Пәннің қысқаша мазмұны. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика академиясы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика академиясы
Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы
СИЛЛАБУС
Пән: «Коммуникативтік дағдылар»
Пән коды: KN 2218
Мамандық: 5В110300 – «Фармация»
Оқу сағатының (кредиттің) көлемі: 45 (1 кредит)
Курс: 3
Оқу семестрі: 6
Шымкент – 2016
Силлабус – пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылды, кафедра мәжілісінде қаралып, бекітілді. №_____хаттама ______ 20 ж.
Кафедра меңгерушісі.м.а., фарм.ғ.д., профессор Шертаева К.Д.
1.6. Оқытушылар туралы мәлімет:
1. Шертаева К.Д. – ФІҰБ кафедрасының профессоры, фарм.ғ.д. Ғылыми мектебі бар, басты ғылыми жетістіктері; фармацевтикалық нарықтағы маркетингтік зерттеу жұмысымен айналысады, 250-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы.
E-mail: [email protected]
2. Мамытбаева К.Ж. – фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының аға оқытушысы. Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы, жетістіктері: фармацевтикалық білімдерді модернизациялау, 30 ғылыми мақаланың авторы.
E-mail : [email protected]
3. Жаңбырбаева А.Д. - фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының аға оқытушысы, фармация магистрі., 20 ғылыми мақаланың авторы
E-mail:[email protected]
1.7. Байланыс ақпараты:
Кафедраның мекен-жайы: Әл-Фараби алаңы 1;
Негізгі оқу ғимараты, 3 қабат, с.т.:127
1.8. Пәннің саясаты:
Студенттерге қойылатын талаптар:
- Себепсіз сабақтарды жібермеу;
- Практикалық сабақтарда белсенділік көрсету;
- Бақылау сұрақтарға дайындық жасау;
- СӨЖ тапсырмаларын кесте бойынша кезінде тапсыру;
- Сабақтарға кешікпеу;
- Сабақ кезінде басқа шарулармен айналыспау;
- Кафедра мүлкін ұқыпты пайдалану;
- Оқытушылармен студенттермен силы қатынаста болу;
- Жіберілген сабақтарды дер кезінде өтеу.
Жұмыс бөлімдерін және т.б. орындамаған жағдайда айыптау шаралары:
- оқу тәртібін (кешігу, ұялы телефон қолдану, сабақта әдепсізділік көрсету, кафедра мүлкін құрту) бұзуда 0,5 балл алынып тасталады.
Марапаттау шаралары:
- оқу үдерісіне белсенді (олимпиада, СҒЗЖ, конференциялар) қатысуына пән бойынша 0,5 балл қосылады.
Жіберілген дәріс, практикалық сабақтары өтелінбеген, аралық бақылауды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді. Пәннің дәріс сабағына қатыспаған студенттердің рейтинг балы 0,66% төмендейді. Кафедрада СӨЖ сабақтары 2014 ж бекітілген «ОҚМФА-да студенттердің өзіндік жұмыстары сабақтарын ұйымдастыру Ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
2. Бағдарлама:
Кіріспе.
Коммуникативтік дағдылар дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі медициналық білім алу мен үздіксіз кәсіби дамудың ажыратылмас бөлігі ретінде қарастырылып, дәрігерлер мен фармацевтердің әріптестерімен, медициналық және фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен ақпараттар алмасуда, шешімдер қабылдауда аралық қатынастарды қалыптастырып дамытуда үлкен рөл атқарады.
«Коммуникативтік дағдылар» пәнінің типтік оқу бағдарламасы фармацевтердің дәріханалық ұйымдар қызметін тұтынушылармен, әріптестерімен және тұтынушылар жанұясы мүшелерімен қатынастарының тиімділігін арттырудың негізгі принциптерін үйреніп, меңгеруге бағытталған. Фармацевтердің тұтынушылармен тиімді қатынасы, олардың саулықтарының жақсаруына және дәрігерлермен белгіленген емнің дұрыс жүруін түсінулерін қамтамасыз етеді.
Фармацевтерге коммуникативтік компетенттілік әріптестерімен ақпарат алмасу, қатынастарды жақсарту және денсаулық сақтау саласы мамандарымен бірлесе отырып медициналық және фармацевтикалық көмектің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік компетенттілік қатынастарды жақсартудағы меңгерілген тағылымдарды дамытуды және болашақ кәсіптік іс-әрекеттерде одан әрі шыңдауды талап етеді.
Коммуникативтік тағылымдар пәнін оқыту объектілеріне фармацевтердің кәсіби іс-әрекеттерінде фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен тиімді қарым-қатынастарды қамтамасыз етуге бағытталып қолданылатын қатынастың түрлері жатады.
2.2.Пәннің мақсаты:фармацевт мамандарға фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен, олардың туыстарымен және әріптестерімен тиімді қарым-қатынастар жасауға қажетті тағылымдарды қалыптастыру және дамыту.
2.3.Оқыту міндеттері:
· студенттерге коммуникативтік тағылым, коммуникативтік процесс және фармацевтердің коммуникативтік компетенттілігі туралы түсініктер беру;
· болашақ фармацевт маманы үшін фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен, олардың туыстарымен және әріптерімен келісімді және тиімді қарым-қатынаста болудың маңыздылығын түсінуді қалыптастыру;
· фармацевтің тұлғалылығына қойылатын психологиялық талаптарды қалыптастыруға үйрету;
· фармацевтің фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен тиімді қатынас жасауды қиындататын кедергілерді анықтауға және оларды шеше білуге үйрету;
· фармацевтикалық қызметті тұтынушылардың психологиялық түрлерін анықтауға және фармацевті мен тұтынушылар арасында өзара қарым-қатынастылықты тиімді түрде жүргізу әдістерін қолдана білуге үйрету.
2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
Дублин дескрипторлар | ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреттілігі | Пәнді оқытудың нәтижесі | Тұжырымдама бойынша оқытудың нәтижелері | |
А | Зерттеліп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу. | Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік | Фармацияның жалпы мәдениетпен байланысын,дүниетанудың негізгі теориясы мен ғылымдағы жаңалықтардың,философия мен мәдениеттің фармацияның дамуына әсерін біледі | Р1 Р4 |
Коммуникация және коммуникативтік процесс туралы негізгі түсініктерді біледі | ||||
Фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен тиімд қатынас жасау әдістерін игереді | ||||
Фармацевтикалық ақпараттың жеке жүргізілу принциптерін сақтайды | ||||
Кәсіпкерлік құзыреттілігі | Көне замандардан бастап осы күнге дейінгі фармацевтикалық білімдердің қалыптасуындағы жалпы бүкіләлемдік тарихи процесстердің заңдылықтарын біледі | Р6 Р13 | ||
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі | Фармацевтикалық білім қалыптасу үдерісіндегі тарихи заңнамаларды біледі: дәрілер технологиясы,фармакогнозия,сандық және сапалық талдау әдістері,рецепттің не екенін,құрылымын,нормативті-құқықтық құжаты. | Р5 Р7 | ||
В | Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу. | «Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі) | Шығыс мемлекетінің даму тарихын біледі; XVIII-XI ғасырлардағы дамуын; фармацияның Россия мен Қазақстандағы даму тарихын біледі | Р1 Р7 Р8 Р8 Р16 Р8 |
Фармация саласының нарықтық экономика жағдайындағы даму тарихын біледі | ||||
Тұтынушылармен қарым-қатынас жасауда вербальді және вербальді емес әдістерді қолдануды істей біледі | ||||
Фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен сөйлесуде ашық және жабық сұрақтарды пайдалануды біледі алады | ||||
Тұтынушыларды ақпараттандыруды дұрыс және түсінікті түрде жүргізуді істей | ||||
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі) | Фармацевт пен фармацевтикалық қызметті тұтынушылар араларындағы қарым-қатынастарды тиімді жүргізе біледі | |||
С | Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу. | Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік | Тарихи материалдарды саралауды және талдауды біледі | Р1 Р18 Р13 Р5 Р9 Р16 |
Фармацевтикалық ғылым мен тәжірибенің дамуына дәлелді түсіндіруді біледі | ||||
Фармацевттің кәсіби қызметінде қатынас жасау тағылымдарын үздіксіз жақсартудың маңыздылығын қорытындылап түрлендіруді білу | ||||
Фармация тарихындағы тарихи күндерді топтастырады | ||||
Коммуникативтік компетенттілікті үздіксіз жақсартудың керектігін түсінеді | ||||
Фармацевтикалық ақпараттың жеке жүргізілу принциптерін сақтайды | ||||
Д | Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру | «Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі) | Жеке талқылауын баяндама,реферат,презентация түрінде құрастыруға және интерпретирлеуге қабілетті | Р1 Р1 Р1 Р8 Р1 Р2 |
Студенттік үйірме мәжілісінде тәжірибелік сабақтарға қорытынды жасауды және құрастыруды қабілетті | ||||
Тәжірибелік қызметке бейімделу және фармацевтикалық ғылым саласында алған білімін қалыпқа келтіреді | ||||
Фармацевттің жеке басының психологиялық талабы туралы ұсынысты қалыптастыруға қабілетті | ||||
Фармацевтикалық ғылым жетістіктерінің тарихи дамуының және халықаралық мәнінің жалпы принциптерін талдайды | ||||
Студенттік ғылыми үйірмедеғылыми материалды ұсынуға қабілетті | ||||
Е | Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. | «Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі) | Коммуникативті компетенттілікті жүзеге асыру аймағында жеке білімін және қабілетін студенттерге (оқытушыларға ) экзаменаторға жіберуге қабілетті | Р2 Р4 Р4 Р16 |
Тарихи зерттеулер әдістер тарату үдерісінде алынған білімін және қабілетін,кәсіби фармацевтикалық қызмет жүзеге асыру кезеңінде ойлау және логикалық ұқсастықтарды қолданады | ||||
Науқаспен қатынасты вербальды және вербальды емес әдістерді,фармацевтикалық қызметте тұтынушылармен сөйлесуде ашық және жабық типті сұрақтарды қолдануды біледі | ||||
Дәрілік заттар туралы дәрігерлерге,фармацевттерге,тұрғындарға олардың қолданылу сұрақтары бойынша кеңес беру үшін мәліметтерге іздеу және өңдеу жүргізуді біледі | ||||
Оқытудың дербес зейінін әрі қарай жалғастыру | Фармацевтикалық қызмептті ұйымдастыру негіздері,фармацияны басқару және экономикасы,дәрілер технологиясы,фармацевтикалық химия,фармакология,фармакогнозия | Р3 |
Ескерту: Тұжырымдама бойынша оқытудың нәтижелерін академия сайтында (www.ukgma.kz) виртуалды оқу-әдістемелік базаға кіру.
2.5. Реквизитке дейінгі:құқық негіздері, психология негіздері, философия.
2.6. Реквизиттен кейінгі:фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері, фармацияның басқарылуы мен экономикасы, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек
Пәннің қысқаша мазмұны
Коммуникативтік тағылымдар туралы түсінік. Коммуникативтік процесс. Коммуникативтік компетенттілік. «Коммуникативтік тағылымдар» түсінігінің анықтамасы. Фармацевтикалық мамандардың фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен қатынасының тиімділігін арттырудағы коммуникативтік компетенттіліктің маңызы. Коммуникативтік процесс туралы түсінік. Коммуникативтік процестерде ақпараттарды қабылдау және таратудың негізгі аспектілері. Коммуникативтік процестің негізгі элементтері. Коммуникативтік процесске қатысушылардың рөлі. Коммуникативтік компетенттілік туралы түсінік. Фармацевтің коммуникативтік компетенттілігін қалыптастыру.
2.8. Тақырыптық жоспары:
Дәрістер
№ | Тақырыптары | Ұзақтығы | Өткізу түрі |
Фармацевт маманның коммуникативтік компетенттілігін қалыптастыру | Тақырыптық | ||
Кәсіби адаптация, кәсіби имеджі және коммуникативтік толеранттілік | Тақырыптық | ||
Созылмалы шаршаудың синдромы. Келіспеушіліктің туындау факторлары, оларды шешу тәсілдері. | Тақырыптық | ||
Фармацевт пен фармацевтикалық қызметті тұтынушының арасындағы өзара қатынастарды, олардың жеке қасиеттеріне байланысты жүргізу | Тақырыптық | ||
Фармацевт маманның қоғамдағы рөлі және жауапкершілігі | Тақырыптық | ||
Барлығы: |