І т.ӘбдікҰлы шыҒармаларындаҒы автор концепциясы

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі.Төлен Әбдікұлы – қазақ әдебиетіне 60-70-жылдары келген жазушы.Жазушының шығармалары адамгершілікке, ізгілікке, мейірімге, еңбексүйгіштік сынды қасиеттерге арналған. Т.Әбдікұлы тұлғаның екіге бөлінуі сынды психологиялық мәселені де қозғаған. «Оң қол», «Парасат майданы», «Тозақ оттары жымыңдайды» атты шығармаларында тұлғаның екі ойда болуы, екі тұлғада өмір сүруі көрініс табады. Тұлғаның екіге жарылуы туралы жазылған шығармаларынан соң, автор біраз сынға да ұшыраған. Автордың «Әке», «Ақиқат» повестері мен «Қайырсыз жұма», «Бассүйек», «Жат перзент» сынды әңгімелеріндегі «жалғыздық» философиясының мәтіндегі көрінісі мен идеясы анықталады.

Автордың «тұлғаның екіге жарылуы» құбылысы 1970-жылдары жазылған «Оң қол» әңгімесінде көрініс тапты. Әңгіме жарыққа шыға салысымен сындарға ұшырап, бірақ кейіннен өзінің оң бағасын алды. Сол кезден бастап Төлен Әбдікұлы шығармаларының көркемдік ерекшелігі, ұлттық құндылықтары зерттелді. Төлен Әбдікұлы сол кезден бастап әдебиеттану ғылымының өзекті тақырыптарының біріне айнала бастады. Әсіресе, Төлен Әбдікұлы шығармаларындағы «тұлғаның екіге жарылуы» тақырыбы - ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың басты зерттеу нысанына айналды. 2002 жылы шыққан «Парасат майданы» әңгімесі де «тұлғаның екіге жарылуы» тақырыбына ғалымдарды қайта айналдырып әкелді. «Парасат майданы» әңгімесі негізіндегі постмодернистік бағыт жайлы Амангелді Кеңшілікұлы, Мауленов Алмас сынды ғалымдар еңбек жазды. Бұл жұмыста Төлен Әбдікұлы шығармаларындағы автор-оқырман-көркем мәтін концепциясының негізінде талдау жасалынады. Төлен Әбдікұлы - қазіргі оқырман қауымның ұсыныс қамтамасыз етіп жүрген бірден бір жазушы. Халықтың сұранысындағы автордың жазу стилін, оқырманға ұсыну жолдарын, мәтінді құрастыру ерекшелігін ашып көрсету - бұл жұмыстың негізгі мақсаты. Қазіргі таңда өзекті талқыланып жүрген жазушының өзіне тән ерекшеліктерін ашуымыздың өзі бұл тақырыптың өзекті тақырыптардың бірі екенін айқындауда. «Т.Әбдіков прозасындағы баяндау тәсілі мен стилі», «Т.Әбдікұлы шығармаларының мәтініндегі тілдік ізденістер», «Көркем шығармадағы автор табиғатына қатыстытеориялар», «Т.Әбдікұлының шығармаларындағы авторлық идеялардың көрінісі», «Автор-мәтін-оқырман», «Оқырман түрлері мен оқырман назары» деген тақырыптарға топтастырылған жұмыс нақты дәлелдермен бекітілген.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы.Төлен Әбдікұлы шығармаларын үштік концепциясы негізінде зерттеу барысында осыған дейін анық көріне бермеген жаңа дереккөздер пайда болды:

-Т.Әбдікұлы шығармаларын жанрлық, тақырыптық, көркемдіктұрғыда арнайы қарастырған алғашқы еңбектердің бірі болғандықтан,жазушының суреткерлік шеберлігіне, өмір шындығын толыққанды көркем бейнелермен жеткізу бағытындағы ұстанымдарына баса назар аударылды;

-Автор шығармаларындағы «жалғыздық» ұғымының берілу жолдары анықталды. Мәселен, «жалғыз ұрпақ», «жалғыз орын», «жалғыз соңғы өкіл» сынды т.б. көптеген жалғыздық ұғымына қатысты ойлардың берілу жолдары зерттелді;

-Автор мәтініндегі жаңаша айшықтау құралдары айқындалды. Тілімен стиліндегі ерекшеліктер айқындалып, қазақ әдебиетіне әкелген лебі зерттелді;

-Прозалық шығарма автор мен мәтін, автор-мәтін-оқырман тұрғысынан зерттелді;

-Автор-мәтін-оқырман концепциясы негізінде Т.Әбдікұлының әдебиет әлеміндегі орны айқындалды.

Зерттеудің практикалық маңызы: Жұмыстың нәтижелерін әдебиеттанудағы жаңа бағытты (автор мен оқушы, автор мен қабылдаушы, мәтін мен оқырман. т.б.) қалыптастыруда пайдалануға болады. Автор мен оқырман, автор мен мәтін, автор-мәтін-оқырман мәселелерінің теориялық негізін қалыптастыруда, методологиясын анықтауда көмек береді.

Зерттеудің мақсаты:Автор, оқырман, мәтін ұғымдарының категория, поэтикалық категория екендігін дәлелдеу, үштік ұғымына жан-жақты анықтама беру, Т.Әбдікұлының прозалық шығармаларындағы көркемдік-идеялық ерекшеліктерін, қаламгердің стильдік белгілерін зерттеп, бүгінгі күн тұрғысынан саралау.

Зерттеудің міндеттері:Негізгі мақсатты орындау үшін дипломдық жұмыста мынадай басты міндеттерді шешу алға қойылды:

-Қаламгердің шығармаларында жиі кездесетін «Жалғыздық» идеясының берілу жолдарын ашу;

-Мәтіндегі баяндау тәсілі мен тілдік ізденістерін анықтау;

-Көркем ойды жеткізудегі тілдік-стильдік шеберлігін көрсету;

-Жазушының прозалық шығармалардағы өзіндік қолтаңбасын айқындау;

-Т.Әбдікұлының авторлық табиғатын ашу;

-Оқырманның мәтінге қатысын анықтау

-Автор, оқырман, мәтіннің толық зерттелуіне алғышарт жасау.

Зерттеу нысаны.Жұмыста Төлен Әбдікұлының шоқтығы биік «Әке», «Оралу», «Ақиқат», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт»,«Тозақ оттары жымыңдайды», «Парасат майданы» повестері, «Қайырсыз жұма», «Қонақтар», «Бассүйек», «Оң қол», «Жат перзент», «Бір күндік ашу» сынды әңгімелері негізге алынды.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. «Көркем мәтін-оқырман-автор» концепциясы, негізінен, өз бастауын әлем әдебиетінен алады. Әлем әдебиеттанушыларынан М.М.Бахтин, В.Е.Хализев, В.В.Савельва, Б.О.Корман, Б.С.Мейлах, қазақ әдебиет зерттеушілерінен Т.Есембеков, К.Жанұзақова, А.Байтұрсынұлы, Н.Кенжегараев, М.Оразбек, Т.Танабекова, Ж.Дәдебаев, Қ.Жұмалиев, Г.Пірәлиева еңбектеріндегі ой-тұжырымдар жұмысымыздың негізі болды.

Зерттеу әдіс-тәсілдері.Жұмыс ғылыми сипаттама әдісі негізінде жүзеге асты. Сондай-ақ, салыстыра отырып зерттеу, кешенді талдау, жүйелеу, жинақтау әдістері мен тәсілдері де тиісінше пайдаланылды.

І Т.ӘБДІКҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АВТОР КОНЦЕПЦИЯСЫ

Наши рекомендации