігін көрсетеді.
Бала өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бірінші салады. Бір тұлғаны салар алдында біраз үзіліс те болады. Кейбір жағдайларда бұл баланың ол отбасы мүшесіне негативті қатынасын білдіруі мүмкін. Түсінік берген кезде баланың отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасы айтылуы мүмкін, бірақ тестті орындау кезде психолог баламен әңгімелеспеуі жөн.
ЖКС үшін сандық мағалар жүйесі құрастырылған. 5 симптомдар айқындалады:
1) қолайлы отбасылық жағдай; 2) үрейлік; 3) жанжалдық; 4) өзін толықтырылмағанын сезіну; 5) отбасы жағдайындағы дұшпандық.
Балдар сомасы қаншалықты көп болса, соншалықты белгінің айқын болғаны. Белгінің айқындалуы 0 ден 3 ке дейін мағаланады. Алынған нәтижелер психолог үшін психокоррекциондық жұмысқа және бала мен отбасын ары қарай диагностикалауға негіз болады.