Радиохабарлар тарату торабы және жүйесі 1 страница
Электронды бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері, оның ішінде радиохабары арнайы тораптан таратылады. Радиоторапқа жататындар: радиоүйлері, телеорталықтар, хабар таратушы арналар, елді мекендерге хабар таратушы және қабылдаушы станциялар. Ал, радиожүйеге — хабар тарату түрлері (дыбыстық, монофониялық, стереофониялық, квадрофониялық); бір сәтте берілетін бағдарламалар саны (бір бағдарламалы, көп бағдарламалы радиохабарлар); модуляция түрлері (амплитудалы, жиілікті); толқын диапазоны (ұзын, орта, қысқа, ультрақысқа) толқындар жатады.
Кез келген таратқыш станциялардың қабылдағыш станцияларға дейінгі қызмет көрсету аясы болады. Ол радиоқабылдағыштардың күшіне және өндірістік, атмосфералық кедергілерге байланысты жұмыс істейді. Ал, радиотолқындар ұзындығы — толқындардың таралуына және радиотораптардың қызметіне байланысты алынады. Ҳзын толқындағы таратқыш антеннасынан таралган энергия күндіз қабылдау нүктесіне жер толқыны арқылы жетеді. Ҳзын толқын күндізгіге қарағанда түндс алысырақ таралады, жазға қарағанда қыста ұзағырақ таралады. Ҳзын толқынға мыңдаған килловаттық қуаты бар таратқыш қолданылады, бұл экономикалық жағынан тиімсіз. сондықтан, республикалық, облыстық станциялар көбінесе орта толқынды пайдаланады. Ал, алыс қашықтықтарға қысқа толқын қолданылады. Сапалы дыбыс тарату үшін көбінесе көп толқынды жүйе тиімді.
Синхронды радиохабарлар тарату жүйесі — бірнеше таратқыш бір жиілікте параллельді түрде жұмыс істеп, біртекті бағдарламалардың таратылуы. Стереофониялық радиохабар тарату жүйесі деген — дыбыстың екі арнамен жазылуы. Мысалы, бір ғимараттан шыққан дыбысты басқа жаққа электроакустикалық жолмен арату. Яғни алғашқы шыққан дыбыстың өзгеріссіз сол күйінде естілуі. Егер ансамбль ойнап тұрған болса сондағы құралдардың әрқайсысының дыбысы жекелей естіліп тұрған күйінде жеткізіледі.
Ал, радиохабар деген — дыбыстық ақпараттар жиынтығы. Осы дыбыстық ақпараттардың сан алуан түрлерін әуе толқынына дайындап, тарататын қызметкерлер радиоүйінде еңбек етеді. Сондай дыбыстық ақпараттардың түрлері: Хабар — бір тақырыпқа бағытталған ақпарат. Ақпаратқа сөз ғана емес, музыка да жатады. Бағдарлама — бір арнаға, такырыпқа арналған хабарлар жиынтығы. Сөздік хабарға:
1. Лекция, баяндама, дикторлық сөз, көркем оқу, репортаж, коментарий жатады.
2. Вокалды аспапты музыкалар жатады.
3. Аралас хабарлар. Әдеби-драмалық хабарлар, яғни сөз де, музыка да аралас. Осы аталған дыбыстық эффектілер жиынтығы арнайы студияларда жасалады. Радиоүйінде жүзеге асырылатыи процестер — магниттік дыбыс жазу, монтаж, жазылған дыбыстың естілуін яки қайта шығарылуын қамтамасыз ету, трансляциялық пункттерден жазу, халықаралық арналардан сигналдар қабылдау сияқты істер. Онда шығармашылық және техникалық топ қызмет етеді, сонымен бірге жалпы қызмет көрсетушілер тобы да бар. Радиоүйінің тыныс-тіршілігін құрап отырған ұжымдардың қызметін бейнелейтін сызба төмендегідей:
РАДИО ҮЙІ | |
ДИРЕКТОР | |
1- ОРЫНБАСАР | 2- ОРЫНБАСАР |
Шығармашылық топ Бас редакторлар | Техникалық топ Бас инженерлер |
Редакторлар Режиссерлер Журналистер Комментаторлар Дикторлар Музыкалық редакторлар Ди-джейлер, жүргізушілер | Дыбыс режиссерлері Операторлар Саунд-дизайнерлер Инженерлер Шығармашылық секторлар Жылжымалы радиостанциялар Жөндеушілер Режиссердің көмекшісі |
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІЛЕР ТОБЫ | |
Фонотека Бухгалтерия Күзет бөлімі жүргізушілер | Кадр бөлімі Жарнама бөлімі Жөндеуші техниктер Қосалқы қызметтеp |
Студиялық аппараттық блок — мұнда сөздік, дикторлык мәтін жазылады, режиссер мен хабар редакторы, оператор отырады. Олар монтажға дейінгі кезеңді, хабардың мәтінін талапқа сай етіп жазып алады.
6)Сценарийлік жоба маңызы түсіндіріңіз
Сценарий (итал. scenarіo, лат. scena, scaena – сахна) – кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық негізі. Маңызы[өңдеу]
Сценарийде драматургия мен проза тәсілдері қабат игеріледі. Сценарий экрандық қойылым үшін жазылып, образдық жүйе экранда бейнелегенде ғана тәмамдалған, толыққанды сипатқа ие болады. Сценарий сөз өнері жанры ретінде XX ғасырда дамыды. Ол кино және теледидар сценарийі болып бөлінеді.
7)Радиоаудиторияның көлемі, зерттеу әдістері дегенге мысалдар келтіріңіз
8)Эфирдегі сөзге және сөйлеу техникасына мысалдар келтіріңіз
Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер . Шешендік дегеніміз не? Ойшылдарға сүйене айтсақ, шешендік – кісі көркі, ақылмен билеу өнері. Дидарласушымыздың жүрегі мен ақыл-ойын баурап алуға, оны не нәрсеге болса да сендіруге, иландыруға септесетін бізге берілген сый. Кез келген нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонысымен өзгелерді өз ойына ойыстыра білу. Біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туындай келе, білгірліктен кейін тұрады. Сөз бен ойға негізделеді. Биік дүниетаныммен, ғылым-білімді терең меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жөн-жосықтарын жүйрік танумен, жалпы айтқанда, адамзаттың рухани мәдениетінен мол хабардар болуымен, ой өрісінің кеңдігімен тамырлас. Демек, жас тұлғаға қажетті шешендік дегеніміз – тыңдаушылардың жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, образдардың жарқындылығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет-қарым, тума қасиет, сондай-ақ өскен ортаның, үлгілі жандардың, ұлағатты туындылардың тағылым-тәрбиесі, өз дүниетанымының нәтижесі. Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал. ... Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағдыдағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды». Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірегейі – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, барлық қаракөз бауырларымыздың өз ана тілінде сөйлеуіне қол жеткізу. Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан шаруа бала бақша, үй, мектеп, жоғары оқу орындарында ұл-қыздарымызды тілдік қоры бай қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету. Содан, үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Олай болса, шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті, ауызша, жазбаша сөйлеу – әдептіліктің биік шыңы. Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Олардың түсінісудегі негізгі құралы – тіл. Әр адам дұрыс сөйлей білуі, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыра білуі тиіс. Қарым-қатынас адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен, дәстүрі, мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы. Қарым-қатынаста адамдардың жан дүниесі, өмір тіршілігіндегі бейнесі көрінеді. Әдеп – сөйлесудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі. Мәдениет – адамдардың рухани және материалдық, білімдарлық пен сезімталдық қасиеттер аңғарылатын белгілерінің жиынтығы. Мәдениеттің туы – тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып, сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Өз тарихын, ұлттық дәстүрін, туған жерін, тілін қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады. Сөз мәдениеті – сөзді орынды қолданып, қиюластырып, үндестіріп айта білу, емле мен тыныс белгілері ережелерін дұрыс сақтау, тілдің ғасырлар бойы сақталып келген көркемдігі мен тарихын, әсемдігін сақтай білу. Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті туралы сөз етсек, адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты. Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады. Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі: 1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы). 2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері). 3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары). Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген. Күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидалары – сөйлеу әдебі, тыңдай білу әдебі, мәдениет мәйегі ескерілуі тиіс. Сөйлеу әдебі. Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс: 1. Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану. 2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды. 3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ. 4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек. Тыңдай білу әдебі. Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек: Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек. Тыңдау екі түрлі болады: 1. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау. 2. Сөзге араласып, өзара ой алмасып отырып тыңдау. Сөйлеуші адамның мінез- құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс. Мәдениет мәйегі.Адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, ой-сезіміне деген құлықтылық, жүрек түкпіріндегі мұң-сырына ортақтасауға деген бейімділік, қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайрымдылықты қастерлейтін игі дәстүр, балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұту – рухани өміршеңдік, әдептіліктің, мәдениеттің басты көрінісі. Жан баласын жатсынбайтын, өзгелерге түсініспен қарайтын, болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр қасиеті – қазақ мәдениетінің мәйегі. Тіл табыса білу – өнер. Ауызекі сөйлеу және тыңдау мәдениеті. Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді. Ойдың және сөйлеудің дамуы.Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам көп мәдениетті болу үшін үнемі сөйлеу мәдениетін жетілдіріп отырауы керек. Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар: 1. Диалогтық сөйлеу. 2. Монологтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі. Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу – өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу. Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдармен жүзеге асыра алады. Бұл сөйлеу түрлерінің арасында психологиялық айырмалар да баршылық.Әлеуметтік тұрмыстық қарым-қатынастағы сөз әдебінде әр түрлі жағдаяттық тақырыптарға әнгімелескенде «сіз» және «сен» концептілерінде қаратпа, қыстырма сөздерде сөйлеу этикеті мен ерекшеліктерін айқын аңғаруға болады. Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХVІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХVІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған-ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа, сен!» деп аударған дұрыс дейді. Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Алайда оны қазақ тіліне аударып: «Еркек!», «Әйел!» деп айқайлар болсақ, ол өте ұятты. Сол себепті сөз мәдениетін түсінетін біздің бауырларымыз қоғамдық орындарда: «Апай», «Ағай», «Қарындас», «Інім» деген қаратпа сөздерді қолданып, ол транспортта, сауда орындарында, театрда өзара қарым-қатынас тіліне сіңісіп кетті. Шіркін, сөз қадірін түсініп, сөйлеу мәдениетін сақтай білсе, біздің қазақ тілінің мазмұны өте бай, сөздері өте сұлу, мейірім, имандылыққа толы ғой. Мысалы, ірі жазушылардың көбісі ауызша сөйлеуге шебер болмаса, керісінше, бірқатар шешен адамдар өз ойын жазып жеткізуге шорқақ. Психолог-ғалым Б.М.Теплов өзінің «Психология» кітабында (Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953 жыл) диалогтық, жазбаша сөйлеу туралы былай дейді: «Диалогтық сөйлеуді кейде қосталған сөйлеу деп атайды. Мұның мәнісі: әңгімеге қатынасқан адам сөйлеушіге сұрақ қою, жауап қайтару, қарсы пікір айту арқылы қостап отырады, егер бұл текті қостау тоқталса, сөйлеу мен монологқа айналады, немесе адам сөйлеуді тоқтатады... Жазбаша сөйлеуді қосталмаған сөйлеу деп атауға болады. Қосталған сөз қосталмаған сөйлеуден жеңіл болады. Оңай болатын себебі – сөйлеушілер бір жай-күйді әңгімелеп отырғандықтан, қабылдап отырғаны бір нәрсе болғандықтан, бірін-бірі оңай ұғынысады; кейде сөзді айтып аяқтап болмай-ақ, не екенін түсіне қояды... Мұндай сөйлеу көп жағдайда ым-ишарамен толықтырылады. Диалог сөздің құрылысына және өрістетіп айтылу жақтарына онша көп талап қойылмайды. Ал жазба сөйлеу басқаша құрылады; онда барлығы ақырына дейін толық баяндалуы керек. Жазба сөйлеу барынша кең және байланысты түрде құрылуы қажет». Тіл туралы халық даналығы: · Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. · Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын. · Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді. · Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды. · Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық. · Сөйлей білмес жаманның – cөзі өтпес бір пышақ. Сөз білетін адамның – әр сөзіне бір тұсақ. Жоғарыдағы ұлылардан қалған, кейінгі ұрпағына қалдырған ізгі мұраттарымен, данышпандық, шешендік ойларынан, тілдік ұстанымдарынан, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылардың айтқан тіл даналығы туралы, парасат пайымдарынан ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті екенін, қастерлі тіл мәдениеті-сөз мәдениеті екенін ұғынамыз. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлы ханы, өз заманының данышпан дипломаты Абылай ханның қазақ мәмілегер-дипломаттарын қалмақ еліне аттандырар кезде сөйлеген сөзі: “Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар, көп арасында мына Қазыбек сияқты кішінің де сөзін тыңдандар. Өздеріңді жат елдің алдында жақсы елдің баласындай ұстаңдар. Мұндайда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласып кетсек, сендердің олақтықтарыңнан болғаны. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек”, – дегендей, шешендік өнер-тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайтындығы сөзсіз. Олай болса, ұлы Абай: Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас, – деп таңырқап, тағзым еткен тіл – мемлекеттік тіл, ана тіліміз, қазақ тілінің қадірін ұғынып, мәртебесін көтеріп, қастерлей білейік! |
10)Монтаждау процесін мысалдармен түсіндіріңіз
Бул менин сурагым емес сонда да керек осы. Алты миллионнан астам тыңдарманы бар Қазақ радиосы 101 – FM жиілігінен беріледі және заман талабына орай қызмет істеуде. Радионың ішкі құрылымы да, хабар тарату бағыттары да тәуелсіз Қазақстанның даму тенденцияларына қарай өзгеріске түскен. Қазақ радиосының редакциялары хабарлар барысына орай құрылған. Ақпараттар бас редакциясы, әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясы, музыкалық хабарлар бас редакциясы, насихаттық хабарлар бас редакциясы, балалар мен жасөспірімдер және жастарға арналған хабарлар бас редакциясы болып бөлініп келді. Бөлімдердің ішінде хабарлардың түрлеріне қарай да журналистер топтары жұмыс істейді. Мысалы, ақпараттық хабарлар бас редакциясының ішінде қоғамдық-саяси хабарлар, халықаралық хабарлар бөлімдері бар. Мемлекеттік арналар үшін бұлай құрылым жасаудың маңызы зор болды. Өйткені, сол хабарлар үшін журналистер арнайы мамандандырылды және хабарлар мазмұны бақылауға алынды. Кейіннен қоғамдағы тарихи формацияларға байланысты бұл редакциялар бағыты біраз өзгеріске түсті, дегенмен де бұрынғы құрылымы, негізгі функциялары сақталды. Мемлекеттік радиолардың әуе кеңістігіне шығатын материалдарының жүріп өтетін процестеріне тоқталсақ: ұқыпты басылған хабар мәтініне бөлім редакторының қолы қойылады, автордың қолы екінші нұсқасына қойылады. Бұл қағаздар «эфирге» деп аталатын арнайы папкаға салынып, бөлім меңгерушісіне немесе орынбасарына қол қоюға беріледі. Сонан кейін Бас редактор немесе оның орынбасары өз қолдарын қояды. Содан соң бағдарлама директоры «рұқсат етілді » деген мөр басады, сөйтіп хабар эфирге жолдама алады. Осындай ұзақ механизм журналистер жұмысына кедергі келтіреді, бағдарлама сапасы нашарлайды. Сол себепті мұндай процестер қысқартылып, неғұрылым қоғамдық құбылыстар бейнесін жасауда журналистерден өзіндік жауапкершілік талап етілді. Тіпті, тікелей эфир хабарлары ешқандай визасыз, монтажсыз да жүзеге асырылатын болды. Тек хабар редакторының ғана қолы қойылатын болды, немесе мәтінсіз хабарларға жол ашылды.