Сөйлеу әрекетінің рефректорлық сипаты
Сөйлеу түрлі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады да, олардың нақты мазмұны мен мәніне, мақсатына орай дамиды. Сөздерді қабылдағанда біз «сигналдардың сигналы» (2-сигнал жүйесі, бұл – адамның сөйлеу әрекетімен байланысты жоғары жүйке қызметі) арқылы тітіркендіру нәтижесінде нәрселердің мән-жайын қабылдап, олар туралы хабар аламыз. Әрине, ондай хабарлар саналы да, санасыз да болуы мүмкін. Осы орайда, сөйлеудің физиологиялық негізі И.П. Павлов іліміндегі екінші сигнал жүйесіне негізделеді. Ал екінші сигнал дыбысты сөзбен, сөйлеу әрекетімен байланысты. Адам сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп қана қоймай, оларды тең мағынада сөз арқылы бейнелейді. Халқымызда «Көз жеткізбегенді сөз жеткізеді» деген тамаша мақал бар. Мұның мағынасы тікелей таным арқылы бейнеленетін заттар мен құбылыстардың қасиеттері түйсік, қабылдау процестерінің шектеулі шеңберін тереңдете түсіп, олардың мән-мағынасы сөзбен сөйлеу әркетінің бейнелеуші-танымдық ерекшеліктері арқылы – барынша ұғынықты бола түседі дегенге саяды.
Сөйлеудің динамикалық локализациясы,. Осыдан 130 жылдай бұрын (1861 ж.) француз ғалымы П. Брока адамның ми қабығындағы сол жақ жарты шардың маңдай алабының үшінші бөлігінде төменгі қатпарларда дыбысты дұрыс айта алмай, сөйлеуде қиналатыны анықтаған. П.Брока мидың бұл бөлігін «сөздерді бейнелеудің қозғаушы орталығы» деп атады. Кейінірек, 1874 жылы К.Вернике мидың осы бөлігінің самай жағындағы жоғары қатпарында сөздердің бейнелерін сезіп білу орталығы орналасқан деген қорытынды жасады. Дегенмен, мұндай көзқарастар мен зерттеулердің жеткіліксіздігін Д.Джексон (1835-1911 ж.) сынаған болатын. Одан кейінгі кезеңдерде физиологтар мен психологтар П.К.Анохин, Н.А. Бернштейн, А.Р. Лурия, Л.Н. Ленотьев, Д.Н.Узнадзе, АҚШ-та Дж. Милер т.б. өз зерттеулерінде сөйлеу әрекеті жөніндегі Брока мен Вернике түсініктерінің дәлелдері жеткіліксіз екендігін ашып көрсетті. П.К.Анохин сөйлеу әрекетінің физиологиялық механизмін арнайы және бірнеше қызмет атқаратын өте күрделі, сөйлеуге арналған жүйе ретінде түсіндіреді. Ал екінші бір жүйе оны қамтамасыз етіп отыратын әрекет орталықтары екенін дәлелдейді. Сөйлеу механизмі – Н.И. Жинкиннің зерттеуі бойынша аса күрделі әрі сатылы процесс. Сөздерді қабылдау мен түйсіну күрделі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады.
Адамның сөйлеуі күрделі психологиялық процесс екендігі және оның жоғары жүйке қызметімен байланысты болып түр-түрге бөлінуі, олардың орталықтары мидың түрлі алаптарында орналасуы 31-суретте арнайы берілген. Мәселен, ауызша сөйлеудің орталығы мидың маңдай алабында орналасқан болса, жазу сөзінің орталығы мидың желке бөлігінде орналасқан.
Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабының зақымдануына байланысты. Осындай зақымдану салдарынан адам сөзінің жүйесі және бірізділігі жойылқы.
сан алуан түрі — адамның жасампаздық және шығармашылық қиялының жемісі.
Шығармашылық қиялдың кѳркем әдебиет пен ѳнер саласында да алатын орны айрықша. Қоғамдық ѳмір мен әлеуметтік құбылыстарды, адамдардың топтарын, типтерін кѳрсетуде шығармашылық қиял арқылы сан алуан бейнелер жасалып, тйптік тұлғалар туындайды. Бұл ретте, М. Әуезовтың «Абай жолы» Әпопеясы түрлі топтарға, кесек бейнелер мен кейіпкерлерге толы. Мәселен, Құнанбай, Майбасар, Ысқақ, Тәкежан мен Әзім-бай — бір топ болса, Абай, Әбіш, Мағауия, Базаралы, Дәркембай — ѳз алдына бір бағыттағы кейіпкерлер. Сонымен қатар жазушының шығармасында Тоғжан, Әйгерім, Зере мен Ұлжан тәрізді әйел образдары да тарихи тұлғалық бейнелер ретінде суреттеледі. Шығармашылық қиялды мүсіншілік, сәулет, сурет, әдебиет, мәдениет сынды ѳнер салаларына тән деуге болады.
§ 4. Арман, мұң
Адам қиялының ерекше бір түрі — арман. Бұл — актив әрекетшіл қиял, ѳз мақсатымыз бен мүддемізге орай бейнелер жасау, игі мақсат-мүддемізді іс жүзіне асыруды қиялдау. Басқаша айтқанда, арман — келешектегі әрекеттерге арналғаң қиял. Ол — шығармашылық қиял ғана емес, бірақ, соған дайындықтың бастапқы сатысы. Арманды бағалауда ескеретін жайттар: а) арманның әрекетке қатысы; ә) шындықпен жанасуы; б) оның келешек үшін мәні.
Арман бос қиялдаумен тук те жанаспайды. Бос қиялдың ѳмір үшін ешбір пайдасы жоқ, ол - арманның тиімсіз түрі. Бұл - қажырсыз қиял. Мұндай қиял адамды белгілі бір мақсатқа, не иәтижеге жетелемейді. Арман - қиялдың ерікті түрі, ол әрі саналы, әрі белсенді сипатқа ие. Әрекет етудің орнына адам бос қиялға берілсе, онда оның бұл жағдайы босқа адасу, жігерсіз әрекет болар еді.
Адамның жігерсіз іс-әрекетіндегі қиялдың бір түрі - мұң. Мұң - адамның бұрын басынан кешірген қолайсыз оқиғалары мен сәтсіз істері жайындағы ойы, мақ- сатты істерінің жүзеге аспауы туралы, оған себепкер болған жайттар жайындағы қиялы. Осындай қолайсыз бейнелердің тізбегі кім-кімнің болмасын тынышын кетіріп, ойын бѳледі. Бұл - қиялдың әрекетсіз түрі, сондай- ақ, шындықтан жалтару болып саналады. Әдетте, еркі күшті адам мұндай қолайсыз киялдан арылудың жолын іздестіріп, мақсатты істі жүзеге асыру әрекетіне ауысады да, ѳзін-ѳзі меңгереді.